Мнан жасалған керемет мүсіндер
Р жағажайда жылына бір рет болса да құмнан мүсін жасайтын жандардың жарысы өтеді. Ең белгілі сайыстар сонау 1989 жылы Канада, Британдық Колумбиядан бастау алды. Сайыс қай жерде өтсе де қатысушылар да, көрермендер де өте көп болады. Себебі, сайыс өте қызықты өтеді.Мұндай керемет мүсіндерді жасау үшін: құм, су, күн және шыдамдылық қажет. Бүгін бір топ мүсіншілердің тамаша туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.
54)Мазар (арабша oҲ« — сыйынатын орын) — мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрі Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдеріне ертеден кең тараған. Мысалы,Ауғанстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, ИрандағыМешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа Мазарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді. Зерттеушілер қазақ жерінде Мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, сақ дәуірі) бастап, оның ең байырғы үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. 4 — 2 ғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Алаша хан, Бабажа қатын кесенелері ортағасырлық Мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жеріндегі Мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, терракот тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қасбеті мен пештағына, күмбезіне нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты Мазардың қабырғалары мен маңдайшаларына аят және хадисүзінділері жазылып, қабір басына құлпытас қойылатын болды
15 – 18 ғ-ларда Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. 15 – 18 ғ-лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл-ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл-ның Созақ ауд-ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қырлы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан арқылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. Іші еңселі, 2-қабаты күмбезбен көмкерілген, босаға табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың – Қызылорда обл-ндағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10 – 12 ғ-лар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарының құрылыс ерекшелігінде қола дәуіріндегі Дың ескерткіштері белгілері айқын көрінеді (8 – 10 ғ-лар). Космол. үлгілер діни құрылыстар архитектурасының ертедегі түрлерінің бірі және әр түрлі этн. бірлестіктердің орт-тары болды. Оңт. облыстардағы күмбезді мазарларды салу ісіндегі құралымдық тәсілдер мен пішіндер композициясы Орта Азия архитектурасы ықпалымен дамыды. Оқша ата мазарын (15 – 16 ғ-лар) салған сәулетшілер тік бұрышты қабырғалардан бұрыштардағы аркалар арқылы бірте-бірте күмбездерге көшу тәсілін қолданды. Жүніс ата мазарын салу үстінде өңделген кірпіштен жасалған күрделі сталактиттер жүйесі пайдаланылды.
55)Стоунхендж
Стоунхендж (ағыл. Stonehenge, аспа тастар) — Британ аралдарында орналасқан, ертеде салынған ғимарат үлгісі.
Пішіні домалаққа немесе сопаққа ұқсайтын, әдетте диаметрі 20 метрден кем емес үлкен тастардан тұрады. Ішкі компоненттеріне порталды ғимараттар, ағаш шеңберлер, тас үйінділері мен монолиттер, құдықтар, орталық қорғандар және т,б жатады.
Құрылымы
Суреттегі Стоунхенджтің жоспары:
· 1—Алтарь, Уэльстен әкелінген құмдақ тас.
· 2-3—бейітсіз қорғандар
· 4—4,9 метр ұзындықтағы құлаған тас(Slaughter Stone — эшафот)
· 5—Өкше секілді тастар (Heel Stone)
· 6—екі вертикал орналасқан тастар
· 7—шұңқыр
· 8—ішкі дуал
· 9—сыртқы дуал
· 10—параллель орналасқан дуалдар
· 11—30 шұңқырдан тұратын сақина
· 12—кішкене 30 шұңқырдан тұратын сақина
· 13—56 шұңқырдан тұратын тұратын Обри қуысы(Aubrey holes)
· 14—Кіші оңтүстік есік
Сұр түспен құмдақ тастар, көкшіл түспен көкшіл тастар (bluestone) белгіленген. Бұл тастар Стоунхенджтен 380 км қашықтықта орныласқан Шығыс Уэльстен әкелінуі мүмкін.
Стоунхендж толықтай алғанда 82 үлкен тастардан, салмағы 25 тонна болатын 30 тас блоктардан және салмағы 50 тоннаға жететін трилит деп аталатын 5 тастан тұрады. Бұл тастарды әйгілі геолог Х. Томас зерттеп, олардың осы жерден 320 км алыста жатқан Оңтүстік Уэльстен әкелінгені туралы деректер айқан.
30 құмдақ тас диаметрі 33 метрлік шеңбер құрайды. Олардың биіктігі 4,1м, ені 2,1м және салмақтар 25 тонна. Олардың үстіне ұзындығы 3,2 м, ені 1 м және 0,8 м тастар қойылған. Бұлар жер деңгейінен 4,9 м биіктікте жатыр. 13 ішкі доғаның үстіндегі тастар сақталған.
Шеңбердің шетінде салмағы 50 тонна келетін трилит тастар симметриялы орналасқан. Олардың ең кіші жұбының биіктігі 6 м, ал кейінгісі сәл үлкенірек, ең үлкен трилиттердің биіктігі 7,3 м.XIX ғасырға дейін екі ғана трилит сақталған еді, XX ғасырдың бірінші жартысында бір трилит қалпына келтіріліп, комплекстің солтүстік- батыс бейнесі біраз өзгеді.
Қалпына келтіру жұмыстары 1901-1965жж жүргізіліп, үлкен сынға алынды. Кристофер Чайппиндэйл мен антропологтардың айтуынша барлық тастарға қандайда бір зақым келген.
Зерттелуі
Ертеректе ғалымдар бұл құрылысты б.з.д 2000 жылдардағы Британияда тұрған тайпалар Күн мен Айды бақылау үшін салды деп ойлады.
Ал жақын арада өткен зерттеулер нәтижесі бойынша адамдар бұл аймақтарда б.з.д 7200 жылдарынан бастап тіршілік еткен. Қазіргі археологтардың ойынша бұл ғимараттың құрылысы б.з,д 2300 және 1900 жылдар аралығында жүрген және құрылыс 3 бөлімнен тұрған. Ол бөлімдер:
· 1 бөлім — басты орлар мен дуалдарының құрылысы. Құрылыстың астында бұғылардың мүйізлері табылды. Радиокөміртекті әдістің көмегімен анықталған соңғы дата б.з.д 3020-2910 жылдар аралығы.
· 2 бөлім —екінші реттік орларды қазу, ағаш құрылыстарды және Обри шұңқырларының салынуы.
· 3 бөлім —Үлкен көкшіл тастарды сақина тәрізді етіп орналастыру. Белгіленген датасы б.з.д 2440-2100 жылдар аралығы.
Стоунхенджтің маңызы
Жазғы күн тоқырау кезіндегі Стоунхендж, 1700 жыл.
Аңыздар бойынша Стоунхенджті Мерлинмен байланыстырады.
XVII ғасырдың ортасында ағылшын архитекторы Иного Джонс бұл ғимаратты римдіктер салған деген ойда болды.
Ал біреулер бұл жерді ерте сенімдегі королева Боадицеидің моласы деп ойлады.
1666 жылы Джон Обри бұл ғимаратты ежелгі бриттер салды деп жорамалдады.
Сол секілді ортағасырлық ғалымдар бұны швейцарлар немесе немістер салды деп топшылады.
56)Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс.Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.
Александрия маягы
Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
Салыну себептері
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.
Маяктың құлауы
Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.
Эйфель мұнарасы (фр. Tour Eiffel) - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын.[1]Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды.
Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгіндеФранцияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфел мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астынасу қатырылып, мұз айдыны жасалынды.[2]