Дәріс. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық қарым-қатынастың жоғары оқу орнындағы ерекшеліктерін, психологиялық механизмдерін, стильдерін талдау.
Дәріс жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
Педагогикалық қарым-қатынас жасау үлгілері
Негізгі түсініктер:педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас стильдері, педагогикалық қарым-қатынастың механизмдері, эмпатия, идентификация, рефлексия, децентрация, каузальді атрибуция, ореол эффектісі, стереотипизация..
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде – бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе «педагогикалық жүйе» ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе – қоғамдық –тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды.
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы ретінде анықталады. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды жаңа сапаға ие (Л.А. Хараева).
Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, «... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды.Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи...».
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, – онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады...».
Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді.
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.
Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және өзіндік коммуникативтік бірліктері түсініктерінің жігін айырып алған жөн. Бұл түрлі құбылыстар қаншалықты ажырамас болса да біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асады. Коммуникативті міндеттің педагогикалық міндетке, әсер етудің таңдалған әдісіне барабарлығы, – қарым-қатынас процесінің және жалпы педагогикалық әсер етуді өнімділігінің міндетті шарты.Педагогикалық міндет үйренушілердің белгілі бір оқу материалын игеруімен байланысты (мысалы, осы материалды түсіндіруді, оның түсініктемесін, жүйелілігін, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіруді ұйымдастыру және т.б.), ал коммуникативтік міндет – үйренушілерге әсер етудің қандай тәсілдерімен, оны қалай тиімдірек іске асыруға болады деген сұраққа жауап. Осы жерде педагогикалық қарым-қатынастың түрлі жағдайларында белгілі бір коммуникативтік міндетті жүзеге асырушы тілдік әрекеттер жайлы сұрақ туындайды, оған педагогикалық ситуация мен коммуникативтік акт сипаты жатады.
Педагогкиалық ситуация оқу процесінің бірліктері - сабақ пен дәрісті анықтау контексінде қарастырылады. Ол сабақ мақсатымен, міндеттерімен, кезеңдерімен, оның мазмұнымен, оқу-педагогикалық бірлескен іс-әрекет субъекттерінің өзара әрекеттесу сипатымен сипатталады. Негізіне байланысты, педагогикалық ситуацияны түрліше бөлуге болады. Қатынас формасы бойынша ол іскерлік (жеке), ресми (ресми емес), формалдық (формалдық емес) болуы мүмкін. Сабақ (дәріс) кезеңдері, бөліктері бойынша педагогикалық ситуация оқу материалымен таныстыру ситуациясы (онда бағдарлану, ұғыну, анықтап алу және т.б.), әрекет тәсілдерін жаттықтыру (әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру), бақылау және бағалау, әрекет тәсілдерінің игерілген білімдерін бақылау және бағалау бола алады. Еңбектестік динамикасы бойынша араласу, серікпен жұмыс істеу, еңбектестіктен шығу, оны аяқтау ситуациялары анықталуы мүмкін. Оқудағы өзара әрекеттесу сипаты бойынша бұл еңбектестік, бәсекелестік, қақтығыс, конфронтация (қарсы тұру) ситуациялары болуы мүмкін. Орындалатын оқу міндеттерінің сипаты бойынша ситуация бейтарап немесе проблемалық болуы мүмкін.
Оқудағы өзара әрекеттесуге қатысушылардың орналасуының формалды критерийі бойынша оны етене жақын қарым-қатынас ситуациясы ретінде анықтайды (15-45 см қашықтығы); тұлғалық (75 см), әлеуметтік (2м дейін) және бұқаралық (3-7 м). Педагогикалық қарым-қатынас ситуациясын саралап жіктеу үшін басқа да жеке негіздер таңдалуы мүмкін. Мысалы, мұғалімнің бірінші сыныппен, бірінші сабақта, 1-қыркүйектегі қарым-қатынас жасауының педагогикалық ситуациясы, яғни «басталу» ситуациясы формалды емес; өмірдегі, мектеп жағдайындағы (гимназия, лицей) жалпы бағдарлану; өзара әрекеттесуге ену; ынтымақтастық; бейтарап; тұлғалық және әлеуметтік қарым-қатынас; тұлғалық танысу және т.б. ретінде анықтала алынады.
