III. Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы.

180. Қабылданған сигналдың әсерiнен ток күшi немесе кернеу тудыратын датчиктер:

1. +белсендi

2. белсенді емес

3. параметрлiк

4. тензодатчик

5. резисторлық

181. Қабылданған сигналдың әсерiнен параметрлерi өзгеретiн датчиктер:

1. Белсендi

2. +Белсенді емес

3. Параметрлiк

4. Тензодатчик

5. Резисторлық

182. Параметрлік датчиктер:

1. Пьезоэлектрлік, тензометрлік

2. пьезоэлектрлік, фотоэлектрлік

3. сыйымдылықты, фотоэлектрлік

4. +сыйымдылықты, реостатты

5. реостатты, фотоэлектрлік

183. Терможұп:

1. +Әр түрлi екi өткiзгiштен немесе жартылай өткiзгiштен тұратын тұйықталған тiзбек

2. Бiрдей екi өткiзгiштен тұратын тұйықталған тiзбек

3. Кедергi термометрi

4. Өткiзгiштен немесе жартылай өткiзгiштен тұратын тұйықталмаған тiзбек

5. Бiрдей екi өткiзгiштен немесе жартылай өткiзгiштен тұратын тұйықталған тiзбек

184. Заттың кедергiсiнiң температураға байланысты өзгеруiне негiзделiп жасалған құрал:

1. осциллограф

2. Тензодатчик

3. +Термистор

4. Электрод

5. Пьезодатчик

185. Термисторды градуирлеу:

1. Ток күшiнiң температураға тәуелдiлiк графигiн тұрғызу

2. ЭҚК температураға тәуелдiлiк графигiн тұрғызу

3. Температура коэффициентiнiң кедергiге тәуелдiлiк графигiн тұрғызу

4. +Кедергiнiң температураға тәуелдiлiк графигiн тұрғызу

5. Меншiктi кедергiнiң температураға тәуелдiлiк графигiн тұрғызу

186. Термистор:

1. Жұқа металл сым

2. +Кристалды жартылай өткiзгiш

3. Керамикалық элемент

4. Барометр

5. Пьезоэлемент

187. Егер терможұп арқылы тұрақты ток жiберiлсе, онда оның дәнекерленген жерлерінің бiр жағы қызады, ал екіншісі суынады. Бұл:

1. +Пельтье эффектiсi

2. Комптон эффектiсi

3. Фотоэффект

4. Пьезоэлектрлiк эффект

5. Доплер эффектiсi

188. Өлшенетiн шаманы тiркеуге және тасымалдауға ыңғайлы электрлiк сигналға

айналдыратын құрал:

1. Электродтар

2. +Датчиктер

3. Конденсаторлар

4. Күшейткiштер

5. Транзисторлар

189. Датчиктiң сезiмталдығының формуласы:(х-кiретiн шама, у-шығатын шама)

1. Z=Dx/Dy

2. Z=y/x

3. Z=x/y

4. +Z=Dy/Dx

5. Z=Dy*Dx

190.Деформация кезінде диэлектрлік кристалдың поляризациялануына негізделінген датчиктің жұмыс істеу принципі:

1. +Пьезоэлектрлік

2. Фотоэффект

3. Пельтье эффектiсi

4. Комтон эффектiсi

5. Термоэмиссия

191. Поляризация құбылысын электр өрiсiнiң әсерiнсiз де, деформация кезiнде байқауға болатын эффект:

1. +Пьезэффект

2. Фотоэффект

3. Пельтье эффектiсi

4. Комтон эффектiсi

5. Термоэлектрлік эффект

192. Терможұпты грдауирлеу (бөліктеу):

1. ток күшінің температурадан тәуелді графигін тұрғызу

2. +ЭҚК-ің температурадан тәуелді графигін тұрғызу

3. Кедергінің температурадан тәуелді графигін тұрғызу

4. температуралық коэффициенттің кедергіден тәуелді графигін тұрғызу

5. меншікті кедергінің температурадан тәуелді графигін тұрғызу

193. Жартылай өткiзгiштiң кедергiсi температура артқанда:

1. +экспоненциалды кемидi

2. өзгермейдi

3. экспоненциалды артады

4. сызықты артады

5. сызықты кемидi

194. Механикалық деформация әсерінен белсенді кедергісі өзгеретін датчиктер:

1. Пьезоэлектрлік.

