Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілердің кестесі
| Белгі | Шартты белгілер | ||
| Қолмен | Жалаушалармен | Шаммен | |
| НАЗАР САЛ (НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА; ЖАУАП БЕРУ) | Оң қолды жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісін қайталағанға дейін). | Сары жалаушаны оң қолымен жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісі қайталағанға дейін):
| Ақ түсті шаммен – бірнеше нүктелер:
|
| КОМАНДИРЛЕРДІ (БАСТЫҚТАРДЫ) ЖИНАУ. | Оң қолды жоғары көтеріп, бастан асыра айналдырып, одан кейін тез түсіру. | Сол сияқты, қызыл жалаушамен және оң қолдағы сары жалаушамен:
| Ақ түсті шаммен бастан асыра жартылай шеңберді көрсете оңға және солға бұлғау керек:
|
| МАШИНАҒА | Екі қолды жоғары көтеріп, орындалғанша ұстап тұру керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушамен:
| Ақ түсті шаммен өзінің алдына оңға және солға иықтың деңгейімен бұлғау керек:
|
| ОРЫНДАРЫҢА | Екі қолды жоғары көтеріп жанына қарай тез түсіру керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап тұру:
| Ақ түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
| ОТАЛДЫР | Оң қолмен өзінің алдында айналдыру. | Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап тұрып айналдыру:
| Ақ түсті шаммен өзінің алдында айналдыру:
|
| ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР | Өзінің алдына түсірілген екі қолмен бұлғау. | Сол сияқты, оң қолмен сары, сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап тұрып бұлғау:
| Қызыл түсті шамды төмен қаратып, өзінің алдында жартылай шеңберді көрсетіп бұлғау:
|
| МАРШ(АЛҒА, ҚОЗҒАЛЫСТЫ БҰРЫНҒЫ НЕМЕСЕ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАЛҒАСТЫРУ, ЖОЛ АШЫҚ) | Оң қолды жоғары көтеріп, қозғалыс жаққа бұрылып, қолды иықтың деңгейінде қозғалыс бағытында түсіру керек. | Сол сияқты, оң қолдағы сары жалаушамен:
| Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
| АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ | Сол қолды жоғары көтеріп, ал оң қолды жанына көлденең созып, онымен жоғары, төмен иықтың деңгейінде бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:
|
| ТОҚТА | Сол қолды жоғары көтеріп, өзінің алдына төмен тез түсіріп, орындалғанша қайталау керек. | Сол сияқты, сол қолдағы қызыл жалаушамен:
| Қызыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
| АРА ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ | Оң қолды жоғары көтеріп, ал сол қолды жанына қарай көлденең созып, онымен төмен, жоғары иықтың деңгейінде бұлғау керек. | Сол сияқты, оңмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Қызыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:
|
| МАШИНАЛАР СЫЗЫҒЫНА | Екі қолын жанына қарай созып жауап бергенше ұстап тұру керек. | Сол сияқты, оң қолына сары, ал сол қолына қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:
|
| ЛЕКТЕРДІҢ СЫЗЫҒЫНА | Взводтық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, олармен бастан асыра бір-біріне айқастыру бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсете отырып бастан асыра оңға және солға бұлғау керек:
|
| Роталық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, оларды бастан асыра бір-біріне айқастыра қойып қозғалыссыз ұстау керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсетіп, бастан асыра оңға қарай бұлғау керек. Шамды бастапқы жағдайына қайтару жартылай өшірілген немесе жарықты қабылдаушыға көрсетпей, жауып жүргізу керек.
| |
| ЛЕККЕ | Оң қолды жоғары көтеріп, оны иық алдына тік ұстап түсіру керек (оны жауап алғанша ұстап тұру керек) | Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шамды алдымен қозғалыссыз ұстап, содан кейін Марш белгісін жауап алғанша қайталау керек:
|
| БАРЛЫҒЫҢ АЙНАЛ | Сол қолды жанына көлденең созып, ал оң қолды бастан асыра көтеру керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстау керек:
| Жасыл түсті шамды алдында айналдыру керек:
|
| БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА(СОЛҒА) | Сол қолды жанына қарай көлденең, ал оң қолды жоғары көтеру керек бұрылыс жаққа бұрылып, оң қолмен жоғары және иықтың деңгейінде төмен бұлғау керек (жауап алғанша қайталау керек). | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек:
| Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік және бұрылыс жаққа бұлғау керек:
|
| АПАТ(ЕРІКСІЗ АЯЛДАУ) | Оң қолды жанына қарай көлденең созып, ал сол қолды жоғары көтеріп, оны бастан асыра оңға, солға бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек. Белгі берілгеннен кейін қызыл машинаға 45 градустық бұрышпен орнатылады.
| Қызыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:
|
Ескерту. 1. Белгілердің кестесінде көрсетілгендер
|
- сары (ақ) түсті жалауша
- ақ түсті шам
- қызыл түсті жалауша
- қызыл түсті шам
- жасыл түсті шам
2. Белгі беретін жалауша тік бұрышты, 32х22 өлшемдегі, ұзындығы 40см ағашқа бекітілген матадан тұрады. Сары түсті жалаушаның орнына ақ түсті жалаушаны пайдалануға болады.