Әр ситуация, белгілі бір тілдік әрекеттер көмегімен, коммуникативтік міндеттер түрінде, белгілі бір коммуникативтік акттермен іске асады. Бұл жерде атап өтетін жағдай, жалпы қарым-қатынаста және педагогикалық қарым-қатынаста құрылымдық және функционалдық бірліктер бөлінеді, бұл бірліктер ретінде коммуникативтік акттер және коммуникативтік міндеттер болады.
Қарым-қатынастың құрылымдық бірлігін авторлар түрліше қарастырады. Мысалға, А.К. Маркова қарым-қатынас іс-әрекетінің құрылымдық бірлігі деп адамның өз пікірін құрастыруын есептейді. Бірақ, мұндай бірлікте тек сөйлеуші ғана есепке алынады және жалпы қарым-қатынас процесінде тыңдаушы (тыңдаушылар) әрекеті қамтылмайды. Егер де екі жақты өзара әрекеттесу формасы ретінде, қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі коммуникативтік акт ең аз мөлшерде, ары қарай бөлінбейтін түрде болса, онда қарама-қайшылық жойылады деп жорамалдауға болады. .
Осы өзара әрекеттесудің белсенді екі жақты түйіндес сипаты көбінесе коммуникативті теорияның тек жарияланушы теоретикалық постулаты болып табылатыны рас. Іс жүзінде қарым-қатынастың барлық схемалары «сөйлеуші (бірінші партнер) – тыңдаушы (екінші партнер)» (С1→ Т2) схемасына теңеседі, яғни бір бағыттағы, бір жақты коммуникативтік акт схемасына, ол тек қарым-қатынастың екі жақты актінің бөлігі ретінде қарастырыла алынады. Егер де қарым-қатынасты шынымен де ойлармен алмасу процесі ретінде, «түйіндес акт» жүйесі ретінде елестетсе, онда оның схемасы С1→←Т2 түрінде болу керек, мұнда функция болып табылатын (С1→Т2) және (С1→←Т2), өзара түсіністік қарым-қатынас шарты ретінде қарастырылады. Осы жағдайды ең алғаш рет М.М. Бахтин диалогты тілдің шынайы бірлігі ретінде анықтай отырып айтқан.
Ары қарай қарым-қатынас жайлы айта және оның ішінде педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, оның құрылымдық бірлікте – коммуникативтік акте іске асуын назарға аламыз: сөйлеуші / мұғалім (оқытушы) немесе оқушы (студент) / – тыңдаушы / оқушы (студент) немесе мұғалім (оқытушы). Коммуникативтік акт құрылымын анықтай отырып, біз саналы түрде белсенді өзара әрекеттесу субъекттерін ғана белгілейтінімізді атап өту қажет, алайда бұл құрылымға үш-төрттен (Н.С. Трубецкой, А.Гардинер) алты-жеті (Р.О Якобсон, В.А. Артемов және т.т.) элементтерге дейін кіретіні белгілі. Мысалға, Р.О. Якобсон тілдік актті анықтаушы алты элементтерді (немесе факторларды) бөледі: жіберуші (сөйлеуші), алушы (тыңдаушы), код (тіл), хабарлама, контекст және контакт. Соңғысы – контакт – автор тарапынан іс-жүзінде тіл функциясымен теңестірілген, коммуникативтік акт элементінен көрі, әрекеттен кейінгі фактор ретінде қарастырыла алады.
Тілдің В.А. Артемов ұсынған коммуникативтік теориясында, коммуникативтік схеманың бұрыннан белгілі блоктарымен қатар, яғни ақпарат көзі (сөйлеуші), жіберілген хабарлама, қабылдаушы (тыңдаушы), байланыс арнасы, алынған хабарламалармен қатар, жаңа блок – тілдік қылық ұйғарылады. Айта кетейік, бірінші (Р.О. Якобсон) және екінші (В.А. Артемов) жағдайда қарым-қатынас коммуникативтік-ақпараттық келіс негізінде қарастырылады.
