Анаңа дастархан жасауға көмектес» тақырыбындағы ойын.

Дастархан жайылған үстелдің ортасына гүлмен құмыраны қой.

Құмыраны сол жағына, нан салатын ыдысты, оң жағына бұрышпен тұз салған ыдысты қой. Қасық, шанышқыны оңмен сол жағына рет-ретімен қой. Ас ішетін үлкен табақтың үстіне, орташа табақ қой, табақтың оң жағына пышақ пен қасық, сол жағына шанышқы, т.б. Осы сияқты «ертеңгілік немесе кешкі тамаққа дастархан жаса» деп ойынның түрін өзгертуге болады.

Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.

 

Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиһаздарды орналастыр»деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орындайды. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындатуға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б. ойындарды ойнатуға болады.

- бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін /оң қол,сол аяқ т.б./ кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, артында, оң-сол жағында, жоғарыда-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.

- Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң – жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.

Баланың заттардың салыстыра білуін тексеру.

- Кеңістікте орналасқан ұзын–қысқа, биік – аласа, жалпақ – жіңішке, таркең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.

- Біріншіден бала жалпылама үлкен – кіші деп жалпылама айта салады.

Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына үлкен лента, қысқа лентаны – кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету жасап отыру керек.

- Аласа – биік бағана дегеннің орнына үлкен – кіші бағана деп айтуы мүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті, - аласа, ұзында қысқа, кең орнына тар.

 

Балалар арасында «Дүкенге баратын дұрыс жолды кім көрсетеді?»

Деген тақырыпта жарыс ұйымдастыру. Сол сияқты бір мекемеге баратын жолдың бағытын түсінікті етіп айтсаңыз балалар сіздің қайда барғыңызды өзі табуы керек. Әрине, сіздің тексеріп отырған бала өзінің баратын мектебіне, ойын алаңына, дүкенге жолда жүру ережесін сақтау ешқандай қатерсіз ондай баратын жолды білу керек. Әңгіме барысында баланы аялдама, бағдаршам, жолдан өту белгілеріне назар аударып, жақын маңда аурухана, мектеп, жүретін жолы, жақын маңда темір жол, шұғыл бұрылыс деген белгілерді де ажырата білуіне мән беруі керек.

Егер бала тұратын жерде автокөлік қалашығы болса, жолда жүру ережесін ажырату қиын емес. Сонымен бірге троллейбус, трамвай, автобус әртүрлі жеңіл машиналар түрін ұқсастығы мен айырмашылығын да сұрау керек. Осының бәрі бала мектепке барғанда математикалық есеп құра білуге көмектеседі.

Баланы математиканы меңгеруге дайындау.

Мектептегі математикалық бағдарламаны жеңіл игеру үшін баланың көлем, форма, кеңістік пен сандық ұғымдар туралы дұрыс түсінігі болуы шарт. Санды ретімен санау, есептеу, салыстыру геометриялық фигураларды ажырата білуге үйретіледі.

Бүлдіршіндер мектепке келген күннен бастап, қарапайым математикалық есептерді де өздігінен шеше алатындай болуға тиіс. Сабақтағы мәселе есептің мазмұны, ондағы кейіпкер балаларға бұрыннан таныс мамандық иелері болуы керек.

Мысалы: «Ағаш шебері төрт орындық дайындады, бағбан жеміс ағаштарын отырғызды немесе сауыншы 10 сиыр сауды, қойшы 8 қойды айдап келді деген ұғымды түсінсе баланың малдың иесі кәсіпкер туралы түсінігі кеңейе түседі».

Баланы мектепке дайындауға кеңістік пен сан және есептік сандар туралы түсінігінің болуының маңызы ерекше /көп – аз, артық – кем, үлкен – кіші деген сияқты/. Мектепке барғаннан кейін де математикалық ұғымды игеру қиындық тудырмау үшін ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп, математиканы игеруді олардың ой - өрісін кеңейтетіні мәлім.

Баланың кеңістікті бағдарлай алуы.

