Айта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар

Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетiн сақтап, ежелгi мәдениетi мен бiлiм дәстүрiн жалғастырып келе жатқан орталықтарының бiрi - Таяу Шығыс.

ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi.

Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған.

Құранмен бiрге қасиеттi кiтап – Сұнна (үлгi-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесiнiң мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы дiни және әлемдiк өмiр жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледi.

Ислам дiнiнің басты құрамдас бөлiгi – шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесiн реттейдi. Шариғат этикалық мiнез-құлықтарға негiзделген және оны қоғамдық рөлiне қарай заңдармен теңестiруге болады. Шариғат талаптарын орындау адамнан адалдықты және саналылықты талап етедi.

Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттер өздерiнiң бұрынғы мәдени және әлеуметтiк мұраларынан айрылмай, салт-дәстүрлерiн және өмiр тұрмыстарын ұзақ жылдар бойы сақтай бiлген. Арабтар қоластында Таяу Шығыстыңiрi қалалары: Дамаск, Александрия, Кордова тәрiздес қалалық орталықтар өз тiршiлiктерiн жалғастырумен қатар, Бағдат және Каир (Х-ХI ғ.ғ.) сияқты бiлiм ордаларына айналды.

Таяу Шығыстағы орта ғасыр мәдениетi және ағарту iсi, сауда-саттық пен қолөнерi дамып, үлкен қалаларда шоғырланған. Халифат мәдениетiн (арабтардың құрған мемлекеттiңбасында халифтер – Мұхамед пайғамбардың iзбасарлары тұрды) мұсылман мемлекеттерiнiң халықтары, яғни арабтармен қатар парсылар, түрiктер, тәжiктер, сириялықтар және басқа жұрттар бiрге таратып, дамытуға үлес қосты.

Үндістаннан Испанияға дейiнгi кең аумақта арабтардың әдеби тiлi, мәдени мұралары, дүниетанымдық әдiс-амалдары сақталып, ислам дiнiнiң тұрақтануына жағдай жасалды. Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттерде бiлiм жүйесi де бiркелкi болды.

Араб қалаларының (Мекке, Медина, Йемен, т.б.)халықтары исламға дейiнгi кезеңде балаларды оқытып, хат танытқан. Мысалы, III-IҮ ғ.ғ. арамей әлiппелерiнiң негiзiнде араб жазуы пайда болған. Сирия, Египет, Месопотамия және Иранды арабтар басып алғаннан соң (ҮII ғ.) мұсылмандық жалпы бiлiм беретiн мекемелер-медреселер құрылды. Олар халықтың хат тануына, исламның таралуына ұйытқы болатын басты құрал болатын. Араб тiлдi мектептер ҮII ғасырдың соңында мемлекет қажеттiгiн өтеу мақсатында бiлiмдi шенеунiктер дайындауға кiрiстi. Осы мезгiлден бастап барлық құжаттар грек немесе арамей тiлдерiнде емес, араб тiлiнде дайындалатын болды.

Көп жағдайда оқу үрдiсi мешiттер жанында, кейде үйде немесе тапшанда ұйымдастырылып, құранды оқуға, жазу мен есеп-шотқа машықтандырумен бiрге араб тiлi мен грамматикасын, әдебиетiн оқытуға да бiрсыпыра уақыт бөлiнетiн болды. Шәкiрттер аптасына алты күн оқып, жұма күнi жұманамазға қатысқан. Сейсенбi мен сәрсенбi күндерi ертеңгiлiк мезгiлде өткен сабақтарын қайталаған. Ал, сабақтан тыс мейрамды күндерi, оқушылардың мектепкекелетiн мезгiлiн мұғалiмнiң өзi белгiлеп отырған.

Оқыту әдiстерiнiң негiзi – оқу және дiни мәтiндерiн жаттау, сонымен бiрге мұғалiмнiң дауыстап оқығанын жазып алу болатын.

Жасы үлкен оқушы, өзiнен кiшi оқушыны оқытуға көмектесуге тиiстi болған, бiрақ ересек оқушы тарапынан қатыгездiк болмасын деген ниетпен оны аракiдiк ауыстырып отыру жөн деп есептеген.

Оқушылардың танымдық қызметiн дамытудың жолдарын көрсеткен Араб философиясының негiзiн қалаған Әбу Юсуп Якуббен Исхан Кинди (шамамен 800-879 ж.ж.) Әр түрлi бiлiм салаларынан 200-ден астам шығармалар жазған, олардың iшiнде педагогикалық мәселелер де қарастырылған. Ақылды дамыту iлiмi төрт түрге, яғни өзектi ойлау, шама-шарықты ойлау, қысқа ойлау және айқындала бастаған ақыл-ойлар деп бөлінген.

Киндидiң дәлелдеуiнше, ғылым дiннен жоғары тұрғандықтан, балаларды тәрбиелеу үрдiсiнде бiлiм, өмiрге зор сенiмдiлiкпен қарауға, яғни жоғары интеллектiнi қалыптастыруға талпындыруы керек. Өйткенi жоғары бiлiмдiлiк адамды адамгершiлiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруге, өз iс-әрекеттерiн басқара бiлуге үйретедi. Адамның алдына қойған мақсатын орындау, еңбектiң нәтижесiн көрудегi басты құрал – ақыл-ой парасаттылығы деп санаған. Кейiнiрек, оның айтқан ақыл-ойды дамыту идеясы Еуропа философы Р.Бэконның теориясында (ХIII ғ.) дамытылады.

Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды. Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оныңпедагогикалық ойының мәнi –мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.

Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан.

Бастауыш мектептегі оқушылардың көпшiлiгi саудагерлер мен қолөнершiлердiң және орташа шаруашылық иелерiнiң балалары болған. Ал ақсүйектердiң балаларын үйлерiнде мұғалiм жалдап оқытқан. Үйдегi бiлiм бағдарламаларында құран, намаз оқуға, жазу мен есеп-шотты игерумен қатар, грамматиканы, әдебиеттi (өлең құрастыру, мазмұнды хат жаза бiлу), тарихты оқыту, өзiн ұстай бiлуге үйрету, дене және әскери жаттығуларды (жүзу, атқа мiну, садақ ату, т.б.) меңгерту қарастырылған.

Орта ғасырдағы ақсүйектердiң тәрбие мұраты орта ғасыр Еуропа рыцарлық мәдениетiне ықпалын тигiздi.

Үй жағдайында бiлiм беру қажеттiлiгi мен сұранысына орай орта ғасырдағы Таяу Шығыс ойшылдары мән-мағыналы, бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оқушыларға жас ерекшелiктерiне қарай нақты тәрбие беру олардыжалықтырмау,уақытын үнемдей бiлуге, сабақта тапсырманы баланың бұрынғы бiлiмiн ескерiп, берудi талап еттi. Мектепте оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу, бiлiм берудегi жаңа мәлiметтер арқылы баланың одан әрi оқуға ынтасын арттыру керек болды. Алайда, жақсы оқығаны үшiн ата-анасының марапаттай беруi баланы жалқаулыққа, жағымсыз қылықтарға бейiмдейтiнiн ескертедi.

Орта ғасырда жастарды адамгершiлiкке тәрбиелеу ерекше орын алды. ХIғасырдың әйгiлi ойшылы Әбу Хамид Әл-Газали (1058-1111ғ.ғ.) баланы кiшкентай кезiнен бастап мейiрiмдiлiкке, имандылыққа, сенiмдiлiкке, адалдыққа, алдамауға тәрбиелеу қажет деп санады. Жас баланы дастархан басында өзiн ұстай бiлуге тәрбиелеу, жеткiншектердi қатты кереуетке ұйықтауға дағдыландыру, оның денесiн шынықтыру, баланың мiнез-құлқын тәрбиелеу, ата-аналар назарынан тыс қалмауы керектiгiн ерекше атап өттi. Газалидiң пiкiрi бойынша, адамгершiлiк қасиеттер басты екi тәрбие әдiстерi негiзiнде –үлгi-өнеге, өзiн-өзi тәрбиелеу арқылы қалыптасады.

Ата-аналар балаларының кiмдермен достық қарым-қатынас жасайтынын бiлуге тиiс, олар оқитын кiтаптарда адамгершiлiк мұратқа қайшы келмейтiн материалдар iрiктелiп алынуы керек. Жеткiншектiң ақыл-есi дами келе оны өзiн-өзi тәрбиелеуге бейiмдеу, қоршаған ортаны өздiгiнен бақылауға, өзiн-өзi тануға талпындыру қажет.

Баланың бойындағы жағымсыз қылықтарды жоюда, оның себеп-салдарын бiлу, егерде оқушының мiнез-құлқында қиқарлық болса, оны басқа әдет-дағдымен алмастырып, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу керек.

Әл-Газали оқушыны жазалау мәселесiне келгенде ұстамдылық көрсетудi талап етiп, мүмкiндiгiнше жазалауға бара бермей, оның сенiмiне ықпал жасау керек екенін айтады, әйтпесе тәрбие iсiнде ақыл айта беру баланы мезi қылатынын ескертеді. Тіпті бала тәртiп бұзғанның өзiнде, басқалардың көзiнше оның абыройын түсiрмеу жөнiнде кеңес бередi.

Оқушының жүрiс-тұрысына, қылықтарына мұғалiм жауап бередi. Бiр ата-ананың жазғанындай: ''Менiң балаларымныңтәрбиесiнде мұғалiмнiң дербес тәрбиесi күштi болса, орта ғасырлық мұсылман педагогтары айтқандайбiлiмi тәрбиелiгiмен сипатталар едi''. Өйткенi, бiлiм тәрбиелiлікпен ұштаспаса, адам жан-тәнсiз ешкiмге қажетi жоқ дегендi айтады.

Бiлiм берудiң орта және жоғары сатысында дәрiс беру мешiттерде намаз оқудан кейiн, күннiң бiрiншi жартысында жүргiзiлген, көптеген сыныптарда шамамен жүздеген баладан мыңға жуық оқушылар бiлiм алған. Сабақ жерде кiлем үстiнде берiлген, оқушылар мұғалiмдi қоршай отырған. Кей уақытта сабақ оқытушының үйiнде немесе кiтапханада өткiзiлген.

Пәндердi оқыту мазмұны жағынан екi топқа: дәстүрлi және бiлiм беруге бағытталған(рационалды) болып бөлiнедi. Бiрiншi топқа дiни пәндер: Құранды талқылау, Мұхаммед пайғамбардың өмiрi туралы ауызша әңгiме, мұсылмандық құқық, құдайға табыну, сонымен бiрге араб филологиясы (грамматика, өлең құрастыру, әдебиеттану)және мәнерлеп сөйлеу жатқан.

Ал, екiншi топқа кiрген пәндерде: логика, математика, астрономия, медицина және басқа жаратылыстану пәндерiнен бiлiм берумен бiрге, философиялық тұжырымдамалар, әсiресе Аристотельден бастап белгiлi араб философтарының (IХ-ХII ғғ.) еңбектерi талданып отырған.

Оқушылар оқытушының басшылығымен ең атақты шығармаларды философия пәнi бойынша талдағанда немесе оқушы дауыстап оқығанда, оқытушы мәтiндерге назар аударып әңгiмелесу әдiсi арқылы түсiндiрiп, кейде дәрiске айналдырып оқығанда балалар конспект жазып отырған.

Сабақтың соңында өткен оқу материалдары бойынша оқытушы қосымша сұрақтар қойып, оқу материалдарының меңгерiлуiн айқындаған. Оқушылардың оқытушыға сұрақ қоюы, сабақ өз нәтижесiне жетуін көрсетеді деп саналған. Оқушылар курсты бiтiргеннен кейiн оқытушыларынан куәлiк алып, оқыған пәнiнен сабақ беру құқығын иеленген. Кейбiр оқушылар он шақты куәлiктерге иегер болып, Араб халифаты мектептерiнде оқытушылармiндетiн атқарған.

Халық арасында бiлiм таратуда көптеген кiтапханалар қызмет жасаған, IХ-Х ғ.ғ. ''Ақыл үйi'', ''Бiлiм үйi'' оқу-тәрбие орындары ұйымдастырылған, олар оқу, аударма және ғылыми орталықтарына айналған. Х ғасырдың орта шенiнен бастап Орталық Азия мен Солтүстiк Иранда жоғары оқу орындары - медреселер ашылып (ХI-ХIII ғ.ғ.), бүкiл Таяу Шығысқа тарады. Соның iшiндегi ең iрiсi – Низамийя медресесiн Бағдатта 1067 жылы белгiлi саяси қайраткер Низам аль-Мулк ашқан.

Медреседе тыңдаушылар жатақ орынмен, азық-түлiкпен қамтамасыз етiлiп, оларға ай сайын ақшалай жәрдемақы берiлумен қатар оқытушылары да еңбекақы алып отырған. Медреседе дәстүрлi ғылымдарды оқытумен бiрге мұсылман құқығы бойынша шариғат талабын орындауға ерекше назар аударылған.

Таяу және Орта Шығыстағы орта ғасыр ғалым-энциклопедисi болған, этикалық және әлеуметтiк-қоғамдық көзқарасымен танымал Насыраддин Туси (1201-1274 ж.ж.) өзiнiң ''Насыр этикасы'' еңбегiнде этикалық категорияларға кең сипаттама бередi.

Адамгершiлiк категориялары жайлы айтқанда әр адам ұнатқан ғылымын меңгеру үстiнде өзiнiң теориялық бiлiмiн жетiлдiрiп, соның негiзiнде өзiн-өзi ұстай бiлу, батылдық, ақылдылық, шыншылдық, адалдық, мейiрiмдiлiк, жанашырлық үлгi-өнегесiн көрсетiп отыруы тиiс деген.

Белгiлi араб ойшылы Насыраддин Туси ''Бiлiм жолындағы оқушыға кеңес және оқушынытәрбиелеу жайлы'' трактаттарында кең бағалы педагогикалық идеяларды ұсынған.

Бiрiншi трактатында ол шәкiрттердiң адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырудағы мақсат: ұстамдылық, сенiмдiлiк, көмек көрсету және достық iлтипат, адалдық, жомарттық, жұмсақтық, мейiрiмдiлiк, имандылық, нақтылық, т.б. қасиеттердi тәрбиелеу болатынын түсiндiредi. Аталған қасиеттердiң iшiндегi ең негiзгiсi ақыл-ой тәрбиесi, ал жоғарыда жiктелген тәрбиелiк қасиеттер баланың бойында табылса, онда толық жетiлген адам деп санауға болады.

