Дәріс тақырыбы. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

1. Меншік қатынастарының экономикалық жүйедегі рөлі

Әлеуметтік-экономикалық қатынас немесе меншік бойынша қатынастар өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:

1. Меншік қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті

2. Меншікті қоғам қабаттарының орналасуына байланысты анықтайды.

3. Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық.

4. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.

5. Меншік тарихи даму нәтижесі болып табылады.

 

 

2. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.

Меншік құқығы – белгілі бір тауарларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.

Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілігі бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориямен байланысты.

 

3.Нарықтық эканомикадағы меншік формаларының түрлері

Меншік формасы – ол критерии, меншік субъектісі белгісі бойынша мінезделетін, яғни меншік объектісінің түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі. Меншік формаларының келесі түрлері бар:

А) жалпы халықтық;

В) мемлекеттік;

С) коллективтік;

Д) үлесті біріккен;

Е) индивидуалды және т.б.

Бұл меншік формаларының барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік – меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады: 1. Мемлекеттік, 2. Муниципалдық

Жеке меншік – ол меншік қатынастары, экономикалық тұлға басқа тұлғаларға тәуелсіз меншігіне билік ету және иеленуі.

 

4. ҚР-дағы меншік қатынастарының өзгеруі

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде мемлекеттік меншік эффективті болған жоқ. Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекетсіздендіру жолдарымен жүзеге асты.

Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару қызметтерін толығымен шаруашылық субъектісіне берілуі.

Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып алуы, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын және ұйымдарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу.

Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:

- жеке жобалар бойынша ірі және уникалды мүліктік комплекстерді жекешелендіру;

- орта кәсіпорындарды жалпы жекешелендіру;

- кіші жекешелендіру, шағын сауда кәсіпорындарын, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыс және сервис көрсету орталықтарын аукцион, конкурстар арқылы сату.

Жекешелендіру мүдделері:

- Жеке меншік топтарын құру;

- Бәсекелес ортаны құру;

- Кәсіпорныдардың тиімділігін арттыру;

- Экономиканың монополиясыздандырылуына жәрдемдесу;

- Шетел инвесторларын тарту;

Жекешелендіру тәсілдері:

1. Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы;

2. Кәсіпорындарды аукциондарда сату;

3. Жалға берген кәсіпорынның мүлкін сатып алу;

4. Конкурс бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды сатып алу.

Жекешелендіру түрлері:

· Шағын – жұмысшылар саны 200 адамға дейін объектілерді жекешелендіру;

· Жаппай (купондық) – жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру;

· Жеке жоба бойынша ірі (5000 адаснан астам) және стратегиялық маңызды мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

 

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [39-47; 52-66; 57-68]; 5 нег. [38-52; 54-68]; 13 нег. [21-37].

Қосымша әдебиеттер: 4 қос. [270-284]; 2 қос. [657-670].

Бақылау сұрақтары:

1) Меншіктің экономикалық мазмұны қандай түсініктер арқылы сипатталады?

2) «Иелену, пайдалану, билік ету» деген категорияларға түсініктері мен анықтамалары қандай құжаттарда беріледі?

3) Толық «құқықтар шоғыры» қанша элементтен тұрады? Атап және сипаттама беріңіздер?

4) Қазақстан Республикасындағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру үрдістеріне қысқа сипаттама беріңдер.

5) Жекешелендірудің мүдделерін, тәсілдерін, түрлерін атап беріңдер№