Қарым-қатынастың түрлі жақтарының (функцияларының) байланысы, олардың динамикасы Я. Яноушек ұсынған қарым-қатынастың деңгейлік схемасында неғұрлым айқын байқалады (1981). Осы схеманың бірінші деңгейінде коммуникация өз тарапынан ақпарат беру мен қабылдауды, контактқа түскен индивидтердің бастапқы ақпараттылығында болатын айырмашылықтарды түзететін оның кодталуы мен декодталуын білдіреді. Алайда, осы деңгейдің өзінде коммуникация тек ақпарат алу мен беруге ғана теңеспейді, жасырын түрде ол қатысушылардың өзара қатынастарын да қамтиды. Мысалға, сөйлеуші жағынан тыңдаушының (реципиент) беріліп отырған ақпаратты қалай қабылдауының антиципациясы орын алады, өз кезегінде реципиент өзі алған ақпараттың контексін қайта құрылымдайды: сөйлеушінің бастапқы ниеті, оның тәжірибесі, білімдері және т.б. осы деңгейде бірлескен іс-әрекетпен тікелей байланыс жоқ.
Коммуникация екінші деңгейде нақ өзара сипатқа ие болады, мұнда ол қатысушылардың өзара мағыналарды беруі мен қабылдауын көрсетеді. Осы деңгейде коммуникация олардың ортақ міндеттерді орындаудағы бірлескен іс-әрекеттерімен тікелей байланысты, ол тек қана іс-әрекеттегі емес, сондай-ақ сонымен байланысты коммуникацииядағы функциялардың сараланып жіктелінуіне әкеледі. Соңғысы бұл жағдайда ақпараттау, сұрастыру, оқыту, нұсқау беру, бұйыру және т.б. сипатқа ие бола отырып, бірлескен жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Берілген коммуникация бағытталған білімдермен, ойлармен, шешімдермен алмасу бұл жерде міндетті бірлесе орындауға бағынған – қажет мәліметтерді алуға, оқу материалын меңгеруге, жаңа білімдерді ашуға, бұйрық беруге және т.б.
Үшінші деңгейде алдыңғы шепке коммуникация үшін неғұрлым мәнділері: бір бірінің ұстанымдары мен көзқарастарын түсінуге ұмтылу, басқалардың пікіріне құлақ асу, тіпті олармен келіспесе де және т.б. шығады, осы жағдайда коммуникация жекеленген қатысушылардың қосқан үлестерін, жеткен табыстарын жалпы бағалаудың қалыптасуына бағытталады. Жалпы бағалауға ұмтылу кедергілерге тап болуы мүмкін, бұл кедергілер коммуникацияға түсуші жекеленген қатысушылардың негізгі мақсаттарының әр түрлілігінде болады. Коммуникацияның осы үшінші деңгейі өзара қатынастардың ұжымдық сипатымен байланысты.
Қарым-қатынастың функционалдық бірлігі коммуникативтік міндет болып табылады, ол коммуникативтік акттың ішінде қызмет атқарады. В.А. Кан-Калик бойынша, коммуникативтік міндетті құруда педагогикалық міндет, мұғалім мен сыныптың педагогикалық қарым-қатынас деңгейінің болуы, үйренушілердің даралық ерекшеліктерін есепке алу, өзінің даралық ерекшеліктерін есепке алу, жұмыс әдістерін есепке алу басшылыққа алынады.
М.И. Лисинаның анықтауы бойынша, қарым-қатынас міндеті (немесе коммуникативтік міндет) – бұл мақсат, оған жетуге қарым-қатынас процесінде жасалынатын түрлі әрекеттер бағытталған. Қарым-қатынас міндетін ішкі және сыртқы жағдайлар анықтайды (қарым-қатынастағы қажеттіліктердің даму деңгейі, уақыт бойынша таяудағы серігіне әсер ету сипаты). Міндет, өз кезегінде, қарым-қатынас әрекетінің сипатын анықтайды. Коммуникативтік міндеттердің қарым-қатынастың функционалды бірлігі ретіндегі ерекшеліктерін бөлейік. Біріншіден, коммуникативтік міндет бұл продуктивті-рецептивті бірлік, яғни ол сөйлеушінің де, тыңдаушының да тілдік іс-әрекетін (әрекетін) қамтиды.
