Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру

Гастростома –асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы қабырғасынан шығып тұратын жасанды тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда, яғни өңеш өткізгіштігі бұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады (сурет 86 а, б, в).

Илеостомия – мықын ішекке (ащы ішекке) салынатын хирургиялық стома (сурет 86 г).

Жабдықтар: зарарсыздандырылған шыны оймақ, зарарсыздандырылған салфеткалар, қысқыш, тамақ қоспасы, қолғап, Б тобының қалдықтарын салуға арналған ыдыс.

Емшараны орындау:

1. Пациентті жоғарғы Фаулер қалпына жатқызу

2. Қолды жуу, қолғап кию.

3. Тамақты дайындау.

4. Қысқышты резеңкелі түтіктен шешу

5. Резеңкелі түтікшенің тесігіне шыны оймақты жалғау.

6. Оймаққа тамақты құйып науқасты тамақтандыру.

7. Аз мөлшерден үгітілген тамақты немесе арнайы қоспаны асқазанға енгізу.

8. Тамақты енгізіп болған соң судың шамалы мөлшерін енгізу.

9. Зондтың дистальды ұшына қысқышты салу және оны пациенттің киіміне бекіту.

10. Оймақты шешу және оны залалсыздандыру.

11. Ауызды шаю үшін ыдыспен су және астауша беру.

12. Қолғапты шешіп, қолды жуу.

 

 

       
   
www.skazhi-raku.net
 
www.ravnoepravo.ru
 

 


 

 
 
palliativ.ru    

 

 


palliativ.ru  
\

 

Сурет 86

Науқасты тамақтандыру

а, б, в – гастростома арқылы, г – илестома арқылы


Парентеральды тамақтандыру

Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі. Парентеральды тамақтандыру ауыз арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Парентеральды тамақтандыру ісік үрдісінен асқорыту жолдарының өтімсіздігі, өңешке, асқазанға, ішекке жасалған операциядан кейін, қатты жүдеуде, кома жағдайында тағайындалады (сурет 87).

 

 

Сурет 87

Парентеральды тамақтандыру

Ағзада қоректік заттармен қоректендірудің кез келген парентеральды түрі бірнеше принцптерге сәйкес келуі тиіс:

· парентеральды тамақтандыруды өз уақытында бастау қажет.

· парентеральды тамақтандыру үздіксіз, тіпті трофикалық қызметтің өздігінен толық қалыпына келгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс.

· барлық компоненттердің көлемі бойынша, энергиялық құндылығы бойынша сәйкес келуі тиіс.

Парентеральды тамақтандырудың 3 түрі белгілі:

· Толық парентеральды тамақтандыру кезінде барлық қоректік заттар ағзаға қажетті мөлшерде тамыр жүйесіне енеді (науқас тіпті су да ішпейді);

· Жартылай (толық емес) парентеральды тамақтандыру кезінде негізгі қоректік заттар (мысалы, ақуыздар және көмірсулар) зат алмасудың уақытша бұзылыстарына байланысты мәселелер кезінде енгізіледі, бұл жағдайда энтеральды тамақтандыру жартылай сақталынады.

· Қосымша парентеральды тамақтандыру энтеральды тамақтандыру жеткіліксіз болған жағдайда қосымша ретінде беріледі.

Парентеральды тамақтандыруға қоректік заттар жасушаға адекватты метаболитті мүмкіндік түрінде беріледі: ақуыздар аминқышқылдары қоспасы ретінде (ақуыз гидролизаты, Аминоплазмаль Е, Вамин, Полиамин, Альвезин және т.б.), майлар жіңішке тұрақты эмульсия ретінде (Липофундин, Интралипид, Липовеноз), көмірсулар моносахаридтер түрінде (глюкоза 10%, 20%, 40%). Парентеральды тамақтандыру қолдың кез келген шеткері тамырлары арқылы енгізіледі. Дегенмен, бұғана асты көктамырына енгізілген катетер арқылы жіберген ыңғайлы, себебі асқыныстардың даму мүмкіндігін алдын-алады (флебит және тромбофлебиттер). Егер көктамырға трансфузия жүргузе мүмкін болмаса қоректік заттарды сүйек ішіне (мықын, табан) енгізуге болады.

Қоректік заттарды енгізуді инсулин қосылған глюкоза ерітіндісінен бастаған дұрыс (глюкозаның 4-5 г құрғақ ұнтағына1 ед.инсулин). 200-300 мл глюкоза инфузиясынан кейін амин қышқылы препарараттарын немесе ақуызды гидролизат енгізіледі. Одан әрі аминқышқылы қоспасы немесе ақуыз гидролизаты және 30% глюкоза минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгізіледі.