Сонымен бiргеекiншi трактатында балалардакездесетiн адамгершiлiкке жат қылықтардың: сараңдық, ашушаңдық, кекшiлдiк, өсекшiлдiк, қызғаншақтық және ұшқалақтық сияқты жеті түрiне сипаттама бередi.

Балаға дұрыс бағдар берiп, жаман қылықтардан құтылуға өздерi күш салғанда ғана биiк адамгершiлiк мiнездердi тәрбиелеуге болатындығын айтады.

Насыреддин көтерген педагогикалық мәселелерiнiң бiрi–мұғалiм мен оқушының өзара қарым-қатынасы. Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмi негiзiнде көлемдi тәжiрибе жинақтап, бiлiм алудың жолын үйренiп, бiлiм жинақтайды. Түсiндiрген бiлiмдi қабылдаған соң оны қайталап, есiнде сақтаса, игерген бiлiмiн одан әрi өздiгiнен толықтырса, бiлiмдар болумен қатар тәрбиелi адамдар қатарына қосылатынын айтады.

Мұғалiмнiң педагогикалық шеберлiгiн арттыру мәселесi де белгiлi философ-ағартушының назарынан тыс қалмаған. Мұғалiмге қойылатын басты талаптар: пiкiр-таласты туғыза бiлу, оқушылардың айтар ойларын тиянақты, жалтартпайтын қағидалармен дәлелдей бiлуге үйрету, тiлдiң тазалығы, пән мазмұнының ерекшелiгiн тани бiлуге дағдыландыру. Мұғалiм балалардың сөзiн бөлмеу, сөйлегенде асықпай, сенiмдi, қисынды сөйлеуi және педагогикалық әр жағдайда дауысты көтерiңкi, кейде басыңқы түрде қолдануы керек. Сонымен қатар Туси мұғалiм: “… сөйлеген сөздерiнде тек өмiр фактiлерiне арқа сүйеп, халық арасында кең тараған мақал-мәтелдердi, шешендiк сөздердi, аңыздарды пайдаланып отыруы тәрбие жұмысына көп нәтиже берген болар едi”,-дейдi.

Белгiлi араб ғалымы Ибн Халдун (XIII-XIV ғ.ғ.) ғылымға бет бұрған адамдарға байсалдылық, бәрiн ақылмен шешу, есте сақтау қабiлетiн ұштау, күнделiктi ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тыңғылықты айналысу керектiгiн айтады. Оның түсiнiгiнше ғылыми бiлiм – ұзақ жаттығу арқылы ғана жинақталады, ғылымиiзденiстi жүргiзуге дағдылану барысында қаланады дегендi айтады.

Ибн Халдунның пiкiрi бойынша медресеге келген бала құраннан үзiндi оқығаннан гөрi, араб тiлi мен әдебиетiн игерсiн, жатық оқуға төселгеннен кейiн ғана құран аяттарын талдауға қатыстырылуы тиімді. Себебi, оқуды жаңа бастаған бала құранның аяттарындағы ұғым-түсiнiктердi жете түсiне алмайды. Бұл мұсылман елдерiнде қалыптасқан оқу жүйесiндегi батыл қадам едi. Ибн Халдун балаларды қатал жазалауға қарсы болды, қорқыту, баланың талап-тiлегiн басып тастау оны өтiрiк айтуға, қулыққа бейiмделуге итермелейдi. Мұғалiм пәндi әдiстемелiк жағынан түсiндiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Оқушының бiр пәндi меңгерудегi әдiс-тәсiлдерiн екiншi пәндердi оқығанда одан әрi жетiлдiруге ұйытқы болады, оқу материалын бiр-бiрiне ұштастыра бiлуге дағдыландыруы ой-санасын дамытады. Оқытудың бастауыш мектебiнде әдебиетпен қатар балаларды есеп-шотқа үйрету, бiртiндеп арифметиканы, алгебра мен геометрияны оқыту қажет. Ибн Халдун математика ғылымын ерекше бағалаған, ол математика өзiнiң логикалық құрылымына сай жастардың интеллектiсiн дамытады, шындықты мойындауға, өзiн тәртiптi ұстай бiлуге тәрбиелейдi дегендi айтады.

Ұстаз алдында тұрған маңызды мақсаттың бiрiоқу құралдырын таңдай бiлу керек дейдi. Кейбiр авторлар өз оқулықтарына барлық ақпараттарды кiргiзуге талаптанып, балалардың түсiнуiне кесiрiн тигiзедi. Яғни, көлемi шағын, қысқа жазылған оқу құралындағылымның соңғы жетiстiктерiнiң бәрiнен мәлiмет беруге тырысу медресе оқушысының бiлiмге деген ынтасын қайтарады.

Ибн Халдун бойынша оқыту үрдiсi әр уақытта оқуды қабылдаудың жалпы заңдылықтарымен қатар жүргiзiлiп, ешқашанда пәндi түсiндiрген кезде қиын жағынан бастамау керек дейдi. Мысалы, алғашқыда пән жайлы жалпы мәлiмет, екiншiсiнде пән мазмұндарына жалпы сипаттама берiп, содан кейiн оқу материалының түсiнiксiз пiкiр-талас туғызатын бөлiмдерiн оқушылармен бiрге отырып қарастыру, оқушылардың қисынды ойлау ерекшелiктерiн дамытуға болады деп есептейдi.

Жоғары басқыштағы бiлiм берудегi ең нәтижелi оқыту әдiсi – ғылыми мәселелердi талдау, олар бойынша пiкiрсайыстарын ұйымдастыру қажет деген пiкiрдi ұсынды. Оқушы тек тыңдаумен шектелiп, оқу сайысына қатыспайтын болса, оның жүйелi логикалық ойлау қабiлетi ұшталмайды. Сондықтан оқытушы пiкiр алмасуға қатыспаған шәкiрттердi әңгiмелесу сайысына қатысуға дайындауы керек.

Ибн Халдун ертедегi араб елдерiндегi қалыптасқан бiлiм iздеу салтын мойындаған. Әр ел ұстаздарының ғылыми ой-тұжырымдарымен танысу, олардың оқыту әдiстемелерiне көңiл қою, ғылымның мән-мағынасын, амал-тәсiлдерiн үйренуге жағдай туғызады деген пiкiр айтады.

Бұл кезде Араб халифатында IX-XIII ғ.ғ. ғылымның шарықтап дамыған кезi болды, адам және оны тәрбиелеу мәселесi, тәрбиенiң мақсаты мен құралдары, оның мазмұны мен жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлi – ғылыми бiлiм әдiстерi, оқытудың ұстанымдары мен амал-тәсiлдерi, оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынастары жайлы жалпы педагогикалық және дидактикалық идеялардың мән-маңызы мен әдiс-тәсiлдерi туралы осы құнды тұжырымдамалар жасалды. Таяу және Орта Шығыста IX-XIII ғ.ғ. ислам дiнiнiң және оның дiни догмалары мен мұсылмандық құқығы үстемдiк құрып тұрғанның өзiнде ғалымдар тәрбиенiң гумандық тұжырымдамаларын ұсынып оларды бiлiм және тәрбие беру iсiнде жүзеге асыруға ұмтылды.

