ТАҚЫРЫП. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы

1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.

2. Орта ғасырлық ойлаудан Ренессанстықа өту кезеңі. Э. Роттердамский; М. Монтень; Н. Кузанский.

3. Қайта өрлеу Дәуіріндегі өнер және ғылым. Л. Винчи, Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей ілімдері.

4. Қайта Өкендеу дәуіріндегі әлеуметтік – саяси философия. Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла.

Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда XIY-XYII- ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мәдениетінің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасаған кезең. Осы дәуір философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалаған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептелінеді.

Қалыптастыру жағдайлары:

1) Европаның алдағы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан - өнеркәсіптік дамытуға, ауыл – селодан – қалаға көшу кезеңі басталды:

2) Ұттық мемлекеттер мен абсолютті монархия қалыптасты;

3) Жаңа тап – буржуазия пайда болды.

4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы, Франция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді.

Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқарастар қажеттілігін туғызды. Бұл кезең орта ғасыр мен антикалық мәдениеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.

Қайта Өркендеу дәуірінің даму үш кезеңнен тұрады: 1)гуманистік немесе антропоцентристік – XIY- ортасынан XY- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтрологиялық мәселелер шешеілген неоплатонизм кезеңі - XY-ғ ортасынан XYI –ғ. Бірінші үштігінде дейін: 3) натурфилософиялық кезең- XYI-ғ. Екінші жартысынан бастап XYII- ғ. Басына дейін. Бұл жетудің салыстырмалы екендгі ескерткен жөн.

Ерекшеліктері:

1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі – Адам, ол космостық болмыстың құлы ретінде қарастырылса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтереді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;

2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;

3) Осы ғалымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғатпен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылады;

4) Философиялық ой өнерімен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғаты негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін игере алады. Ренессанс адамы – шаруашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығынада, ой сұлулығынада жете алды. Адам –дүниедегі ең әдемі, ең әсем тіршілік етуші. Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясын ерекше мазмұн береді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса құнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;

5) Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бағытқа және дамуға ие болу құқын мойындайты көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретіндегі Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі - гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат, саясаткер және т.б. білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер мәдениетін жасауға талпынды. Олар өздерінде «философия» деген атақ беріп, философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Ключчо Салютати және т.б.

Кілт сөздері:Гуманизм, Ренессанс, Гелиоцентризм, , Утопия.

 

5-ТАҚЫРЫП . Жаңа дәуір философиясы

1.ЖаңаДәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

2.Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік
бағыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

3.Дж Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философияльқ концепциялары.

4.Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

 

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмүнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. XVII-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.

Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымға деген сүранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте ондіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсат етіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше коңіл болуге мәжбүр болды, бүл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезенде пайда бола баста­ды. Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бүл фактор шіркеудің ролін томендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бүзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бірақ қоғамдық омірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алады, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырады. Осы кезеңде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан - ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан - философиялық шығармаларда діни-теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады.

Бүл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасында туып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: "Жаңа Органон", "Тәжірибелер немесе адамгершіліктік және саяси қағидалар", "Жаңа Атлантида", т.б.

Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша, философия ғылыми білімдердің көмегі аркылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі "Білім - күш" (Знание-сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.

Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері - қүдай, табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теорияльқ және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат қүбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде - Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып бөлінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу - физиканың міндеті. Бірақ бүл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан терендеу, оларды талдайтын - метафизика.

Философияның соңғы бөлімі - адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні. Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бүл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік ақиқаттарды танып-білу тәсілі, бүл тәсіл "Жаңа Органонда" баяндалады. Бэконның түжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан қүтылуға тырысу керек. Бэкон бүл кемшіліктерді идолдар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды.

Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бүрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - "Этика".

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық зандар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау косылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап керсетеді. Бірак оның философиясында қүдай - табиғаттың егізі. Ол -субстанция, қүдайы табиғатта кездейсок ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.

Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мүңға бату - қүлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз "философиялық" деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философи-ясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пай-далы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі қүбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түңілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.

Томас Гоббс (1588-1679) - көрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мөселесін, оның әлеуметтік-қүқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: "Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтык мемлекеттің формасы мен билігі", " Азамат туралы", " Дене туралы", "Адам туралы".

Гоббс философия мен теологияны боліп қарастырады, Бэконның "екі ақиқат " теориясын терендете түсіп, философияны жоғары қояды, "фи­лософия - танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен қүбылыстарға қарай, екінші жағынан, қүбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия", - дейді.

Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін қүдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі - оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады.

Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен риторикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қызметкерінде де болды, эмиграцияда да өмір сүрді. Негізгі еңбектері: "Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе", "Ақыл-ойды басқару туралы", "Басқару туралы екі трактат".

