Жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы

Студенттік шақтағы жаңақұрылымдар

Студент тұлғасының типологиясы

Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздері

Негізгі түсініктер:жасөспірім кезең, тұлғалық даму, интеллектік даму, жаңақұрылым, тұлға типологиясы, тұлға тәрбиесі.

 

Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады.

Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің психологиялық метебінікі. Б.Г. Ананьевтің өзінің, Н.В. Кузьминаның, Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А. Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмпирикалық материалдары жинақталған, эксперименттер мен теоретикалық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субъекті ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің көпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген.

Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты кәсіби-бағдарланған міндеттерді орындауға деген ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік болып табылады (А.А. Вербицкий).

Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құрумен байланысты болуы. Студенттік кез – адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекордтарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ «қайраткер», кәсіпқор ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнынында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.

Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілері алған мәліметтердің көрсетуінше, студенттік жас – бұл интеллектуалдық құрылымданудың күрделі шағы, ол өте даралық және әртүрлі. Осы жастағы адам интеллектісінің мнемологиялық «ұйытқысы» бір жағынан, үнемі «шыңдардың» немесе «оптимумдардың» кезектесуімен сипатталса, келесі жағынан осы ұйытқыға кіретін функциялармен сипатталады. Бұл дегеніміз, оқу тапсырмалары үнемі бір мезгілде меңгеріліп отырған материалдың түсінілуіне, ұғынылуна және студенттің есінде қалуы мен құрылымдануына да, оның сақталуы мен мақсатты өзектілігіне бағытталған. Мәселені осылайша қою бірқатар оқу-әдістемелік зерттемелерде бейнелеуін тапты, мұнда проблемалық міндеттерді орындауда оқу ақпаратының студент жадында қалуының, түсінілуінің және бекіп қалуының ажырамастығы көрстіледі. Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендендіру үнемі оқу ақпараттарының есте сақталуы және қайта жаңғыртылуымен қатар жүреді.

Студенттік шақтың көрнекілігі бола отырып, студент ең алдымен оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде болады, оның өзі, бұрын көрстелігендей, ең алдымен түрткілермен анықталады. Түрткілердің екі типі көбінесе оқу іс-әрекетін сипаттайды – жетістік түрткісі және танымдық түрткісі. Соңғысы өз тарапынан адамның ой іс-әрекетінің табиғатына сәйкестене отырып, оның оқу-танымдық іс-әрекетінің негізі болып келеді. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуацияда пайда болады және студенттер мен оқытушылардың қатынастары мен өзара әрекеттесулері дұрыс болғанда дамиды. Оқытуда жетістік мотивациясы танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады.

Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. Алайда сауалнама нәтижелері, техникалық жоғары оқу орны студенттерінің жартысында жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің жоқ екенін көрсетеді. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі таңдауларының дұрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын ұнатпайды.

Студенттің оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі елеулі көрсеткіші оның осы іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларын орындау ептілігі болады. Алайда, арнайы зерртеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің көпшілігі лекцияларды тыңдауды және жазуды, әдебиеттерден конспектілеуді білмейді (көп жағдайда лекциялық материалдың тек 18-20% ғана жазылады). Мысалы, В.Т. Лисовскийдің мәліметтері бойынша, студенттердің тек 28,8% ғана аудитория алдына шығып сөйлей алады, пікір талас жүргізуді 18,6%, проблеманың аналитикалық бағасын беруді 16,3% ғана біледі. Нақты әлеуметтік зерттеу материалында көрсетілгендей: студенттердің тек 37,5% жақсы оқуға ұмтылады, 53,6% үнемі тырыса бермейді, ал 8% мүлдем жақсы оқуға ұмтылмайды. Бірақ тіпті жақсы оқуға ұмтылғандардың өзінде 67,2% оқу үлгерімі жақсы емес. Соңғы он жылдықта осы іскерліктер мен жалпы оқуға деген қатынастардың сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі тұсында олардың толықтай қалыптаспауының жалпы бейнесі сақталып қалды.

