II бөлім. Ортодонтиялық аппараттар. Тіс аномалиясы мен тіс қатары аномалиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 6 страница

А. Оңға және солға сайлы төмпешікті жанасу

В.+ Оң бетінен төмпешікті жанасу

С. Сол бетінен төмпешікті жанасу

Д. Оң және сол беттерінен төмпешікті жанасу

Е. жоғарғы ұрттық төмпешік жауып тұр

 

301. Бала13 жаста. Сүйір тісінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті симметриялы, ешқандай аномалия байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.3 тісі вестибулярлы орналасқан, оң жағында тұрақты бірінші молярдың төмпешікті жанасу, ал сол жағында – сайлы төмпешікті жанасу. 1.4 және 1.2 тісінің ара қашықтығы – 3мм. Қай вариант трансверзальді жазықтықтағы алдынғы тістердің түйісуіне сәйкес келеді?

А. Орталық күрек тістердің арасындағы орталық сызық сайкес келеді

В. Орталық сызық сол жаққа ығысқан

С.+Орталық сызық оң жаққа ығысқан

Д. Жоғарғы күрек тістер төменгінің 1/3 бөлігін жауып жатыр

Е. жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістердің алдында жатыр

 

302. Бала10 жаста. Ата-анасы тістерінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында: 1.2, 2.2 тістер оральді орналасқан жоғарғы 4күрек тістерінің енінің жиынтығы – 36мм. Төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың қайсысы тістердің орналасу аномалиясына себепкер болып табылады?

А. Гипоплазия

В. Микродентия

С. Ретенция

Д.+Макродентия

Е. Адентия

 

303. 14 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданады. Бүйірінен дөңес. Ауыз қуысында: 1.3, 2.3 тістері вестибулярлы орналасқан. Тұрақты бірінші молярлары төмпешікті түйіскен. Биометриялық өлшегенде, трансверзальді бағытта тарылғаны байқалады.Төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың қайсысы аномалияның себепкері болуы мүмкін?

А. Әлсіз шайнау

В.+ Ауызбен тыныс алу

С. Зиянды әдеттер

Д. Макроглоссия

Е. Гиподентия

 

304. Бала 7 жаста. Асқынған тісжегінің салдарынан 7.5 және 7.4 тістері жұллынған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы уақытылы көрсетілмеген профилактикалық емдеу шараларының себепкері болуы мүмкін?

А. 7.4 тісінің мезиальдіығысуы

В. 7.4 тісінің дистальді ығысуы

С.+3.6 тісінің мезиальді ығысуы

Д. 3.6 тісінің дистальді ығысуы

Е. 3.7 тісінің ретенциясы

 

305. Баланың 1.3 тісі окклюзиялық жазықтықтан жоғары және вестибулярлы орналасқан. Төменде көрсетілген жазықтықтың қайсысы тістердің орналасу бұзылуының себепкері болуы мүмкін?

А. Трансверзальді және орбитальді

В.+Вертикальді және сагитальді

С. Сагитальді және горизонтальді

Д. Вертикальді және трансверзальді

Е. Сагитальдіжәне трансверзальді

 

306. 14 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданып келді. Бүйірінен дөңес. Ауыз қуысында: 1.3 және 2.3 тістері вестибулярлы орналасқан. Тұрақты бірінші молярдың аймағындағы түйісу – төмпешікті. Төменде көсетілген тістемнің қай түрі сәйкес келеді?

А. Ортогнатиялық

В. Тік

С. Ашық

Д. Мезиальді

Е.+ Дистальді

 

307. 13 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданып келді. Бүйірінен тік. Ауыз қуысында: 1.3 және 2.3 тістері – супраокклюзиялық, 4.3 және 3.3 тістері – инфраокклюзиялық орналасқан. Тіс қатарының формасы трапеция тәрізді, бірінші молярлардың түйісуі –сайлы- төмпешікті. Төменде көсетілген биометриялық өлшеудің қай нұсқасы сәйкес келеді?

