Азіргі дөңгелекауыздылардың систематикасы

Қазіргі кезде тіршілік ететін Дөңгелекауыздылар 50-дей түрді біріктіретін 2 кластармағына, осылар аттас 2 отрядқа бөлінеді. 1 кластармағы Миногалар (Petromyzones), оған 30-дай түрді біріктіретін 1 отряд Миногатәрізділер (Petromyzoniformes) жатады. Миногалар 3 топқа бөлінеді (11-сурет).

 

11-сурет. Миногалардың ауыз воронкалары: 1–теңіз; 2–каспий; 3–үштісті; 4–өзен; 5–тынықмұхиттық; 6–сібір миногалары; а–жоғарғы жақ пластинкасы; б–төменгі жақ пластинкасы; в–бүйірлік орта ерін тістері; г–төменгі ерін тістері

а) теңіз, немесе өткінші миногалар – теңізде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін өзенге өтеді. Олар: Атлант миногасы-Petromyzon marinus, Каспий миногасы- Caspiomyzon wagneri, үштісті минога-Entosphenus tridentatus және т.б.

ә) өзен өткінші миногалары – теңіздің тұщылау жағалаумаңы учаскелерін мекендейді, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұлар: Европа өзен миногасы-Lampetra fluviatilis, Жапон миногасы-Lethenteron japonicum және басқалары.

б) Еуразиялық тұщы су миногалары - өзектерде, көлдерде, бұлақтарда мекендейтін майда миногалар. Олар: Қиыр-шығыс, Сібір өзен миногалары және т.т. Миногалар жартылай паразиттер

2 кластармағы Миксиналар (Myxini), бұларға 20-ға жуық түр бірігетін бір ғана отряд Миксинатәрізділер (Myxiniformes) жатады. Бұлар – нағыз паразиттер. Миксиналардың денесі жалаңаш, сілемейлі бездерге бай. Арқа жүзбе қанаты жоқ, бірақ ұзын аналь қанаты болады. Көзі тері астында орналасқан. Кеңістікті сезіну арқылы бағдарлайды. Ішкі құлақтағы жарты шеңберлі өзек – біреу. Нағыз миксиналарда, жұмсақ денелі миксиналарда 5-16 желбезек қапшықтары болады, олар тері астында орналасқан ортақ жұп өзекпен жалғасып, соңғы желбезек қапшығының артынан жалғыз тесік арқылы сыртқа ашылады. Бұл қоректеніп жатқанда еркін тыныс алуға мүмкіндік береді. Ал сүлікауыз және парамиксиналарда 5-15 сыртқы желбезек саңылаулары болады. Миксиналар аузының миногалардан ерекшеліктері – оның екі жұп мұртшамен көмкерілуі және тақ мұрын тесігін қоршап жататын тағыда екі жұп мұртшасының болуы. Миксиналар көбеюден соң өлмейді және тіршілігінде бірнеше ұрпақ береді (полициклділер). Дамуы метаморфозсыз, жұмыртқадан дернәсіл ересектеріне ұқсас болып шығады. Барлық миксиналар теңіз жануарлары, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың поляр аймақтарындағы теңіздерде мекендейді. Су тұздылығына өте сезімтал. Ең қолайлы тұздылық 32-34 промиль, 29-31 промильде қоректенуді тоқтатады, ал тұздылық 25-ке төмендесе - өледі.

Миксиналар - әр жастағы гермофродиттер. Жастары – аталық, ал кәрілері аналық болып табылады. 100 м және оданда терең жерлерге ұзындығы 2-2,5 см болатын 15-20 сопақша уылдырық шашады. Уылдырығы сарыуызға бай, әр жұмыртқаның ұшында жіпшелер болады, солардың көмегімен субстратқа бекінеді. Тіршілігінде бірнеше мәрте көбеюге қатысады, яғни – полициклділер. Бұларда уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Дернәсілдік стадия болмайды, яғни ұрпақтары ересектеріне ұқсас болып шығады.

Таралуы. Миногалар солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай ендіктерінде таралған. Ішкі континентальды суқоймаларында да кездеседі. Европа, Солтүстік Азия мен Солтүстік Америка суларында мекендейді.

Миксиналар Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының су алаптарында тараған. Солтүстік, Оңтүстік Америка, Жапония, Африка мен Жаңа Зеландияда кездеседі.

Жақтылар бӨлімі, немесе эктобранхиаттар –