Оқытушылар алдында студентті оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық міндеті тұр, бұл ең алдымен, оны өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру ептілігіне, толықтай оқу, қарым-қатынас жасау іскерлігіне үйретуді ұйғарады. Мәселені осылайша қою табысты оқуға қажетті оқу іс-әрекеттерін, оларды нақты оқу материалында орындау бағдарламасын анықтауды және оларды қалыптастыру бойынша жаттығуларды нақты ұйымдастыруды талап етеді. Бұл жерде осы әркеттерді үлгілі орындауды мұғалім студенттердің 1-курстағы оқуға бейімделу кезеңінің қиындығын есепке ала отырып, өзі көрсетуі керек. Студенттің жаңа құндылық бағдарларының, мотивтерінің және үрейлік сияқты даралық қасиеттерінің қалыптасуына оқытушының әсеріне баға жетпейді. Студентке, әлеуметтік кемелденген тұлға, ғылыми дүниетанымды тасымалдаушы ретіндегі қатынас, дүниетаным – бұл адамның тек дүниеге ғана емес, осы дүниедегі өзінің орнына деген көзқарастар жүйесі екенін есепке алуды ұйғарады. Басқаша сөзбен айтқанда, студенттің дүниетанымын қалыптастыру дегеніміз оның рефлексиясын дамытуды, өзін іс-әрекет субъекті ретінде, белгілі бір қоғамдық құндылықтарды тасушы, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде саналы түсінуін білдіреді. Өз кезегінде, бұл оқытушыны оқытудың диалогтығын күшейту жайлы, педагогикалық қарым-қатынасты арнайы ұйымдастыру жайлы, студенттер үшін өз көзқарастарын, мақсаттарын, өмірлік позицияларын сақтап қалуға оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу процесінде жағдай жасау жайлы ойлануға міндеттейді.

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.

 

12-дәріс. Студенттік ұжым психологиясы

Дәрістің мақсаты: Студенттік ұжым мен оның динамикасының психологиялық сипаттамаларын талдау.

Дәріс жоспары:

Топтың психологияда түсіндірілуі

Студенттік топ түрлері

Студенттік ұжымның сипаттамалары

Жоғары оқу орнындағы студенттік топ динамикасы

Топтың социометриялық құрылымы

Көшбасшылық

Негізгі түсініктер:топ, ұжым, топ страталары, топ динамикасы, социометрия, референтометрия, көшбасшылық.

 

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.

1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).

2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);

3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).

4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).

5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).

6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.

7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.

8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.

Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

Лидер тұлғасы оның психологиясы казіргі саясатта негізінен тұрақты қоғамда белгілі-бір топ адамдарымен жүзеге асары даусыз. Жеке лидер - жалғыздар олар күн өткен сайын өткенге өтуде, ұмытылуда. Кез-келген қоғам даму және тұрақтану деңгейіне қарай бюракраттанады. Осы кезде олардың орнына харизматиктер келеді. Бұған нағыз мысал Ресей тарихы. Уақыт өткен сайын тарих өзгереді және басқа типтегі лидерлер пайда болады.
Ең алғаш рет өз уақытында Т.Гоббс “Левиафанда” өзінің топтарға деген анықтамасын берді.”Белгілі-бір ортақ қызығушылықтары, істері бір белгілі- адамдар тобы” Ол оған қоса саяси және жеке топтар деп бөлді.біз осы тақырыпты осы бөлімде ашуға тырысамыз.
Саясатта топтар көлеміне қарай кіші және үлкен топтар болып бөлінеді. Кіші топтарда 30-40 адамнан ең көп дегенде 100 адамнан құралған топтарды жатқызады.
Кіші топтың негізгі критериі болып топ ішіндегі бір-бірімен тығыз қарым-қатынас саналады. Кіші топтарға қарағанда үлкен топтарға жүз адамнан, мың және оданда көп миллион мүшелеріде болады.