А. Тіс қатарының тарылуы

В. Тіс қатарының кеңеюі

С. Тіс қатарының ұзаруы

Д.+ Тіс қатарының қысқаруы

Е. Тісальвеолалық ұзару

 

308. Бала 10 жаста.Клиникалық тексеру кезінде Ауыз қуысында: бір уақытта 1.3, 5.3 тіс анықталды. Жарып шыққан 1.3 тіс ұрттық орналасқан және окклюзиялық жазықтықтан жоғары, ось ұзындығы дұрыс бағытталған. 1.3 тіске тіс қатарында орын жеткілікті. Науқастың 5.3 тісін жұлудан басқа қай әдіс ең қолайлысы болып табылады?

А.+1.3 тістің жарып шығып келе жатқан аймағына массаж жасау

В. Вестибулярлы доғасы және винті бар пластинка

С. Вестибулярлы доғасы бар пластинка

Д. 1.6 тістің дистализациясы

Е. 1.4 тісті жулу

 

309. 8 жастағы баланың ата-анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Беті тар және ұзын. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі күрек тістерінің жиі орналасуы, бірінші молярдың түйісуі – нормогнатиялық. Жоғарғы күрек тісінің өлшемінің жиынтығы – 36мм. Төменгі күрек тісінің өлшемінің жиынтығы – 26мм. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының ең қолайлысы болып табылады?

А. Жоғарғы және төменгі жақтың бірінші премолярларын жұлу

В. Жоғарғы және төменгі жақтың тіс қатарларын кеңейту

С.+ ХОТЦ бойынша тістерді реттеп жұлу

Д. Үшінші молярды ұрығымен жұлу

Е. Бүйір тістердің дистализациясы

 

310. Емделуші9 жаста. Профилактикалық тексеру кезіде 5.5 тісін ерте жұлудың себебінен, 1.6 тісінің 3мм-ге мезиальді ығысқаны байқалды. Бірінші молярлармен бір жақты төмпешіктіжанасқан. Төменде көрсетілген болжамды диагноздың қайсысы сәйкес болып табылады?

А. Ортодонтиялық ем көрсетілмеген

В. Жоғарғы тіс қатарының кеңейту

С. 1.6 тісін мезиальді жылжыту

Д. 1.5 тісінің ұрығын жұлу

Е.+ 1.6 тістің дистализациясы

 

311. Бала 12 жаста. Сүйір тісінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті симметриялы. Ауыз қуысында: 1.3 тісі вестибулярлы жарып шыққан. Оң жақтағы молярлардың түйісуі – төмпешікті, 1.4 және 1.2 тістерінің ара қашықтығы – 3мм. 1.3тістің ені – 9мм.Орталық сызық оң жаққа қарай 3мм-ге ығысқан. Емдеу жоспарының қайсысы ең тиімдісі болып табылады?

А. Алдыңғы тістердің протрагированиесі

В. Тіс қатарының кеңеюі

С. 1.6 тісінің дистализациясы

Д.+ 2.4 тісін жұлу

Е. 1.4 тісін жұлу

 

312. Жасөспірім 12 жаста, сүйір тісінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті симметриялы, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.3 тісі вестибулярлы жарып шыққан. Оң жақтағы молярлардың түйісуі төмпешікті.Төменде көрсетілген биометриялық диагностикалау әдісінің қайсысы емдеу жоспарын құру үшін ең көп ақпараттыұсынады?:

А. Тіс қатарының ені

В. Тіс қатарының ұзындығы

С. Алдыңғы бөлігініңұзындығы

Д. Тіс өлшемдері

Е.+лонгитудинальді ұзындығы

 

313. Бозбала 18 жаста. Эстетикалық кемшілікке шағымданады.бет әлпетіне қарағанда ауытқу байқалмайды. Ауыз қуысында:терең күрек тістік саңылау,диастема- 4мм. 1.2; 2.2 тістері жоқ, бірінші молярлардың түйісуі- төмпешікті. Рентген көрінісінде: 1.2; 2.2 тістерінің болмауы, 1.3; 2.3 тістерінің түбірлерінің мезиальді қисайғаны байқалады. Төменде көрсетілген қай емдеу жоспары ең тиімді болып табылады?

