Згерген периодонты бар адамдар үшін ауыз қуысының жеке гигиенасының қосымша нәрселер, заттар мен әдістер

Қалыпты жағдайда тіс сауыттарының жанасу беткейлері мойыналды аймағында бос қызылиекпен қорғалған. Периодонттың жастық немесе патологиялық өзгерістері кезінде қызылиектің азаюы болады, және клиникалық амбразуралар түзіледі – уплощенной қызылиекте негізі бар үшбұрышты кеңістіктер, жақтары ретінде – сауыттардың проксимальды беткейлері (немесе тістердің жалаңаштанған түбірлері) және тісаралық контактты пунктінде ұшы. Мұнда жұмсақ тіс жұғындылары жеңіл түзіледі, сезілетін қолайсыздықты жасайтын тағам қалдықтары жиі тұрып қалады. Қызылиектен бос кең тісаралық кеңістіктерді тазарту, бөлек тұрған тістердің проксимальды беткейлерін өңдеу үшін әр түрлі арнайы және ең керекті нәрселерді қолданылады. Гигиена нәрселерін антисептик ерітінділерімен сіңдіру немесе сулау олардың алдын-алу мүмкіншіліктерін жоғарылатады.

Бір шоғырлы щеткалар өзінің құрылымы бойынша қарапайым щеткалардан диаметрі 1 см дейін өте кішкентай дөңгелек басшығының болуымен ерекшеленеді (сур. 6.4). Проксимальдыаралық щеткалардың конус түрінде жұмысшы алаңы бар. Щетканың өткір ұшын тісаралық кеңістікке, одан тағам қалдықтарын шығара отырып енгізеді; вибрациялық қозғалыстар кезінде конустың бүйір беткейлері тістердің проксимальды бөліктерін тазартады. 1990 жылдары электрлік моторлы интерпроксимальды щеткалар пайда болды, олардың жіңішке шоғырлары 100 айн./мин дейін қозғалыс жиілігімен контактты зоналарына бұралады.

 

 

 

Сур. 6.4. Контактты беткейлерді тазарту үшін щетка.

 

Тісаралық ершиктер – бұл кішкентай спиральды щеткалар, олардың талшықтары екі ширатылған металлды сымдар арасында бекітілген (қара сур. 6.5). Ершиктердің әр түрлі диаметрлі жұмысшы беткейінің цилиндр тәрізді және конус тәрізді түрлері бар. Ершиктің сымды сабы амбразураға енуді жеңілдету үшін иілген болуы мүмкін. Ершиктің сабын – жұқа және ұзын емес – саусақта ұстап тұру оңай емес болғандықтан, тіс щеткасының сабын еске түсіретін немесе кішкентай жазық пластикалық үшбұрыш (сопақша) түрінде келетін әр түрлі ұстағыштарды ұсынады, олардың мөлшерлері саусақта ұстап тұруға жеткілікті. Ершиктің жұмысшы бөлігін амбразураға немес тремаға енгізеді және тістердің беткейлерін қайталамалы-үдемелі қозғалыстармен тазартады. Ершиктер түбірлердің ойыс беткейлерін, тістерге бекітілген ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдарды өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Сур. 6.5. Тіс ершиктері.

Тазартушы тампондар ершиктерден олардың жұмысшы бөлігі (мақтадан) немесе синтетикалық талшықтардан шар тәрізді басшығымен ерекшеленеді. Бұл нәрселер проксимальдыаралық беткейлерді, ойыс беткейлерді, жалаңаштанған түбірлерді және олардың фуркациясын тазарту үшін жақсы, қызылиекасты аймақтарға медикаменттерді енгізу үшін қолданылуы мүмкін. Тампонның кіші диаметрі бекіген металлды ілмектің диаметрімен анықталатынын есте сақтау қажет.

