Лабораториялық зерттеудің мәліметтері

- Өршу кезінде лейкоцитоз,жедел фазалық көрсеткіштер жоғарлайды(серомукоид,сиал қышқыодары,фибриноген,а-глобулиндер,С-реактивті белок,ЭТЖ)

- Механикалық сарғаю болса- қанда холестоз көрсеткіштері жоғарлайды-билирубин,холестерин,сілтілі фосфатаза.

- Бауыр мен ұйқы бездің қосалқы өзгерістерін анықтау үшін тиісті ферменттердің деңгейін зерттейді.

- Дуоденальдік зондылау В порцияда лейкоциттер,өт түтікшелері мен өтқабының эпителийлік жасушалары,холесттерин,кальций биллирубинаты кристалдары және құм көбейеді.Өттің себіндісінде ішек таяқшасы мен протей ең жиі табылады.

Аспаптық зерттеудің нәтижелері

Оральдік холецистографияда анықталатын өзгерістер:өтқабының контрасталауы баяуланады(90 минуттық артыққа созылады),өтқабының деформациясы ,жөнді толмауы,өтқабы тонусының,жиырылуының бұзылыстары Холеграфия .Контрастық затты венеға енгізгеннен кейін өт түтіктері көріініп,ал өтқабы көрінбесе оны “істен шыққан өтқабы” аталады.Бұл өтқабының бүрісуінен ,тасқа толуынан,мойыныңтаспен бітелуінен немесе өтқабы түтігінің облитерациясынан болады.

- Өт жолдарының УЗД.Тастарды өтқабының деформациясын,қабырғаның қалындауын,тығыздалуын және маторлық функциясының бұзылыстарын анықтайды.

Емі.

Диетотерапияда қолданылатын N5 емдем.Өршу кезінде қуырған,өткір майлы тағамдар берілмейді.Тағамдарды суға пісіріп немесе буға бұқтырып дайындайды.Липотроптық заттарға бай тағамдарға (сүзбе,сыр,балық,бұрыш діндіктері) ұсынған жөн.

Дәрмектік ем.Оның түрі дерттің фазасына,ауырсыну мен дискенезия деңгейіне тәуелді.Өршу кезінде антибактериялық,қабынуға қарсы,өт айдайтын дәрмектер мен спазмолитиктерді қолданады.

І.Антибактериялық дәрмектер.Антиботиктердің энтерогепатикалық айналымға түсіп өттің құрамында биік және жергілікті концентрацияда жиналатын түрлерін таңдайды.Антибактериялық дірмектер өт құрамында жиналу деңгейіне қарай үш топқа бөлінеді:

1)биік концентрацияда жиналатындар:эритромицин 0,25 г күніне 4-6 рет.

Ампициллин 0,5 г күніне 4-6 рет,оленандомицин 0,25 г күніне 4-6 рет,рифампицин 0,15 г күніне 2-3 рет тамақтан 30 минут бұрын.

2)Жеткілікті емдік концентрацияса жиналатындар: тетрациклин 0,25 г күніне 4 рет; доксициклин гидрохлорид бірінші күні 0,1 г 2 рет, калған кұндерде күніне 0,1 г 1 рет; бисептол 2 таб. күніне 2 рет; фуразолидон (фурагин, фурадонин) 0,05-0,01 г күніне 4 рет. Бұлар-дың барлығы тамактан кейін ішіледі;

3)өте аз мөлшерде жиналатындар: мономицин, неомицин, т.б. аминогликандар, левомицетин.

Сонымен, емге жарамдысы - алғашқы екі топтағы антибактериялық дәрмектер. Антибактериялық емнің бір курсының ұзақтығы - 7-10 күн, 3 күн үзіліс жасап (өттен бөлінген флораның түріне, сезімталдығына қарай), емді тағы 7-10 күн қайталайды. Емнің көлемі екі курстан кем болмауы тиіс.

Содан кейін емханалық жағдайда өтқабының санациясын толық жетілдіру мақсатымен антибактериялық емді, ең кемінде, жарты жыл, қажет болса 7-8 ай жалғастырады. Ол үшін антибактериялық дәрмекті әр айда 7 күннен ішкізеді (дәрмектің түрін әр айда ауыстырып).

ІІ. Қабынуға қарсы дәрмектер. Бұларды қабыну процесі айқын болса қолданады (кызудың көтерілуі, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы): индометацин 0,025 г 3 рет тамақтан кейін; бруфен 0,2 г 3 рет тамақтан кейін; циквалон 0,3 г (3 таб) 3 рет тамақган 30 минут бұрын.

III. Өт айдайтын дәрмектер. Өтқабы мен өт жолдарындағы айқын қабыну процесінде, гепатитте, бауыр циррозында холеретиктерді
қолданбайды. Сонымен бірге дуоденальдік және биллиарлық гипертензияда холекинетиктер де қолдануға жатпайды. Сондықтан өт айдаушы дәрмектерді сақ көбіне ремиссия кезінде, өтқабы дискинезиясының түріне қарап береді. Ауырсынудың қатаңдау кезінде жеңіл өсімдіктік холеретиктер беріледі (холосас, от айдаушы шөптер т.б.). Ауырсыну басыла келе антимикробтық, қабынуға қарсы әсері бар холеретиктерге көшеді (никодин, циквалон, оксафенамид, уролесан, т.б.).

Холецистокинетиктерді (циквалон, берберин сульфаты, ксилит, т.б.) өт жолдарының гипотониялық түрінде ғана, ауырсыну толық басылған кезден қолданады. Өт тасында, өттің литогендік қасиеті жоғарласа немесе іштің қатуында құрамында өт қышқылдары бар нағыз холеретиктерді қолданған тиімді (аллохол, фестал, урсосан, лиобил).

IV. Миоспазмолитиктер. Но-шпа 2% ерітіндісін 2 мл бұлшықетке
енгізеді немесе 0,04-0,08 г күніне 3 рет ішуге беріледі; одестон 1 таб
(200 мг) 3 рет. Бұл кезде холециститтің емінде холинолитиктерді қолданбайды, өйткені бұлар холаттардың түзілуіне, өттің қойылуына-септігін тигізеді және өттің ағып шығуын тежейді.

Ремиссия кезіндегі ем: жылына 1-2 рет өт айдаушы дәрмектермен бірге өтқабы дискинезиясының түріне қарай миоспазмолитикті немесе церукалды қолдану ем курстары; минеральды сумен емдеу (ем курсы 4 aпта, жылына 2 рет қайталап); гипотониялық дискинезияда магний сульфатымен, карловар тұзымен тюбаждар жасау (әсіресе менструация келер алдында).