2. +Тензодатчик.

3. Индуктивтік.

4. Реостаты.

5. Белсенді.

195. Параметрлiк датчиктерге жататыны:

1. Ток

2. Кернеу

3. +R, L,C

4. Импеданс

3. Температура

196.УД диагностикада ішкі ағзалардың кескінін алуды қамтамасыз ететін УД сәуле шығарғыш (датчик)

1. +Пъезодатчик

2. Сыйымдылық датчигі

3. Оптикалық

4. Тензодатчик

5. Индуктивті датчик

197. Активті (генераторлық) датчиктер:

1. пьезоэлектрлік, тензометрлік

2. +пьезоэлектрлік, фотоэлектрлік

3. сиымдылықты, фотоэлектрлік

4. Сиымдылықты, реостаттық

5. реостаттық, фотоэлектрлік

198. Биологиялық жүйені өлшегіш тізбекпен жалғайтын арнайы формалы өткізгіш:

1. +электродтар

2. датчиктер

3. конденсаторлар

4. күшейткіштер

5. резисторлар

199. Фонокардиография, реография, сфигмография, электромонометрия және баллистокардиография әдістері:

1. +электрлік емес шамаларды электрлік жолмен тіркеуге негізделген

2. әртүрлі ағзалардың биопотенциалдарын тіркеуге негізделген

3. электрлік шамаларды тіркеуге негізделген

4. импульстік тондарды тіркеуге негізделген

5. жүректегі шуларды тіркеуге негізделген

200. Дарсонвализация:

1. +әлсіз жоғары жиілікті разрядпен тері және сілекейлі қабыққа әсер ету

2. ағзадағы ұлпаларға жоғары жиілікті токпен тері арқылы әсер еткенде жылу бөліну

3. сантиметрлік диапазондағы толқындармен ұлпаларға әсер ету

4. айнымалы электр өрісімен әсер ету

5. жоғары жиілікті магнит өрісімен ағзадағы ұлпаға әсер ету

201. Диатермия:

1. әлсіз жоғары жиілікті разрядты токпен тері және сілекейлі қабышыққа әсер ету

2. +ағзадағы ұлпаларға жоғары жиілікті токпен тері арқылы әсер еткенде жылу бөліну

3. сантиметрлік диапазондағы толқындармен ұлпаларға әсер ету

4. айнымалы электр өрісімен әсер ету

5. жоғары жиілікті магнит өрісімен ағзадағы ұлпаға әсер ету

202. УЖЖ-терапия:

1. терi мен шыршықты қабықша арқылы өтетiн жоғары жиiлiктi әлсiз электр разрядының әсерi

2. жоғары жиiлiктi айнымалы токтың ағза ұлпасы арқылы өтуі кезінде бөлiнетiн жылудың әсері

3. сантиметрлiк диапазондағы толқынның ұлпаға әсерi

4. +жоғарғы жиілікті айнымалы электр өрісімен ұлпаға әсер ету

5. жоғары жиілікті магнит өрісімен ағзадағы ұлпаға әсер ету

203. УЖЖ-терапияда қолданылатын тербеліс жиілігі:

1. 30,2 МГц

2. 20 кГц

3. 1000 Гц

4. +40,58 МГц

5. 40 кГц

204. Индуктотермия:

1. терi мен шыршықты қабықша арқылы өтетiн жоғары жиiлiктi әлсiз электр разрядының әсерi

2. жоғары жиiлiктi айнымалы токтың ағза ұлпасы арқылы өтуі кезінде бөлiнетiн жылудың әсері

3. сантиметрлiк диапазонды толқынның ұлпаға әсерi

4. айнымалы электр өрiсiнiң әсерi

5. +жоғары жиiлiктi айнымалы магнит өрiсiнiң ағза ұлпасына әсерi

205. УЖЖ-терапияда ұлпа мен ағзаға әсер ету үшін қолданылатын жиіліктері:

1. +(30мГц-300мГц) айнымалы электр өрiсiмен

2. (30мГц-100мГц) айнымалы электрмагниттік өрiсi

3. (30мГц-100мГц) айнымалы магнит өрiсі

4. (30мГц-100мГц) айнымалы ток

5. (30мГц-100мГц) айнымалы электр өрісі

206. УЖЖ-өрiстің негізгі әсері:

1. +Жылулық эффект тудырады

2. Стимулдiк эффект тудырады

3. Анестезиологиялық эффект тудырады

4. Шок түрiндегi эффектi тудырады

5. Әлсiз тiтiркендiру эффектiсiн тудырады

207. УЖЖ өрістің қарқындылығы:

1. ток көзінен қашықтаған сайын артады

2. ток көзінен қашықтаған сайын тұрақты болып қалады.

