Пән бойынша емтихан сұрақтары

1. Пісіру жік металының қасиеттері немен анықталады?

2. Пісіру кезінде тұтас жалғас ненің есебінен пайда болады?

3. Қоспалы материал дегеніміз не?

4. Пісіру материалдарға не жатады?

5. Пісіру материалдар қандай процестерге қатысады?

6. Қоспалы материал не үшін қажет?

7. Қандай материалды электродты материал деп атайды?

8. Негізгі және қоспалы материалдың жік металындағы қатынасу үлесі қалай анықталады?

9. Жік металындағы элементтің мөлшері қалай анықталады?

10. Қоспалы материал қандай түрде қолданылады?

11. Қоспалы шыбықтың ұзындығы немен шектеледі?

12. Пісіру сымды қандай әдістермен дайындайды?

13. Ұнтақты электродтар қалай дайындалады?

14. Балқымайтын электродтарды неден жасайды?

15. Келесі жазуды түсіндіріңіз: Св-06Х19Н9Т

16. Химиялық элементтер қалай белгіленеді?

17. Келесі жазуды түсіндіріңіз: 38 ХГТ?

18. Балқытып қаптауға арналған сым қалай белгіленеді?

19. Түсіндіріңіз: ЗНп-105Х МЕСТ 10543-98.

20. Электрод қаптамасы не үшін қажет?

21. Флюстар мен қаптамадағы газқұраушы компоненттерді атаңыз?

22. Газқұраушы компоненттер қандай жағдайларға келтіреді?

23. Флюстар мен қаптама құрамында қандай легірлеуші компоненттер болады?

24. Легірлеуші компоненттер қалай бөлінеді?

25. Қандай иондатқыш компоненттер болады?

26. Иондатқыш компоненттер қандай жағдайларға келтіреді?

27. Қожқұраушы компоненттерге не жатады?

28. Қожқұраушы компоненттер қалай бөлінеді?

29. Байланыстырғыш заттарға не жатады?

30. Байланыстырғыш заттар қалай бөлінеді?

31. Қалыптаушы заттарға не жатады?

32. Қождың химиялық құрамын есептеуде қандай мәліметтер қажет?

33. Қождың қышқылдық коэффициенті дегеніміз не?

34. Қождың түрлері қандай болады?

35. Қождың қандай сипаттамалары физикалық түрлерге жатады?

36. Қождың қандай сипаттамалары химиялық түрлерге жатады?

37. Қождың балқу температуралары қандай болады?

38. "Ұзын" және "қысқа" қож дегеніміз не?

39. Қождың тұтқырлығы қандай болғаны дұрыс?

40. Балқытылған қышқылды қождың қасиеттері қандай?

41. Қатайған қождың тізбектік кеңею коэффициенті қандай болады?

42. Қолмен доғалы пісіруге арналған электродтарды қандай белгілер бойынша бөледі?

43. Пісірілетін металл бойынша электродтар қалай бөлінеді?

44. Қаптама қалыңдығы бойынша электродтар қалай бөлінеді?

45. Әртүрлі қаптамалы электродтар қалай белгіленеді?

46. Пісіруде кеңістіктегі бағыттары қандай индекстермен белгіленеді?

47. Суреттегі цифралар нені белгілейді?

.

48. электродта Э150 жазу нені көрсетеді?

49. Э-10Х1М1НФБ түсіндіріңіз.

50. Легірленген болаттарға арналған электродтардың қаптамасы қандай болады?

51. Шойынды пісіруге арналған электродтар неден жасалады?

52. Қандай жағдайларда флюстар қолданылады?

52. Пісіру флюстар нені қамтамасыздандырады?

53. Дайындалу әдісі бойынша флюстар қалай бөлінеді?

54. Химиялық әсері бойынша қорғаушы газдар қалай бөлінеді?

55. Химиялық инертті газдарға не жатады?

56. Түйіспелі пісіруге арналған электродтарға қандай талаптар қойылады?

57. Тағайындалуына байланысты шойын шыбықтары қалай бөлінеді?

58. Қандай жағдайларда балқытып қаптауда ұнтақтар қолданылады?

59. Қандай жағдайларда балқытып қаптауда құйма шыбықтары мен таспалар қолданылады?

60. Қандай параметрлерге байланысты оттек құбыржолдары категорияларға бөлінеді?

61. Қандай газ жану кезінде ең жоғары температура береді?

62. Кальций карбидінен ацетиленді алудың химиялық реакциясы.

63. Коюландарылған газдар дегеніміз не?

64. Пісіру материалдарды сақтауда қандай талаптар қойылады?

65. Газ баллондардың түстері қандай болады?

66. Газ баллондардың жазулары қандай түсті болады?

67. Флюстар қалай белгіленеді?

68. Жанар газдарға не жатады?

69. МЕСТ 9466–75.

70. МЕСТ 9467–75.

71. МЕСТ 10051–75.

72. МЕСТ 10052–75.

73. Балқыту мен балқытып қаптаудың коэффициенттері.

74. Қаптамаларға қойылатын талаптар.

75. Рутил қаптамалары.

Глоссарий

КАРБОНАТТАР – көмір қышқылының тұздары.

ПІСІРУ – машиналар, конструкциялар мен құрылыстардың бөлшектерінің ажырамайтын жалғасын алу процесі.

ПІСІРІЛУ ҚАБІЛЕТІ – металдар мен қорытпалардың жалғастарды құрау қабілеті.

ҚОРҒАУШЫ ГАЗДА ПІСІРУ – доғалы пісірудің түрі, пісіру кеңістігіне металды қоршаған ауадан қорғау үшін қорғаушы газдар беріледі.

ҚАПТАМАЛЫ ЭЛЕКТРОДПЕН ПІСІРУ – қаптамалы электродтарды қолдану арқылы доғалы пісірудің түрі.

ПІСІРУ ЖАЛҒАС – пісіру арқылы орындалған екі не одан көп бқліктердің қозғалмайтын ажырамайтын қосылыс.

ПІСІРУ ЖІК – пісірілетін элементтерді тікелей жалғайтын пісіру жалғастың бөлігі.

ПІСІРУ КОНСТРУКЦИЯЛАР – пісіру арқылы орындалған ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялар.

ФЕРРОҚОРЫТПАЛАР – темірдің басқа элементтердің қорытпалары.

ПІСІРУ ФЛЮСІ – пісіру кезінде пісіру аймақты қорғауда, жалғанатын беттерді химиялық тазалауда және жік сапасын жақсартуда қолданылатын материал.

ҚОЖ (ШЛАК) – сұйық балқыған металдың бетін жабатын балқыма. Сыртқы атмосферадан жікті қорғайды.

ПІСІРУ ЭЛЕКТРОД – пісіру, балқытып қаптау және кесу орнына токті жеткізуге арналған электроөткізгіштік материалдан жасалған бұйым.

ЭЛЕКТРОД ҚАПТАМАСЫ – балқымалы электродқа жағылған заттар қоспасы. Пісіру тұрақтылығын арттырады, жікті қоршаған ортадан қорғайды.