Жасөспірімдердегі метадондық наркоманияның даму сатылары

(И.Н.Пятницкая, Н.Г.Найденова, 2002)

Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарында наркотиктердің «қара базарында» басқа наркотикалық заттармен бірге бұталық өндірістің синтетикалық наркотигі пайда бола бастады – метадон – ұнтақ, ампулаларда және ерітінді түрінде. Бұл препарат бірден апиындық наркотиктердің орнын алмастырушы ретінде танымал болды.

Метадон Германияда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде синтезделген, және синтетикалық апиын препараты – нароктикалық анальгетик болып табылғандықтан, алғашында морфийді алмастыратын зат ретінде қарастырылды. Дегенмен метадон морфийден әлсіз болып шықты. Метадон, морфий тәрізді кез-келген этиологиядағы ауру симптомын баса алады, және де эйфория шақыратын қасиеті бар (Gourlay Y.K., 1986).

Шетелдік клиникаларда метадонды қолдану негізінен екі бағытта жүріп жатыр – героиндік абстиненцияны басу үшін және метадондық деп аталатын арнайы бағдарлама шеңберінде ремиссияны сүйемелдейтін орынбасулық терапия үшін.

Метадонның апиындық препараттардан айырмашылығы қабылдаған дозаға байланысты 24-48 сағат бойы әсер етеді. Емдік мақсатта метадонды тәулігіне 1 рет қабылдайды. Наркоманиямен науқастарда 50 мг. метадонды шамамен 200 мг героиннің әсері алмастыра алады (Dole V.P., Nyswander, 1965). Абстинентті синдромды басу үшін метадонның бастапқы дозасы тәулігіне 30-40 мг құрайды және тәулігіне 50-80 мг-ға жоғарылауы мүмкін. Әдетте бұл дозалар абстиненцияның жедел симптомдарын 5-8 күнде қайтарады. Артынан метадон дозасын біртіндеп төмендетеді, және 14-20-ші күндері препаратты толығымен тоқтатады. 30 жыл бұрын Dole V.P., Nyswander (1965) пациентке метадонды 20 күннен артық тағайындауға болмайды деген пікірлерін айтқан, өйткені екінші тәуелділік түрі дамиды.

Кейбір шет елдерде егер пациент метадонмен сүйемелдеуші емге келісімін берсе, оны ұзақтығы әртүрлі – 6 айдан 2 жылға дейінгі метадондық бағдарламаға ауыстырады. Метадон дозасы тәулігіне 40-60 мг-ға дейін. Одан жоғары дозалар галлюцинациялар және метадонға патологиялық әуестік шақырады. Метадонмен сүйемелдеуші терапияның бастапқы кезеңінде пациенттер 3 ай бойы күнделікті препарат алуға келеді. Кейіннен аптасына 3 ретке қысқарады, және әдістің кейбір варианттарында пациентке метадонды келесі 2-3 күнге береді.

Барлық пациенттерге аптасына 1 рет опиаттардың, стимуляторлардың, ұйқы шақыратын және седативті заттардың бар-жоғын анықтау үшін зәрдің хроматографиялық анализін өткізеді. Егер осы аталған препараттардың біреуі анықталса, пациент метадондық бағдарламадан шығарылады, өйткені бұл метадонның басқа наркотикалық заттармен әсерін күшейтетінін көрсетеді.

Метадондық бағдарламаның басты мақсаты деп, метадонды героиндік наркомандар реабилитациясында 1971-1973 жж. алғаш қолданған жұбайлар Dole V.P., Nyswander, нароктиктен бас тарту ғана емес, жеке және әлеуметтік реабилитация деп санайды. Бірақ M.Gossop (1978) және басқа зерттеушілер метадондық бағдарламаның әсерінен пациенттердің әлеуметтік статусының жақсарғанын байқамаған, және наркомандар арасындағы қылмыстың азаймағанын көрсетті.

Қазіргі уақытта препарат Ресейге жеткізілмейді, және оны қолдану жөнінде заңды база жоқ.

1,5-3 жылдан аса уақыт героиндік наркоманиямен зардап шегетін кейбір жастар өздері героиннен «қара базарда» «жарнамалайтын» наркоманиядан емделуге немесе героиннен «секіріп түсуге» көмектесетін зат ретінде метадон көмегімен құтылуға тырысады.

Осылайша, жас наркомандарда метадонды қабылаудың мотивациясы, олардың көзқарастары бойынша, наркотиктерден бас тартудың, ең жеңіл жолы болып табылуы.