Психостимуляторларды шектен тыс қолдану кезіндегі даму сатылары

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Саты Клиникалық көріністері
1 саты Науқастың санасын жаулап, бұрынғы қызығушылықтарын ығыстыратын мастануға интенсивті әуестік түріндегі психикалық тәуелділік синдромы. Наркотиктің болмауы психикалық дискомфорт шақырады. Толеранттылық жылдам өседі, бірінші кезекте наркотик инъекцияларын жиілету арқылы. Наркотикті енгізу кезекті дозаның әсері басылғаннан кейін қайталанады. Наркотикті 2-3 күн бойында және түнгі уақытта енгізулері мүмкін. Тәуліктік толеранттылық 5-6 ретке өседі, бір реттік доза өзгермейді. Үздіксіз наркотизация кезеңі психофизикалық зорығумен аяқталады. 6-10 сағаттан соң 1-2 тәуліке созылатын ұйқы басталады. Психостимуляторларды шектен тыс қолданудың циклды формасы түзіледі. Наркотикалық мастанудың сипаты өзгереді, алғашқы екі фазаның өткірлігі азаяды, үшінші фаза азды-көпті тәртіптелген артық қимылдық белсенділіксіз жүріс-тұрыспен көрінеді. Интоксикацияның төртінші фазасына тән психостимулятордың соматикалық әсері әлсірейді. Бұл сатының ұзақтығы 1-1,5 айды құрайды.
2 саты Өскен бір реттік және тәуліктік дозадан құралып тәуліктік толеранттылық жоғары деңгейге жетеді, (кокаин дозасы тәулігіне 3 г-ға дейін, амфетамин –1г-ға дейін, первитин –0,8 г-ға дейін, прелюдин –1,5г-ға дейін, эфедрин – 4-6 г-ға дейін өседі; Шабанов П.Д., 2002). Инъекциялар жиіленіп, әрбір 1,5-4 сағат сайын жасалады. Наркотизация циклы наркотикті үздіксіз 5-7-10-күндік шектен тыс қолданулардан және 2-3 –күн «әсерінің шегінуі» және ұйқыдан тұрады. Мастану сипаты өзгереді. Эйфория кезеңі 4–тен 2 сағатқа дейін қысқарады, біртіндеп күйзелістер айқындылығы әлсірейді, моторлы белсенділік жоғалады. Мастанудың төртінші фазасында тынышсыздық, тітіркенгіштік, үрей пайда болады. Наркотикке әуестік компульсивті сипат алады. Соматовегетативті бұзылыстардың жинағымен көрінетін абстинентті синдром түзіледі. Бас ауыруы, жүрек қағу ұстамалары және жүректегі ауыру сезімі, тыныштық жағдайындағы ентігу, бұлшық еттердегі қатты ауыру сезімі, фибриллярлы жыбырлаулары және мимикалық бұлшық еттер мен тілдің тырысулары, және де тремор, атаксия, қимыл координациясының бұзылысы, ақ дермографизм, гиперестезия, есінеу, қалтырау, гипергидроз. Айналадағылардың алдында үрейлілік, қорқыныш байқалады. Абстиненция фазаларын анықтау қиын. Абстиненцияның жедел кезеңі 2-3 күнге созылады. Постабстинентті жағдай 1-1,5 айға созылады және әлсіздікпен, апатиямен, жоғары ұйқышылдықпен, депрессиямен, вегетативті көріністердің лабильділігімен, тәбеттің болмауымен және дене массасының төмендеуімен сипатталады. Абстиненцияның жедел кезеңінде сананың делириозды бұзылысымен және көптеген көру, есту және тактильді галлюцинациялармен, психомоторлы қозумен және қорқыныш аффектімен соңына түсу, физикалық әсер ету идеяларымен психоз дамуы мүмкін. Абстинентті психоздың ұзақтығы 3-4 күннен 10-15 күнге дейін. Психоздан шыққаннан кейін амнезия бақыланады, сенімсіздік, күдікшілдік, астения фонындағы депрессия көріністері сақталады, олар 3-4 апта бойында бақыланады.
3 саты Циклдардың қысқаруымен және қабылданған психостимуляторлар мөлшерінің азаюымен толеранттылық төмендейді. Наркотик әсері өзгереді. Көңіл-күйдің көтерілуі тұрақсыз, болмашы психомоторлы қозу. Эйфорияның орнына қозғыштық, қорқақтық, қорқыныштар пайда болады. Наркотиктен ажырағаннан кейін 12-20 сағаттан соң пайда болатын абстиненция құрамында, депрессия және дисфория басым болады. Суицидальды әрекет қаупі жоғары. Психикалық деградация және нейротрофикалық бұзылыс белгілері айқын көрінеді. Психостимуляторларды 1,5-2 жыл бойында жүйелі шектен тыс қолданудан кейін психикалық сфераның босауы (опустошение) дамиды. Науқастар әрекетсіз, дөрекі, тітіркенгіш, ұқыпсыз, эгоистті, паразиттік өмір салтын жүргізеді.  

