дәріс тақырыбы. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.
Қоғамдық шаруашылық нысандарының критерийлері:
· Жеке еңбекті қоғамның жиынтық еңбегіне еңгізу тәсілі;
· Экономикалық қызметті үйлестіру тәсілі;
· өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс сипаты;
Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті үйлестіру патриархалды дәстүр мне еңбекке экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асырылады.
Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастырудың экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл жүйе келесі қасиеттерге бөлінеді:
· тұйық шаруашылық;
· тікелей шаруашылық нысандары;
· әмбебап еңбек.
Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:
· ұйымдастырушы-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
· ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі;
· өндіріс пен тұтыну арасындағы тура тура экономикалық байланыстар. Ол мынандай формула бойынша тарайды: өндіріс бөлу тұтыну.
Натуралдық шаруашылық алғашқы тайпалық құрылыс қалыптасуы кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстем етті және феодалдық экономикалық басты қасиеттерінің бірін құрады. Қазіргі кезде ол индустрияға дейінгі өндіріс, дәстүрлі экономика басым дамушы елдерде сақталып қалды.
Шаруашылықтың ең кең таралған нысаны тауарлы шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметті үйлестіру бәсеке жағдайында нарықта тауарларды сатып-алу сату жолы арқылы іске асырылады.
Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын ұйымдастырушы экономикалық қатынастар жүйесі. Мұндай жүйеде ерекшеліктерін сипаттайтын белгілері:
· ашық шаруашылық;
· еңбекті бөлі;
· жанама шаруашылық байланыстары.
Дайындалған (өндірілген) өнім нарыққа басқа бұйымдарға айырбасталуы үшін түседі, содан кейін ғана тұтыну сферасына барады. Нарықтық айырбас тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар арасында экономикалық байланыстарды орнатады.
Тауарлық өндірістің пайда болу жағдайлары:
· еңбекті қоғамдық бөлу;
· өндірушілерді меншік иесі ретінде бөліп көрсету.
Тауарлық өндірістің даму себептері:
· еңбекті қоғамдық бөлу;
· адамдардың шаруашылыққа қарай бөлінуі.
Тарихи тұрғыдан шаруалар қарапайым тауарлы шаруашылығы пайда болады. Бұл кезде нәтижесі ғана емес, адамның жұмыс күшінің өзі де тауарға айналады.
Тауар – бұл сатып алу-сату жолы арқылы айырбасқа арналған еңбек өнімі немесе экономикалық игілік, яғни шексіз көлемде, айырбасқа арналған және төлем қабілетіне сұранысы қойылған игілік. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады.
Тауардың қасиеттері: 1) тұтыну құны (пайдалылық); 2) айырбас құны.
Айырбас құны – бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала алу қабілеті. Айырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады.
Құнның еңбек теориясының негізгі мазмұны келесі қағидалардан көрінеді:
1. Нарықтық айырбастың түрлі өнімдері бірдей құнға ие болады. СОдндықтан олар белгілі бір айырбас пропорциясында бір-біріне теңестіріле алады. Барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады.
2. Құн – тауарға еңгізілген еңбек.
3. Құнды құрайтын еңбектің өзі оның күрделілігі немесе сапасы бойынша ерекшеленеді. Еңбек қарапайым және күрделі еңбек болып саналады. Күрделі еңбек – бұл көбейтілген қарапайым еңбек. Күрделі еңбектің барлық түрлерін қарапайым еңбектің белгілі бір санына әкелу – бұл еңбек редукциясы.
Еңбектің ішкі өлшемі бар – ол жұмыс уақыты.
Жеке жұмыс уақытын (қызметкер, кәсіпорын) және қоғамдық қажет жұмыс уақытын бөліп көрсетеді. Тауар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттілігімен анықталады.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл төменде көрсетілген кездерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт:
- өндірістің қоғамдық дұрыс жағдай (саладағы ең көп тараған) кезінде;
- жұмыстың орташа шапшаңдығы кезінде;
- қызметкерлердің орташа біліктілігі кезінде.
