ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Абсолюттік монархия - шексіз монархия.

Әлеуметтік норма - қоғамдық манызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.

Басқару нысаны - қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуы.

Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.

Достық - сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.

Демократиялық режим - барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықта болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы.

Диспозиция - құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелері.

Империя - мемлекеттің күш қолдану арқылы біріктіру.

Конституциялық монархия - шектелген монархия.

Креационизм - әлемнің барлығын құдайдын жаратуымен түсіндіреді.

Конфедерация - бір біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы.

Конституция - мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы.

Консолидация - кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.

Құқықтық мемлекет - мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарының арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқытарының тиімді қорғалуы.

Құқық - әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

Құқық қағидалары - қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасыу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы.

Құқықтық идеализ - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау.

Құқықтық нигилизм - құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көз қарас.

Мемлекет - арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін басқаруды іс жүзіне асырайтын арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.

Мемлекет нысаны - мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сынарларының мәндік жиынтығы.

Мемлекеттің құрылым нысаны - мемлекетте биліктің территориялық кеңістікте ұйымдасуы және іс жүзіне асырылуы.

Мемлекеттің функциялары - оның алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын іс жүзіне асырудың негізгі бағыттары.

Ңұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжей көрсететін нормативтік-құқықтық кесім.

Объект - құқық бұзушылы қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы.

Плюрализм - көппікірлілік.

Реципроктлық- коллективті түрде өндірілген өнімнің бәріне ортақ болуы.

Редистрибуция- жиналған барлық өнімнің қоғам мүшелері арасында тең бөлінуі.

Республика - жоғары мемлекеттің биліктің қалыптасуы сайлау арқылы белгілі бір мерзімге дейін құрылады.

Романо-германдық құқықтық жүйе - тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативті құқықтық кесімдердің қабылдануы.

Регламент - қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.

Саяси режим - мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері.

Санкция - мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкешіліктін түрі.

Субъект - жауапқа тарту қабілеттілігі бар, құқық бузушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамда айтады.

Унитарлық- мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы.

Федерация - бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттік субъектілердің болуы.

Функция- орындау деген мағынаны білдіреді.

Эволюция теориясы - әлемнің пайда болуы Үлкен жарылыс теориясымен түсіндіріледі.

Әрекет– адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі.

Әрекетсіздік- адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.

Жер қоры– мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Мемлекеттік баж - уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Салық- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.

Төлемақы- мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Қылмыстық құқық - жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыс– қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз