Сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы:Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері.

 

№ 1-жұмыс.Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу (№ 1- сабаққа арналған әдістемелік нұсқауды қара).

№ 2-жұмыс. Жүйке-бұлшық еттік препаратты және көлбақаның оқшауланған балтыр бұлшық етінен препаратты дайындау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 149 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 73-75 б.).

Жұмыс №2 Жүйке- бұлшықет препаратын дайындау және бақаның балтыр бұлшықетінен препарат дайындау

Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет.

Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады.

Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа

Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.

Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.

Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.

Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.

Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер

 

 

№ 3 Жұмыс.Схема сызбасы:

 

 

 

 

Құрбақаның қозғалмауы-бас және арқа миының бұзылуы.

Жүйке-бұлшықеттік препараттың дайындау кезеңдері.