Бақылау сұрақтары
1. Түйіспелі пісірудің электрдтарына қандай талаптар қойылады?
2. Шойынды пісіруде электродтар үшін қандай материалдар қолданылады?
3.Қандай жағдайларда балқытып қаптау ұнтақтары қолданылады?
4. Электрқожды пісіруде қоспалы материалдарға не жатады?
5. Түйістіру және бедерлі пісірудің түйіспелі машиналардың электродтары қандай жағдайда жұмыс істейді?
Дәріс тақырыбы. Балқытып қаптауға арналған құйма шыбықтары мен ленталар. Электрқожды пісіруге арналған қоспаоы материалдар мен өзін өзі қорғаушы сымдар. Құбырларды пісіруде қолданылатын сақиналар мен қоспалар
Пісіруге және балқытып қаптауға арналған шойын шыбықтары. Сүр шойынды газбен пісіруге және балқытып қаптауға арналған шойын шыбықтарын, шойынды доғалы пісіруге және балқытып қаптауға арналған электрод сырықтарын МЕСТ 21449–75 бойынша дайындайды.
Тағайындалуына байланысты шойын шыбықтары келесі маркаларға бөлінеді:
А – ыстықтай газбен пісіруге;
Б – жергілікті қыздырумен ыстықтай газбен пісіруге және электрод сырықтары үшін;
НЧ-1 – жұқа қабатты құймаларды төменгі температурада газбен пісіруге;
НЧ-2 – қалың қабатты құймаларды төменгі температурада газбен пісіруге;
БЧ и ХЧ – төзімділігі жоғары балқытып қаптауға.
Кесте 17 – Шыбықтар өлшемдері
Диаметр, мм | Ұзындық (шекті ауытқұлары ±0,15), мм | Майысу адымы, көп емес, мм | |
Номинальды | Шекті ауытқұлары | ||
x0,6 | 1,5 | ||
x0,8 | 2,0 | ||
8-10 | x0,8 | 3,0 | |
12-16 | x1,0 | 3,0 |
Кесте 18 – Шыбықтардың химиялық құрамы
Шыбық маркасы | Негізгі компоненттер, % | Қоспалар, көп емес, % | ||||||
C | Si | Mn | S | P | Басқа элементтер | Cr | Ni | |
А | 3,0-3,5 | 3,0-3,4 | 0,5-0,8 | ≤0,08 | 0,2-0,4 | - | 0,05 | 0,3 |
Б | 3,0-3,5 | 3,5-4,0 | 0,5-0,8 | ≤0,08 | 0,3-0,5 | - | ||
НЧ-1 | 3,0-3,5 | 3,0-3,4 | 0,5-0,8 | ≤0,05 | 0,2-0,4 | 0,03-0,06 Ti 0,4-0.6 Ni | - | |
НЧ-2 | 3,0-3,5 | 3,5-4,0 | 0,5-0,8 | ≤0,05 | 0,2-0,4 | - | ||
БЧ | 2,5-3,0 | 1,0-1,5 | 0,2-0,6 | ≤0,05 | ≤0,01 | - | - | - |
ХЧ | 2,5-3,0 | 1,2-1,5 | 0,5-0,8 | ≤0,05 | ≤0,01 | 1,2-1.6 Cr | - | - |
Шойын шыбықтардың шартты белгіленуінде олардың диаметрін, маркасын және стандарттың белгенуін көрсетеді. Мысалы, диаметрі 12 мм НЧ-1 маркалы шойын шыбығы келесі түрде көрсетіледі:
Шыбық 12 НЧ-1 МЕСТ 21449-75.
Шыбықтардың сопақтылығы диаметрдегі шекті ауытқұдан аспау қажет. Шыбықтардың беттерінде әртүрлі қалдықтар, күйіктер, қож, тотықтар және басқа да қоқыстар болмау керек. Шыбықтарда көзге көрінетін (сызаттар, жарықтар, жабысындылар) ақаулар болмау керек. Шыбықта 100 мм ұзындығына диаметрі 1 мм–ден үлкен бір кеуектен көп болмау керек.
Үлгінің балқытып қапталған қабатының беттік қаттылығы кесте 19–да келтірілген нормаларға сәйкес болу қажет.
Кесте 19 – Үлгінің балқытып қапталған бетінің қаттылығы
Шыбық маркасы | НВ, көп емес | HRC |
А және Б | - | |
НЧ-1 және НЧ-2 | - | |
БЧ | - | 44-46 |
ХЧ | - | 48-52 |
Партия ретінде бір шихтовка мен бір балқытудың шыбықтары алынады. Партияның массасы 500 кг аспау қажет.
Балқытып қаптауға арналған ұнтақтар.Интенсивті абразивті тозу жағдайында жұмыс істейтін бөлшектерге тозуға тұрақты қабаттарды балқымайтын электропен доғалы балқытып қаптау үшін, МЕСТ 11546–75 бойынша дайындалған ұнтақтардың механикалық қоспалар қолданылады. Химиялық құрамына байланысты балқытып қаптауға арналған ұнтақтардың қоспалары С-2М, ФБХ6-2,БХ және КБХ маркаларға бөлінеді. Балқытып қаптауға арналған ұнтақтар қоспалардың химиялық құрамы кесте 20–да келтірілген нормаларға сәйкес болуы қажет.
Кесте 20 – Ұнтақтар қоспалырының химиялық құрамы
Марка | Легірлеуші элементтер, % (негізі темір) | Қоспалар, көп емес, % | |||||
C | Cr | Si | Mn | B | S | P | |
С-2М | 7,0-10,0 | 24,0-26,0 | 0,5-3,0 | 6,0-8,5 | - | 0,4 | 0,3 |
ФБХ-6-2 | 3,5-5,5 | 28,0-37,0 | 1,0-2,5 | 2,5-5,5 | 1,3-2.2 | 0,4 | 0,3 |
БХ | 0,3-1,0 | 35,0-44,0 | 0,5-1,0 | - | 7,0-9,0 | - | - |
КБХ | 4,0-6,0 | 42,0-52,0 | 0,5-1,4 | - | 0,7-0,9 | - | - |
Балқытып қаптауға арналған ұнтақтар қоспалардың гранулометриялық құрамы кесте 21–де келтірілген.
Кесте 21 – Ұнтақтар қоспалардың гранулометриялық құрамы
Марка | Түйіршіктер өлшемі, мм, көп емес | Електегі қалдық, %, көп емес | Електен өтуі, %, ең кемінде | ||||||
МЕСТ 6613-73 бойынша тор номерлері | |||||||||
1,25 | 1,0 | 1,25 | 1,0 | ||||||
С-2М | 1,0 | - | - | - | - | ||||
ФБХ-6-2 | 1,0 | - | - | - | - | ||||
КБХ | 0,45 | - | - | - | - | ||||
БХ | 0,45 | - | - | - | - |
Балқытып қаптауға арналған ұнтақтар қоспасының ылғалдылығы 0,3%–тен аспау керек.
Кесте 22 – Ұнтақтардың тығыздығы және балқытып қапталған қабаттың қаттылығы
Марка | Қопсыту тығыздығы, г/см3 | Қаттылығы, HRC |
Ең кемінде | ||
С-2М | 2,7 | |
ФБХ-6-2 | 2,9 | |
БХ | 2,4 | |
КБХ | 3,6 |
Балқытып қаптауға арналған ұнтақтар қоспаларын партиялармен қабылдап алады. Балқытып қаптауға арналған қоспалардың партиясының массасы 2 т–дан аспау керек. Партияны бірге араластырылған, бір маркалы және сапасы жөнінде бір құжатпен рәсімделген қоспа құрайды.
МЕСТ 11546-75–те қосымшаларда әртүрлі маркалы ұнтақтар қоспалардың қолданылу салалары келтірілген (Кесте 23).
Кесте 23 – Ұнтақтар қоспасының қолданылу салалары.