Тіс тазартқыштар ауыз қуысынан тағам қалдықтарын алып тастау үшін ең қарапайым заттар болып табылады, олардың қарапайым нұсқаларын тіпті жабайы жануарлар (маймылдар) қолданылады. Үңгір адамдары үшкір ұшы бар бұтақшаларды қолданды. Бірінші формалды тіс тазартқыштар б.з.д. 3000 ж. Шумер патшалығында пайда болды, олар алтын болды. Әшекей жинағын бейнелейтін Ежелгі қытай суреттерінде қанжар тәрізді алтын және күміс тіс тазартқыштар бар. Римде тіс тазартқыштар бағалы металлдардан, қола, қауырсынды (Плинийға ұнамады, өйткені құс қауырсынынан тыныс алу «қышқыл» болды), сүйекті болды. Тіс тазартқыштар қазіргі заманғы мәдениеттілікке енді. Оларды жеке туалет үшін, сонымен қатар көпшілік алдындағы жағдайларда – тіс тазартқыштар көптеген мейрамханаларда столды жабдықтауды толықтырады.

Қазіргі кезде тіс тазартқыштар ретінде ұзындығы 5-8 см ағаш немесе пластмассалы таяқшалар, қиығында дөңгеленген немесе үшбұрышты, диаметрі 2-3 мм, үшкір ұшы бар қолданылады, ол эффектор болып табылады.

Амбразураның кеңістігінің түріне ең бірдей үшбұрышты тіс тазартқыштар болып табылады, аз жарақаттаушы – ағаш, ең тиімді – фторидтермен сіңген, ең ыңғайлы – сабы бар тіс тазартқыштар: әр түрлі бұрыштармен ұстағыштың жоғарғы және төменгі ұштарында (тіс щеткасының сабына ұқсас) ұяға салынған, амбразураға оның ұзын осіне перпендикулярлы тіс тазартқышты ыңғайлы енгізу үшін бейімделген қысқа (2 см дейін) тіс тазартқыштар. Бұл тіс тазартқыштармен дистальды тістердің амбразураларының вестибулярлы беткейіне ену оңай, алдыңғы тістер топтарының оральды беткейлерін өңдеуге болады.

Тағам қалдықтарынан тісаралық кеңістіктерді босату және тіс сауыттарының проксимальды беткейлерін, жалаңаштанған түбірлерді және олардың фуркациясын тазарту (жылтырату) үшін ағаш тіс тазартқыштың ұшын сілекеймен дымқылдатады (жұмсару үшін), кеңістікке тістің ұзын осіне перпендикулярлы енгізеді және тістердің проксимальды бөліктерінде біркелкі қысыммен оральды-вестибулярлы бағытта қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Қызылиек беткейінен және қызылиекасты кеңістіктерден жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау үшін тіс тазартқыштың ұшын тазартылатын беткейге 450 бұрышпен орналастырады. Тіс тазартқыштар тістерге бекітілген ортодонтиялық және ортопедиялық аппараттарды, сонымен қатар оларға жақын зоналарды өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Тіс тазартқыштарды сау периодонты бар адамдарға қолдануға болмайды, өйткені бұл жағдайда қызылиек тұрақты механикалық әсерге рецессиямен жауап қайтаруы мүмкін. Стоматологтар тіс тазартқыштың барлық тазартушы әсерлері щеткамен және флосстармен қамтамасыз етілуі мүмкін деп есептейді, бұл кезде периодонттың жарақат қаупі айтарлық төмен болады. Тіс тазартқыштардың қолдану қарапайымдылығын және кең көпшілікке белгілі болуын есепке ала отырып, оларды тісаралық қызылиекті жоғалтқан адамдарға, гигиенаның негізгі заттарын қолдану қиындаған кезде қолдануға рұқсат етіледі.