Психостимуляторлармен интоксикация кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Жылдам басталып, сана бұзылысын еске түсіреді: пациент нұрлану сезімін сезінеді, сыртқы қабылдау қабілеті жоғалады, қоршаған орта ғайып болады немесе бөтен, басқаша болып көрінеді. Басынан өтіп жатқан жедел рахаттану және қысқа уақыттық есеңіреу жағдайында денесінің жеңілдігі және ұшу сезімі пайда болады.
Екінші фаза Препараттарды ішке қабылдағанда дамиды. Сана тарылған. Жеңілдік, ұшуға қабілеттілік сезімі сақталады және кейбір мастану жағдайындағылар секіріп ұшуға тырысады. Тері бетінен, бұлшық еттерден, ішкі мүшелерден әрқилы жайлы сезімдер қабылданады. Көпшілігінде эпигастральды аумақтан шығып жатқан денесінде жылжыған жылу толқыны және соматикалық жайлылық сезімі болады. Басынан шаш өсіп жатқандай және кезеңдік, толқынға ұқсас жанға жайлы дене тітіркенуі орын алады. Зейіні сезімдік күйзелістерге бағытталған, қоршаған орта қабылданбайды. Эйфория интенсивтілігі науқаспен интоксикация жағдайынан шыққаннан кейін «бүкіл дененің оргазмы» ретінде бағаланады.  
Үшінші фаза Қоршаған ортаны қабылдау оның көлемінің тарылуы кезінде өткірленген. Қабылдау ашық, қанық, анық және контрастты майда детальдардың фиксациясымен. Кеңпейілді барлығына және барлық адамға махаббат сезімімен көңіл-күй фоны көтеріңкі. Пациенттер энергия және күш ағынын, іс-әрекет жасауға қажеттілікті сезінеді. Шығармашылық белсенділігі артады. Олар сурет салуды, өлең жазуды, музыкалық аспаптарда ойнап, білімнің әртүрлі саласында теориялар құра бастайды. Пайда болған басқарылмайтын қарым-қатынасқа ниеттену ассоциациялардың беткейлігімен көпсөздікпен, ойлаудың үзілуі және персеверациясымен бірге жүреді. Синестезиялар да сирек кездеспейді: дыбыстық тітіркенгіштер көру бейнелерін күшейтеді, ал көру тітіркенгіштері – сөз және музыка қабылдауды өткірлендіреді, терілік тітіркенгіштер проприосезімталдықты күшейтеді. Либидо мен потенция, және де сексуальды күйзелістер бірден өседі.
Төртінші фаза Шығу фазасы сананың қалыптасуынан және анықталуынан басталады. Эйфория, кеңпейілділік азаяды, кейде жабырқаулықпен, тітіркенгіштікпен, жалғыз қалуға ниеттенумен ауысады. Құлазу, әлсіздік, ұйқыға ауыспайтын ұйқышылдық бақыланады. Қабылдау табалдырығы төмен болып қалады, бірақ алған әсерлерінен ләззат алмайды, олар шамадан тыс болып көрінеді. Барлық сезім мүшелерінің гиперестезиясы бақыланады, әсіресе дыбыстық және жарықтық тітіркенгіштер ауыр қабылданады. Дененің әр жерінде айқын емес жағымсыз ұшпалы сезімдер түрінде сенестопатиялар пайда болады, шүйдедегі ауру сезімі, «құмырсқалардың жорғалауы», қалтырау, сыртқы тітіркенгіштер болмағанның өзінде бүкіл денесімен селк ету. Фаза беткей ұйқының басталуымен аяқталуы мүмкін.

ГАЛЛЮЦИНОГЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 16)

Галлюциногендер деп аз дозаның өзінде галлюцинациялар шақыруға қабілетті заттарды айтамыз. Фармакологияда оларды жиі психомиметиктер, басқаша айтқанда қабылдау кезінде психоз пайда болатын заттар деп атайды. Осы топ препараттарына қатысты «психодизлептиктер» термині қолданылады, сана бұзылысын шақыратын заттар – нақты галлюцинациялар пайда болатын жағдай.

Галлюциногендерге 100-ден астам табиғи және синтетикалық препараттар жатады, бұлардың ішінен келесілер танымал болып табылады:

 

Галлюциногендер
1. Табиғи заттар: - псилоцибин, саңырауқұлақтардан табылған; - мескалин, кактус құрамында болатын; - гармин, гармалин, ибогаин, диметил, триптамин
2. синтетикалық психоделикалық препараттар: - лизергин, лизергин қышқылы диэтиламиді (ЛҚД); - дипропилтриптамин (ДРТ); - диэтилтриптамин (ДЭТ); - 5-метокси-3,4-метилендиоксиамфетамин (МДМА, Ecstasy); - 2,5-диметокси-4-метиламфетамин (ДОМ, STP)
3. атропин тәрізді әсер көрсететін препараттар: - циклодол, паркопан, артан (корректор нейролептиков); - димедрол; - астматол
4. басқалар: - фенциклидин (РСР); - кетамин (кеталар, калипсол).

 

 

Галлюциногендер симпатомиметикалық эффект шақырумен катехоламиндік жүйеге әсер етеді (дофамин, ацетилхолин, серотонин).

Әр препараттың мастану шақыратын орташа дозалары әртүрлі: ЛҚД үшін – 75 мг, ДОМ үшін – 3 мг, псилоцибин үшін – 6 мг, ДМТ үшін – 50 мг, МДА үшін – 100мг, мескалин үшін– 200 мг, циклодол үшін – 8 мг.

 

 

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (псилоцибин)

(В.Д.Менделевич)

1958 жылы швейцарлық химик А.Гофман саңырауқұлақтар құрамындағы белсенді зат - псилоцибин бөліп шығарды, оның мөлшері әртүрлі саңырауқұлақтарда, кепкен саңырауқұлақ салмағымен 0,2 ден 0,6 % -ға дейін. Ішке қабылдаған кезде (4-14 мг) психикалық өзгерістер 30-60 минуттан кейін, парентеральды енгізгеннен кейін (3-15 мг) бұлшық етке немесе тері астына –10-15 минуттан соң пайда болады.

