II бөлім. Ортодонтиялық аппараттар. Тіс аномалиясы мен тіс қатары аномалиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 3 страница

А. апикальді базистің өсуін ынталандыру

В. +Хотц әдісі бойынша реттілікпен жұлу

С. тіс қатарын кеңейту

Д. тіс қатарын ұзарту

Е. тістердің дистализациясы

 

110. Жасөспірім 14 жаста. Шағымы жоқ. Бет әлпетін тексеру барысында ауытқу байқалмады. Ауыз қуысында: жоғары жақтың үзеңгісі альвеолярлы өсіндісі қызыл иек шетінен 3-4 мм алшақ орналасқан, бірақ ерін аймағында еркін жиекке бекітілген, ұзындығы қанағаттанарсыз, еріннің қозғалысы шектелген, оны көтеру барысында үзеңгі тартылады және қызылиек жиегінде үшбұрышты пішінге келеді. 1.1, 1.2 тістердің ошақты пародонтиті көрінеді.

Төменде көрсетілген емдік-профилактикалық шаралардың қайсысы ең тиімді:

А. ерін үзеңгісінің массажы

В. пародонтиттің емі

С. динамикалық бақылау

Д. +үзеңгінің френулопластикасы

Е. ауыздың айналмалы бұлшық етінің миотерапиясы

 

111. Бала 7 жаста. Ата-аналары баласының ажарсыз келбетіне екендігіне шағымданады. Бала жұтынған кезде фронтальды тұста тілін тістердің арасына салады.

Төменде көрсетілген емдеу-профилактикалық шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

А. үзбеге френупластика жасау

В. динамикалық бақылау

С. еріннің түйісуін дұрыстау

Д. тілді дұрыс орынға қою

Е. +жұтыну функциясын қалыптастыру

 

112. Бала 7 жаста, профилактикалық қарап тексергенде оның жұту кезінде төменгі фронтальді тістерге тілін тіреп тұратыны анықталды.

Төменде көрсетілген емдеу-профилактикалық шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

А. үзбеге френупластика жасау

В. динамикалық бақылау

С. еріннің қабысуын дұрыстау

Д. +тілді дұрыс орынға қою

Е. жұтыну функциясын қалыптастыру

 

113. 6 жастағы баланы профилактикалық тұрғыдан тексергенде ауыздың дөңгелек бұлшық етінің босауы тыныс алумен қатар бұзылған.

Төменде көрсетілген емдеу-профилактикалық шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

А. миотерапия

В. аппаратуралық емдеу

С. динамикалық бақылау

Д. +ЛОР-дәрігердің консультациясы

Е. ауызды санациялау

 

114. 18 жастағы бойжеткен тісінің арасындағы саңылауға шағымданады. Жоғарғы жақтағы тістердің арасында 3 мм-лік диастема бар. Ауызішілік рентгенораммада орталық альвеолярлық қалқанның сүйек тіні тығыздалғаны көрінген.

Ортодонтиялық ем жоспарын құру үшін төмендегі ем түрінің қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

А. электростимуляция

В. үзбеге массаж жасау

С. аппараттық емдеу

Д. физиоемдеу

Е. +компактостеотомия

 

115. Жасы 10-ға толған баланың ата-анасы баласының тістемінің дұрыс еместігіне шағымданады. Оның профилі дөңес, иегі кесілген. Ауыз ішінде: жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы, сагитальді саңылау, бірінші үлкен азу тістер аймағына төмпешіктік түйісу байқалады. Биометриялық зерттеу жоғарғы тіс доғасының 4 мм-ге қысқарғанын көрсеткен.

Төменде көрсетілген емдеу-профилактикалық шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

А. алдыңғы тістерді ретракциялау

В. +жоғарғы тіс доғасын кеңейту

С. төменгі жақ сүйекті жылжыту

Д. бүйір тістерді дистализациялау

Е. бірінші кіші ауыз тістерді жұлу

 

116. 25 жастағы бойжеткен қызды дәрігер-ортопед жіберген. Ауызды 4.6 және 3.6 тістері болмағандықтан диастема мен трема пайда болған және 4.7, 3.7 мезиальді бағытқа иілген, терең күрек тістік жабылу .

Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

A. протетикалық

B. хирургиялық

C. +аппаратуралық

Д. миотерапиялық

E. физиотерапиялық

 

117. 14 жастағы жасөспірім тісінің арасындағы саңылауға шағымданды. Аузында: жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы тістерінде диастема мен тремалар байқалады, сагитальді саңылау жоқ. Бірінші үлкен азу тіс қалыпты жағдайда түйіскен. Диагностикалық модельді биометриялық зерттегенде жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер өлшемінің сәйкестігі анықталған.

Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

A. +тіс арасындағы саңылауды жабу

B. динамикалық бақылау

C. тістерді реставрациялау

Д. тістерге орын дайындау

E. аномалияны емдеу

 

118. 12 жастағы жасөспірім тісінің жоқтығына шағымданады. Сыртқы көрінісінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ауыз қуысында: 1.1 тіс жоқ, 2.1 тісінің ені – 8.5 мм, 1.2 мен 2.1 тістердің арасы – 6,5 мм. Рентгенограммада: 1.1 тісінің ұрығы орнында, бағыты дұрыс.

Төменде көрсетілген емдеу шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

A. 1.1 тісті жұлу

B. 1.1 тісті созып шығару

C. +1.1 тіске орын дайындау

Д. динамикалық бақылау

E. тіс арасын жабу

 

119. 10 жасар қыздың ата-анасы қызының тіс арасындағы саңылауға шағымданады.Жоғарғы ерні аздап ішке кіріңкі. Ауыз қуысында: диастема, 1.2 және 2.2 тістер жоқ, кері күрек тістік жабылу. Рентген суретте: бүйір күрек тістердің ұрығы жоқ.

Төменде көрсетілген емдеу шаралардың қайсысы ең бірінші реттегі шара болып табылады:

A. диастеманы жабу

B. бүйір жақты күрек тістерге орын табу

C. сүйір тістерді мезиальді жылжыту

Д. +1.1 және 2.1 тістерді вестибулярлы жылжыту

E. тіс қатарының пішінін қалыпқа келтіру

 

120. Барлық ортодонтиялық аппараттар тағайындау мақсатына қарай былай бөлінеді:

А. Механикалық, функциональдық, аралас

В. Алынатын, алынбайтын, қосарланған

С. Ауыз сыртылық, ауыз ішілік

Д. Бір жақтық, екі жақтық

Е.+ Емдік, профилактикалық, ретенциялық

 

121. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы механикалық, ауыз сыртылық, алмалы-салмалы болып табылады:

А. Энгль аппараты

В. Каламкаров аппараты

С. Эйнсворт аппараты

Д.+ Беттік доға

Е. Бынин каппасы

 

122. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы механикалық, ауыз ішілік, алмалы-салмалы болып табылады:

А. Мершон аппараты

В. Айнсворт аппараты

С. Брюкль аппараты

Д.Энгльдің стационарлы доғасы

Е. +Кеңейтуші винті бар пластинка

 

123. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуын түзету үшін төменде көрсетілген аппараттың қайсысын тағайындаған ең лайықты:

А. Вестибулярлы доғамен

В. Протрагирлеуге арналған доғамен

С. П-тәрізді иілмесі бар вестибулярлы доғамен

Д. +М-тәрізді иілмесі бар вестибулярлы доғамен

Е. Вестибулярлы доғамен және итергіш серіппелі

 

124. Вестибулярлы доғасы бар пластинканы тағайындауға көрсеткіш болып табылады:

А.+ Алдыңғы топ тістерінің протрузиясы

В. Алдыңғы топ тістерінің ретрузиясы

С. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

Д. Кіші азу тістердің вестибулярлы орналасуы

Е. Кіші азу тістердің оральды орналасуы

 

125. Протрогирлеуші доғасы бар пластинканы қолдануға көрсеткіш болып табылады:

А. Жоғары алдыңғы тістердің тығыз орналасуы

В. Алдыңғы топ тістерінің протрузиясы

С.+ Алдыңғы топ тістерінің ретрузиясы

Д. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

Е. Тіс қатарының фронтальды аймағының тремасы

 

126. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы механикалық, ауыз ішілік, алынбайтын:

А. +Энгль аппараты

В. Катц пластинкасы

С. Доғалы пластика

Д. Бынин каппасы

Е. Брюкль аппараты

 

127. Аппарат бір-біріне параллельді орналасқан түтіктері бар сауыттардан тұрады, түтікке соңында резьбасы бар доға қойылады, резьбаға киілетін гайкадан тұрады.Доғаны тістерге лигатурамен байлайды.Төменде көрсетілген қандай аппарат сәйкес келеді?

