Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер
Кесте
Зерттеу түрлері | Зерттеу кезеңділігі | Өлшеу немесе сынама алу орны | |
1. Микроклиматты зерттеу | |||
Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен пайдалануға берген кезде | Қабылдау бөлмелері, жатын, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, сыныптар | |
2. Ауа ортасын зерттеу | |||
Жабық үй-жайлардың ауасын зерттеу (ингредиенттер нысанның бейіні мен үй-жайлардың мақсатына қарай айқындалады) | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Үй-жайлар | |
Көміртегі тотығының болуы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын ұйымдардағы оқу үй-жайлары, зертханалар, спорт залдары, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар | |
Құрылыс және әрлеу материалдарын токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер | Алдын ала санитариялық қадағалау тәртібімен және көрсеткіштер бойынша | Салынып жатқан, қайта құрылып жатқан объектілерде, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және пайдалануға беру кезінде | |
Желдетудің тиімділігін зерттеу | Пайдалануға беру кезінде және көрсеткіштер бойынша | Зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блогы | |
3. Өнімдерді, дайын тағамдарды және тамақтану рациондарын зерттеу | |||
Жеке компоненттерді қосу толықтығын анықтау | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Жалпы білім беретін ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың ас блоктары, бюджеттік негіздегі балалар мен жасөспірімдерге тамақтануды ұйымдастыратын обьектілердің қазандықтарынан немесе тарату желісінен сынама алу | |
«С» витаминінің болуы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда | |
Тамақ өнімдерін, жартылай дайын тамақ өнімдерін, дайын тағамды зерттеу | Әр тексеру кезінде | Ас блогы, тарату желісінен, тамақтану үстелінен, қоймалардан сынама алу | |
4. Суды зерттеу | |||
Су құбырлары жүйесінің суы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | Алдын ала санитариялық (құрылыс аяқталғаннан, реконструкциялаудан, жөндеу жұмыстарынан кейін, жүйедегі апатты жағдайлар жойылғанда, обьектіні пайдалануға беру кезінде), ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен. Маусым басталу алдында сауықтыру (маусымдық) ұйымдарында | Су тарату крандары, ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары. Таңдау нүктесі сумен жабдықтау көзіне сәйкес анықталады. | |
Ыдыстарға құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Ыдыстарға құйылған суды пайдаланатын білім беру ұйымдарында | |
Құдықтардан, каптаждардан, ұңғымалардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер) | Пайдалануға берудің алдында, оқу жылының басында, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Көрсеткіштер бойынша | Құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары | |
Шомылуға арналған ашық су қоймаларындағы су (бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер) | Шомылу маусымы басталар алдында және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Балалар мен жасөспірімдерге арналған шомылатын орындар | |
Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер) | Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінен судың бетінен 25-30 см тереңдікте, сүзгіден кейінгі суда | |
5. Топырақты зерттеу | |||
Гельминттердің болуына санитариялық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер | Көрсеткіштер бойынша мамыр айынан қыркүйек айына дейін ағымдағы қадағалау тәртібімен | Ойын алаңдарындағы құмды алаңқай | |
6. Жиһаздарды және жабдықтарды зерттеу | |||
Жиһаздардың өлшемі балалар мен жасөспірімдердің жасы мен бойына сәйкестігі | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Жалпы білім беру обьектілері, интернаттық ұйымдар, ТЖКБ | |
7. Балалар ассортимені тауарларын сараптау | |||
Баспасөз басылымдарының санитариялық талаптарға сәйкестігі | Ескертпелі қадағалау мен ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Сигналдық даналарды білім беру ұйымдарына сатуға шығарудың алдында зерттеу | |
Балалар тауарларының түрлері (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыстар, тазалық құралдары және т.б.) | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Балалар тауарларының түрлерін сатып алатын балалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында | |
Құрылыс және әрлеу материалдары | Ескертпелі санитариялық қадағалау тәртібімен, құрылыс, жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалануға беру кезінде және көрсеткіш бойынша | Салынып, реконструкцияланып жатқан обьектілерде, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде | |
8. Ұйымдардың санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер | |||
Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ас блоктарындағы жабдық, бөлшектеу үстелдері, мүкәммал, ас үстелдері, персоналдың қолы мен киімдері және т.б. | |
Шайындыларды паразитологиялық зерттеу | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Интернаттардағы ойыншықтар мен көрнекі құралдар, төсек әбзелдері мен сүлгілер; Спорт залдарының, спорт мектептерінің спорт жабдықтары | |
Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зертте-п-қарау | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен және эпидкөрсеткіштер бойынша | Балалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында | |
9. Физикалық факторларды зерттеу | |||
Электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеулігі, ауаны иондау деңгейі | Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, ДК-мен жеке оқыту кабинеттері | |
Жасанды жарықтандыру деңгейі | Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберхана бөлмелері, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залдары, медкабинет, спорт зал, рекреациялар | |
Шу, діріл | Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ас блогы, шеберханалар, жабдықтармен іргелес тұрған үй-жайлар, дербес компьютерді және бейне терминалды пайдаланатын үй-жай | |
10. Радиологиялық зерттеулер | |||
Топырақты радиологиялық зерттеу | Жер телімін бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша | Жер учаскесі | |
Обьектіні радиологиялық зерттеу | Пайдалануға берудің алдында, құрылыс, жаңғырту, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және көрсеткіштер бойынша | Зерттеп-қарау обьектісі |
«Білім беру объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 2-қосымша