ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ

Жер – көлемі қатаң шектелген өндіріс факторы болып табылады және соған байланысты жерге ұсыныс тіптен икемді емес. Экономикалық рента көлемі немесе қоры қатаң шектелген жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға төлемді көрсетеді. Сондықтан жер рентасының көлемі бірінші кезекте, жерге сұраныспен анықталады. Сонымен бірге рента мынаған байланысты әр түрлі:

а) табиғи жағдайы (климаты, жер қыртысының түрлері және т.б.)

ә) жер қыртысының құнарлығы;

б) жердің орналасуы (өнімдерді өткізу мен ресурстарды рыногынан

қащықтығы және жақындығы) жақсы сипаттамалы жердің үлкен

рента әкелетіні – табиғи нәрсе.

Экономикалық ғылымда рентаның келесі түрлерге бөлінеді: дифференциальды, абсолюттік және монополиялық.

Қоғамның жердің шектелуіне байланысты құнарлығы нашар алқаптарды да айналымға қосуға мәжбүр. Дифференциальды ренталардың пайда болу көзі сапасы бойынша жақсы және оташа жер алқаптарында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өндіретін еңбегі болып табылады. Сонымен бірге, табиғи құнарлы жер қыртысымен байланысты дифференциацияланған I-рента мен жер қыртысының жасанды құнарлылығымен (құнарлығын көрсету мақсатында жердің өңдеуден өткізілуі) байланысты II-рентаны бөледі.

К. Маркс өнеркәсіппен салыстыру бойынша, ауыл шаруашылығындағы капиталдың төмен органикалық құрылымына байланысты абсолюттік рента деп бөледі. Қазіргі заманғы батыстық және Ресейлік экономикалық ғылым абсолюттік рентаны бұл жағынан қарастырмайды.

Монополиялық рентаның пайда болу себебі деп, ауыл шаруашылығының кейбір сирек өнімдеріне немесе аталған табиғи-климаттық аймақта өсірілген, сондай-ақ, сирек пайдалы қазбаларға қойылатын монополиялық бағаны есептейді.

Барлық әлемде рента – бұл есеп айырысу көлемі, ол шаруашылықтың рыноктық тетіктермен белгіленбейді. «Жиынтықты» дифференцияльды рентаны анықтау әдісі келесі жағдайда қалыптасады:

ДР = ЧД – ЧДн,

мұнда, Д.Р. – дифференцияльды рента;

ЧД – бағаланған жер алқабының таза табысы;

ЧДн – «қалыпты» жер алқабының таза табысы (шығынның «тұйықталған» деңгейіндегі нөлдік экономикалық пайда).

Рентаның мөлшерін анықтау үшін Ресейде 1 гектар жердің есебіндегі өнімділігінің бағалық көрсеткіштері, (сомдағы жалпы өнім мен центнердегі азықтық бірлік), бағалау шығындары, жалпы өнімнің өндіру құнының көрсеткіштері пайдаланылады.

Қазақстан ғалымдары жер рентасының мөлшерін жердің нормативтік бағасын белгілеу кезінде анықтауды ұсынады:

1 га жерден есептік ренталық табыс жерге салынған және өндіруді кеңейту үшін жалға алушымен меншіктенген капиталдың таза табысы мен орта пайдасының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.

R = Чд – (Ин × Пс)

Чд = ВПн – Ин

ВПн = Ун × Цр,

мұнда, R – ренталық табыстың есеп айырысуы;

Чд – таза табыс;

Ин - өндірістің нормативтік шығындары;

Пс – капиталға салынған (бірлік үлесінде) пайданың орташа нормативтік мөлшері;

ВПн – жалпы өнімнің нормативтік құны;

Цр – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудегі нормативтік баға;

Ун – нормативті шығымдылық.

Жердің сұранысы мен ұсынысының қисығы келесі жағдайда көрінеді (9.6.-сурет):

S

Рента (жалдау R

төлемі

 

 

Е Д

Жер көлемі Q

13.6.-сурет. Сұраныс қисығы мен жер ұсынысы

 

Мұнда S – оның шектелу күшіне байланысты жер ұсынысының қисығы;

Д – жер сұранысының қисығы, нүкте;

Е – жер алқаптарының сұранысы мен ұсынысын теңестіретін жер рентасының деңгейі.