XVI ғасырдың басында Таяу Шығысты түрiктер жаулап алып, Осман империясының қол астына кiргіздi. Араб елдерiнiң төрт жүз жыл бойы түрiк иелегiнде болуы, бiлiм берудiң құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгерiс әкелген жоқ. Бастауыш мектеп, орта және жоғарғы медреселерде Құран, мұсылмандық құқық, түрiк, парсы, араб тiлдерi мен әдебиеттерiн оқытумен бiрге математикадан қысқартылған бағдарламалар бойынша бiлiм беру сабақтары бұрынғысынша жүргiзiлдi.

Медреселер арасындағы жоғарғы деңгейдегi мамандар (әкiмшiлiк) даярлау Стамбулдағы сегiз медресенiң құзырына берiлдi, ал қалған медреселер хатшы және сот қызметкерлерiн дайындады.

Араб халифатындағы ағарту саласының төмендеуiне IX ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың аяғында христиан дiнiн уағыздаушылардың жорықтары және XIII ғасырдағы монғолдардың шабуылы бүкiл Орта Азия, Иран, Ирак және Сирияны талан-таражға салуы тiкелей әсер еттi. XIV ғасырдың соңында Ақсақ Темiрдiң жорығынан кейiн аттары аталған елдердiң қалалары бос қалып, сауда-саттық және мәдени байланыстар үзiлiп мемлекеттердiң мәдени деңгейлерi төмендеп кеттi. Сонымен, XIV- XV ғасырларда шығыс мұсылман елдерiнiң Батыс Еуропа елдерiне қарағанда әлдеқайда әлеуметтiк-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық жағынан артта қалуы тәрбие жүйесiне де керi әсер еттi. Бiрақ, Араб халифатының мәдениетi, ғылым және бiлiм саласындағы мұның алдындағы мол табыстары Батыс Еуропаның тәрбие мен бiлiм саласына игi ықпал жасады.

Үндістанда ортағасырлық мәдениет пен бiлiм беру Гуптi империясы (V ғ.) құлағаннан кейiн қайтадан жандана бастады. Бiрақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбiр жоғары касталық топтары ғана бiлiм алуға мүмкiндiк алды. Брахман балалары дiни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық iс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егiн егу, жердiң құнарлығын, көлемiн анықтау, суландыру, т.б. әрекеттерге үйретiлуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тiлдерiн бiлу, сауда-саттық операцияларын үйренумен шұғылданды.

Буддистiк бiлiм беру жүйесi демократиялық негiзде болғандықтан касталық бөлiнудi мойындамады. Буддистер үйде оқытудан бас тартып, бiлiм берудi монахтарға тапсырғандықтан, монастрларда балалар мен жеткiншектер 10-12 жыл оқыды. Оқыту дiни-философиялық негiзде жүргiзiлiп, оқыту бағдарламаларына грамматика, лексика, медицина, философия, логика пәндерi енгiзiлдi.

Бiртiндеп брахман және буддистiк педагогикалық дәстүрлер жақындап, бiркелкi мәдени бiлiм беру жүйесi қалыптасты. Бұл жүйе ХI-ХII ғ.ғ. Үндістанды мұсылмандар жаулап алғаннан кейiн төмендеп кеттi.

Мұсылмандарды оқыту мен тәрбиелеудiң басты шарты – араб тiлiнде Құранды оқу. XVI-XVII ғ.ғ. көптеген мектептерде оқыту парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мемлекеттiк шенеунiктер мен ғалымдар осы тiлді жұмыстарында пайдаланады.

Мұсылмандардың бiлiм беру жүйесi орта ғасырдағы Үндістанда бүкiл мұсылман дүниесiндегi оқыту жүйесiмен ұқсас болған.

Оқушылар бiлiмдi үй мұғалiмдерiнен және мектептерден алған, ал мектептер болса мешiттердің қарамағында болды. Оқытуды көп жағдайларда жеке оқу орындары мен жалданған мұғалiмдер жүргiздi.

Мұсылмандар мектептерiнiң төрт түрi: бастауыш және жоғарылау бастауыш бiлiм, Құран мектебi (Қасиеттi кiтапты оқу, жазу және есептеу); парсы мектебi (есеп, парсы тiлiндегi Саади, Хафиз поэзия үлгiлерiн оқу және жазу); парсы тiлi және Құран мектебi (алдыңғы екi мектептер бағдарламасы бойынша); ересектерге арналған араб мектептерi (Құранды талдау және оқу, парсы дәстүрiндегi әдеби бiлiм оқушыларға жүйелi исламдық бiлiмдер берген).

Мұсылмандар жоғары бiлiмдi медреседе және монастырлық оқу орындарында - даргабахта алатын. Ең iрi даргаб Делиде, медреселер Хайрабадта, Жампурада, Фирозабадта болып, XVI-XVII ғ.ғ. бұл оқу мекемелер ағарту орталықтарына айналып, атақтары көршiлес мемлекеттерге кең тараған.

Медреселерде оқу парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мұсылман-студенттер араб тiлiн оқыды. Оқу бағдарламаларына грамматика, риторика, логика, дiнтану, метафизика, әдебиет, заң негiздерi кiредi.

Оқыту көпшiлiгiнде ауызша жүргiзiлгенiмен, кейiн келе оқу әдебиеттерiнiң көбеюiне байланысты студенттер өздiгiнен бiлiмдерін толықтырып отырды.

Үндістандағы ортағасырлық мұсылмандардың бiлiм берудi реформалауы XVI ғасырға жатады. Оның басы-қасында ұлы Могол әулетiн құрған Бабыр (1483-1530 ж.ж.) мектептерінің алдына қойған басты мақсаты – мемлекетке шын берiлген қызметкерлер даярлау едi. Бұл ұстанымды император Акбар (1542-1605 ж.ж.) және оның сенiмдi кеңесшiсi Абдул Фазл Аллами (1551-1602 ж.ж.) бiлiм беруде және тәрбие жүйесiнде одан әрi жетiлдiрiп отырды.

Император Акбар зайырлы ғылым оқу жоспарларына арифметика, алгебра, геометрия, медицина, агрономия, басқару негiздерi, астрономия пәндерiн енгізіп, мiндеттi түрде оқытуға тапсырма берген.

Акбар мен Алламидың жоспарлары бойынша кастылары мен дiни сенiмдерiне қарамай оқушылардың бiркелкi зайырлы бiлiм алуларына жағдайлар жасауға талпынды. Бiрақ, материалдық-педагогикалық алғышарттардың болмауы, нақты бақылау жүргiзiлетiн бiлiмдi адамдардың аздығы белгiленген жоспарларды iске асыруға мүмкiндiк бермеді.

Қытай тарихында ортағасырлық дәуiр б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтан XIX ғасырдың аяғына дейiнгi кең мағыналы кезеңдi алады. Бұл дәуiр бiрнеше кезеңдерге бөлiнiп, педагогикалық ойлар мен мектеп iстерiне байланысты біраз жетістіктерге қол жеткізді.

Мәселен, Цинь патшалығы (б.з.д. II ғасыр) кезiнде жазу таңбалары азайтылып, хат тануды, оқытуды жеңiлдеттi. Орталықталынған бiлiм беру жүйесi жасалынып, үкiметтiк және жеке меншiктi мектептерде бiлiм берiлдi. Бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейiн жұмыс жасады.

Хань патшалығы (б.з.д. II ғасырдан ж. з. II ғасыр аралығы) кезеңiнде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтердi. Бұл кезеңде үш сатыдан тұратын бiлiм беру жүйесi – бастауыш, орта және жоғары мектептердiң бет-бейнесi айқындалып, оқытуда үлкен жетiстiктерге жеткен. Iрi қалаларда бiрiншi жоғары оқу орны мемлекеттiк мекеме деп есептелiп, ауқатты отбасылардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер бiлiм алды.

Хань дәуiрiндегi тәрбие мен бiлiм берудiң идеологиясы – Конфуцийдiң саяси-әлеуметтiк iлiмi болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретiнде жүргiзiлдi. Бұл пәндердің толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсiнуді қамтамасыз етті. Курсты бiтiргеннен кейiн білім алушылар емтихан тапсырып оларға ғылыми дәрежелер берiлетiн. Бұл мектептi бiтiрген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын.

Біздің дәуіріміздің III-Х ғ.ғ. ортағасырлық Қытайда мәдениет пен бiлiм беру деңгейi көтерiлiп, “алтын ғасыры” аталып, онда оқу мекемелерiнiң саны өстi. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттiк емтиханға әлеуметтiк жағдайларына қарамай тiлек бiлдiрген әрбiр адамдар жiберiлдi.

Жоғары оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдiң бес классикалық трактаттары бойынша: “Өзгерiс кiтабы”, “Этикет”, “Көктем және күз”, “Поэзия кiтабы”, “Тарих кiтабы” берiлдi.

“Алтын ғасырдың” аяғында бiлiм беру жүйесi практикалық қажеттiлiктi өтей алмайтын күй кештi. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан бiлiм берудегi дағдарыстарды жою қажеттiлiгi туды.

Қытайдағы тәрбие мен бiлiм берудегi дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Си (1130-1200 ж.ж.) Конфуций идеясын жетілдіруді көздеді.

Монғол әулетi Юань (1279-1368 ж.ж.) кезiнде дәстүрлi қытайлық тәрбие және оқыту жүйесiмен қатар моңғол мектептерi мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы арқасында математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.

Қытайдың ортағасырлық бiлiм беру тарихында, әсiресе, Мин әулетi (1368-1644 ж.ж.) басқару кезеңiнде жалпыға бiрдей бастауыш бiлiм беру мәселесi көтерiлiп, элементарлық оқу орындарының саны өстi. Пекин мен Нанкинде жоғары әкiмшiлiкке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады.

Манчжурлық Цин әулетi (1644-1911 ж.ж.) кезiнде бiлiм беру саласында өзгерiстер болмай, тәрбие мен бiлiм беру тоқырауға ұшырады. Бiлiм гуманитарлық бағдар алып, сырт өмiрмен қатынасын үзiп, көршiлес және алыс елдер жайлы оқушылар ешқандай ақпараттар алмады. Балалардың санасына “Қытайдан басқа дүние жоқ” деген сенiмдердi қалыптастырды.

Ұл балаларды сауаттануға оқыту 6-7 жастан басталып, мемлекеттiк мектептерде аздаған қаражатқа оқыды, оқу 7-8 жылдарға созылды. Қыз балалар үйлерiнде тәрбиелендi, ал ауқатты отбасыларында мұғалiмдердi жалдап оқытса, кейбiреулерi жеке меншiктi мектептерге балаларын оқуға бердi.

Оқытудың алғашқы кезеңдерiнде 2-3 мың иероглифтердi (әрiптердi) жаттап алулары тиiс едi. Бастауыш мектепте емтихан тапсырғаннан кейiн, мектептің келесi сатысында бiлiмдерiн жалғастырады. Оқу бағдарламаларына философия, әдебиет, тарих, стилистика енгізiлдi. Оқу құралдары ретiнде Конфуцийдiң “Төрт кiтапшасы” мен “Бес кiтапшасын” пайдаланды.

 

 

Тақырып-5. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие(ХҮІІғ орт-ХҮІІІғ аяғ)

Жоспар:

1. Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар.

2. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар.

3. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.

4. Мектепте білім берудің дамудың тенденциясы және оқу ағарту мекемелерінің жаңа тиіптері.

 

Ортағасырлық дәуiрдiң басы Батыс Еуропадағы Рим империясының құлауымен байланыстырылады. Оның өрбу кезеңдерiV ғасырдан бастап Х ғасыр – ерте ортағасыр, ХI-ХIII ғ. ғ. – дамыған орта ғасыр, яғни Қайта өрлеу дәуiрi деп бөлiнедi.

Ерте ортағасырдағы шiркеу мәдениетiнiң дамуы жүйелi бiлiм беру iсiне, мектептiң пайда болуына тiкелей ықпал жасады. Бұл кезеңдегi бiлiмнiң ұстаған бағыты – шiркеудiң догмалық идеяларын тарату болды.

Бiрiншi рет шiркеу оқу бағдарламасын дайындау қажеттiлiгiн, онда христиан дiнiнiң қағидаларын оқыту мәселесiн көтерген философ және кейiнгi антикалық дiнтанушы Аврелий Августин (Блаженный Августин (353-430 ж.ж.)) едi.

VII ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ирландияда монахтардың белсендiлiгi арқасында алғашқы шiркеу мектептерi ашылды. Монастырлық мектептерде бiлiм мазмұны Августиннiң шығармалары негiзiнде құрылды. Сонымен бiрге монастырь жанындағы мектептерде ежелгi қолжазбалар сақталғандықтан, олар оқу құралдары ретiнде пайдаланылды. Оның бiлiм бағдарламалары әлемдiк бiлiмдермен толықтырылып, христиан дiнiн уағыздауға көмегi тиетiн пәндер: тiлдердi игеру, тарих, диалектика, риторика, математика негiздерi оқытылды.

Мектептерде А.Августиннiң философиялық iлiмдерiмен қатар, христиан дiнiне сай келетiн Платон және оның шәкiрттерiнiң шығармалары оқытылды.

Ерте ортағасырдағы монастырлық және кафедралық мектептердегi адамгершiлiк тәрбиеге ерекше назар аударылды. Дiни тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу, дiни шығармаларды оқу, дiндi уағыздау басты орын алды.

Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес жыл бойы бастапқы деңгейде оқу, жазу, есептеу, ән айту пәндерi оқытылды; орта деңгейде – латын грамматикасы, риторика және диалектика; жоғары деңгейде – “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерi оқытылды.

Монастырлық мектептердiң шарықтау шегiIХ ғасырдағы франк королi ұлы Карлдың басқару кезеңiмен ұласады, оның жарлығымен әр шiркеу жанынан мектептер ашылды.

Франк королi ұлы Карлдың мектеп реформасын iс-жүзiне асыруға үлес қосқан қайраткерлердiң бiрi – ағылшын-саксон ғалымы Туре Коласнидағы (Франция) монастыр мектебiнiң жетекшi қызметкерi Альбин Алкуин (735-804 ж.ж.) болатын.