А. Мершон аппараты

В. Айнсворт аппараты

С. Бертони аппараты

Д. Энгльдің жылжымалы доғасы

Е. +Энгльдің стационарлы доғасы

 

128. Аппарат сауыттардан тұрады, оларға түтікшелер қойылады, кейіннен доға орналастырылады. Доғаның соңы түтіктерде еркін қозғалады. Доғаға кіші және үлкен азу тістер аймағында ілмектер, алдыңғы бөлімінде ленталы кламмерлер қойылған. Төменде көрсетілген қандай аппарат СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?

А. Мершон аппараты

В. Айнсворт аппараты

С. Бертони аппараты

Д. +Энгльдің жылжымалы доғасы

Е. Энгльдің стационарлы доғасы

 

129. Аппарат тіс қатарына арналған пластмассалы каппадан тұрады, ал қозғалтатын тіске пластмассалы немесе металды түтікшесі бар сауыт дайындайды. Каппа және сауыт арасында резьбасы бар доғаның соңы және түтік орналасатын гайка орналасады. Төменде көрсетілген қандай аппарат болуы мүмкін:

А. Мершон

В. Айнсворт

С. Бертони

Д.+ Каламкаров

Е. Энгель доғасы

 

130. Төменде көрсетілгендердің қайсысы кеңейткіш пластинканың тіректік бөлімі болып табылады:

А. Кламмер

В. Винт

С. Доға

Д. +Базис

Е. Ығыстырғыш

 

131. Төменде көрсетілгендердің барлығы ортодонтиялық аппараттардың әсер етуші бөліміне жатады, ТЕК:

А. Ығыстырғыш

В.+ Базис

С. Винт

Д. Доға

Е. Лигатура

 

132. Ауызішілік, универсальды, алынбайтын аппаратқа сәйкесін көрсетіңіз:

А. Гожгориян

В. Кватхеликс

С. Каламкаров

Д. +Энгль

Е. Мершон

 

133. Төмендегілердің қайсысы механикалық әсер ететін аппараттың конструктивті элементі болып табылады:

А. +Экспансивті доға

В.Ылди жазықтығы

С. Окклюзиялық төсем

Д. Винт және еріндік пилоттар

Е. Ұрттық тартпалар

 

134. Иек тартпасын қолдануға көрсеткіш:

А. Төменгі жақтың өсуін стимульдеу

В. Жоғары жақтың өсуін оптимульдеу

С.+ Төменгі жақтың өсуін тежеу

Д. Жұтыну функциясын қалпына келтіру

Е. Жағымсыз әдеттерді жою

 

135. Төмендегілердің барлығы алмалы-салмалы аппараттың әсер етуші күш көзі болып табылады, ТЕК:

А. Винт

В. Вестибулярлы доға

С. Ығыстырушы серіппе

Д. Резиналық тартпалар

Е. +Ылди жазқтығы

 

136. Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы механикалық әсер ететін аппараттарда қолданылады және активті күш көзі болып табылады:

А. +Ортодонтиялық винт

В. Ылди жазықтығы

С. Тістесу алаңы

Д. Ұрттық тартпалар

Е. Еріндік пилоттар

 

137. Төмендегі элементтердің барлығы механикалық әсер ететің аппараттың әсер етуші күш көзі болып табылады, ТЕК:

А. +Тістесу алаңы

В. Ортодонтиялық винт

С. Вестибулярлы доға

Д. Ығыстырушы серіппе

Е. Протрогирлеуші доғамен

 

138. Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы механикалық әсер ететін аппараттарда қолданылады және активті күш иесі болып табылады:

А.+ Коффин серіппесі

В. Тістеу алаңы

С. Ұрттық тартпалар

Д. Ылди жазықтығы

Е. Еріндік пилоттар

 