Сөйлеуші позициясы тарапынан (мысалы мұғалім позициясынан) коммуникативтік міндеттердің келесі топтары бөлінуі мүмкін: 1) ақпаратты беру (хабарлау), 2) ақпаратқа сұраныс, талап ету, 3) әрекетке түрткі болу (вербалды немесе вербалды емес) және 4) педагогикалық қарым-қатынас серігінің (қарастырылып отырған жағдайда – оқушының) вербалды немесе вербалды емес әрекеттерге қатынастарының көрінуі. Осы топтардың әрқайсысының коммуникативтік міндеттері көптеген тілдік әрекеттер арқылы шешіледі.
Бірқатар жұмыстарда (А.В. Бельский, В.А. Артемов, Л.Д. Ревтова, В.И. Кадомцев және т.б.) «хабарлау» мен «түрткі болу» сияқты тілдік әрекеттердің барлық саналуандылығын бөлуге тырысқан. Бұл зерттеулер негізінен коммуникативтік міндеттердің жеткізудің интонациялық формаларын зерттеулерге бағытталғандықтан, олардың атаулары да төрт коммуникативтік (интонациялық) түрлерді бейнелейді: баяндау, сұрақ, ниеттену және лепті үн шығару (В.А. Артемов). Осыған сәйкес сөйлеушінің «хабарлау» сияқты жалпы коммуникативтік міндеті баяндау ретінде анықталады, оның кем дегенде он бір түрі болады: баяндаудың өзі, хабарлау, атау, хабарлама, санап тізбектеу, сөзді қақпалау, жауап, ақпар, баянат, әңгіме, ертегі. Тілдік әрекеттің түрткі болу сиқты түрінің спектрі одан да кең. А.В. Бельский, В.А. Артемов мәліметтері бойынша, оған кем дегенде он алты түрі жатады, олар - бұйрық, әмір, талап, бұйыру, ескерту, қоқан-лоққы, тиым, шақыру, сақтандыру, үндеу, кеңес, тілек, шақыру, өтініш, өсиет айту, жалыну.
Зерттеушілер тарапынан сөйлеушінің коммуникативтік міндеттері (әрекеттер) бөлінген (мысалы, хабарлау, сендіру, ниеттендіру, иландыру, мақұлдау, түсіндіру, терістеу, дәлел, сұрақ және т.т.), олар педагогикалық қарым-қатынаста неғұрлым көп функционалдық жүктемені атқарады. Мәскеудің түрлі мектептерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу нәтижелері, педагогикалық қарым-қатынаста көбінесе дәлелдеу, әңгіме, түсіндіру сияқты коммуникативтік міндеттер кездесетінін көрсетеді. Сауалнаманың «Сізге сыныпта не істеген жеңіл?» деген сұрағына мұғалімдердің 50% жоғарысы былайша жауап береді: «түсіндіру», «әңгімелеу», «сендіру». Сонымен бірге, «Сіз көбінесе сыныпта не істейсіз?» деген сұраққа 50% жуық мұғалімдер «дәлелдеу» деп жауап беріп, оны жеңіл міндет емес деп көрсетеді, сұралған мұғалімдердің 66,7 % сендіру сияқты коммуникативтік міндетті оларға қарсы болғанда табыстырақ орындайды. Мұғалімдердің 80% коммуникативтік міндеттерді бір оқушымен емес, сыныппен қарым-қатынаста орындауды қалайды (Л.А. Хараева, Т.С. Путиловская). Басқаша айтқанда, әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас мұғалімдер үшін тұлғалық бағдарланған қарым-қатынасқа қарағанда артығырақ болып табылады.