Құн заңына сай пайдалы заттардың нарықтық құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.
Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны. Осыған сүйенсек, нарық - бұл нарықтық экономиканың іске асырылу механизмі, бұл «не, қалай, кім үшін өндіру керек?» мәселелері баға, сұраныс пен ұсыныстың көмегімен шешілетін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
Жеке меншік. Мұнда меншіктің мүліктік құқықтары маңызға ие.
Жеке мүдделілік. Нарықтық экономикада жеке мүдделілік нарықтық бағалардың жүйесі арқылы жүргізіледі: тұтынушылар тауарды ең төменгі бағалар арқылы алады; кәсіпкер кірісті максималдауға тырысады; ресурс иеленушілер өздерінің ресурстары үшін ең жоғарғы бағаға алуға тырысады.
Таңдау еркіндігі. Оның кепілдігі ретінде жеке меншік танылады. Бұл өзінің қызметі үшін ең жарамды деген ресурстарды және тауарларды нарықта сату, қандай да болмасын тауарларды алу: ұшақтар, зауыттар, аралдар және т.б., қалаған жерде жұмыс істеу еркіндігімен көрінеді.
Бәсекелестік.
Еркін баға белгілеу жүйесі. Бағаларда фирмалардың және жекелеген тұлғаларды таңдауы тіркеледі.
Шектелген мемлекеттік араласу. Нарықтық шаруашылықтың субъектілері:
1. Үй шаруашылықтары – адамзат капиталының өндірісін, қайта өндірісін қамтамасыз ететін, қандай да бір фактордың меншік иесі болып табылатын, өз мұқтаждықтардың максималды қамтамасыз етуге талаптанатын, шешімді жеке-дара қабылдайтын құрамында бір немесе бірнеше тұлғалар бар экономикалық бірлік, яғни мұның бәрі тұтынушылар.
2. Фирма (кәсіпорын) - өнімдерді сату мақсатында дайындау үшін өндіріс факторларын қолданатын, пайданы максималдандыруға талпынатын, жеке-дара қабылдайтын экономикалық бірлік.
3. Мемлекет – бұл үкіметтік және мемлекеттік мекемелер.
Нарықтық шаруашылықтың бұл субъектілері әрқашан сатушы және сатып алушы рольдерін атқарады.
Нарықтың пайда болу жағдайлары:
- Қоғамдық еңбек бөлінісі;
- Өндірушінің дербестілігі, экономикалық еркіндігі;
- Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.
Нарық функциялары:
*Реттеуші; * Ақпараттық; * Делдалдық; * Сауықтыру; * Баға белгілеу.
НАРЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ:
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮЛГІСІ:
НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ:
Нарықтың артықшылықтары:
· Ресурстарды тиімді орналастыру;
· Өзгеретін жағдайда икеміділк пен бейімделу;
· Нарықтық үрдіске қатысушыларды таңдау және әрекет еркіндігі;
· ҒТП жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану;
· Бағаны төмендету мақсатындағы бәсекегің дамуы.
Нарықтың кемшіліктері:
· Өндірістің үйлесімісіз дамуының мүмкін болуы;
· Қоғамдық мәселелерді шешпейді;
· Құмыспен қамтамасыз етпейді;
· Қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуіне күшеюуі;
· Бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді;
· Іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді.
Негізгі әдебиеттер: 9 нег.[10-33], 10 нег. [8-17], 11 нег. [1-10], 12 нег. [1-8], 13 нег.[1-11], 10 нег. [1-3]
Қосымша әдебиеттер: 11 қос [1-10]
Бақылау сұрақтары:
1) Қарапайым және капиталистік тауарлы өндірістің типтілігіне және айырмашылықтарына сипаттама беріңіз?
2) Тауар дегеніміз не? Кез келген зат тауар бола ала ма?
3) Жұмыс уақыты мен қоғамдық қажетті жұмыс уақытының арасында айырмашылығы бар ма?
4) Құн заңына сай пайдалы заттардың нарықтық құны қандай жұмыс уақытымен анықталады?
5) Нарықтың пайда болу жағдайларын атап беріңіздер