Топтар яғни үлкен және кіші болып мүшелерінің санымен анықталады.

Ең біріншіден топтағы негізгі іс-әрекеттің бағытталуына байланысты топтар экстравертті және интравертті болып екіге бөлінеді.

Экстравертті топтың әрекеті толығымен сыртқа бағытталады. Мысалы оларда басты мақсат билікті жаулап алу және билік жүргізу болып табылады.

Интравертті топтың сипаттамасы экстраветті топқа қарама- қарсы,топтағы әрекет толығымен ішкі ортаның атмосферасының жақсы болуына сонымен қатар топтағы қарым-қатынастың жақсы болуына бағытталады.

Экстровертті топтарға тән ең сыртқы әрекет мұндай топтың негізгі белсенділігі сыртқа бағытталған. Сәйкесінше интровертті топтарға ішкі әрекеттер кіреді. Негізгі белсенділігі ішке бағытталады. Топтар осы топтарға кіретін адамдардың ішкі ұқсастығының негізінде қалыптасады. Кейбір адамдар немесе саяси топтарда әртүрлі психологиялық типтері кездеседі. Сол себепті саяси психология осы моменттерді әлі нақты дәлденбеседе ескерулері қажет.

Топтағы ұйымшылдық деңгейіне байланысты гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.Әсіресе ұйымшылдықтың жоғарғы көрінісін біз тотолитарлық қоғамнан анық көруге болады.

Гомогенді ұйымдасқан топтар сөзі испан тілінен шыққан.
Топтың ену критерийі. Ықпалдасу деңгейіне қарай ену,жартылай ену және енбейтін болып үшке бөлінеді. Бұл толығымен ықпалдасу тобының сипаттамасы. Ықпалдасудың белгісі - ол топ мүшелерінің белгілі бір есеп беруінің жоқтығы.

Ықпалдаспайтын топтың мысалы үгіттеушілер, мұралық билік және тотолитарлық саяси ұйымдарда анық көрінеді.Мысалы Гитлерлік Германияның мүшелігіне кірігу мүмкін емес болған.

Жартылай кірігу де, мысалы, партия билеті берілген, бірақ өз қалағаны бойынша басқа партияға ауысуға мүмкіндігі бар. Оның құрамына енгенге дейін минималды шарттарды қалыптастырады және шығысы бойынша аз.

Өзіне ғана тән жеке мақсатына байланысты инструменталды, экспрессивті, функционалды және дисфункционалды деп төртке бөлінеді.

Инструменталды топтың мақсаты ол саяси мақсаттарға қол жеткізу, билік жүргізу,белгілі-бір бағдарламаларды жобалау.

Экспрессивті ол ішкі атмосфераның жақсы болуына, канфорт болуына сондай жағдайлари жасуға бағытталған.

Топтың сананың ерекшеліктеріне байланысты олардың мүшелерін «біз тобы» және «олар тобы» болып екіге бөлінеді. Біз топтары олар бір-бірімен үлкен қобалжуларды, эмоцияларды сезінеді. Олар тобы біздер тобына қарама-қарсы.
Топтар құрлымына қарай формалды және формалсыз болып бөлінеді. Формалды топтар олапрды топ мүшелерінің стастусы, ролі анық және құқықтары және ролдері қатаң ұсталады.
Мысалы: Қатаң тәртібі бар армия мұнда адамдық факторлар соңғы орынға қойылады.
Формалды емес топты басқаша кездесу тобы деп те атайды. Мұнда доминантты ол адамдық факторлар,бір-біріне деген достық, сыйластық т.б.

Инструменталды және функционалды мақсаттар мұндай топтарда артқы жоспарға енгізіледі.

Қатысушылардың байланыс формасына байланысты бірінші ретті және жанама болып екіге бөлінеді.бірінші ретті топтарға «бетпе-бет»байланыс тән. Ал жанама топтар бірінші ретті топтарга қарама-қарсы.

