А - үш адам; б – төрт адам.

Бөлімшелерінде төрт немесе үш адамнан тұратын жеке құрамды взводтарға Жарғымен бірнеше басқа екі қатарлы сап қарастырылған.

Мәселен, танк взводында, яғни үш адамы бар үш танктен тұратын екі қатарлы сап көрсетілгендей болады, ал атқыштар взводында, төрт адамға есептелген взводта

Бір мезетте жайылма немесе екі қатарлы сапқа тұруды оқытуды бұрын үйретілген тәсілдерді орындауға келесі ерекшеліктерді ескере отырып жаттықтыру керек:

а) түзелу, барлығы түзету жағына қарай бір мезетте және тез бастарын бұру керек, студенттер біршама алға артқа немесе шетке қарай қозғала алады, студенттер арасындағы ара-қашықтық жазылған саптағы түзелу барысында өзгертілмейді;

ә) солға немесе оңға бұрылыстарда, бөлімше командирлері оңға немесе солға жартылай адым жасауы тиіс;

б) айналу бұрылыстарында, бөлімше командирлері мен әскери қызметшілер (толық емес қатардан) екінші қатардың сызығына өтуі тиіс;

в) бір қатардан екіге қайта тұруда, барлық бөлімшелерде бір мезетте бірінші мен екінші санау жүргізіледі, бөлімше командирлері есепке кірмейді;

г) взводты сызылған екі қатарлы саптан бір қатарлыға қайта тұрғызуда, алдын-ала взвод бір адымға жазылады, екінші қатардың әскери қызметшілері қайта тұру кезінде қолдардың қозғалысын жасамайды;

ғ) «Қаруды – ҚОЙ» және «Қару» пәрмендерін орындауда, дене еңкейген кезде алдына тік қарау керек, оң аяқтың тізесін бүктеу керек, қарудан шегіну үшін алдын-ала жеке құрамды оңға немесе солға бұрып, алға қозғалысы үшін пәрмен беріледі;

д) жазылу және сығылуда, барлық студенттер жазылу немесе сығылу жағына бұрылуды бір мезетте орындауы керек, сондай-ақ жазылу барысында басты бірдестен бұру керек, қолдың қозғалысы адыммен жүргізіледі;

ж) «Белдікті - БОСАТ» пәрменін орындауда, белдікті оң қолмен алған кезде және дененің түзуленуі кезінде, барлық студенттер қимылды бір уақытта атқаруы тиіс.

Егер жаттығу барысында тәсілдерді орындауда көп қателіктер жіберілсе, тәсілді бірнеше рет взвод немесе бөлім бойынша орындауға болады.

Взвод командирі немесе әскери оқытушы саптық тұрысты қабылдап және пәрменді беріп взводтың саптың маңдай шебі жағына бетін бұрады, сонан соң бөлімшелер әскери оқытушыдан солға қарай екі қатарлы сапқа тұрады.Мұнда, айта кететін мәселе, яғни әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болу қажетін білу шарт.

Бөлімшелердің сапқа тұруы басталысымен взводтың оқытушысы саптан шығады және қарамағындағыларының әрекеттерін бақылайды. Төрт және үш адамы бар бөлімшелерден тұратын взвод екі қатарлы сапқа тұруы ләзім.

Взводтың жайылма саптағы түзуленуі, бұрылуы, қайта сапқа тұруы және басқа да әрекеттері бөлімшелерге арналған ережелер және пәрмендер бойынша орындалады. Осыған сәйкес взводтың бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа керісінше қайта тұруы Жарғының ережелеріне қатысты жүзеге асырылады. Взводтың бөлімшелеріндегі бірінші екіншіге санау кезінде бөлімшелердің командирлері санаққа кірмейтінін ескерген абзал.

Взвод командирі оқу мен жаттығу уақытында пәрмен беруге және басқалардың іс-қимыл әрекеттерін бақылауға өзіне ыңғайлы жерде тұруына болады. Бар болғаны студенттер немесе әскери қызметшілер оны көре алатындай болуы керек

Бақылау сұрақтары:

1. Бөлімше кұрамында бір қатар сапқа тұру

2. Бөлімше құрамында екі қатар сапқа түру.

3. Бөлімше кұрамында екі қатар саптан бір қатар сап түзеу

4. Екі қатарлы саптағы взвод.

5. Взводтың жайылма сапқа тұруы

6. Взводтың жайылма саптағы түзуленуі

7. Бөлімшенің жайылма сапқа тұруы

 

№11. Лекция сабағының тақырыбы: «Взводтың автокөліктегі (машинадағы) саптары. Взводтың саптары.Бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістері»

Жоспары:

1.Взводттың автокөліктегі (машинадағы) саптардың орналасауы қауіпсіздігі.Жалып ережелері.

2.Взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптары.Оқыту әдістемесі

3.Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.Оқыту және үйрету әдіс тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:Студенттердің взводтың автокөліктегі (машинадағы) саптары. Взводтың саптары.Бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістеріне қалыптастыру.

Қысқаша мәтіні: Взводтың саптары.Бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістерін таныстыру.