Марка | Қолданылуы |
С-2М | Ұсақтау агрегаттардың соққыштарын, бульдозерлер мен грейдерлердің пышақтарын, экскаваторлар мен драгалардың кекпірін (ковш), кірпіш пресстердің шнектерін, топырақ араластырғыштардың қалақшаларын, жүгіршектердің сырғанақтарын, кокситергіштерді және т.б. балқытып қаптау үшін. |
ФБХ-6-2 | Орташа соққы жүктеме жағдайында жұмыс істейтін тау–кен және торф өңдейтін жабдықтар бөлшектрін балқытып қаптау үшін. |
БХ | Топырақ араластырғыштардың қалақшаларын, кірпіш пресстердің, көмір мен торфты брикеттейтін пресс–формалардың бөлшектерін, вентиляциялық шансорғыштардың қалақшаларын, дезинтеграторлардың сақиналарын және т.б. балқытып қаптау үшін. |
КБХ | Топырақ араластырғыштардың қалақшаларын, кірпіш пресстердің, көмір мен торфты брикеттейтін пресс–формалардың бөлшектерін, біркекпірлі және роторлы экскаваторлардың тістерін, бульдозерлер мен грейдерлердің пышақтарын, вентиляциялық шансорғыштардың қалақшаларын, бытраатқыштардың қалақшаларын және т.б. балқытып қаптау үшін. |
Осы ұнтақтар қоспасылардан басқа, абразивті тозу, коррозия, эррозия жағдайларында, жоғары температураларда немесе агрессивті ортада жұмыс істейтін бөлшектерге тозімді қабатты балқытып қаптау үшін МЕСТ 21448-75 бойынша қорытпалардан дайындалған ұнтақтар қолданылады. Олар химиялық құрамына байланысты сегіз маркаға (типке) бөлінеді: ПГ-С27 (тип ПН-У40Х28Н2С2ВМ); ПГ-С1 (тип ПН-У30Х28Н4С4); ПГ-УС25 (тип ПН-У50Х38Н); ПГ-ФБХ-6-2 (тип ПН-У45Х35ГСР); ПГ-АН1 (тип ПН-У25Х30СР); ПГ-СР2 (тип ПН-ХН80С2Р2); ПГ-СР3 (тип ПН-ХН80С3Р3); и ПГ-СР4 (тип ПН-ХН80С4Р4). Алғашқы бес ұнтақтарға арналған қорытпалардың негізін темір, кеінгі үш қорытпалардың негізін никель құрайды. Гранулометриялық құрамына байланысты ұнтақтарды төрт классқа бөледі: ірі (К), орташа (С), майда (М) және өте майда (ОМ). Ұнтақтардың ылғалдылығы 0,1%–тен аспау керек. Ұнтақтарды болат қаңылтырдан жасалған банкаларға салады. Банканың брутто массасы 50 кг–нам аспау керек.
Балқытып қаптауға арналған құйма шыбықтары және таспалар.Абразивті тозу, коррозия, эррозия жағдайларында, жоғары температураларда немесе агрессивті ортада жұмыс істейтін бөлшектерге тозімді қабатты балқытып қаптау үшін МЕСТ 21449-75 бойынша дайындалған құйма шыбықтары қолданылады. Химиялық құрамына байланысты олар бес маркаға (типке) бөлінеді:Пр-С27 (типПрН-У45Х28Н2СВМ); Пр-С1 (тип ПрН-У30Х28Н4С3); Пр-С2 (тип ПрН-У20Х17Н2); Пр-В3К (тип ПрН-У10ХК63В5) және Пр-В3К-Р (тип ПрН-У20ХК57В10). Шыбықтар келесі номинальды диаметрлермен дайындалады: ұзындығы 300 және 350 мм болғанда диаметрі 4 мм; ұзындығы 350 және 400 мм болғанда диаметрі 5 және 6 мм; ұзындығы 450 және 500 мм болғанда диаметрі 8 мм. Шекті ауытқұлары: диаметр бойынша ± 0,5 мм, ұзындығы бойынша ± 25 мм. Пр-В3К және Пр-В3К-Р маркалы қорытпалардан жасалған шыбықтардың беттері өңделеді (шлифовка), қалғандарын беттері өңделмесе де болады. Шыбықтардың беттеріндегі жабысындылардың биіктігі 0,5 мм–ден аспау керек және де беттерінде қож бен күйіктер болмауы керек. Пр-С27 маркалы шыбықтармен балқытып қапталған қабаттың қаттылығы HRC 52–ден, Пр-С1 маркалы – HRC 50–ден, Пр-С2 маркалы – HRC 44–тен, Пр-В3К маркалы – HRC 40–тан, Пр-В3К-Р маркалы – HRC 46–дан төмен болмауы керек. Балқытып қаптауға арналған шыбықтарды партиямен (массасы 500 кг–нан аспау керек) қабылдайды. Партия бір маркалы, бір құймадан, бір өлшемді шыбықтардан болу керек және сапасы жөнінде бір құжатпен рәсімделу керек.
Сонымен қатар, балқытып қаптау үшін суықтай прокатталған болаттан, ұнтақты және металлокерамикалық таспалар қолданылады. Барлық осы балқытып қаптауға арналған таспалар техникалық жағдайлар бойынша дайындалады (мемлекеттік стандарттар жоқ). Кейбір жағдайларда балқытып қаптауға, стандарттары бойынша басқаға тағайындалған, суықтай прокатталған болат таспалары қолданылуы мүмкін. Мысалы, кейбір бөлшектерге төзімді қабатты балқытып қаптау үшін МЕСТ 4986-79 бойынша дайындалған коррозияға және ыстыққа төзімді суықтай прокатталған болат таспасы қолданылады.
Техникалық жаідайларда (ТУ) балқытып қаптауға арналған суықтай прокатталған болат таспасына жиі тек химиялық құрамы мен кейбір арнайы талаптар ғана белгіленеді, ал басқа жалпы талаптар болат маркасының сәйкес стандартынан алынады.