А. Диастеманы жабу, 1.3; 2.3 тістерін мезиальді ауыстыру және 1.4 және 1.3; 2.3 және 2.4 тістерінің арасында кеңістік құру

В.+ Диастеманы жабу, 1.3 және 2.3 тістерін мезиальді жылжыту

С. 1.1 және 2.1 тістерге тіреуіші бар консольді протез дайындау

Д. 1.1 және 2,1 тістерге қайта қалыптастырушы коронка дайындау

Е. Диастеманы жабу,1.2 және 2.2 тістерге орын дайындау

 

314. 9 жастағы баланың ата-анасы жоғарғы ернінің күрек тіс аймағындағы жарақатына, орталық сызықтың оң жаққа ығысуына шағымданып келді. Ауыз қуысында: 1.1 тісі ось ұзындығынан 900- қа бұрылған. 1.2 және 2.1 тістерінің ара қашықтығы – 7мм, 1.1 тісінің ені – 9. Төмендегі қай емдеу шараларының жоспары ең тиімді?

А. 5.3 тісін жұлумен 1.1 тісінің орналасуын дұрыстау

В. 5.4 тісін жұлу арқылы орналасуын дұрыстау

С. 1.1 тісті қайта ұлпаландыру және коронка

Д. +1.1 тістің орналасуын дұрыстау

Е. 1.1 тісті жұлу

 

315. Жасөспірім14 жаста. Тіс дәрігерінен ортодонтқа жолданды. Ауыз қуысында: тіс формуласы жасына сай келеді,5.3 тісінен басқасы. Ортопантомограммада 1.3 тісінің ұрығы 1,5 және 1.4 тістернің түбірлернің арасында орналасқан. Төменде көрсетілгеннің барлығы емдеу шаралары жоспарының ең тиімдісі болып табылады. Біреуінен басқасы:

А. 1.3 тісінің жарып шығуын жеделдету

В. 1.3 тіске 1.4 тістен орын құру

С. 1.4 тісті мезиальді жылжыту

Д.+1.3 тісінің ұрығын жұлу

Е. 5.3 тісін жұлу

 

316. Бала 10 жаста. Мектептегі тіс дәрігерінен ортодонтқа жолданды. Ауыз қуысында: 1.5 тісі жоқ, 1.6 тіс мезиальді жаққа қарай 3мм-ге ығысқан. Төменде көрсетілген емдеу шараларының барлығы ең тиімді. Біреуінен басқасы:

А. Коркхауздың козғалмалы распоркасы

В. Герлинг-Гашиловтың аппараты

С. Каламкаровтың аппараты

Д. Беттік доға

Е. +кеңітетін винті бар пластинка

 

317. 14 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданады. Бүйірінен тік.Ауыз қуысында: 1.3 және 2.3 тістері – супраокклюзиялық, 4.3 және3.3 тістері – инфраокклюзиялық орналасқан, тіс қатарының формасы трапеция тәрізді, бірінші молярлардың түйісуі – сайлы төмпешікті. Диагностикалық модельде өлшеудің қайсысы бірінші жүргізуге ең тиімді?

А. Тіс қатарының ұзындығы

В. Тіс қатарының ені

С. Апикальді базистің ұзындығы

Д. Апикальді базистің ені

Е. +тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығы

 

318. 13 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданады. Бүйірінен тік. Ауыз қуысында: 1.3, 2.3 тістері – супраокклюзиялық, 4.3 және 3.3 тісі инфраокклюзиялық орналасқан. Тіс қатарының формасы трапеция тәрізді. Бірінші молярлардың түйісуі – сайлы-төмпешікті. Диагностикалық модельді биометриялық өлшеуде, тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығының қысқаруы байқалды.Төмендегі емдеу әдісінің жоспарының қайсысы ең тиімді?

А. Бірінші молярды жұлу

В. Тіс қатарын кеңейту

С. Бірінші молярларды дистализациялау

Д. Тіс қатарын ұзарту

Е.+Тіс қатарының формасын қалпына келтіру

 

319. 10 жастағы баланың ата-анасы тістерінің дұрыс орналаспуына шағымданады. Беті тар, бүйірінен дөңес. Ауыз қуысында: 1.2 және 2.2 тістері оральді орналасқан, жоғарғы төрт күрек тістерінің енінің жиынтығы – 36мм. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ең тиімді?

А. Тіс доғасын кеңейту

В. Базальді доғаны кеңейту

С. Молярлардың дистализациясы

Д.+ Тістерді жұлу

Е. Протрагирование

 

320. 10 жастағы баланың ата-анасы тістерінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті тар, бүйірнен дөңес. Ауыз қуысында: 1.2 және 2.2 тістері оральді орналасқан, төменгі күрек тістерінің тығыз орналасқандығы байқалады. Төрт күрек тістің енінің жиынтығы: жоғарғы жақта – 36мм, төменгі жақта – 26мм. Жоғарғы және төменгі күрек тістерінің өлшемдерінің сәйкестік дәрежесін анықтау үшін ең ақпараты мол әдіс болып табылады:

А. Пон әдісі

В. Болтон әдісі

С. Долгополов әдісі

Д.+ Тонн әдісі

Е. Герлах әдісі

 

321. 10 жастағы баланың ата-анасы тістерінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті тар, бүйірнен дөңес. Ауыз қуысында: 1.2 және 2.2 тістері оральді орналасқан, төменгі күрек тістерінің тығыз орналасқандығы байқалады. Тістердің орналасу аномалиясының себебін анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысының ақпараты мол?

А. Пон әдісі

В. Долгополова әдісі

С. Болтон әдісі

Д. Нанси әдісі

Е.+Герлах әдісі

 

322.Төменде көрсетілген факторлардың бәрі тіс доғасының тарылуына жатады,ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А.ауызбен тыныс алу

В.саусақ сору

С.тұлғаның бұзылысы

Д.дұрыс жұтынбау

Е.+уақытша тістердің жарып шығуының

 

323.Тіс қатарының ұзындығын қай әдіспен анықтайды

А.Пон әдәсі

В.Коркхауз

С.Слабковской

Д. +Нанси

Е.Герлах

 

324.Сагиальды бағытта тіс доғасының ауытқуы

А.+тіс доғасының ұзаруы

В.тіс альвеласының ұзаруы

С.тіс альвеоласының қысқаруы

Д.тіс доғасының тарылуы

Е.тіс доғасының кеңеюі

 

325.Жоғарғы жақ тіс қатарының кеңеюінің жиі кездесетін себебі болып табылады

А.саусақ сору әдеті

В.жоғарғы жақ еріннің тістеу әдеті

С.жағымсыз заттарды тістеу

Д.ауызбен тыныс алу

Е.+макрогнатия

 

326.Тіс қатарының тарылуының алғашқы белгілері болып табылады?

А.+тіс қатарының енінің қысқаруы

В. алдыңғы аймақтың кеңеюі

С.тіс аралық диастема және трема

Д. алдыңғы аймақтың үлкеюі

Е. тіс қатарының енінің үлкеюі

 

327.Трансверзалды бағытта тіс қатарының ақауының барлық түрлері жатады, ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А.шығыңқы

В.ертоқым тәрізді

С.ассиметтриялық

Д.үш бұрыштық

Е.+трапециялық

 

328.Сагитальды бағытта тіс қатар пішінінің ақауының түрлері:

А.+ұзаруы және тесістелуі

В.тіс альвеоласының ұзаруы

С.тіс альвеоласының қысқаруы

Д.тарылуы және ұзаруы

Е.кеңеюі және қалыңдауы

 

329. Тіс қатары мен апикальды базистің тарылуының этиологиялық факторларына төмендегілердің барлығы жатады, ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. мұрынмен демалудың қиындауы

В. зиянды әдеттер

С. жұтыну қызметінің бұзылуы

Д. тағамды бір жағымен шайнау

Е. + миодинамикалық тепе теңдік

 

330. Қалыпты жағдайда тіс қатарының ұзындығы сауыттырдың мезиодистальды өлшемдерінің қосындысына тең болады:

А. + 12 тістің

В. жоғарғы 4 күрек тістерінің

С. төменгі 4 күрек тістерінің

Д. екі жақтың сүйір тістерінің

Е. сүйір тістер, орталық және бүйір күрек тістрінің

 

331. Қай тістесу бүйір аймақтағы тіс альвеолалық ұзаруы мен алдыңғы бөліктегі тісальвеолалық қысқаруымен сипатталады?

А. дистальды

В. мезиальды

С. терең

Д. + ашық

Е. Айқасқан

 

332. Қай тістесуге бүйір аймақтағы тісальвеолярлы қысқаруы мен алдыңғы бөліктегі тісальвеолярлы ұзаруымен сипатталады?

А. дистальды

В. мезиальды

С. + терең

Д. ашық

Е. айқасқан

 

333. Тіс доғасы ұзаруының этиологиялық факторын көрсетіңіз:

А. + макродентия

В. жартылай адентия

С. ретенция

Д. тістердің оральды орналасуы

Е. уақытша тістердің ерте жұлынуы

 

334.Тіс доғасы қысқаруының этилогилық факторын көрсетіңіз:

А. + тістердің тіс доғасынан тыс жарып шығуы

В. ауызбен демалу

С. санынан артық тістер

Д. макродентия

Е. тістердің дұрыс емес артикуляциясы

 

335. Төменгі ерінді тістеу зиянды әдеті неге алып келуімүмкін?

А. төменгі тіс қатарының ұзаруы

В. +төменгі тіс қатарының тегістелуіне

С. тіс қатарының асимметриялы тарылуына

Д. тіс қатарының асимметриялы кеңеюіне

Е. төменгі тіс қатарының кеңеюіне

 

336. Төменде көрсетілген қызметің қайсысы жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларын біркелкі емес кеңейткенде бұзылады?

А. сөйлеудің бұзылуы

В. жұтыну

С. + шайнау

Д. сору

Е. демалу

 

337. Тіс қатарларының оң және сол сегмент өлшемінің сәйкес келуі қай әдіске қолданылады ?

А. Пон

В. Снагина

С. +Герлах

Д. Мальгина

Е. Шварц

 

338. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығын өлшеуге арналған?

А. Долгополова

В. Понн

С. + Коргхауз

Д. Линдер- Харт

Е. Тонн

 

339. Тілдің қысқа үзеңгісі мен оның төмен және артқа бекітілуі неге алып келуі мүмкін?

А. жоғарғы ті қатарының қысқаруына

В. + төменгі тіс қатарының қысқаруына

С. жоғарғы тіс қатарының кеңеюіне

Д. жоғарғы тіс қатарының тарылуына

Е. төменгі тіс қатарының ұзаруы

 

340. Тіс қатарының тарылуының ЕҢ жиі себептері болып табылады?

А. +ауызымен тынысалу

В. макродентия

С. комплектен артық тістер

Д. транспозиция

Е. тремалар

 

341. Жоғарғы жақ тіс қатарының бір жақты тарылуына тістесуінің қандай ауытқуы алып келуі мүмкін?

А. екі жақты ұрттық айқасқан тістесу

В. екі жақты тілдік айқасқан тістесу

С. + бір жақты ұрттық айқасқан тістесу

Д. бір жақты тілдік айқасқан тістесу

Е. латерогнатикалық тістесу

 

342. Жоғарғы жағының тіс қатарының тарылуы қандай ауытқуға алып келуі мүмкін?

А. мезиальды

В. +дистальды

С. терең

Д. ашық

Е. айқасқан

 

343. Төменгі жақ тіс қатарының кеңеюі қандай ауытқуға алып келуі мүмкін?

А. дистальды

В. +мезиальды

С. айқасқан

Д. ашық

Е. терең

 

344. Жоғарғы тіс доғасының қалыңдауына алып келеді?

А. ауызбен тынысалу

В. + жоғарғы ерінді сору

С. кеудені дұрыс ұстамау

Д. төменгі ерінді тістеу

Е. тілді тістеу

 

345 . Боз бала 20 жаста. Дәрігер стоматологқа косметикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: бет әлпеті сәл ғана асимметриялы. Ауыз қуысында: орталық күрек тітер арасындағы сызығы ығыспаған, 4.3, 4.4, 4.5, 4.6, 4.7, тістер жоғарғы тістерді жабады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сай келеді?