3. +ток көзінен қашықтаған сайын азаяды

4. өріс көзінен емделушіге дейінгі арақашықтыққа тәуелсіз

5. өріс көзінен қашықтағанда бірде артады, бірде кемиді

208. Бірдей жағдайда орналасқан электролит пен диэлектрикке УЖЖ өрісімен әсер еткенде:

1. электролит температурасы диэлектрикке қарағанда тез көтеріледі

2. диэлектрик және электролитте температура бірдей өзгереді

3. диэлектрик пен электролитте температура өзгермейді

4. + электролитке қарағанда диэлектрикте температура тез көтеріледі

5. диэлектрикте температура көтеріледі, ал электролитте температура өзгермейді.

209. УЖЖ-терапияда пациентке....әсер етеді:

1. +жоғары жиілікті айнымалы электр өрісімен

2. жоғары жиілікті магнит өрісімен

3. тұрақты электр өрісімен

4. айнымалы электр өрісімен

5. төмен жиілікті айнымалы магнит өрісімен

210. Диэлектриктерге УЖЖ өріспен әсер еткенде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің формуласы:

1. Q=E2/r

2. Q=wE2etgd

3. +Q=wE2ee0tgd

4. Q=kI2RT

5. Q= kU2/RT

211. Электролиттерге УЖЖ өріспен әсер еткенде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің формуласы:

1. +Q=E2/r

2. Q=wE2etgd

3. Q=wE2ee0tgd

4. Q=kI2RT

5. Q= kU2/RT

212.Тірі ұлпаға УЖЖ өріспен әсер еткенде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің формуласы:

1. Q=E2/r

2. Q=wE2etgd+ kI2RT

3. +Q=wE2ee0tgd+ E2/r

4. Q=kI2RT+ E2/r

5. Q= kU2/RT

213. УЖЖ терапия аппаратындағы терапевтiк контур:

1. Биопотенциалдарды күшейтуге арналған

2. Электромагниттiк тербелiстердi қамтамасыз етуге арналған

3. Электромагниттiк тербелiстердi генерациялауға арналған

4. Дене бетiндегi екi нүкте арасындағы потенциалдар айырымын түсiруге арналған

5. +Пациенттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған

214. Тербелмелi контурдағы еркiн электромагниттiк тербелiстер өшетiн болып

табылады, оның себебі:

1. тербелiс энергиясы конденсатордың электр өрiсiнiң энергиясына айналады

2. тербелiс энергиясы контурдың iшкi энергиясына айналады.

3. тербелiс энергиясы катушканың магнит өрiсiнiң энергиясына айналады.

4. +тербелiс энергиясы қоршаған орта энергиясына айналады.

5. тербелiс энергиясы генератор энергиясына айналады.

215. Адам ағзасына ультра жоғары жиiлiктi электр әдiсiмен әсер ету әдiсi:

1. АЖЖ-терапия

2. Микро толқынды терапия

3. +УЖЖ-терапия

4. Дарсонвализация

5. Аэроионотерапия

216. УЖЖ - терапия аппараты:

1. Сигналды күшейткiштерден тұрады

2. +Екi тактiлi шамдық генератордан және терапевтiк контурдан тұрады

3. Электродтармен айнымалы токтың түзеткiшiнен тұрады

4. Транзистордың p-n-p типтерiнен тұрады

5. Триодтағы шамдық генератордан тұрады

217. УЖЖ-терапияда ағза ұлпасына әсер физикалық факторлар:

1. Айнымалы магнит өрісі

2. +Жоғары жиілікті айнымалы электр өрісі

3. Тұрақты электр өрісі

4. Ультрадыбыс

5. Рентген сәуле шығару

218.Тұрақты токтың көмегiмен дәрi-дәрмектi адам ағзасына егусiз ендiру әдiсi:

