ХV. Тақырыбы: Сақтандыру құқығының негіздері.

Мақсаты:сақтандырудың және сақтандыру қызметінің түсінігін ашып және сақтандыру құқығын сақтандыру институты ретінде қарап, түсінігі мен пәнін анықтап және сақтандыру элементтері мен түрлерін, нысандарын жекелеп қарау.

Жоспар:

  1. Сақтандыру құқығының түсінігі, кезеңдері.
  2. Сақтандыру құқығының түрлері, кластары.
  3. Сақтандыру құқығының субъектілері және жасалу шарттары.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:сақтандыру ұйымы, сақтандырушы, сақтанушы, сақтандыру сомасы, пайда алушы, сақтандыру қызметінің субъектілері, сақтандыру ережелері.

Негізгі мазмұны:

Сақтандыру адамзатпен бірге туып, дәл соншама өмір сүріп келеді деуге болады.Жеке адамның бастапқыда өзін өзінің сақтау инстинкті ретінде аңғартылған болашағын қандай да бір жолмен қамсыздандырып ,оны қолайсыз жағдайлар мен сол жағдайлардың нәтижелерінен қорғап қалудың стихиялы әректтерінен бастап, сақтандыру өз қалыптасуының әр түрлі сатыларынан өтіп өзінің қазіргі жағдайына жетті.

Өзінің шығуы бойынша сақтандыру институты стихиялы,шаруашылық ету кезіндегі материалдық жоғалтылулардың экономикалық құбылысына «автоматты» реакция болып табылады. Сақтандыру сөзінің орыс этимологиясының әлем елдерінің көпшілігінде қабылданған ағылшын этимологиясынан өзгеше екендігін айта кеткен жөн.Орыс тіліндегі страхование сөзінің төркіні страх («қорқыныш») сөзінен шықса, ағылшын тілінде ол қорғау сөзінен туындайды.Біздің көзқарасымыз бойынша аталған жәйт бұл категорияның ішкі мазмұнына ешқандай әсерін тигізбей, тек қана мәдени-тарихи себептерімен түсіндіріледі.Сақтандыру - өз активтері есебінен сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде заңды немесе жеке тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешенді қатынастар.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының ,заңнамасының және сақтандыруды бақылаудың дамуындағы келесі кезеңдерді бөліп айтуға болады:

- заң шығарушы базаның болмаған кезіндегі стихиялы нарық кезеңі (1989-1992 шілдесі);

- либералды-нарықтық сақтандыру заңнамасы және сақтандыру компанияларының жаппай құрылу кезеңі (1992 шілде – 1993 сәуір);

- ұлттық сақтандырушыларды протекционистік қорғау және шетелдік капитал үшін ішкі сақтандыру нарығының жабылу кезеңі (1993 сәуір – 1995 қазан);

- мемлекеттік сақтандыруды қадағалаудың қалыптасуы, міндетті сақтандырудың бірқатар түрлерінің заңды түрде енгізілуі, нарықтың шетелдік капитал үшін жартылай ашылуы кезеңі (1995 қазан – 1999 шілде);

нарықты шетелдік сақтандырушылар үшін ашу, Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкісінің қадағалау рөлінің нығаюы кезеңі (1992 шілде –осы уақытқа дейін).

Сақтандыру құқығы әдісіне қарай: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді. Императивтік әдісі бұл міндеттеу әдісі болады. Диспозитивтік әдіс бұл ерікті әдіс болып келеді. (А.И. Худяков «Страховое право Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).

Сақтандырудың түрлері:міндеттілік дәрежесі бойынша ерікті және міндетті болып бөлінеді.

Сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік болып бөлінеді.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. (В.В. Шахова, В.Н. Григорьева, С.Л. Ефимова «Страховое право» оқулығын қараңыз).

Сақтандыру кластарына мыналар жатады:

− сәтсіз оқиғалардан және ауралардан сақтандыру;

− медициналық сақтандыру;

− автомабиль көлігін сақтандыру;

− темір жол көлігін сақтандыру;

− әуе көлігін сақтандыру;

− су көлігін сақтандыру;

− жүктерді сақтандыру;

− көлік пен жүктерді қоспағанда мүлікті сақтандыру;

− кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

− автомабиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

Сақтандыру қатынасында сақтанушы және сақтандырушы тұлғалар субъектілер болып табылады.

Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) тегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады. (А.И. Худяков «Страховое право Республики Казахстан» оқулығын және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қараңыз).

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексті қараңыз).

Сақтандыру шартының сиппаттамаларын қарастырайық. Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827 бабына сәйкес, сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезден бастап,ал оны бөліп –бөліп төлеу қарастырылса бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетіні түсінікті.

Сақтандыру шартыны консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілері берілуі мүмкін.

Сақтандыру шарты өзара шарт,оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек,ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы.Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндетті орындалуын талап ете алады.

Сақтандыру шарты- ақылы шарт , тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады,ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда алушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді.

Сақтандыру шартының ақылылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді.Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.

Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалады.

Сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар жататындығы туралы қорытынды жасауға болады,олар:

− сақтандыру объектісі;

− мүмкін болатын сақтандыру жағдайы;

− сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері;

− сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері,оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері;

Қорытынды:

Біздің елімізде сақтандыру қызметі дамып келеді. Сақтандыру деңгейінің дамуы бұл қоғамның мәдениетінің даму көрінісі.

Қазақстан мемлекетінің экономикасы дамуына қарай біздің мемлекетте сақтандыру ұйымының өсуі және сақтандыру заңдарының молайып дамып жатқанын көруге болады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Сақтандыру құқығын түсіну үшін негізгі түсініктерінен маңыздылығына назар аудару қажет. Теориялық жағын білімді нығайту үшін сақтандыру құқығынан берілген тапсырмаларды және практикалық есептерді шығару қажет. Тапсырмаларды орындау кезінде сақтандыру құқығынын түсінігін және нормативтік актілерді заңдылықтарды дұрыс қолдануға көмек береді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Н. Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев. «Мемлекет және құқық негіздері» Астана 2001ж.

2. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999 ж.

3. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 2000 жыл, 18 желтоқсан.

4. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

5. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы, 2003 ж.