А. + жоғарғы жақтың оң жаққа тарылуы

В. жоғарғы жақтың сол жаққа тарылуы

С. төменгі жақтың екі жақты тарылуы

Д. жоғарғы жақтың екі жақты тарылуы

Е. жоғарғы жақтың екі жақты кеңеюі

 

346. Бала 12 жаста. Қарап тексергенде, V тәрізді жоғары жақ, терең және тар таңдай анықталды. Тістерін түйістіргенде 4мм сагиттальды саңылау бар, бірақ күрек тістердің кесу қырлары таңдайға тимейді, ал вертикальды жазықтықта күрек тістік жабылу қалыпты жағдайда. Бүйір тістерді сагиттальды жазықтықтағы қатынасы қалыпты.

Тіс қатарының аномалиясының қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

А. +жоғарғы жағының тарылуы

В. жоғарғы жағының кеңеюі

С. төменгі жағының тарылуы

Д. төменгі жағының кеңеюі

Е. төменгі жағының ұзаруы

 

347. Жасөспірім 12 жаста. Алдын алу мақсатында қарап тексергенде анықталды: бірінші үлкен азу тістері Энгльдың ІІ классы бойынша түйіседі, жоғарғы сүйір тістер вестибулярлы орналасқан. Сагиттальды саңылау жоқ. Анамнезінде: 6,5 жасында жоғарғы жақтың екі жағынан да сүт тісітің бірінші үлкен азу тістері жұлынған.

Төменде көрсетілген аномалиялияларың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

А. +жоғарғы жағының қысқаруы

В. жоғарғы жағының ұзаруы

С. төменгі жағының қысқаруы

Д. төменгі жағының тарылуы

Е. төменгі жағының кеңею

 

348. Бала 12 жаста. Ата-анасы тістерінің дұрыс емес орналасуына шағымданып келді. Қарап текергенде: бет әлпетінің аутқулары байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.5 тісі тіс доғасынан тыс орналасқан, 1.6 тісі мен 1.4 тіс арасындағы саңылауы 2мм.

Төменде көрсетілген аномалиялардың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

А. екі жақты тарылу

В. бір жақты тарылу

С. екі жақты қысқару

Д. +бір жақты қысқару

Е. асимметриялы тарылу

 

349. Жасөспірім 15 жаста.Эстетикалық бұзылыстарға шағымданып келген. Ауыз қусында: жоғарғы жақ күрек тістері сауыттарының пішіні мен мөлшері қалыпты, орталық және бүйір күрек тістер арасындағы аралық 2мм, күрек тістік сауыттар вестибулярлы бағытта иілген, алдыңғы жоғарғы және төменгі тістер арасындағы сагиттальды саңылау 5мм, кіші азу тістер аймағында тіс доғалары тарылмаған, бірінші тұрақты үлкен азу тістерінің түйісуі Энгль жіктеу бойынша І классқа тең.

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

А. + жоғарғы күрек тістердің протрузиясы

В. жоғарғы күрек тістер ретрузиясы

С. жоғарғы күрек тістердің тортоаномалиясы

Д. жоғарғы күрек тістерінің вестибулярлы орналасуы

Е. жоғарғы күрек тістерінің дистопиясы

 

350. Бала 9 жаста. Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: алдыңғы жоғарғы тістер вестибулярлы шығыңқы, төменгі алдыңғы тістер арасы 5мм.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы тіс доғасының алдыңғы бөлігнің ұзындығын анықтау үшін қолданылады?

А. Понн

В. Тонн

С. + Коргхауз

Д. Нансе

Е. Снагина

 

351. Бала 11 жаста. Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: алдыңғы жоғарғы тістер тіс доғасы бойында орналасқан, ал төменгі жақтың алдыңғы тістері тік сызық бойымен орналасқан, алдыңғы тістер арасындағы аралық 5мм.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығын өлшеудің ЕҢ ақпараттысы болып табылады?

А. Понн

В. Тонн

С. + Коргхауз

Д. Хауз

Е. Снагина

 

352. Бала 14 жаста.Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Бет әлпетін қарап тексергенде: бүйірінен қарағанда беті шығыңқы, супраментальды қатпар терең, иек тырысқан. Ауыз қуысында: 4.2 және 3.2 тістері тілдік бағытта орналасқан, 4.1 және 3.1 тістері өз осі бойымен айнала орналасқан, альвеолярлы өсіндісінің базальды доғаға өту аймағында ойық байқалады.