Локк эмпиризмді - білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп ырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік үғымдар да адамға біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезендерінде моральдық ережелердің бір-біріне үқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес. Локк қүдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.

Кілт сөздер: Эмпиризм, Индукция, Дедукция, Рационализм

6-ТАҚЫРЫП. XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы

1. Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде коғамның генезисі мен мәні туралы.

2. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен кұқықтың алдында тең болу.

3. Жан Жак Руссоның коғамдык келісім-шарт теориясы.

4. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы.

Ағартушылық философия XVІІІ ғ. Бұл уақытта өркениеттің орталығы Францияға көшеді. Содан соң философияда терең осы мемлекетте дамыған. Бірінші орынға әлуметтік мәселелер шығады. Адам мен қоғам, адамның өмірінің мәні, әлеуметтік қайшылықтардың себебі қандай? Деген сұрақтар шешімін табуға тырысқан.Философия материялистік бағытта дамиды. Осы дәуірдің атақты ойшылдары: Гольбах, Гельвеций, Дидро, Жан Жак Руссо, Вольтер. Олар материя деген ұғымды негіз қылып алады. Материя олар үшін ол қасиеттері бар денелердің жиынтығы. Материялизмдерді механикалық сипатталығы метафизикалық. Осы ғасырда Ньютонның заңдары ашылған. Содан соң дамудың бәр түрлерін механикалық заңдармен түсіндіруге тырысқан. Себебі табиғат бір қалыпты зертелінеді. Бірақ француз ойшылдар философиялық антропологияға, әлеуметтануға көп үлестерін қосады. Олардың пікірінше негізгі құндылық адам болу керек. Адам табиғаттың бөлшегі. Бірақ негізгі өмірі қоғамда өтеді. Содан соң адамның өмірінің қиын-шылықтарында кінәлі қоғам. Неге адам адам сияқты өмір сүре алмайды? Олар 3 негізгі себепті белгілейді:

1. Әлеуметтік қайшылықтардың себебі-билікте, философиялық монар-хияда. Монархия адамдарға еркіндікті, бостандықтарды бермейді, адамды ба-сып тастайды. Ал еркіндіксіз адам дами алмайды.

2. Дін адамды алданышты жолға түсіреді. Нақтылы өмірден өтірік көз-бояушылықты, жалған, жасалған өмірге тартады. Дін билікке адамды қанауға көмектеседі.

3. Халықтың қаранғылығы. Білімсіз адамды таптауда жеңіл. Қаранғы-лық адамды төмендетеді, намысты жояды. Ондай халықты басқару да жеңіл. Бәріне бағынады.

Осы себептерді қарастырып француз ойшылдары шешімдерді іздейді.

Шешім: феодалдық монархияны құлату керек. Оның орнына республикалық басқаруды орнату керек. Сол замандағы жиі кездесетін сөздер, ұрандар: ''Еңбек'', ''Бауырлық'', 'Бірлік'',' ''Бостандық''. Француз социалистердің пікірін-ше жаңа билікті өзгерту үшін әр түрлі әдістерді пайдалануға болады. Оның ішінде революцияға шейін. Француз ойшылдарын социалистер деп атау се-бебі олар әлуеметтік қайшылықсыз қоғамды ансаған. 2-шешім. Француз ойшылдар тек қана билікпен емес,дінмен де күреске шығады.Олардың пікірінше дін халық үшін-опиум (есірткі). Дін адамдарды қараңғы түрде ұстағанды дұрыс көреді. Француз социалистер діндердің негізгі кітаптарын сынға түсіріп оларда мыңдаған аса теориялық, логикалық кемшіліктерді табады.

Бұл дәуірді бекер ағартушылық деп атамайды. Француз тұлғалар мектептерді ашуға күреседі, оқулықтарды жазған, сөздіктерді, энциклопедияларды, оларды халықтың арасында таратуға тырысқан. Француз материалистер адамдарды бірінші орынға шығарып, оның тіршілігін өзгертетін жолдарды іздестіреді. Француз ойшылдар еркіндікті, бостандықты жай тандау деп түсінбеген, олар үшін еркіндік ол ерік емес, ол құқықтар, әдістемелік әлеуметтік мүмкіншіліктер. Әр адамда жұмыс істейтін мүмкіншілік болу керек, білім алатын мүмкіншілік және өз-өзін дамыта алатын, қоғамда дамыта алатын мүмкіншіліктер. Француз социалистер революциялық жолды да терістемеген. Себебі: мақсатқа жеті үшін әр түрлі әдістерді қолданған дұрыс дейтін.

Осы дәуірдің атақты ойшылдары - Жан Жак Руссо және Вольтер.

