Жастар ұғымының анықтамасы мен жастар әлеуметтануының зерттеу пәні.

Жастар әлеуметтануы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала. Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады.Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды. Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.

Жастық шақ - адамың балалық щақтан есейген шаққа өту кезеңі, оның жеке көзқарасының нақты калыптасу, өмірлік құндылығының және бағыт бағдарының қалыптасу кезеңі. Осы жастағы адамның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайы өте маңызды. Дамыған елдердегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттiк органдар жастарды дамыту, тәрбие жұмыстары әлеуметтiк аспектілеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда негізгі күш қоғамдық-саяси іс-шараларға, жас азаматтардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға жұмсалынады.

Жастық шақ - адамның балалық пен үлкен өмір аралығындағы қалыптасу мен даму кезеңі. Адамның балалық шақтан үлкен өмірге аяқ басуы екі кезеңнен өтеді: жасөспірім және жастық бұл кезеңдердің хронологиялық (уақыт) шегі дәл айқындалмаған. Психологтар жасөспірім 14-18 жас, жастық 16-18 жас аралықтарын көрсетеді. Барлық халықтарда жас ерекшелігі адамның хронологиялық жасы емес, оның әлеуметтік мәртебесін белгілейтін ұғым болып табылады. Себебі көптеген жағдайларда адамның жасына қарай, оның қоғамдағы орны белгіленеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі адамның жасы мен жынысын есепке алуға негізделген. Көптеген еңбек түрлері адам жасына тікелей тәуелді. Жастық шақ әдетте білім алу немесе отбасын құру сияқты үлкен өмірге бастама болатын қоғамдық маңызды әлеуметтік қадамдар атқарады.

Жас стратификациясы әлеуметтік-психологиялық күтілістер мен санкциялар жүйесінен тұрады. Адам жастық шақтан бастап өзінің не қалайтынын және өз жауапкершілігін сезіне бастайды. Адамның денесі мен ақыл-ойы толығып, әлеуметтік өмірге белсенді араласуға әзір болады.

Дәстүрлі қоғамда жастар әлеуметтік қызметтер мен ролдерді тез игереді. Күрделі қоғамдарда жастар белгілі бір уақыт аралығында кәсіби даярлықтан өтуі қажет.

Әлеуметтік дәстүрге сай жастық шақ адамның өз отбасын құруымен аяқталады. Себебі бұдан соң адам бойында тәуелсіздік пен жауапкершілік пайда болады. Қазіргі таңда жастардың жеке таңдау мүмкіндігі шектелмеген. Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының арқасында жастардың психологиялық жетістігі тек өз ортасымен ғана шектелмейді. Бұл жастардың әлеуметтік орта туралы жан-жақты хабардан болуын қамтамасыз етіп, интеллектуалдық дамуына жағдай жасайды.

Жас адамның шыққан тегі мен ата-анасының әлеуметтік мәртебесі, оның психологиялық және физиологиялық дамуына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар бұған ұлттық мәдени орта, достарының әсері де қосылады. Әдетте жастар әлеуметтік өмірдің белсенді қатысушысы емес, тәрбиеге зәру адамдар ретінде қарастырылып келді. Қазіргі замандағы жастар ұйымдары мен бейрәсми топтар бұл тұжырымның қателігін дәлелдеді.

Жаңа фрейдизм теориясы. Жастық шақтың теориялық мәселелерін зерттеуге психосұрыптау теориясы үлкен әсер етті. Оның негізін австрия психиатры З.Фрейд қалады. Ол жастар жыныстық, сезімдік дамуына арналған бірқатар ғылыми тұжырымдар енгізді.

З.Фрейд тұжырымдарын дамытып жаңа фрейдизм зерттеу бағытын қалыптастырған белгілі американ психологы Эрик Эриксон (1902-1982) болды. Жас адамның дамуы бір-біріне байланысты үш үрдістен құрылады. Физиологиялық дамуды биология, саналық дамуды психология, әлеуметтік дамуды әлеуметтану зерттейді.

Эриксон пікірінше негізгі даму заңы «эпигенетикалық ұстаным». Бұл ұстанымға сәйкес әрбір жаңа даму кезеңінде жаңа қасиеттер мен құбылыстар пайда болады. Жаңа кезеңге өту уақытында жас адам психологиялық тоқырауға ұшырайды. Біреулер үнсіз көтерсе, біреулер өзін қоршаған адамдармен егес-жанжалға түседі.

Эриксон адам өмірін сегіз кезеңге бөлді. Әрбір кезеңнің адам үшін пайдалы немесе пайдасыз шешілетін ерекше мақсаттары болады. Бұл кезеңдер: 1) Сәби шақ - басты мақсаты сәби бойында санасыз сенім қалыптастыру. Егер ата-ана қамқорлығы мен сүйіспеншілігі болмаса сәби бойында санасыз сенімсіздік қалыптасып, оның психологиялық дамуына нұқсан келтіреді. 2) Ерте балалық кезеңі – бала бойында жеке түсініктер, күмәнді ұғымдар қалыптастырады. Оның дұрыс рухани қалыптасуы күнде көретін адамдарына байланысты. 3) Ойын жасы – бастама сезімдерін қалыптастырады. Бұл жаста топтық ойын, өз құрдастарымен ойнау маңызды ролге ие. Бұл бала ойы мен қиялын қалыптастырады.

Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.

Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.

Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға болады, әсіресе, ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың “Социолог көзқарасындағы студент” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасалынды. Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді. Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін “оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.

Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды. Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады. Мұндай ахуалдың итермелеуші күші (эпицентірі) Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы, өзіндік құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік, саяси солшыл радикалды топтар бірлестіктері 1968 жылдары – “студенттер ревалюциясы” деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты. Осындай өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей қоймады, бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып – сенген қағидалар бойынша өмір сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті. Кеңес Одағындағы жастар субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген қызығушылықтар көбейіп, шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары, әдеби және көркем андеграундтары, кеңестік эстраданың ресми және идеологияландырылған эстрадасына қарама – қайшы, түрлі әндер дүниеге келе бастады. Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт – насихаттан тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті: нашақорлық, жезөкшелік, құндылықтық вакуум, білім және мәдениет дағдарысы, біртіндеп тереңдей берген, үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене, тереңдей түсті, әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті.Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай қоғамтанудың жаңа, ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды. Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты 1970 жылдан бастап 1982 жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып отырды. Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы саласының бірі болып табылады. Оның мәні өте ауқымды, жастар категориясына қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды.