Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз
  
  
 Пішіндер
  
 Мазмұны:
 Пішіндердің бұрыштарын санау.
 Үшбұрышта үш бұрыш, үш кесінді бар.
 Төртбұрышта төрт бұрыш, төрт кесінді бар.
 - дөңгелекте бұрыш бар ма?
 - дөңгелекте бұрыш жоқ.
 
 - пішіндердің түстерін ажырату. ( сары, көк, жасыл)
  
  
					Тапсырма: Таяқшалардан пішіндерді құрастыру
					 
 
  
  Мазмұны:
 Таяқшаларды түстеріне қарай санау.
 Үш сары таяқшадан үшбұрыш құрастырамыз.
 Жасыл дөңгелекте табу.
 Бірдей пішіндерді жалға.
  
 
  
  Пішіндердің түсін, көлемін ажырата отырып, бірдей пішіндерді жалғау.
  
					Тапсырма: Пішіндерден күшікке үй жасап беріңіздер
					
 
 
					
Сергіту жаттығулары
					  |   |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |  
  |   |    |     |  Тік ұста бойыңды.
 Жоғары соз қолыңды.
 Соз қолыңды тағыда.
 Жеткіз жираф мойынына.
 Орнымыздан тұрайық,
 Алақанды ұрайық.
 Бір отырып, бір тұрып,
 Орнымызға қонайық.
  
  |       |  
  |   |    |    |     |  Бұршақ
 Алақанда айналар
 Қызыл бұршақ, көк бұршақ
 Сонда ғана шынығар
 Екі қол мен он саусақ
 Қыздар мен балалар,
 Допша қарғып орғытар.
  
  
  |       |  
  |   |  
  |   |  
  |   |    |     |  Аяқтары тыпырлап,
 Күлкілері сыңғырлап,
 Шаттанады қол бұлғап.
 Ұшынан басып аяқтың,
 Тік тұрайық жығылмай.
  
  |       |  
  |   |    |    |     |  Өкшесін баспай аяқтың,
 Отырайық қисаймай.
 Қолды жайып қанатша,
 Жұдырықты түйелік.
 Саусақтары талғанша,
 Ашып, жұмып көрейік.
 Белімізді жазайық,
 Демімізді алайық.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |     |  Жаза жаза қолымыз,
 Талып кетті көзіміз.
 Бір, екі, үш,
 Бойға жинап күш.
  
  |       |  
  |   |    |     |  Ормандағы аюдың,
 Құлпынайы көп екен.
 Теріп теріп алайық,
 Қалтамызға салайық.
  
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Екі алақанды ашамыз.
 Жұмсақ допты алақанда ұстаймыз.
 Допты қатты қысып ұстаймыз, көзді жұмамыз.
 Допты босатамыз, көзді ашамыз.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |    |     |  Аю
 Мен аю қорбаңдаймын,
 Бал арадан қорғанбаймын.
 Омартаны аралаймын,
 Аяқ қолды жаралаймын.
  
  |       |  
  |   |  
 
 
  
  
  
   |   |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |    |  
  |   |    |     |  Сағаттың тіліндей
 Иіліп оңға бір
 Сағаттың тіліндей
 Иіліп солға бір
  
  |       |  
  |   |    |    |     |  Шар
 Үрлейміз біз шарларды,
 Бетімізді томпайтып,
 Секір ұшып, домала
 Бізбен бірге ойнада
  
  |       |  
  |   |  
  |   |     |  Қарлығашқа ұқсайық,
 Кәне қанат жазайық.
 Қарлығаш боп ұшайық,
 Ұшып-ұшып алайық.
 Құстар тойын құттықтап,
 Қуанамыз қолдаймыз.
 Ұя жасап ұқыптап,
 Біз оларды қорғаймыз.
  
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Бір, екі, үш –
 Қарлығаш боп ұш.
 Төрт, бес, алты –
 Қарлығаш боп қалқы.
 Жеті, сегіз, тоғыз, он –
 Қарлығаш боп қон!
  
  |       |  
  |   |  
  |   |     |  Жалғыз саусақ тіпті де
 Ұстай алмас жіпті де.
 Екі саусақ бірікті
 Ине қолға ілікті.
 Үш саусағы өнерлі
 Қала салсақ, жол салсақ
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Қаздар қаңқылдайды,
 Га-га-га.
 Торғай шиқылдайды,
 Шик-ших.
 Қарға қарқылдайды,
 Қар-қар.
 Тырна тырулайды,
 Тру-тру.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Ал, балалар, тұрайық
 Алақанды ұрайық.
 Оңға қарай иіліп,
 Солға қарай иіліп,
 Бір отырып, бір тұрып
 Бір тынығып алайық.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |    |     |  Құстарға біз ұқсайық.
 Қане, қанат жазайық.
 Ұшып-ұшып алайық,
 Орнымызға қонайық.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Добым, добым домалақ,
 Қайда кеттің домалап?
 Үстел үстін бүлдірдің,
 Тәрелкені сындырдың.
 Тентек болып кеттің деп,
 Тұрмын сені тепкім кеп.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |    |     |  Самал сипап шашымды,
 Күн төгеді арайды.
 Құс боп ұшсам батымды,
 Күл қол бұлғап қарайды.
  
  |       |  
  |   |  
  |   |    |     |  Ақ қанатты көбелек,
 Көк қанатты көбелек,
 Қызыл қанат көбелек,
 Біздің үйге келе кет.
 Көбелек-ау, көбелек,
 Мені өзіңмен ала кет.
  
  
  |       |  
  |   |