Дәлелдеу міндетін орындау қиындығы осы құрамы бойынша күрделі міндетке (П.П. Блонский) әдетте мектепте үйретпейді. Сипаттау, түсіндіру және сендіру коммуникативтік міндеттерін зерттеу нәтижелері (Т.С. Путиловская), сипаттау мен түсіндіру, дәлелдеу мен сендіру, сияқты міндеттерді орындау тәсілдерінің нақты дифференциациясы тек студенттік жасқа қарай ғана стихиялық түрде қалыптасатынын дәйекті көрсетеді, бұл жерде дәлелдеу міндетін орындаудың өзі қалыптаспайды. Бұл коммуникативтік міндеттер мен оларды жүзеге асырушы әрекеттер студенттердің – болашақ педагогтардың арнайы игеру объекті болу керектігіне куәландырады. Қарым-қатынас оқыту құралы мен мақсаты ретінде қарастырылған А.К. Маркованың зерттеулерінде, оны игеру төрт кезең ретінде берілген, олардың ішінде алғашқы екеуі ерекше қызықты. Мысалы, бірінші кезең оқушыны өз ойын айқын, нақты жеткізуге үйрету. Екінші кезеңде оқушы қарым-қатынас серігіне әсер етуді, соның ішінде дәлелдеу мен аргумент келтіруді үйрену керек. Басқаша айтқанда, осы кезеңдерде шәкірт белгілі бір коммуникативтік міндетті орындауды үйренуі керек. Бұл жерде иерархияны анықтау мен оны сақтау қажеттілігіне, міндеттерді орындауда бірізділікке назар аудару қажет.
Сөйлеушінің коммуникативтік міндеттері тыңдаушының комму-никативтік міндеттеріне қарағанда көп зерттелген. Педагогикалық қарым-қатынас жағдайында тыңдаушы позициясынан келесі коммуни-кативтік міндеттер бөлінген: «түсіну», «есте сақтау», «жаттау», «меңгеру», «қорытынды жасау», «жауап беру», «теріске шығару», «дәлелдеу». Бұл міндеттердің біртекті емес: бірі күрделірек («дәлелдеу»), екіншісі қарапайымдау («жаттау») екені анық. Олардың әрқайсысы келесінің үш ұстанымының бірімен байланысқан: танымдық, мнемикалық немесе коммуникативтік. Дәл осы коммуникативтік ұстаным – «хабарды алу және басқаға беру» – барлық жас топтарында қабылданған материалды неғұрлым көп сақталуын қамтамасыз етеді (Т.А. Стежко). Мұны мұғалім қарым-қатынасты, оқытуды ұйымдастыруда және оқу-тілдік нұсқауларды, міндеттерді тұжырымдау кезінде есепке алуға тиіс. Осыған сәйкес коммуникативтік акттың функционалды бірлігі ретінде коммуникативтік міндет, қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі ретінде бола отырып, сөйлеуші мен тыңдаушы жүзеге асыратын қарым-қатынастың екі жақты бірлігі ретінде қарастырылады.
Орыс тілі, әдебиет, биология, химия, шет тілі, тарих, география сабақтарын бақылау материалдарының талдауды көрсетуінше, мұғалім оқушылармен араласа және сипаты бойынша түрлі коммуникативтік міндеттерді орындай отырып, бір мезгілде осы міндеттер көмегімен түрлі педагогикалық функцияларды жүзеге асырады. Зерттеушілер функциялардың (олардың топішілік нақтыландырылуымен) төрт тобын бөледі: 1) ынталандырушы; 2) елеп ескеруші, оларға: а) бағалаушы және б) түзетулер енгізуші; 3) қадағалаушы жатады; 4) ұйымдастырушы, оларға: а) оқушы зейінін қабылдауға, есте сақтауға және қайта жаңғыртуға бағыттаушы, б) оқушының алдыңғы мәтінмен, суретпен, фильммен жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуші, в) міндеттерді, нұсқауларды орындау бірізділігі мен сапасына сілтеуші, г) сабақ үстіндегі хорлық, жұптық, топтық, даралық жұмыстарды ұйымдастырушы, д) оқушының сабақ кезіндегі тәртібін реттеуші (С.Я. Ромашина) функциялар жатады.
Мұғалімдер (мысалы, шет тілі сабағында) көбінесе қолданатын коммуникативтік міндеттер (сұрақ, талаптандыру, түсіндіру, әңгіме, хабарлау, мақұлдау/мақұлдамау) негізінен ұйымдастырушы және ынталандырушы функцияларды жүзеге асырады. Оқу процесінде мұғалімнің бағалаушы, соның ішінде мақұлдаушы әрекеттері азырық көрсетілген. Мұндай ситуация, әрине, педагогикалық қарым-қатынасты жұпыны етіп, оны оқу материалын игеруге жағымды әсер етуші негізгі сәттердің бірінен, яғни жағымды қуаттаудан айырады.
