Арақұм даласы, Түрікменстан
Бұл алып құмды шөл 350 мың шаршы шақырымға созылып, Түрікменстан аймағының үштен бір бөлігін алып жатыр. Қарақұм – әлемдегі ең үлкен шөлді аймақтардың бірінен саналады. Бұл жерге тап болған кез келген адамды құмды мұхитта жүргендей әсерде қалдырады. Мұхиттағы сияқты мұнда да құмды толқындар (бархандар) тұрып, желдің күшімен әндете де алады. Осының барлығын да өз көздеріңізбен көрем десеңіз міндетті түрде Қарақұмға аттаныңыз.
Саяхатшыларды Ашхабаттан шөл даланың ортасындағы Дамла қыстауына дейін жеткізу қарастырылған. Жолдың 130 шақырымы тек құм үстінде өтеді. Қыстауда туристер жергілікті жұрттың тұрмысымен, қол өнерімен етене танысып, ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Ал одан соң түнді шатыр астында өткізеді.
Одан бөлек Қарақұмға саяхат кезінде тағы да бір Ақмола атты қыстауға сапар ұсынылады. Ол Дамладан 100 шақырым жерде орналасқан. Сапар кезінде туристер жергілікті фауна және флорамен жақын таныса алады. Аталған қыстаулардан кейін туристер әдетте міндетті түрде Тугай оазисін көруге асығады.Мұндағы өмір тіптен таңқаларлық. Өзіңізді бірер сәтке шөлді аймақта емес, керісінше нулы тропикалық ормандардың арасында тұрғандай сезінесіз. Жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемді де шөлдегіден мүлдем бөлек.
Елге туристерді көптеп тартып отырған жердің бірі – Дарваз. Оты сөнбес үңгір кезінде адам қолымен жасалған қателік салдарынан орын алған апаттың нәтижесі. Онда жанып жатқан табиғи газдың мөлшері қашан таусылатынын да ешкім дөп басып айта алмай отыр. 1971 жылы орын алған апаттан кейін геологтар ондағы газ бірнеше күннің ішінде жанып бітеді деп болжаған еді. Алайда көріп тұрғанымыздай кратердің жалыны қырық жылдан бері өшпей тұр.
4.Ұлы географиялық ашылуларға тоқталыңыз
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды
15 ғ-дың ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды. 1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды). 1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).
5.Қазақстан туризмнің тарихына шолу
КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады.
Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстьанның таулы аумақтарында көп болды.
ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне дейін өтті.
Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты — өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы.
Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.
1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т.б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды.
Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы (үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник» туристтік базасына айналады.
1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды.
1955 жылы Алматыда «Интурист» Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды.
1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.
6. Қазақстан жеріне жүргізілген алғашқы өлкетанушылық экспедицияларға талдау жасаңыз