Жазған еңбектерiiшiнен “Ғылымды зерттеу жайлы хат” шығармасында жалпыға бiлiм беру және оған мұғалiмдер даярлау мәселелерiн көтерiп, антикалық бiлiм беру жүйесiнiң ұмытылып бара жатқанын, алдыңғы қатарлы елдердiң мәдени жетiстiктерiн бiлуге, олардан үлгi алуға талпыну қажеттiлiгiн дәлелдедi.

Монастырлық мектептерде антикалық, эллиндiк, римдiк дәуiрлердегi классикалық шығармалар оқылды. Сөйтiп, ұлы Карлдың басқару кезеңi тарихқа Каролингтiк Ренессанс кезеңi деп ендi.

Каролингтер ұрпақтарының соңғы ел басқаруының дәуіріндегі мектеп жұмыстарына көңiл аудармаудан барып ағарту iсi төмендеп кеттi. Ерте ортағасырдағы мектептердiң ХI-ХIII ғасырларда антикалық даму бағытының өзгеруi дамыған ортағасыр кезеңiнде Батыс Еуропада саяси ортақталынған билiк монахтардың қолдарында шоғырлануына байланысты болды. Қоғамның саяси және рухани өмiр тiршiлiгiнде дiни философияның жаңа түрi – схоластика өмiрге ендi. Схоластика Аристотельдiң формалды логикасына және құдайға табынуға бағдарланған мәдениеттiң жаңа типiн жасауға ұйтқы болды. Бұл бағдардың тұрақтануында басты рөл атқарған белгiлi философ және дiндар Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) болатын.

Ол өзiнiң шығармаларында шiркеу дәстүрiне жаңаша сипаттама беруде, бiлiмдi құдайға сенумен ұштастырғанда Аристотельдiң этикасына сүйендi. Көптеген жылдар бойы Ф.Аквинскийдiң шығармалары жоғары типтi еуропалық мектептерде құдайға құлшылық ету пәнiн оқытуда негiзгi құрал ретiнде пайдаланылды.

Схоластиканың дамуы және оған оқу орындарының бейiмделуi ескi шiркеу мектептеріндегi бiлiм беру деңгейiн әлсiреттi, оларда оқылатын грамматика мен риторика пәндерi формалды логикамен, жаңа латын тiлдерiмен алмастырылып, сабақ кестесiнен ығыстырылды.

Мектептердегi оқу 6-8 жылдарға созылып, алғашқы екi жылда оқушылар аздап философияны оқыса, келесi екi жылда құдайға құлшылық ету, шiркеу тарихы мен құқығы, қалған екi жылда құдайға табыну тереңдетiле оқытылады. Тыңдаушылар 13 жыл оқудан кейiн бакалавр дәрежесiн алып, одан әрi құдайға табыну магистрында оқуларын жалғастырады.

Ортағасырлық университеттер бiрнеше заң, медициналық және құдайға табыну сияқты факультеттерден құралды, жоғары бiлiмдi ғалымдарды даярлап, оларды өздiктерiнен бiлiмдерiн жетiлдiруге, ғылымды дамытуға үлес қосуға талаптандырды.

Дүниежүзi мәдениетi мен педагогикалық ойлардың тарихында ерекше орын алатын кезең – кейiнгi Еуропалық ортағасыр, яғни гуманистiк идеяларды дәрiптеген Қайта өрлеу дәуiрi (ХIҮ ғ. аяғы ХҮII ғ. басы) деймiз.

Еуропаның зиялы қауымы жер бетiндегi басты құндылық – адам, адамның бойындағы жақсы қасиеттердi дамыту үшiн тәрбиенiң жаңа формалары мен әдiстерiн пайдалану қажет деп есептедi. Қайта өрлеу дәуiрiнiң жаңа идеологиясы әрбiр адам өзiне сенiп, өзiнiң күш-қуатына, ақыл-парасатына сүйенуi тиiс деген пiкiрдi ұстанды.

Гуманистiк педагогика көптеген мемлекеттердiң ұлттық сана-сезiмдерiнiң оянуына байланысты тамырын кең жая бастады. Педагогикалық ойлардың жандануына объективтiк жағдай - өнер, әдебиет, ғылыми бiлiмдердiң қарқынды дамуы бiрден-бiр себепшi болды. Мәдениет пен бiлiмнiң кеңiнен тарауы ХҮ ғасырдың орта шенiнде қоғамды кiтап басуға, өнертапқыштыққа бет бұрғызды.

Гуманистер антикалық Греция мен Римнiң мәдениетi мен бiлiм беру дәстүрлерiн қайта жандандыруға, оларға ұқсап бағуға ұмтылған гуманистер өз мезгiлiн “Қайта өрлеу” деп атады. Сондықтан да Италияның өзiн де еуропалық қайта өрлеу бесiгiне жатқызамыз .

Х-ХI ғасырлардағы Италияндық гуманистер Л.Альберти (1404-1472), А.Бруни (1370-1444), В. да Фельтре (1378-1446), Б.Гуарини (1374-1460), т.б. азаматтық тәрбие идеясын, денесi мен рухы дамыған, еңбектану iс-әрекетiнде тәрбиеленген жастарды қалыптастыруды ұсынды. Олар грек-рим классикалық мәдениетiн тыңғылықты зерттеп, құнды педагогикалық идеяларды жастарды тәрбиелеуге пайдалануды алдарына мақсат етiп қойды.

Италияндық ойшылдар Квинтиллианның педагогикалық идеяларын үлгi ретiнде қабылдады. Қайта өрлеу дәуiрiндегi италияндық гуманистер арасындағы римдiк педагогикалық идеяларды қолданушылардың бiрi – Томазо Кампанелла (1568-1639) болды. Ол жазған бiрнеше трактаттарының iшiндегi педагогикалық мәселелердi көтерген еңбегi – “Күн қаласы” атты шығарма болатын. Оның трактаттарындағы басты педагогикалық идея – кiтапты жаттау емес, кең энциклопедиялық бiлiмдiк, баланың табиғи ерекшелiгiн ескеру, бейiмiн арттыру.

Күн балалары ғылыммен айналысып, тарихты зерттеп, дәстүр мен әдет-ғұрыпты ұстаулары тиiс. Күн қаласы балаларды әсемдiктi, адамдағы табиғи сұлулықты, өнерге деген сүйспеншiлiктi тәрбиелеуге бағыттайды. Мақсатты тәрбиелеудiң арқасында күн балалары дене-күшi мығым, сырт пiшiнi сымбатты болды. Мемлекеттi басқару iсiне Кампанелла өте бiлiмдi, алғыр, алдын болжай алатын азаматты тартудыұсынды.

Ол мектепте қыздар мен ұлдарды бiрге оқыту, оқу, жазу, математика, тарих, география және жаратылыстану пәндерiн меңгерту, оларды қолөнерiне үйретумен қатар гимнастика, жүгiру, диск лақтыру, әртүрлi қимыл-қозғалыс ойындарымен шұғылдану қажет дедi. Мәселен, бала жетi жасқа дейiн ана тiлi мен гимнастикамен айналысса, 7-10 жас аралықтарында жаратылыстану ғылымымен, ал 10 жастан бастап математика, медицина және басқа ғылымдармен танысуға тиiс.