Мысалы, антикоррозиялық қабатты балқытып қаптауға арналған техникалық жағдайларда, болат таспасына қойылатын жалпы талаптар МЕСТ 4986-79 бойынша қойылған. Кейбір техникалық жағдаларда нақты маркалы суықтай прокатталған балқытып қаптауға арналған болат таспалардың химиляқ құрамы сәйкес келетін пісіру және балқытып қаптауға арналған сымдардың химиялық құрамы МЕСТ 2246-70 және МЕСТ 10543-98 бойынша анықталады.
Балқытып қаптауға қолданылатын кесілген суықтай прокатталған таспаның қалыңдығы 0,4 мм–ден 1 мм–ге дейін, ал ені 20 мм–ден 100 мм–ге дейін болады. Таспалар бума түрінде жеткізіледі.
Балқытып қаптауға арналған ұнтақты таспа газқұраушы, қожқұраушы және легірлеуші компоненттерімен толтырылған секциялық болат қабықтардан тұрады. Кейбір дайындалатын маркалы ұнтақты таспалар ашық доғалы автоматты балқытып қаптауда қолданылады. Таспаны бума түрінде жеткізеді.
Металлокерамикалық таспа ұнтақ тәрізді материалдар қоспасын прокаттау және күйдіру тәсілі бойынша дайындалады. Таспа өлшемдері: қалыңдығы 0,8 мм–ден 1,2 мм –ге (±0,1 мм) дейін, ені 25 мм–ден 100 мм–ге дейін. Металлокерамикалық таспаның иілгіштігі мен беріктігі жеткілікті мөлшерде болады (әртүрлі маркалы таспалардың уақыт аралығындағы үзілуге минимальды қарсыласы шамасы 400–ден 600 МПа–ға дейін). Таспа бума түрінде жеткізіледі. Металлокерамикалық таспаны (дайындалатын маркалардың көбісі) флюс астында автоматты доғалы балқытып қаптау үшін қолданылады.
Үнтақты және металлокерамикалық таспаларға арналған техникалық жағдайлар нақты маркалы таспаларды дайындауды қарастырып, әр маркалы таспаның тағайындалуын (қолданылу салаларын) белгілейді.
Өзін өзі қорғаушы сымдар және электрқожды пісіруге арналған қоспалы материалдар.Өзін өзі қорғаушы сым ретінде ашық доғамен пісіруде МЕСТ 2246–70 бойынша СВ-15ГСТЮЦА және СВ-20ГСТЮА маркалы болат сымы қолданылады. Циркониймен, цериймен, титнмен және алюминиймен легірленуіне байланысты осы аталған маркалы сымдар доға жануының тұрақтылығын және пісіру ваннада металдың оттексіздендіруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жік металының пластикалық қасиеттері мен соққы тұтқырлығы салыстырмалы түрде төмен болады. Сондықтан, жауапты конструкцияларды пісіруде өзін өзі қорғаушы сымдар қолданылмау керек.
Электрқожды пісірудің қоспалы материалдарына электродты сымдар, пластинкалы және таспалы электродтар, балқымалы және сәл балқитын мүштіктер (мундштук) жатады.
Электродты сымдар ретінде стандарттар немесе техникалық жағдайлар бойынша сәйкес келетін пісіру сымдары қолданылады. Таспалы электродтар ретінде қалыңдығы 1–2 мм, химиялық құрамы негізгі металдың химиялық құрамына жақын келетін суықтай прокатталған таспа қолданылады. Пластинкалы электродтарды, балқымалы және сәл балқитын мүштуктерді химиялық құрамы негізге металға жақын металдан немесе тура сондай маркалы металдан жасап шығарады.
Құбырларды пісіруде түбірлі жікті орындауда қолданылатын қоспалы сақиналары және қыстырмалары.Құбырлардыдоғалы пісіруде балқымайтын электрдпен қорғаушы газдарда доғалы пісіру арқылы түбірлі жікті орындауда қоспалы сақиналар мен қыстырмалар қолданылады (кеінгі жік қабаттарын орындауда доғалы пісірудің тәсіліне тәуелсіз).
Қоспалы сақиналар мен қыстырмаларды дайындауда, әдетте, құбырларды пісіруде қолданылатын пісіру сымдары қолданылады. Қоспалы сақиналар мен қыстырмалардың кесіндісі саңлауқұлақты немесе жалпақ болады. Олардың өлшемдері пісірілетін жалғастың конструкциясына, типіне және өлшемдеріне тәуелді.
Аустенитті класты хромникельді болаттардан жасалған құбырларды пісіргенде көп жағдайда ферритті фазасының мөлшері белгіленген аісіру сымы қолданылады.
Ұсынылған әдебиет:
1 [123-135]