Май эмульсияларын аминқышқылдары және гидролизатпен бірге құюға рұқсат етіледі. Оларды электролиттермен бірге құюға болмайды, себебі май эмболиясының даму қаупін тудырады және май бөлшектері үлкейеді. Май эмболиясын енгізу жылдамдығы алғашқыда минутына 10 тамшыдан аспауы тиіс. Реакция байқалмаған жағдайда жылдамдықты минутына 20-30 тамшыға жоғарлатуға болады. Әрбір 500 мл май эмульсиясына 5000 ЕД гепарин қосылады.

Парентеральды тамақтандыруды уақытында реттеу үшін тиімді тамақтандыруды бағалаудың клиникалық әдісі қолданылады:

1) дене салмағы (өлшену);

2) орталық вена қысымы;

3) сағаттық диурез;

4) қан қысымы, пульс;

5) науқастың жалпы жағдайы.

Парентеральды тамақтандыруға қарсы көрсеткіш бүйрек жеткіліксіздігі, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялар, ағзаның гипергидротациясы, қан айналым жеткіліксіздігі.

Парентеральды тамақтандыруды жағдайы ауыр науқастарға дұрыс жүргізу- ақуыз, көмірсу, май, су-электролит, дәрумен алмасуды және қышқыл-сілті тепе-теңдігіне қатысатын ағзаны тамақтық заттармен қоректендірудің бір ғана жолы.

 

 

ДЕБИЕТТЕР

1. ҚР 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудағы «Саламаты Казахстан» мемлекеттік жоспары.

2. Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М. «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік жоспары контектстіндегі отбасылық медицинаны дамыту. // Наука и здравоохранение. – 2011. - №1. – Б. 16-17.

3. 2009 ж 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі.

4. Молотов-Лучанский В.Б. Введение в клинику. Оқу құралы. – Қарағанды, 2008. – 75 б.

5. Мұратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 б.

6. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела. ГЭОТАР-Медия, 2013. – 368 б

7. Ослопов В.Н., Богоявленская О.В. Общий уход за больными в терапевтической клинике. Оқу құралы. М.: Баспа: ГЭОТАР-Мед. - 24 б.

8. Пожилой человек. Сестринский уход. Мейірбикелерге арналған құрал. / ред. В.Н. Петрова – М.-СПб.: Баспа «Диля». – 2006. – 416 б.

9. 2010 ж 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».

10. «Қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы» 2009 ж 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №19 қаулысы

11. «Кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету тізімін бекіту туралы» 2009 ж 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

12. «Стационарлық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 ж. 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1464 қаулысы

13. 2012 ж 12 қаңтардағы №33 қаулы «Жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша санитарлы-эпидемиологиялық (алдын-алу) Шараларды жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар»

14. Санитарлық ережелерді бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 16 сәуір 2013 жылғы № 364 қаулысы«Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар»

15. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2002 ж 8 сәуірдегі № 343 бұйрығы «Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі емдік тамақтандыруды ұйымдастыру туралы»

16. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 наурыздағы № 243 бұйрығы «Мамандықтың зиянды өндірістік факторлары Тізімін бекіту туралы»

17. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 қарашадағы № 699 бұйрығы «медицина және фармация мамандығының біліктілік сипаттамасын бекіту туралы»

18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2009 ж 26 қарашадағы № 791 бұйрығы « Денсаулық сақтау қызметкерлері міндетінің Біліктілік сипатын бекіту туралы»

19. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 ж 7 сәуірдегі № 238 бұйрығы «Денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық нормативтері және типтік штаттары».

20. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а2013 жылғы 13 тамыздағы № 479бұйрығы «Амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша ережелерді бекіту туралы»

21. Орта медицина қызметкерлеріне арналған нұсқау / ред. Ю.П. Никитин, В.М. Чернышев. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 992 б.

22. Санитарлы ережелер «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2012 ж 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген

23. Санитарлы ережелер «Дәрілік заттарды, медициналық тағайындау құралдары және медициналық техника саласындағы объектілерге санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2010 ж 16 тамызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а бұйрығымен бекітілген.

24. Скворцов В.В. Основы сестринского дела. Оқу құралы. – Ростов-на Дону: «Феникс», 2008. – 359 б.

25. Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Оқу құралы – 5-ші баспа – Ростов-на-Дону: Феникс, 2007. – 473 б.

26. Сопина З.Е., Фомушкина И.А, Костюкова Э.О. Современная методология сестринского дела. Оқу құралы. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 256 б.

27. Справочник врача общей практики 2 томды. / ред. Воробьева Н.С. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. - 26 б.

28. Туркина Н.В., Филенко А.Б. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: КМК ғылыми баспа жолдастығы, 2007. – 550 б.

29. Фомина И.Г. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: Медицина, 2000. – 304 б.

30. Яромич И.В. Сестринское дело. Оқу құралы. - 5-ші баспа. М.: «Оникс 21 век», 2005. – 463б.