Дамуында кешігуі бар балалар өзінің күнделікті тұрмыстық қажетіне жақын кішігірім бөлменің ішіндегі кеңістікті ажырата алады.

Ал, бала мектепте өзін сенімді еркін сезіну үшін «кеңістік» туралы ұғымы кең болуы керек.

Мұндай балалар мына сұрақтарға жауап бере алуы керек.

- Сен қандай ауылда, қалада, ұжымшарда тұрасың?

- Мекен – жайыңды айта аласыңба?

- Сен тұратын үй неше қабаттан тұрады?

- Сендердің пәтерлеріңнің астында неше қабат болады?

- Сенің үйің қандай көшеде немесе даңғылда орналасқан?

- Сенің үйіңе қандай көлік барады?

- Қай көлік аялдамасы сенің үйіңе жақын?

- Үйіңнің жанындағы аялдама қалай аталады?

- Үйіңнің маңайында қандай дүкен немесе мекеме бар?

«Қалаға саяхат»деген ойынды ұйымдастырудағы мақсат, баланы қоршаған орта, кеңістік туралы ұғымын қалыптастыру үшін өзінің тұратын қаланың, астананың, ауылдың суретінің жинағы немесе ашық хат жинағын пайдалануға болады, алдымен суреттерді балаға жалпылама көрсете отырып, өздерінің баламен болған жерлеріңізді онда қандай дүкен бар екенін еске түсірулері керек. Әрі қарай өздері жүретінін ықшам ауданда қандай көлікпен, қай көшенің бойымен, қандай мекеме, ғимарат жанымен өткендеріңді еске түсіресіңдер де өздерің жүрген бағытты талдата отырып суретін салдыру.

1.4 Зейін процесін дамытуға арналған бағдарлама

1 бөлімінде / дәлелдік – диагностика 5-6 сабақ/.

2 бөлімінде / қалыптастырушы 20 сағат/.

3 бөлімінде / үзбей қуаттаушы 10 сағат/.

Алғашқы екі бөлімінде педагогтардың өздері дайындық ретінде өткізсе, соңғы 3-ші сабақта ата-аналарымен бірлікте өткізеді немесе 3 бөлімінде педагогтар мен психологтар бірлесіп өткізеді.

Әлеуметтік жағдайы мен педагогикалық тәрбиеде қараусыз кеткен балалардың зейінін дамыту түзету жұмысы екі бағытта өтеді.

1. Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту.

2. Баланың ырықты зейіні арқылы жеке басты мен ерік сапасын қалыптастыру арқылы зейін қасиеттерін жетілдіру.

І. бөлімде.

Мақсаты:

1. баланың зейін деңгейін анықтау.

2. Психологтар мен мұғалімдердің жүргізетін жұмыстарындағы оқушының бастапқы зейінділік деңгейін дәлелді қалыптастыру.

3. Әр сабақ 20-30 минут ұзақтығы баламен жеке өтіледі.

1 Сабақ

Мақсаты: Бала зейінінің тұрақтылығы көлемі, шоғырлануы алаң болуы сияқты қасиеттерін ажырату үшін жеке бақылау ұйымдастырылады.

Тапсырма:

Бұлшық етті босаңсытуға арналған

Мен сияқты жаса».

«Санайық»

Сабақ қорытындысында көңіл-күйге назар аудару.

1. Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.

2. Келесі нұсқасында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.

3. Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінде дамытуға арналады.

Жаттығулар

Оқып, санай алатын балаларға 5 қатар етіп ретсіз жазылған әріптер тіркесін ұсынып, әр қатардағы әріп тізбегінің ішінде кездейсоқ ұшырасқан сөздерді оқиды да оның астын сызып қояды. Бұл сөздер 2-3-4-5 әріптен құралған болуы мүмкін. Әріптер мен сөздерді анық етіп қолмен немесе машинамен жазуға балаларды қызықтыру үшін күлдіргі сөздерді жазуға болады. Нәтижесін қорытындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағытталады.