ЖДА жағдайындағы балалар хирургиясы

 

431. Қабылдау бөліміне 1,5 айлық ұл бала түсті, ауырғанына 4 күн болды. Ауру баланың жалпы жағдайының нашарлауынан, дене қызуының жоғарлауымен басталды. Екінші күні сол жақ аяғын қозғалтуды қойды, ал ораған кезде мазасызданып, жылады. Қараған кезде сол жақ жамбас-сан аймағында ісіңкіреу анықталды, белсенді қозғалыстар жоқ, пассивті қозғалыстар кезінде ауырсыну, сол жақ табанының салбырап тұруы. Сіздің диагнозыңыз

1.+эпифизарлы остеомиелит

2.сан сүйегінің флегмонасы

3.жамбас-сан буынының артриты

4.шап лимфадениты

5.сан сүйегінің сынығы

 

432. Ауруханаға 6 айлық бала дене қызуымен, тізе буынының ауырсынуымен түсті. Қараған кезде келесі клиникалық симптомдар анықталды: жіліншік-табан буынында шектелген қозғалыс, ауырсыну, флюктуация, буын эквинусы, табан супинациясы, сол жақ балтыр-табан буынының аддукциясы. Анамнез жинағанда анықталды: аяқтары туғаннан қисайған, толық клиникалық қарау кезінде басқа өзгерістер анықталмады. Қай ауруға бірінші кезекте көңіл бөлу керек?

1.+іріңді артрит

2.артрогриппоз

3.сүйек кемістігі әсерінен пайда болған табан деформациясы

4.туа пайда болған маймақтық

5.табан сүйегінің остеомиелиті

 

433. Нәрестеде жоғарғы еріннің біржақты бітіспеушілігі, дұрыс ембеуі, шашалуы анықталды. Қай уақытта операция көрсетілген

1.+1-3 тәулікте

2.4-6 тәулікте

3.7-9 тәулікте

4.10-12 тәулікте

5.13-15 тәулікте

434. Белсенді қуық-несепағарлық рефлюкс қандай әдіспен анықталады:

1.цистоскопияда

2.төмендеуші цистографияда

3.+микциялық цистоуретрографияда

4.урофлоуметрияда

5.цистометрияда

 

435. Бала 10 жаста. Сол жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Зәр анализінде – макрогематурия. Урограммада – сол жақ бүйректің төменгі тостағаншасында көлемі 0,8х1,2 см боатын конгломерат көлеңкесі анықталады. Төмендегі операциялардың қайсысы жиі таңдалады:
1.+пиелитотомия

2.нефротомия

3.бүйрек резекциясы

4.нефрэктомия

5.нефростомия

 

436. 3 жастағы бала стационарға ауыр жағдайда айқын интоксикациямен түседі. Іші қампиған, жұмсақ, ауырсынусыз. Анамнезінде созылмалы іш қатулар. Іш қатуына 7 күн. Диагнозын қойындар

1.+Гиршпрунг ауруы

2.долихосигма

3.созылмалы колит

4.специф жаралы колит

5.Крон ауруы

 

437. 2 жастағы балада кешке қарай ұмасының сол жақ жартысында ісік тғріздес, эластикалық консистенциялы түзіліс пайда болады. Диафоноскопия жүргізгенде ұмадағы сұйықтық жарық өткізеді. Қандай операция жасалады:

1.ұма қуысын дренаждау

2.+Росс операциясы

3.қынаптық өсіндіні мойын тұсында өңдеу, тігу, байлау, ұма қуысын дренаждау

4.қынаптық өсіндіні мойын тұсында өңдеу, тігу, байлау, ұма қуысын дренаждау

5.Винкельман операциясы

 

438. 1 жастағы балада кіндік жарығы. Дефекттің өлшемі 0,5 см. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Нұсқаулар

1.алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерін қүшейту, лейкопластырьмен кіндік сақинасының шеттерін тарту

2.массаж, 2 жасқа толғанда жоспарлы түрдегі операция

3.массаж, динамикада бақылау, лейкопластырьмен кіндік сақинасының шеттерін тарту

4.+массаж, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық етінің бекітуі, іш қатудың алдын алу, лейкопластырьмен кіндік сақинасының шеттерін тарту

5.массаж, іш қатудың алдын алу, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерін қүшейту

439. Науқас 7 жаста. Ауырғанына 1 тғулік өтті. Ауру кенеттен, эпигастрий аймағында басталып, кейіннен іштің оң жақ жартысына ауысты. Дене температурасы 380С, тахикардия. Іші кеппеген, тыныс алу актіне қатысады, барлық бөлімдерінде жұмсақ жғне терең пальпация жүргізгенде оң жақ мықын аймағына сғл ауырсыну анықталады, ішастарының тітіркену симптомы күмғнді. Диагноз:

1.жедел гастрит

2.асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

3.жедел панкреатит

4.+ жедел аппендицит

5.жедел дивертикулит

 

440. 7 жастағы балада ентігу, цианоз, оңжақ кеуде бөлігі үрленген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Көкірек аралық солға жылжыған. Тыныс естілмейді осы симптомдардың рентгендегі белгісі.

1.көкірек қуысының мүшелері зақымдалған жаққа жылжуы

2.+Өкпе коллапсы көкрек қуысы ағзалары солға жылжуы.

3.плевра қуысының тотальді қараюы.

4.Өкпенің ошақты толық қараюы мен ошақты ағару болуы.

5.зақымдалған өкпедегі сұйықтық деңгейі