Ршықтың негізгі тірегінің жүктелу режимін және шыдам мерзімін есептеу әдістемесі

 

Ұршықтыңнегізгі тірегінің шыдам мерзімін(ресурсын) есептеудің негізі оның динамикалық жүккөтергіштігі болып табылады. Оны оқпанның айналу жиілігі n=100 айн/мин тең кезде T=3000÷5000 сағат ресурсты қамтамасыз ету шартынан алады. Динамикалық жүккөтергіштікті есептеу формулалары 11.14-кестеде берілген.

Ұршықтың негізгі тіреуінің жүктелу режимі бұрғылау тізбегінің салмақтық мінездемесімен, бұрғылау тізбегінің төменгі жағының компоновкасымен (БТТЖК), қашауға күшсалмақпен, роторлық бұрғылау кезіндегі ротордың айналу жиілігімен және бұрғылау ертіндісінің параметрлерімен шарттастырылған.

Есептеуді қарапайымдау және қалыптау үшін негізгі тіректің жүктелу деңгейі санын келесіге тең деп аламыз:

(11.31)

мұндағы Lmax – бұрғылау тізбегінің максималь ұзындығы.

Негізгі тірекке әсер ететін өстік күшсалмақ деңгейі келесі формуламен анықталады:

(11.32)

мұндағы -ілмектегікүшсалмақ, - і-ші интервалды бұрғылау кезіндегі бұрғылау тізбегі свечаларының салмағы, n – бұрғылау тізбегіндегі свечалар саны, Рiі-ші интервалды бұрғылау кезінде БТТЖК салмағының бұрғылау тізбегінің салмағынан асып кетуі, ρжi і-ші интервалды бұрғылау кезіндегі бұрғылау ертіндісінің тығыздығы, рДiі-ші интервалды бұрғылау кезінде қашауға түсетінкүшсалмақ, і – бұрғылау интервалының нөмірі.

Сонымен ұршықтың негізгі тірегіне түсетін күшсалмақ бұрғылау құбыры свечаларының салмағына, бұрғылау тізбегіндегі свечаларының санына, АБҚ бір метрінің салмағына және ұзындығына, бұрғылау ертіндісінің тығыздығына, қашауға түсетін күшсалмаққа тәуелді ұңғыманы бұрғылауда интервалдап өзгеріп отырады.

Өстік тірекке түсетін эквиваленттік күшсалмақтың деңгейі анықталады:

мұндағы X=0, Y=1,

Бұдан

(11.33)

 

Ұршықтың негізгі тірегін әр жүктеу деңгейіндегі мойынтірек айналуының жиынтық саны

(11.34)

мұндағы - і-ші интервалдағы бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, м/сағ, - ұңғыманы бұрғылаудың і-ші интервалындағы ротор үстелінің айналу жиілігі, айн/мин.

Мойынтіректің қажетті динамикалық жүккөтергіштігі, ұңғыманы бұрғылау шартына байданысты, келесі жолмен анықталады

 

(11.35)

Мұндағы - бір ұңғыманы бұрғылау цикліндегі мойынтіректің қажетті динамикалық жүккөтергіштігі, пі тіп; пі тах – і- ші интервалды бұрғылау кезіндегі бұрғылау тібегіндегі свечалардың сәйкес минималь және максималь саны.


Кесте 11.14

Мойынтіректің осьтік және динамикалық жүккөтергіштігін есептеу формулалары

Мойынтіректің типі мен құрылымдық сұлбасы Статикалық жүккөтергіштігі, Н Динамикалық жүккөтергіштігі, Н
Таянышты-радиалды шарикті   (11.23)   (11.27) ( fc коэф.мәнін 11.6-кестеден қараңыз)  
Таянышты-конусты роликті
 
 

 

 

(11.24) fc коэф.мәнін 11.8-кестеден қараңыз, lw –роликтің ұзындығы, мм) (11.28) (fc коэф.мәнін 11.8-кестеден қараңыз, lw –рликтің ұзындығы, мм)  
Цилиндрлік (кесулі) роликті таянышты
 
 

 

(11.25) (lw – 3 роликтің жалпы ұзындығы, мм) (11.29) ( fc коэф.мәнін 11.8-кестеден қараңыз)  
Таянышты-радиалды роликті сфералық       (11.26) (Lwe-ролик ұзындығы, мм)   (11.30) ( bm коэф.мәнін 11.5-кестеден қараңыз, fc коэф.мәнін 11.8-кестеден қараңыз, Dwe –роликтің диаметрі, мм; Dpw –роликтер жиынтығының диаметрі шеңберінің орталығы

11.15-кесте

Таянышты аунақшалымойынтіректер үшін bm коэффициентінің мәні

Мойынтірек типі bm
Цилиндрлік роликті Конустық роликті Сефралық роликті 1,0 1,1 1,15

 

Сонда бұрғыланған ұңғымалар санымен өрнектелген брактау белгілері пайда болғанға дейінгі ұршықтың негізгі тірегінің шыдам мерзімі (Zc) келесі жолмен анықталады:

(11.36)

мұндағы Ск – негізгі тіректің құрылымдық динамикалық жүккөтергіштігі.