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) Енбектер1 «қоғамдық шарт жөнінде», «Эмиль» немесе «тәрбие жөнінде» - философиялық онтологияда материалист. Дүниені құдай жаратты дегенге сенбейтін. Себебі ешқашанда ерекше күш болуы мүмкін емес дейтін. Материя ол кішкентай бөлшектердің байланысы. Жер жай ғана космостың бір элементі. Ал космос- кеңістікте де, уақытта да шексіз. Бірақ толық дінді жоюға болмайды деп санаған. Себебі халық дінсіз амаральді болып кетеді. Ештенеден қорықпайтың, жаманшылыққа жақын. Дінді қалдырған дұрыс, бірақ тәрбиелеу үшін, үйрету үшін. Ал ойлаудың бостандығына адамның қызметінің еркіндігіне дін кедергі етпеу керек. Жан Жак Руссоның негізгі шығармасы - ''Қоғамдық келісім туралы'' деп аталады. Оның пікірінше адамдар бірге өмір сүруге келісіп, бір-біріне көмектесіп әр жеке адамды бір тұтастықтың бөлігі ретінде қабылдап байланысты дамығаны дұрыс. Ондай қоғам әділетті бола алады. Әр адам өз еркіндігімен қоғамдық ұйымға кірсе, онда ол қоғамның дәріптерін сақтайды. Ал көпшілік жеке адамға жауапты болу керек. Бір-бірін қолдап, біріне көмектесу, бір-бірін түсіну ол қоғамның принциптері болған дұрыс. Ж.Ж.Руссо адамның өмір сүретін рационалды тәсілдерін іздестіреді. Бұл ойшылды ұлы гуманист деп бекер айтпайды. Ол адамдардың еркіндіктерін, бостандықтарын көбейту үшін көп күрескен. Ж.Ж.Руссо білім беру жолдарында да қарастырған. Халықтың қараңғылығын жоятын жолдарын да іздестірген. Мектептерді бар балаларға ашу керек деп есептеген. Ұқсасты идеяларды дамытқан-Вольтер. Франсуа Мари Аруэ Вольтер(1694-1778жж.) «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы».

 

Кілт сөздері:Антропология, Қоғам, Монархия, Феодалдық монархия.

 

7-ТАҚЫРЫП. Классикалық неміс философиясы

1. Классикалық ұғымы. Неміс классикалық фшософиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

2. И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.

Философиялық сөздікте классика деген ұғымға - classicus (латынша) -тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес құндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы - тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қайталанбас тұлға, теңдесі жоқ құндылык. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із калдырған ойшылдар.

Неміс классикалык, философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

1) Германия үшін XVIII-ғасыр - Ағартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы - білім. Біліммен тым әуестену қаупі XVIII-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рациональді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуициядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.

2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет өзін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгермандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.

3) Бұл ерекшелік Пруссия королдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылумен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Прусия казарма ғана емес, ғылымдар академиясын дамытқан ел болды.

Иммануил Кант (1724-1804) - неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика, математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді.

Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің сезім арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын ноуменалъдік дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигибельді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниеиің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс, бұлжымайтын ережелер.

Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (1770-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрсетеді. Біріншіден, ол өзінің мазмұнын анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі - философия.

Кілт сөздер: Диалектика, Априори, Апостериори, Рух

8-ТАҚЫРЫП. XVIIIғ.соңы - XXIғ. басындағы философия.

1. XX- ғасыр философиясының негізгі мәселелері және бағыттары.

2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.

3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис­тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.

4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер.

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрыңғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады жоне ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшсліктері де бap.

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер, әсіресе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар

күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни, ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрактарға жауап беруге кабілетсіз еді, "Жалпы адам дегеніміз не?"деген сұрақпен шектелмей, "Мен кіммін?" сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австралиялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша "саналыдан" (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан» (бессознательное) және "саналының алдындағыдан" (предсосознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.

Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрде Фрейд сананың алдындағы деп атайды.

Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.

Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психо­лог, социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын, табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы коюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді.

Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясының бағыты. Оның негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт (1798- 1857). Позитивистердің пікірінше, "болмыс", "материя", «сана» және т.б. ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына, математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады. Бұл кезеңнің өкілдері - O.Koнт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм -дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, филосо­фия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялык физик Э.Мах.

3) неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификицим, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм - монизм философиясын терістеп, плюрализм философиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сан түрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс философтары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (1879-1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (1930-2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және т.б.

Кілт сөздері:Экзистенциализм, Герменевтика, Персонализм,Структурализм,

Неокантианшылдық, Постпозитивизм, Прагматизм.

 

9-ТАҚЫРЫП. Қазақ философиясы