Тісаралық стимуляторлар – түрі мен мөлшері бойынша қызылиек емізікшесін қайталайтын, бөлек ұстағышқа немесе тіс щеткасының төменгі ұшына бекітілген, резиналы немес пластмассалы ұштықтар. Стимуляторларды қолдану бойынша ұсыныстар келесі мақсаттарда белгілі:

а) тісаралық амбразуралардан және тістердің проксимальды беткейлерінен жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау үшін;

б) қызылиек тінінің массажы(қанайналымның стимуляциясы) үшін;

в) қызылиектің кератинизациясын (қорғаныш дәрежесін жоғарылату) күшейту үшін;

г) патологиялық үрдістер немес хирургиялық кірісулер нәтижесінде заықмдалған қызылиек тіндерін модельдеу үшін;

д) қызылиектің ісінген тіндерінің көлемін қысқарту үшін.

Стимуляторды амбразураға тістердің (алдыңғы және артқы тістер сәйкес) ұзын осіне 45-900 бұрышпен енгізеді, оны қызылиекке және амбразураның бүйір беткейлеріне қысады. Тістерді тазарту үшін оральды-вестибулярлы бағытта қайталамалы-үдемелі, массаж үшін – тіндерге үзілмелі қысымды қамтамасыз ететін айналмалы қозғалыстар қажет.

Резиналы тостағаншалар сабына қозғалмай бекітілген (жиі конус тәрізді стимулятордың ұстағышының басқа ұшында) бос қызылиектің жиегін өңдеу және қызылиекасты кеңістіктерді тазарту үшін қолданылады. Резиналы тостағаншаларды бос қызылиекте, оны жасыра, айналмалы қозғалыстарды жасай отырып, орналастырады. Тостағаншаның жиегі бұл кезде қызылиек жүлгесіне, онда бар жұмсақ тіс жұғындыларын бұза және шығара отырып, кіреді.

Ирригаторлар – тұрақты немес импульсті режимде жүйелі қысыммен келетін сұйықтықтың бағытталған ағыны көмегімен тіндердің жергілікті өңделуін қамтамасыз ететін құрылғылар. Ауыз қуысының үй гигиенасында ирригатордың екі түрін қолданылады: ең қарапайым варианттары су құбырының суын қолданылады және кранға қосылады, басқалары, жиі электрлік, сұйықтың үшін сыйымдылығы және берілген тәртіпте оны жіберу үшін арнайы құрылғылары бар. Ирригация сумен немесе емдік-алдын-алу қасиеттері бар ерітінділермен жүргізілуі мүмкін: тұз (стакан суда 0,5 ш.қ.), сода (стакан суда 0,5 ш.қ.), сутегі асқын тотығы (3% ерітіндіні 1:1 қатынасында сумен араластырады), 0,06-0,1% хлоргексидин ерітінділері және т.б. қолданылады. Ирригаторлар гигиенаның қосымша заттары ретінде қолданылуы мүмкін, олар тісаралық кеңістіктерден тіс жұғындыларын алып тастауға, тістерге бекітілген ортодонтиялық және ортопедиялық аппараттарды тазартуға, қызылиекасты кеңістіктерді жууға мүмкіндік береді. Дегенмен ирригатордың жоғары қысыммен сұйықтық ағынын абайсыз қолдану сұйықтық онда еріген газдармен және бұзылған қақтың қоспаларымен бірге жақын тіндерге енеді және асқыну тудырады. Сондықтан ирригация ережелерді қатал сақтау кезінде жүргізілуі қажет:

а) алдын-ала гигиенаның негізгі заттарымен тістерді тазарту қажет;

б) сұйықтықтың қысымын қадағалау қажет (ол артық, ауырсынатын бомауы қажет);

в) қызылиекасты кеңістікте оны тазартуға жеткілікті циркуляцияны қамтамасыз ету үшін, сұйықтықтың ағынын тіске оның ұзын осіне тіке бұрышпен бағыттау қажет, бірақ бұл кезде бактериемияның даму мүмкіншілігін төмендетеді.

Ирригация бактериальды эндокардиттің пайда болуының жоғары қаупі бар адамдарға қарсы көрсетілген: рематизммен науқастарға, жүректің туа пайда болған ақауларымен ауыратындарға, тамырлар, буындар протездері барларға және т.б.