Көлденең раманың өлшемдерін табу.

Көлденең раманың қимасы 4-суретте келтірілген.

 

H2 = Hkp + 100 + c , (6)

мұндағы Hkp - көпірлі кран биіктігі, кранның жүккөтергіштігі 32 т болғанда 2750мм-ге тең ([7] 3-қосымша, 3.3- кесте);

с - жоғарғы жатқан конструкцияның майысуын ескереді, яғни с = 200/400мм.

Сонда H2 = 2750 + 100 + 300 = 3150 = 3200мм тең етіп қабылдаймыз.

Еден деңгейінен стропилалық ферманың төменгі белдеуіне дейінгі биіктік:

 

H0 = H2 + H1, (7)

 

Сонда, H0 = 3200 +13000 = 17200мм. Бұл биіктік 600мм-ге еселі болуы керек, сондыұтан H0 = 17400мм деп өзгерте қабылдаймыз.

Ұстынның жоғарғы жағының биіктігі:

 

Hж = H2 + hkp.a + hрельс , (8)

 

мұндағы hkp.a - кранасты арқалықтың биіктігі; яғни hkp.a =

hрельс - рельстің биіктігі, hрельс = 120мм. ([8] 3-қосымша, 3.4- кесте).

Сонда, Н = 3200 + 600 + 120 = 3920мм.

Ұстынның толық биіктігі:

 

H = H0 + hб , (9)

 

Сонда, Н = 17400 + (500/800) = 17400 + 600 = 18000мм.

Ұстынның төменгі жағының биіктігі:

 

HТ = H - Нж , (10)

 

Сонда, HТ = 18000 - 3920 = 14080мм.

Кранның жүккөтергіштігі Q ≥ 20 т болғандықтан, ұстынның сыртқы жағынан осьтің аралығын а = 250мм деп қабылдаймыз:

һж ≥ 1/12 Н2

450 ≥ 266,6 шарт орындалады.

һж = а +200 = 250 + 200 = 450мм деп қабылдаймыз.

 

L1 = B1 + (һж - a) + 75 , (11)

 

мұндағы B1 - рельс осінен кранның шыгып туратын жағына дейінгі қашықтық;

75мм - ұстын мен кран астындағы қашықтық (техника қауіпсіздігіне сәйкес қабылданады).

Сонда, L1= 300 + (450 - 250) + 75 = 750мм (250мм-ге еселі).

һт = а + L1 = 750+250 = 1000мм ≥ 1/20 Н = 690мм.

Ұстынның жоғарғы жағы тұтас қималы, ал төменгі жағы салалы қималы етіп қабылдаймыз. Ортадағы ұстынның жоғарғы жағының қимасының биіктігін 450мм, ал төменгі жағының қимасының биіктігін 1000мм-ге тең етіп аламыз.

 

4-сурет-Бір аралықты көлденең раманың қимасы

 

Көлденең рамаға түсетін жүктер

Тұрақты жүктер

Шатыр мен жабын конструкциясынан ригель мен фермаға түсетін жүктемені 1-кесте бойынша анықтайды.

 

 

Кесте - Көлденең рамаға түсетін жүктемені жинақтау

Кесте - Көлденең рамаға түсетін жүктемені жинақтау

  Жүктеме түрі Мөлшер-лік мәні, кН/м2 Жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті, γf Есептік мәні, кН/м2
Битум сіңірілген шағыл δ=10мм 0,21 1,3 0,273
Суоқшаулау қабаты (4 қаб. рубероид) 0,16 1,3 0,208
Буоқшаулағыш қабаты (1 қаб. рубероид) 0,04 1,3 0,052
Толқынды төсеніш: асбоцементті t=1.5 мм 0,2 1,1 0,22
Прогондар 0,08 1,05 0,084
Ферма 0,2 1,05 0,21
Байланыстар 0,06 1,05 0,084
Барлығы:

 

Көлденең рамаға тұрақты және уақытша жүктеме әсер етеді.

Раманың ригеліне түсетін есептік тұрақты жүктеме төмендегідей:

 

q = g B , (12)

 

Сонда, q = 1,131 6 = 6,786 кH/м.

Ұстынға түсетін қадалған тұрақты жүктеме мына формуламен анықталады:

A = q , (13)

 

Яғни, А = 6,786 = 81,43 кН.

 

Ар жүгі

Құрылыс салынатын орнына байланысты (Астана) S0 = 1 кН/м2 , сонда = 1,05-ке теңболғандықтан = 1,4-ке тең етіп қабылдаймыз. Бірқалыпты ригель бойымен жайылған қар жүгі:

 

P = c P0 B , (14)

 

мұндағы = 0,95 – өндірістік ғимараттың тағайындалуы бойынша

сенімділік коэффициенті;

с = 1 - ригельдің еңістігі бойынша коэффициент;

Р0= 1 кН/м2 – қардың нормативтік жүктемесі.

Сонда Р = 0,95 1,4 1 1 6 = 7,98 кН/м.

Ұстынға түсетін қардың қадама жүктемесі:

Aр = Р , (15)

Яғни, Aр= 7,98 = 84кН.

Тұрақты және қар жүгі әсер ететін эксцентриситеті е = = 225 мм.

 

Көпірлі кранның жүгі