139. Ортодонтиялық аппараттар әсер ету принципі бойынша төмендегідей топтарға бөлінеді, ТЕК:

А. Механикалық әсер ететін

В. Функционалды-бағыттаушы

С. Функционалды әсер ететін

Д. Аралас әсер ететін

Е.+ Екі жақтық

 

140. Ортодонтиялық аппараттар конструкция түріне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді, ТЕК:

А. Доғалық

В. Каппалық

С. Пластиналық

Д. Блоктаушы

Е. +Стационарлық

 

141. Ортодонтиялық аппараттар әсер ету орны және тәсіліне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

А. +Бір жақты

В. Реципрокты

С. Алмалы-салмалы

Д. Ауыз ішілік

Е. Пластиналық

 

142. Ортодонтиялық аппараттар тірек түрлеріне байланысты былай бөлінеді:

А.+ Реципрокты және стационарлы

В. Бір жақтық және екі жақтық

С. Ауыз ішілік және ауыз сыртылқ

Д. Алынатын және алынбайтын

Е. Механикалық және функционалды

 

143. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы тірек әдісі бойынша реципрокты болып табылады:

А. Брюкль

В. Андрезен-Гойпль

С. +Винті бар пластинка

Д. Доғалы пластинка

Е. Энгль доғасы

 

144. Ортодонтиялық винті бар пластинканы қолдануға көрсеткіш болып табылады:

А. Тістердің ығысуы

В. Тістемді қалпына келтіру

С. Жақтың өсуін стимульдеу

Д. + тіс қатарын кеңейту, ұзарту

Е. Алдыңғы тістердің оральды ығысуы

 

145. Энгльдің экспансивті доғасын қолдануға көрсеткіш болып табылады:

А. Тістерді оральды орналасудан жылжыту

В. Алдыңғы тістердің протрузия

С. Алдыңғы тістердің ретрузия

Д. Тістердің дистализациясы

Е. +Тіс қатарын кеңейту

 

146. Энгельдің стационарлы доғасын қолдануға көрсеткіш болып табылады:

А. + Тістерді оральды орналасудан жылжыту

В. Алдыңғы тістердің протрузиясын

С. Тіс қатарының қатынасын

Д. Тістердің дистализациясы

Е. Тіс қатарын кеңейту

 

147. Энгльдің стационарлы доғасын қолдануға көрсеткіш болып табылады:

А. Тістерді оральды орналасудан жылжыту

В. +Алдыңғы тістердің протрузиясын

С. Тіс қатарының қатынасын

Д. Тістердің ретрузиясын

Е. Тіс қатарын кеңейту

148. Омего тәрізді кеңейткіш петельді кім ұсынды?

А. Андрезан

В.+ Коффин

С. Калвелис

Д. Френкель

Е. Шварц

 

149. Тістердің мезиодистальды ығысыуын түзету үшін қолтәрізді серіппені кім ұсынды?

А. Андрезан

В. Коффин

С. +Калвелис

Д. Френкель

Е. Шварц

 

150. Жасөспірім 14 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысында: жоғары тіс доғасында алынбайтын ортодонтиялық аппарат – 1.6, 2.6 тістерге арналған тірек сауыттары бар Энегль доғасы орнатылған. Доға түтіктерге еркін кіреді, сүйір тістер аймағында доғаға медиальді ашылған ілмектер бекітілген. Төменде көрсетілген аномалиялардың қайсысының емделуі ең ықтималды:

А.+ Протрузия

В. Ретрузия

С. Дистопия

Д. Диастема

Е. Тортоаномалия

 

151. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде екі жарты шеңбер тәрізді иілмесі бар ретракцииялық доғалы пластинка. Төменде көрсетілген қай аномалияның емделуі ең ықтимал ?

А. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

В. Күрек тістердің оральды орналасуы

С. Тіс қатарының тарылуы

Д. Тіс қатарының қысқаруы

Е. +Күрек тістердің протрузиясы

 

152. Бала 11 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде М-тәрізді екі иілмесі бар ретракцииялық доғалы пластинка. Төменде көрсетілген қай аномалияны емдеуде тиімді?

А. +Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

В. Күрек тістердің оральды орналасуы

С. Тіс қатарының тарылуы

Д. Тіс қатарының қысқаруы

Е. Күрек тістердің протрузиясы

 

153. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде 1.2 тіс аймағында протрогирлеуші серіппе және бүйір тістер қатарында окклюзиялық төсемі бар пластинка. Төменде көрсетілген қай аномалияны емдеуде тиімді?

А. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

В. Күрек тістердің оральды орналасуы

С. +1.2тістің оральды орналасуы

Д. Тіс қатарының қысқаруы

Е. Күрек тістердің протрузиясы

 

154. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде 1.1 және 2.1 тістер аймағында қолтәрізді серіппелі пластинка. Төменде көрсетілген қай аномалияны емдеуде тиімді?

А. Дистопия

В. Транпозиция

С. Тортоаномалия

Д. +Диастема

Е. Протрузия

 

155. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде таңдай тігісіне перпендикулярлы орналасқан винті бар және шайнау тістері аймағында окклюзиялық төсемі бар пластинка. Төменде көрсетілген қай аномалияны емдеуде тиімді?

А. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

В. Күрек тістердің оральды орналасуы

С. Күрек тістердің протрузиясы

Д. Тіс қатарының қысқаруы

Е. +Тіс қатарының тарылуы

 

156. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде таңдай тігісіне параллель орналасқан винті бар және шайнау тістері аумағында окклюзиялық төсемі бар пластинка.Аномалияның емдеуінде ең ықтималы?

А. Сүйір тістердің вестибулярлы орналасуы

В. Күрек тістердің оральды орналасуы

С. Күрек тістердің протрузиясы

Д. +Тіс қатарының қысқаруы

Е. Тіс қатарының ығысуы

 

157. Жасөспірім 13 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары және төменгі жақ сүйегінде Энгель доғасы, жоғары жақ сүйегі доғасында сүйір тіс және бірінші премоляр аймағында екі жағынан да ілмек бекітілген. Жасөспірім тәулік бойы жоғары сүйір тістен төменгі бірінші молярға резиналы тартпа киеді. Төменде көрсетілген қай тістесу аномалиясын емдеуде тиімді?

А. Мезильды

В. Терең

С. Ашық

Д. +Дистальды

Е. Айқасқан

 

158. Жасөспірім 13 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары және төменгі жақ сүйегінде Энгель доғасы, төменгі жақ сүйегі доғасында сүйір тіс және бірінші премоляр аймағында екі жағынан да ілмек бекітілген. Жасөспірім тәулік бойы төменгі сүйір тістен жоғары бірінші молярға резиналы тартпа киеді. Төменде көрсетілген қай тістесу аномалиясын емдеуде тиімді?

А. +Мезильды

В. Терең

С. Ашық

Д. Дистальды

Е. Айқасқан

 

159. Бала 9 жаста, ортодонтиялық ем кезеңінде. Ауыз қуысының жоғары жақ сүйегінде ортодонтиялық аппарат – ретракциялық доғалы пластинка және 1.1 тіс аймағында протрогирлеуші серіппе бар. Төменде көрсетілген қай тістесу аномалиясын емдеуде тиімді?

А. Протрузия

В. Ретрузия

С. Дистопия

Д. Транспозиция

Е. +Тортоаномалия

 

160. Бала 10 жаста, ата-анасы баласының тістернің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында 1.2 тісі оральды орналасқан. 1.2 тістің ені-7мм, 1.1. және 1.3 тіс арасындағы қашықтық-7мм-ді құрайды. Ортодонтиялық ем жоспарын құруда ең бірінші кезекте:

А. Тіс қатарында орын дайындау

В. Тіс қатарын кеңейту

С. Тіс қатарын ұзарту

Д. +Кедергілерді жою

Е. Функциясын қалпына келтіру

 

161. Жасөспірім 13 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Ауыз қуысында 1.3 тісі окклюзиялық жазықтықтан жоғары орналасқан. 1.4 және 1.2 тіс арасындағы қашықтық - 5мм. 1.3 тіс - 9мм-ге тең. Ортодонтиялық ем жоспарын құрудағы ең бірінші кезекте:

А. +Тіс қатарында орын дайындау

В. Тіс қатарын кеңейту

С. Тіс қатарын ұзарту

Д. Кедергілерді жою

Е. Функциясын қалпына келтіру

 

 

162. Бала 8 жаста, ортодонт стоматологқа мектеп стоматологынан жолдама берілген. Ауыз қуысында: 1.1 және 2.1 тістің минимальды кері жабылуымен ретрузиясы. Тіс қатарында 1.1 және 2.1 тіске орын жеткілікті. Төменде көрсетілген қай ортодонтиялық аппаратты тағайындау тиімдірек:

А. Винті және окклюзиялық жапсырмасы бар пластинка

В. +Протрогирлеуші серіппесі бар пластинка

С. Брюкель аппараты

Д. Бынин каппасы

Е. Андрезан-Гойпль активаторы

 

163. Бала 8 жаста, ата-анасы баланың эстетикалық кемшілігіне шағымданады. Ауыз қуысында: орталық күрек тістер арасында саңылау (диастеманың І типі). Төменде көрсетілген қай ортодонтиялық аппаратты тағайындау тиімдірек:

А. Протрогирлеуші серіппесі бар пластинка

В.+ Қолтәріздес серіппесі бар пластинка

С. Ретракциялық доғасы бар пластинка

Д. Коркхауз аппараты

Е. Шварц аппараты

 

164. Жасөспірім 15 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Сыртқы қарауда беттің төменгі бөлігі ұзарған. Ауыз қуысында: тіс доғасының алдыңғы бөлімінде вертикальды саңылау 4мм; бүйір бөлігінде төменгі молярлардың ұрт төмпешігі жоғарғы молярлардың ұрт төмпешігін жауып жатыр. Төменде көрсетілген қай ортодонтиялық аппаратты тағайындау жоғары жақ сүйегін кеңейтуде тиімді:

А. Окклюзионды жапсырмасы бар пластинка

В. Кеңейтуші винті бар пластинка

С. серіппесі бар Коффин пластинка

Д. Бертони винті бар пластинка

Е. +Дерихсвайлер аппараты

 

165. Жасөспірім 12 жаста, 1.3 тістің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында: 1.3 тісі окклюзиялық жазықтықтан жоғары және вестибулярлы орналасқан. 1.3 тістің ені – 9мм, 1.4 және 1.2 тіс арасындағы қашықтық – 9мм-ге тең. Төменде көрсетілген қай ретракциялық доғасы бар аппаратты тағайындау тиімдірек:

А. Орталық сызықта винті бар

В. Сектаральді распилі бар

С. Г-тәрізді иілмесі бар

Д. +М-тәрізді иілмесі бар

Е. П-тәрізді иілмесі бар

 

166. Қыз бала 18 жаста, тістерінің арасындағы саңылауға шағымданады. Ауыз қуысында: жоғары жақ сүйегінде 4мм диастема. Ауызішілік рентген суретінде ортаңғы альвеола ралық перде аймағындағы сүйек тінінің көлемді қалыңдауы байқалады. Төменде көрсетілген аппараттардың барлығын тістерді корпусты жылжытуға қолдануға болады, ТЕК:

А. +Қолтәріздес серіппесі бар пластинка

В. Эджуайз-техникасы

С. Вертикальды штангасы бар сақина

Д. Энгель аппаратын сақинамен бірге қолдану

Е. Конюлялы сақина, доға және резиналы тартпа

 

167. Бала 8,5 жаста, мектеп стоматологының жолдамасымен келген. Ауыз қуысында: жоғары жақ сүйегінде 5.5 және 6.5 тістері жоқ. 1.6 және 2.6 тістері әр бетінен 3 мм-ге мезиальды ығысқан., тіс доғасының ені өзгермеген. Төменде көрсетілген қай аппаратты тағайындау тиімдірек?

А. + Орталық сызыққа перпендикулярлы орналасқан винті бар

В. Секторальды распилі бар

С. Орталық сызыққа параллель орналасқан винті бар

Д. Ретракциялық доғасы бар

Е. Окклюзиялық төсемі

 

168. Аппарат төменгі алдыңғы 6 фронтальды тістерге бекітілген ылди жазықтығы бар пластмассалы каппадан тұрады. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы осы айтылғандарға сәйкес келеді.