 

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Жүрек айну, құсу, бет гиперемиясы, ыстық немесе суықты сезіну, брадикардия. Көрудің нашарлауы, нистагм, мидриаз, АҚ-ң жоғарылауы, тершеңдік, бас ауырулары, бас айналуы, атаксия, тремор, аяқ-қолдардың ұйып қалуы сезімі, парестезиялар, ауыздағы құрғақтық, дизартрия, гиперакузия, талмалар.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Ориентировканың барлық түрлерінің, және де өзінің жүріс-тұрысын бақылаудың сақталуы. Уақыты бойынша ұзақ емес онейроидты эпизодтар бақыланады, осы кезде қоршаған орта ерекше, шынайы емес тәрізді болып көрінеді. Жанға жайлы және қорқынышты сипатта да болатын иллюзиялар мен галлюцинацияларға бейімділік. Дене схемасының бұзылысы тән. Зейіні өз күйзелістеріне шоғырланған. Қоршаған ортаға қызығушылықтың жоғалуымен немқұрайдылық, эйфориямен, мұңаюмен, қорқынышпен, үреймен қосарласқан іштей сабырлылық бақыланады. Ойлау баяулаған немесе жылдамдаған, басы бос қалғандай, ойлары тоқтап, жоқ болып кеткендей сезім пайда болады. Жиі қатынас және соңына түсу идеялары пайда болады. Қозғалыстық және еріктік белсенділік әлсірейді, сирек күшейеді. Мастану ұзақтығы 4-5 сағатты құрайды, жеке жағдайларда – бірнеше тәулік. Шамадан тыс қабылдауда токсикалық делирий дамуы мүмкін. Бөліктік амнезия болуы мүмкін.

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (ЛҚД синонимдері:лизергин,лизергин қышқылы диэтиламиді)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Бас ауырулары, бас айналуы, қалтырау, ыстық сезімі, гипертермия, гиперсаливация, жас ағуы, гипертензия, жарықтан қорқумен мидриаз, анизокория, гипергидроз, айқын гиперрефлексия, жақ бұлшық еттерінің спазмы, жиілеген және ауру сезімімен несеп бөлінуі бақыланады.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Ашық түсті көру галлюцинациялары бақыланады, заттар жасанды түстерге, немесе бір түске боялады. Заттардың бейнесі жайылып, немесе жиектері айқындала түседі. Олар қозғалыста тәрізді, олардың түстері мен формалары калейдоскопиялық түрде ауысады. Шынайылық сезімін жоғалту, уақыт және кеңістікті қабылдау бұзылысы түрінде дереализация, орын мен уақытқа дезориентация, өз денесіндегі өзгерістер түрінде деперсонализация, түсінбеушілік аффекті недоумения, эйфория және елтуден қорқыныш және дисфорияға дейінгі көңіл-күйдің кенет тербелістері. Басы босап қалғандай сезіммен толық тоқтауға дейін, ойлау баяулаған, осы кезде сөйлеу баяулайды, персеверациялар пайда болады. Қатынас, соңына түсу, әсер ету сандырақтық идеялары, және де ипохондриялық сандырақ бақылануы мүмкін.

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (фенциклидин синонимдері - РСР: «пи-си-пи»,«ангельская пыль»)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
2. Сомато- вегетативті Көру бұзылысы, нистагм, АҚ-ң жоғарылауы, тершеңдік, бас айналуы, құсу, атаксия, дизартрия, гиперакузия, талмалар.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Сана, қозғалыс координациясының бұзылысы, галлюцинацияларға бейімділік, көңіл-күйдің кенеттен көтеріңкі қайраттылықтан, жарқынжүзділіктен қорқынышқа, дүрбелеңге ауысулары, уақыт және кеңістікті қабылдау бұрмаланған. Дене схемасының бұзылысы, есту және көру галлюцинациялары тән. Жауынгерлік, күш қолдануға бейім, импульсивті жүріс-тұрыс. Стереотипті қимылдар бақыланады, ажитация. Әсерінің максимумы –3-тен 6 сағатқа дейін, мастану ұзақтығы – 1-2 тәулік. Шамадан тыс қабылдағанда делирий және сандырақтық органикалық синдром дамуы мүмкін.

Цклодолмен интоксикация кезіндегі киникалық көріністер мен фазалылық

(Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х., 1987)