Оқу құралы ретiнде ол ғылыми танымдар қысқаша және түсiнiктi байымдалған “Даналық” оқулығын пайдаланды.

Кампанелла балаларды мiндеттi түрде қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру қажет, олардың шеберханаларда және егiс даласындағы алған практикалық әдет-дағдылары, еңбек құралдарымен жасалған жұмыс нәтижелерi, оларды өмiрге дайындайды деп тұжырымдайды.

Италиядағы қайта өрлеу идеялары көршiлес Франция мемлекетiндегi мектептерде пайдаланыла бастады. Париж университетi гуманизм идеясын таратушы орталыққа айналды. Сөйтiп гуманизм идеясы Орталық және Солтүстiк Еуропада жайыла бастады.

Француздардың қайта өрлеу дәуiрi өкiлдерi арасынан шыққан белгiлi ағартушылар Франсуа Рабле (1494-1553 ж.ж.) және Мишель Монтень (1553-1592 ж.ж.) педагогикалық ойлар мен мектеп практикасын дамытуға мол үлес қосты. Мысалы, Ф.Рабле ортағасырлық тәрбие және бiлiм жүйесiн сынады, гуманистiк тәрбиенiң мұратын жоғары бағалай келiп, оның мақсаты – жеке тұлғаны рухани және дене күшiн дамыту жағынан жан-жақты болуы керек деп есептедi.

Ф.Рабленiң “Гаргантюа” романындағы кейiпкерi – Гаргантюаны күштi, жан-жақты тәрбиеленген және бiлiмдi адам ретiнде қалыптастыруға тәрбиешiсi мүмкiндiктердiң бәрiн қолдануға ұмтылады, кiтап оқытып, оның мазмұнын талдау әңгiме түрiнде жүргiзiлiп, Гаргантюаның адамгершiлiк сана-сезiмiн оятуға талаптанады. Ол латын тiлiн, арифметика, геометрия, астрономия, музыканы оқытуды ойын түрiнде ұйымдастырады. Оқу сабақтары ойынмен алмастырылып, роман кейiпкерi таза ауада дене шынықтырумен және гимнастикамен айналысады. Сонымен бiрге ол атқа мiну, қылыштасу, күресу, жүзу және салмақ көтерумен арнайы жасалған кесте бойынша шұғылданады, кешкi мезгiлде аспан әлемiн қадағалап, жұлдыздардың орналасу тәртiбiне көз салады. Жауын-шашынды күндерi отын жарып, үй шаруашылығымен айналысып немесе қолөнершiлердiң еңбегiмен және саудагерлердiң тiршiлiгiмен танысады.

Ал Мишель Монтень “Тәжiрибе” деген еңбегiнде адамды ең жоғары құндылық және өзiндiк жеке-дара табиғи ерекшелiгiмен сипатталынатын тiршiлiк иесi деп санаған. Ол тәрбие мен оқыту қалай ұйымдастырылуы керек? деген сұраққа жауап iздеп, мектепте оқушы көп сөйлесiн, ал мұғалiмнiң көп тыңдағаны дұрыс дейдi. Оқушы айналасын, қоршаған дүниенi зерттеп тексерсiн, тек тыңдаумен тынбасын қоршаған ортамен байланысын кеңейтiп, оқыту барысында рухани құндылықтармен танысып, мiнез-құлқын тәрбиелеуге ынталы болсын деген пiкiрдi ұсынады. Қайта өрлеудегi гуманистiк-педагогикалық қозғалыстар Италия мен Франциядан басқа Еуропалық елдерге тарады.

Гуманистiк қозғалыстың өкiлдерi Эразм Роттердамский (1467-1536),Томас Мор (1478-1533), Жуан Луис Вивес (1492-1540), Александр Гегиус (1468-1489), Яков Вимпфелинг (1450-1522) т.б. жастарды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерiне байланысты көптеген құнды кеңестер бередi. Сөйтіп педагогика тарихына өз үлестерін қосты.

Солардың iшiндегi халықтар санасында қалған ерекше тұлға – ағылшын ойшылы Томас Мор. Оның жасаған утопиялық тапсыз қоғам орнату жобасында барлық азаматтарды мiндеттi түрде өндiрiстiк еңбекке қатыстыру және оны жалпыға бiрдей бiлiм берумен ұштастыруы ұсынылды. Өндiрiстiк еңбек мамандықтарға бөлiнiп, жастар балалық шақтан таңдаған кәсiбiне байланысты бiлiм алып, еңбек дағдыларын игеруге тиiс делiнедi.

Т.Мор “Утопия” шығармасында жеке тұлғаны жан-жақты дамыту теориясын ұсынып, қоғамдағы әлеуметтiк мекемелердi құру мақсаты әрбiр жасөспiрiмнiң рухани күш-қуатын дамытуға жағдай жасау, ғылымдарды және өнердi игеруге бағыттау деген пiкiр айтады. Ол жастардың бойында мейiрiмдiлiк, еңбексүйгiштiк, ұстамдылық, адамгершiлiк сияқты биiк әлеуметтiк және жеке үлгiлi қасиеттер болуы қажет. Ақыл адамның бүкiл өмiрi бойында әрбiр iс-әрекетiне басшылық жасайды. Тек бiлiмдi адам ғана бақытты болмақ, еңбектену бақытқа апаратын басты жол деп есептейдi. Еңбектену, утопиялықтардың пiкiрiнше, оқуға, музыка тыңдауға, ғылыми iзденіске кесiрiн тигiзбейдi.

“Утопияда” ер және әйел адамдар жынысына қарамай бiрдей бiлiм алғанда, қоғамда тұрақтылық орнайды делiнедi. Бiлiм берудiң мемлекеттiк мектептерде жүргiзiлуi, мектеп бiлiмi практикалық тәжiрибелерге негiзделуi талап етiлдi.

ХI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада реформациялау қоғамдық қозғалысы кең етек жайды, бұл қозғалыс римдiк-католик шiркеу идеологиясына қарсы күрес жүргiздi. Реформаторлар ұстанған бағытта әсiресе адам табиғаты мен оны тәрбиелеу жолдарын қарастыруда қайта өрлеу гуманистерiнің қөзқарастарынан елеулi өзгешелiктер болды.

Реформаторлар адамның жеке-даралығын, дербестену ұстанымын дәрiптедi, оның “өзiндiк” қасиетiн дамытуға, соның iшiнде құдай алдындағы жеке жауапкершiлiк мiндетiн тәрбиелеуге назар аударуды талап еттi. Реформаторлардың қайта өрлеу өкiлдерiне жақындығы, адамның жеке болып тәрбиелеудегi талпыныстарының бiрегейлiгiнде – бұл жастардың ұлттық мәдениетке, тiлге, әдебиетке сүйспеншiлiктерiн көтеру және әлемдiк деңгейде бiлiм алуына қолдау талаптарынан байқалды.

Реформациялық қозғалыстың көшбасшысы Томас Мюнцер (1490-1525) ескi мектептiң орнына жаңа мектептi құрудың және оның халық ағарту саласындағы дәрежесiн көтерудiң арнайы оқу бағдарламасының жобасын жасады. Реформацияның педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ерекше еңбек еткен ойшылдар Жан Кальвин (1509-1564), Мартин Лютер (1483-1546), Филипп Меланхтон (1497-1560) және т.б. болды.

Француз реформациясының басты идеологы Ж.Кальвин католик шiркеуiне қарсы тұрып, адамдардың дiни санасын шiркеуге бармай-ақ Библияны өздiктерiнен оқып, ой елегiнен өткiзiп қалыптастыруға болады деп есептейдi.

Германиядағы реформацияның “әкесi” аталған Мартин Лютер қайта өрлеу кезiндегi гуманитарлық бiлiмнiң қажеттiлiгiн мойындағанымен, қоғамның бай және орта ауқатты адамдары, толық бiлiм беретiн болашақ дiни қызметкерлер, мұғалiмдер, соттар және т.б. протестанттық толық бiлiм беретiн мектептерде оқуы тиiс, қалған адамдардың элементарлық бiлiмдер алуларына жағдай туғызуымыз керек деп есептедi. “Балаларды мектепке апарудың қажеттiлiгi туралы” трактатында Лютер билiк басындағы шенеунiктер баласын мектепке бермеген ата-аналарды тәртiпке шақыруды, мектепке баласын жiберуге жауапты болуын талап еткен.

ХII ғасырдан бастап жаңа заман дәуiрi бастау алғанымен, әлеуметтiк-экономикалық құрылым және орта ғасырдың рухани өмiр ерекшелiктерi негiзiнен сақталды. Сондықтан кейiнгi орта ғасыр дәуiрi халық тұрмысына небiр қиындықтар туғызды.

Жаңа заман дәуiрiнiң тууына бiрден бiр себепшi болған көлемдi тарихи жағдай католиктер мен протестанттардың дiни қарама-қайшылықтарының нәтижесiнде 30 жылдық соғыстың (1618-1648) басталуы әлеуметтiк-саяси жағдайды одан да бетер ушықтыра түстi. Жаңа заман дәуiрiнiң басында мектеп жұмыстарының ахуалы реформация дәуiрi кезеңiнен айырмашылығы шамалы болып, ХII-ХIII ғ.ғ. бұрыннан қалыптасқан латын мектептерiнде оқу тұрақтанып жетiлдiрiлдi. Латын мектептерiнiң аттары да әрқалай: гимназия (протестанттық елдердегi немiс тiлi); коллегия (Франция); грамматикалық мектептер (Англия) деп аталды. Бұл мектептердегi оқушылар гуманитарлық және нақты бiлiмдердi антикалық, оның iшiнде Римдiк әдеби мұраларынан алуымен қатар, латын тiлiн оқуға ерекше орын берiлдi. Католик және протестанттардың латын мектептерiндегi оқу үрдiстерiн ұйымдастыруда ұстанған дiни бағыттарына қарай айырмашылықтары болды. Латын мектептерiнiң бiлiм мазмұндарында оқушылардың сөйлеу мәнерiн дұрыс қисынды ойластыра бiлуде және латын тiлiн құрал ретiнде пайдалану барысында латын тiлiнiң грамматикасы ана тiлiмен байланыстырыла оқытылды. Жоғары типтi мектептердiң оқу бағдарламаларында ана тiлi және француз тiлдерi енгiзiлсе, соңғы тiл халықаралық тiл ретiнде есептелiндi. Жоғары типтегi мектептердiң оқу үрдiстерiне жаңа пәндер – математика, тарих, жаратылыстану, астрономия, жағрапия және т.б. жүргiзiлдi.

ХII-ХIII ғасырларда бiлiм берудi ұйымдастыруда рыцарлар мен ақсүйектердiң балаларын оқытатын академиялар көбейе бастады. Батыс Еуропа елдерiнде 30 жылдық соғыстан кейiн көптеген қалалар мен қалалық сословиелердың тұрмыс-тiршiлiк дәрежелерiнiң төмендеуi, дворяндардың қоғамдағы рөлiнің жоғарылауы, олардың латын мектептерiндегi балаларының қала тұрғындарының балаларымен бiрге оқуларына қарсылық туғызды.

Ақсүйектерге арналған оқу орындарындағы бiлiм мазмұндарының алдындағы мақсат – “бiлiмдi адамдар” даярлау және оқылатын пәндер: француз, шамалы италия және испан, кейiннен қосылған ағылшын тiлдерi; жалпы тарих, құқық тарихы, мораль және логика; сәулет, құрылыс және әскери дайындықта математика мен механиканы практикалық тұрғыда пайдалану болды.

“Рыцарлық өнерге” ерекше назар аударылып, атқа мiну, қылыштасу, би, доп ойындары және т.б. дене шынықтыру жаттығулары пайдаланылды. Отыз жылдық соғыс кезiнде, одан кейiн де ауылдық жерлер мен кiшi қалалар қатты зардап шеккендiктен, кейбiр халық мектептерi жабылып қалған болатын. Олардың жұмысын жалғастырған немiс протестанттық халық мектептерi қиындыққа қарамай, балаларды оқытуды жалғастырып, құнды-құнды тәжiрибелердi жинақтап, жалпыға бiрдей және ана тiлiнде оқыту, оқушыларды нақты бiлiмдермен қаруландыру, оқу үрдiсiн тәртiпке келтiру мәселелерiн алға тартып, мұғалiмдер мен оқушыларға арнап дидактикалық оқулықтар жазды.

Германияда жаңа заман педагогикасының негiзiн қалаушылардың бiрi ретiнде Вольфганг Ратке (Ратихий) (1571-1635) саналады. Немiс жерiнде бiлiм беру жүйесiне реформа жасауда мектептегi тiлдi оқытуды реформалау, мектептi басқару жүйесiн реформалау, саяси және дiни бағыт-бағдарламаларды реформалау мәселелерiне басты көңiл бөлiндi.

В. Ратке мектептерде ана тiлiн және басқа пәндердi де ана тiлiнде оқытуды қажет деп санап, оқушылар шетел тiлдерiн өз ана тiлiн игергеннен кейiн ғана оқытуды талап еттi. Өзiнiң жалпы дидактикалық және әдiстемелiк идеяларын В.Ратке “Ратихия амалы бойынша жалпыға бiрдей оқыту” деген еңбегiнде дәлелдеп, оған қоса мектептi басқару iсiн қарастырып, көптеген еуропалық тiлдер, логика мен метафизикаға байланысты оқулықтар жазды. Оның дидактикалық идеялары негізінен материалистік сипатта болды. Ол бала санасы- қажет нәрсені жазатын таза тақта деп санады. В. Раткенің пайымдауынша, таным екі сатыдан тұрады: сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдау және осы құбылыстарды ақылмен өңдеу. Оқытуда индукция мен тәжірибеге сүйену қажет деп есептеді. Әрбір адамға бақытты өмір сүру үшін педагогикалық білімдер керек деп қорытты. Ана тілінде сауаттылыққа үйретуде дыбыстық әдісті қолдады. Халық үшін мектепті көбейтуге тырысты. Ана тіліндегі бастауыш мектепті жақтады. Оқытудың негізі- дін дей отырып, мектепті ашу құқығының тек шіркеуде болуына қарсы шықты. Мұғалімдердің жақсы материалдық және қоғамдық жағдайымен қамтамасыз етілуі қажет деп білді.