Топтың мүшелерінің маңыздылығына байланысты референтті, негативті референтті, қатысу топтары болып үшке бөлінеді. Қатысу топ мүшелері анық та айқын топтар. Референтті топ ол адам өмір сүргісі келетін топтар. Ол топтар өте психологиялық жағынан тартымды болады, оған кез-келген адам сәйкес келуге тырысады.

Негативті референтті ол адам қатысады мүше болады бірақ өз өмірін онымен байланысты болғанын қаламайды, яғни өзін ол топпен сәйкестендіруге тырыспайды.
Өмір сүру ұзақтылығына қарай топтар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Кандидаттыққа ұсыныс кезіндегі сайлау компаниялары қысқа мерзімді топқа мысал бола алады. Мақсатына қол жеткізіп билік орнына келген соң басқару ұзақ мерзімді топтың мысалы бола алады.

Шешім қабылдау тәсілдеріне қарай авторитарлы, демократиялық және охлократтық топтар болып бөлінеді. Бұлардың қандай топтар екендігі атынанда белгілі.
Топтық іс-әрекеттің эффективтілігіне байланысты топтын мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар мынаған бағытталған:

1.топтық мақсатқа жету;

2.топтың өмірлік қабілетін қолдау;

3.қатысушылардың қанағаттануына қолдау жасау;

4.топ мүшелерінің тұлғалық өзгеруіне жағдай жасау.

Бұл топтың көмегі арқылы жүзеге асады.

Негізінен топтағы жұмыстың нәтежелігін сол топтың өмір сүру ұзақтылығымен анықталады. Әр түрлі жастар және студенттерден құрылған топтар саясатта ешқандай алғашқыда мақсатсыз келеді, көп жағдайда олар тез саясаттан кетді.
Осы әңгімені аяқтай келе саясаттағы топтардың типі мен типологиясын айтқанда өзіндік саясаттағы психологиялық ерекшеліктеріне байланысты топ құру. Бұл ерекшеліктерге сол топқа кіретін адамдардың психологиялық ерекшеліктері.

Қазіргі студент жастардың өзін-өзі басқаруы Қазақстан қоғамы дамуының жаңа үрдістеріне негізделген. Студенттердің өзін-өзі басқару саясаты, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асы­ру бағытында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірі бола отырып, кең өкілеттіктерге ие. Олардың өз әкімшілігі, конституция­сы, логотипі, жеке куәлігі және басқа тұғырнамалары бар.

Студенттердің өзін-өзі басқару құрылымында студенттер кеңесі, жастар әкімшілігі, студенттердің кәсіподақ ұжымы, әр факультетте сту­денттер деканаты, Студенттер үйінің студенттер кеңесі және студенттер қалашығы бар. Осы бөлімшелердің барлығының қызметіне оқу-тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру, оқу және құқықтық тәртіптерді қолдау, әлеуметтік қолдау мәселелері кіреді.

Студенттердің өзін-өзі басқарудағы ең басты міндеттері – университет студенттерінің мүддесі мен құқығын қорғау, олардың оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысуы, жастардың әлеуметтік-құқықтық және тұрмыстық проблемаларын шешуі бо­лып табылады.

Жастардың тәрбие жұмысына, ұлтаралық достық мұраттарын қалыптастыруға, патриоттық сезімге, өзара көмек пен жауапкершілікке ерекше көңіл бөлінеді.

Студенттермен жұмыс істеу бары­сында олардың шығармашылығына жағдай жасау, олардың ішінен әрбір тұлғаның әлеуетін байқап, олардың оқу және ғылыми-ізденістерін бақылау маңызды мәселе болып та­былады.

Университетаралық және аймақаралық, сондай-ақ халықаралық және басқа оқу орындарының студенттерімен байланыстарын нығайтуда студенттерге үлкен мүмкіндіктер берілген. Бұл олардың жарқын мұраттарының қалыптасуына, университет дәстүрлерінің дамуы мен нығаюына, жалпы мәдени және спорттық шара­лары мен бағдарламаларды өткізуге ықпал етеді.

 

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.