1. Электрокоагуляция

2. +Электрофорез

3. Электростимуляция

4. Индуктотермия

5. Дарсонвализация

219. Жоғары жиiлiктi айнымалы магнит өрiсiнiң ағза ұлпасына әсер ету әдiсi:

1. УЖЖ-терапия

2. АЖЖ-терапия

3. Диатермия

4. Электрохирургия

5. +Индуктотермия

220. Адам ағзасына үздiксiз тұрақты магнит өрiсiмен әсер ету әдiсi:

1. +Магнитотерапия

2. Индуктотермия

3. Диатермия

4. Электрофорез

5. Гальванизация

221. УЖЖ электр өрiсiмен адам ағзасына әсер еткенде:

1. Иондар поляризациясы пайда болады

2. Молекулалардың иондануы пайда болады

3. Өткiзгiштiк токтары пайда болады

4. Ығысу токторы пайда болады

5. +Өткiзгiштiк және ығысу токтары пайда болады

222. Ағза арқылы жоғары жиiлiктi ток өткенде джоулдiк жылу бөлiнедi де, ұлпаны бұзады. Бұл әдістің аталуы:

1. УЖЖ-терапия

2. АЖЖ-терапия

3. Диатермия

4. +Электрохирургия

5. Индуктотермия

223. Адам ағзасына аз мөлшердегi тұрақты токпен әсер ететiн медициналық әдiс:

1. Аэроионотерапия

2. Франклинизация

3. Электростимуляция

4. УЖЖ-терапия

5. +Гальванизация

224. Адам жүрегіне қысқа мерзімді күшті токпен әсер ету әдісі:

1. Франклинизация

2. +Дефибрилляция

3. Дарсонвализация

4. Фарадизация

5. Гальванизация

225. Ағза ұлпасына аз мөлшердегі тұрақты токпен әсер етуге негізделінген әдістер:

1. Электростимуляция

2. Статистикалық душ

3. +Гальванизация және электрофорез

4. Диатермия

5. Электросон

226. Гальванизация әдiсiнің қолданылуы:

1. ұлпаны электростимуляциялау үшiн қолданылады

2. ұлпаны қыздыру үшiн қолданылады

3. +тұрақты ток көмегiмен ағзаға дәрi-дәрмектi енгiзу үшiн қолданылады

4. ұлпаға токтың жылулық әсерiн өлшеу үшiн қолданылады

5. ұлпаға электр тоғының әсерiн өлшеу үшiн қолданылады

227. УЖЖ-терапия аппаратымен жұмыс жасауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

1. +құралдың жермен қосылуын тексеру, құралды қосу, электродтарды орнықтыру, резонанс құбылысына келтіру

2. электродтарды орнықтыру, температураны өлшеу, резонанс құбылысына келтіру

3. аппаратты қосу, резонанс құбылысына келтіру, концентрациясын өлшеу

4. резонанс құыбылысына келтіру, кедергіні өлшеу

5. токты тексеру, аппаратты қосу, сиымдылығын өлшеу, резонанс құбылысына келтіру

228. Гальванизация аппаратымен жұмыс жасауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

1. резонанс құбылысына келтіру, кедергіні өлшеу

2. +қосу, ток күшінің керекті шамасын беру және электродтарды орнықтыру

3. кедергіні және кернеуді орнықтыру

4. қосу, кедергіні өлшеу

5.резонанс құблысына келтіру, ток күшін орнықтыру

229. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында электродтарды дұрыс қою (УЖЖ электр өрісінің таралуын зерттеуде):

1. тізбектей

2. перпендикуляр

3. +параллель

4. араласып

5. қиылысып

230.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау үшін дипольдік антенаны бастапқыда..... қойылады (УЖЖ электр өрісінің кеңістіктік таралуын зерттеуде):

1. +электродтардың ортасына

2. электродтардан тыс жерге

3. электродтардың шетіне

4. электродтардың артына

5. электродтардың үстіне

231. УЖЖ аппаратындағы терапевтік контурдың атқаратын қызметі:

1. + пациенттің қауіпсіздігі үшін

2. өрісті есептеу үшін

3. токты есептеу үшін

4. кернеулікті есептеу үшін

5. сиымдылықты есептеу үшін