VI. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісі – ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе жалға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік-территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, ауылшаруашылық техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін [6, б.175] орындалатын.
Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:
1) Топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту;
2) Ауылшаруашылық алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану, егістік жерлерді неғұрлым қарқынды пайдалану;
3) Эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету;
4) Суарылатын жерлерде топырақтың тұздалмауына, ирригациялық эрозияның болмауына әсер ету;
5) Мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру;
6) Жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін енгізу үшін ұйымдастыру-территориялық жағдай жасау;
7) Адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға және шешілетін сұрақтарға байланысты әртүрлі болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының келесі шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:
1. Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру;
2. Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық немесе басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру;
3. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру;
4. Ауыспалы егіс жерлерін және олардың территорияларын ұйымдастыру;
5. Жеміс-жидек және жүзімдіктер территориясын ұйымдастыру;
6. Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы
Негізгі құрам бөліктері. Элементтері.
1. Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру. Өндіріс бөлімшелерінің құрамын, санын және мөлшерін белгілеу:
- шаруашылық орталықтарын;
- өндіріс бөлімшелерінің жер массивтерін орналастыру.
2. Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру:
- ішкі шаруашылық жолдарды;
- жалпы шаруашылық және территориялық-инженерлік объектілерді;
- жалпы шаруашылық инженерлік объектілерді орналастыру.
3. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру. Ауылшаруашылық алқаптарды трансформациялау, жақсарту және орналастыру.
Ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өзара қатынастарын белгілеу және оларды орналастыру.
4. Ауыспалы егістік жүйелерін ұйымдастыру, олардың территорияларын орналастыру. Ауыспалы егістіктердің түрлерін (типтерін), санын, көлемін таңдап алу:
- ауыспалы егіс массивтерін орналастыру, оларды жұмыс бригадаларына бекіту;
- ауыспалы егіс танаптарын;
- танап қорғау орман жолақтарын;
- дала жолдарын;
- далалық тұрақ (полевой стан) және авто қызмет көрсету алаңдарын орналастыру.
5. Жеміс-жидек егістері алқаптарын орналастыру:
- жеміс ағаштарының бағалы түрлері мен сорттарын;
- бау-бақша кварталдарын және бригадалық учаскелерді (жүзімдіктер үшін - клеткаларды);
- жолдарды, қорғау орман жолақтарын, көмекші шаруашылық орталықтарын, су көздерін, суландыру және құрғату жүйелерін;
- жидектер өсетін аумақты;
- жеміс және жүзімдіктер питомниктерінің аумағын.
6. Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру. Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.
Ауыспалы жайылымды ұйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру. Келесі кезекте орындалады:
- гурттық (отарлық) жерлерді;
- жазғы лагерлердегі әр мал жаю қоршауларын (загондарын);
- мал өтетін жолдарды;
- су көздерін және су ішетін пунктілерді.
- ауыспалы шабындықтарды ұйымдастыру және олардың территориясын (танаптарды, жолдарды және т.б.) орналастыру.