Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтингісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтингісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдың критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.- 5балл семинар сабақта ауызша жауап беру белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларын орындау   Әр аптада
*СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
1 Аралық бақылау: өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру     8апта
2 Аралық бақылау: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген.

 

 

Баға қою саясаты

Практикалық сабақтың сұрақтарына жан-жақты, түпнұсқаларды қолдана отырып дайындалу, өзіндік түсінік қалыптастыру деңгейінің болуы 3 баллға дейін, сұрақтың презентациясы 5 баллға дейін бағаланады.

Талаптарға сай дайындалған эссе 5 баллға дейін бағаланады.

Қысқаша тестерге толық, қатесіз жауап 5 баллға дейін бағаланады.

● Қорытынды (финалдық) емтихан басталардың алдында студенттер ұялы телефондарын, сөмкелерін, оқулықтарын және дәптерлерін емтихан қабылдаушы оқытушымен прокторларға тапсырылуы тиіс.

●Философиядан қорытынды емтихан 1 сағатқа созылады: тест сұрақтарына сканер бойынша жауап беріледі:

● Студенттің зерттеліп отырған сұрақ бойынша мінсіз, жан-жақты философиялық білімін көрсетуі, оған кіретіндер: студенттің тест сұрақтарына толық жауап беруі және таңдалған эссе тақырыбының терең мазмұнын ашуы, түпнұсқаларды және философиялық категориалдық аппаратты қолдана отырып, материалды айқын да түсінікті түрде баяндауы (26 дан 30 баллға дейін);

● Тест тапсырмаларына жауап беруде аздаған кемшіліктердің болуы, эссе тақырыбы бойынша түпнұсқаларды қолдана отырып толық жауап беруімен қатар, жекелеген кемшіліктер жіберуі (мысалы, материалды баяндаудағы презентациялық қателіктер) (20 баллдан 25 баллға дейін);

● Тест тапсырмаларына жауап беруде елеулі қателердің болуы, эссе тақырыбын жалпылама түрде білуі, жауапта маңызды мазмұндық қателер жіберуі (15 баллдан 19 баллға дейін);

● Тест тапсырмаларының басым көпшілігіне дұрыс жауап бермеуі, эссе тақырыбын нашар баяндауы, бұл қателердің жиынтығы студенттің философия курсы бойынша білімінің жоқ екендігін дәлелдейді (› 15).

● Қорытынды (финалдық) бағалар қоюда мадақтау және айыптау баллдары қарастырылған. 5 баллға дейін мадақтау (бонус) баллдары университеттік студенттік ғылыми конференцияға баяндама дайындаған және философия және саясаттану кафедрасын жанындағы пікірталас клубының мәжілістеріне белсене қатысқан студенттеріне беріледі. Лекция және семинар сабақтарына қатыспаған студенттің әр бір жіберген сабағы үшін айыптау бір баллы беріледі.

● Қорытынды (финалдық) емтихан ережелерін бұзған, емтихан кезінде шпаргалкалар, оқулықтар және ұялы телефондар қолданған студенттер емтихан аудиториясынан шығарылып жіберіледі және оларға автоматты түрде «Ғ» бағасы қойылады.

Курстың саясаты

Бұл курс студенттердің философия пәні бойынша типтік бағдарламада (философиялық емес мамандықтарға арналған) белгіленген философиялық білімдер негіздерін игеруге бағытталған өзіндік жұмысының үлкен көлемін қажет етеді. Сондықтан да аудиториялық сағаттарға бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек, яғни:

· маңызды себепсіз сабаққа кешігуге және сабақты жіберуге болмайды;

· эссе (үй жұмысы) уақытында тапсырылуы тиіс; белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды;

· лекциялар, практикалық сабақтар барысында, аудиториялық жұмыстарды (қысқаша тестерді), аралық бақылауларды орындау кезінде және қорытынды (финалдық) емтиханда студенттер еңбек тәртібін қатаң сақтауы тиіс (сабақты өткізу тәртібін бұзуға; басқа істермен айналысуға; ұялы телефондар мен сабаққа қатысы жоқ техника құралдарын қолдануға болмайды);

· философия пәні студенттерге, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, режимдер, мәдениет, қазіргі қоғамның институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуын болжай алатын, қазіргі құбылыстарға талдау, зерттеу жасай алуы керек.

Академиялық тәртіп және этика саясаты:

· Оқытушы мен студенттің, сонымен қатар студенттердің арасындағы өзара қарым-қатынастар ережесі болып азаматтық құқықтар мен адами қасиеттерді сыйлау, сыпайы кәсіби байланыстар табылады;

· Кезеңдік жұмыстарды орындауға студенттер міндетті түрде қатысулары тиіс;

· Бақылау түрлерінің (аралық бақылау, емтихан) қорытындыларымен келіспеген жағдайда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ұжымдық түрде қарастыратын апелляцияға беруге болады.