Сонымен бірге, коммуникативтік міндеттерді мақсатты орындау іскерлігі, тіпті педагогикалық жоғары оқу орны студенттері – болашақ мұғалімдерде де қалыптаспайды. Бұл туралы оқулықтардың өзінің құрылымындағы жаттығулардың 70% студенттердің ақпараттық іскерліктерінің қалыптасуына бағытталғаны куә болады, тіпті олардың жартысынан көбі бір нәрсе жайлы хабарлау, баяндау іскерліктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Тек 1,2% жаттығулар реттеуші іскерліктердің дамуына арналған және 3,5% кейбіреуі – қарым-қатынас стилін анықтаушы аффективті-коммуникативтік іскерліктердің дамуына арналған (Л.Н. Никипелова).
Оқудағы еңбектестік сипатының өзі тудырып, талап ететін қарым-қатынас стилінің өзін қарастыру елеулі қызығушылық тудырады, мұнда проблема, ойлау міндеттері мұғаліммен бірлесе отырып, қойылады және орындалады. Қарым–қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы, берілген жағдайда ол педагогикалық өзара әрекеттесу.
Қарым-қатынас стилінің оқытудың прогрессивті беталыстарына сәйкес келетін осы көрсеткіштерімен танысу, олардың бұрын көрсеткендей, іс-әрекеттік келіс негізінде оқытуды ұйымдастырушы мұғалімде болуы керек сапалармен ұқсастығын көруге мүмкіндік береді. Бұл жерде Л.В. Путляеваның зерттеулерінде оқушылардың мұғалімнің жоғарыда қарастырылған қарым-қатынас стилінен туған мінез-құлығының жауап реакциялары ең алғаш рет ашылып көрсетілгені маңызды. Сенім, бостандық, еркіндік, қорқыныштың болмауы, мұғалімге, оқуға деген қуанышты қатынас, топтағы ақжарқын өзара түсіністікке ұмтылу – мұғалімнің қарым-қатынас стилін дұрыс таңдауының нәтижесі. Мұндай стильдің болмауы, айқайлау, кекету, мұғалімның мінез-құлығы мен оның қарым-қатынас стилінде орын алатын оқушыны сыйламау бүкіл оқыту жүйесі қаншалықты мазмұнды және әдістемелік дұрыс ұйымдастырылса да, оны жоққа шығарады. Қарым-қатынасқа жүргізілген талдау келесі жағдайлар туралы айтуға мүмкіндік береді:
- педагогикалық қарым-қатынас жайлы оқудағы өзара әрекеттесу, педагог (оқытушының) пен оқушылардың (студенттердің) еңбектестігінің формасы ретінде;
- педагогикалық қарым-қатынаста бір мезгілде оның үш жағының - комуникативтік, интерактивтік және перцептивтік жақтарының болуы;
- педагогикалық қарым-қатынаста вербалдымен қатар басқа да тәсілдердің, яғни көркемдік, кинетикалық, символикалық тәсілдердің кең көрінуі жайлы.
Тағы атап өтейік, оқудағы еңбектестік пен қарым-қатынас оқытушы мен студенттің (студенттер тобының) көп деңгейлі өзара әрекеттесуі ретіндегі психологиялық талдауы осы жақтардың әрқайсысын оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде және екеуін де сипаттаушыны қарастыруды қамтиды. Оларды сипаттаушының бірі – бұл іс-әрекеттің мақсаттылығы, белсенділігі және түрткілігі, алайда олардың әрқайсысының іс-әрекет мақсаты мен түрткісі әртүрлі. Екінші сипаттама еңбектестік пен қарым-қатынас субъекттерінің екеуінің де рөлдік позицияларымен теңестіріледі: бірінші позиция мұғалімнің, оқытушының тәрбиешінің рөлін айқындайды; екіншісі – оқушының студенттің рөлін айқындайды. Осы рөлдердің комплетарлығын (өзара толықтыруларын), олардың өзара шартталуын атап өту маңызды. Субъекттердің екеуін де анықтайтын үшіншісипаттама – оқу және педагогикалық іс-әрекеттің бір жағынан, олардың даралық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталуы, екінші жағынан, олардың әрқайсысы оқытушылар немесе студенттер ұжымында қатысатын қатынастармен шартталуы.
Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.