Стационар жағдайындағы педиатрия 4 страница

1.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, үлескелік дәрігер бақылауында қалдыру

2.+антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, шүғыл түрде стационарға бағыттау

3.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, қайта қарау екі күннен соң

4.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, тексеруге жолдама беру

5.антибиотик керек жоқ, үйде бақылау

 

342.Гингивит – бұл ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы:

1.+Жақтың қызыл иек қыры

2.Қызыл иек емізікшесі

3.Тіл

4.Таңдай

5.Ерін

 

343.Жиі ауыратын балалар емханалық сатыда тағайындауларды қажет етеді:

1.Антиоксиданттарды, гомеопатиялық препараттарды

2.Дәрумендерді, метаболиттерді

3.Дәрумендерді, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, гормондарды

4.+Дәрумендерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді, иммуномодуляторларды

5.Дәрумендерді, гомеопатиялық препараттарды, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, метаболиттерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді.

 

344.Қабылдауда 3 айлық бала. V2-АКДС, ОПВ, Hib екпелерін алуға байланысты келді. Алдыңғы жоспарлы екпе ауыр жалпы рекциямен асқынды. № 636 бұйрыққа сәйкес бала иммунизация жасауға жата ма?

1.Жатады, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

2.Жатады, жеке күнтізбе бойынша

3.Жатады, көкжөтел компетентісіз, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

4.Жатпайды, дәрігер уақытша мед әкетуді рәсімдейді

5.+Жатпайды, дәрігер тұрақты мед әкетуді рәсімдейді

 

345.Бір жастағы балада екпеден соң анафилактикалық шок дамыды. 0,1% адреналин ерітіндісінің бір реттік мөлшері, шұғыл көмек көрсету кезінде құрайды:

1.+0,1 мл.

2.0,2 мл.

3.0,3 мл.

4.0,5 мл.

5.1 мл.

 

346.Профилактикалық қарауда 6 айлық бала. Өмір анамнезінен: бала анемия фонында өткен бірінші жүктіліктен, салмағы 3,350 гр. Апгар межесі бойынша бағалау 8-9 балл. 4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Қан талдауында 2 айлығында гемоглобин - 116 г/л. Бұл баланың резистенттілігін анықтаңыз:

1.Жоғары

2.+Қалыпты

3.Орташа

4.Төмен

5.Өте төмен

 

347.15 күндік бала жиі емізгеннен соң бірден немесе біршама уақыт өткен соң лоқсиды, жиі іріген сүт құсады. Белсенді емеді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспаларсыз, диурезі қалыпты. Анамнезінен: тез босану, Апгар межесі бойынша 6-7 балл. Өмірінің бірінші күнініен бастап лоқсиды. Болжам диагноз:

1.+Пилороспазм

2.Пилоростеноз

3.Перинаталды энцефалопатия

4.Ішек дисбактериозы

5.Лактазды жетіспеушілік

 

348.Қабылдаудағы 2 жастағы бала дене қызуының 37,40С дейін жоғарлауына шағымданады. Қарау кезінде өзгермеген тері фонында дақ тәрізді бөртпе жазғыш беткейде көп орналасқан, мұрын-ерін ұшбұрышы «таза». Пальпация кезінде қарақұс және артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Болжам диагноз қойыңыз:

1.+краснуха

2.қызылша (корь)

3.қызамық (скарлатина)

4.энтеровирусты инфекция

5.аллергиялық бөртпе

 

349.1 айлық бала. Баланың салмағы 3500 грамм. Жасанды тамақтанады. Бала тәулігіне тиісті:

1.500 мл. адаптирленген сүт қоспасы

2.600 мл. адаптирленген сүт қоспасы

3.+700 мл. адаптирленген сүт қоспасы

4.800 мл. адаптирленген сүт қоспасы

5.900 мл. адаптирленген сүт қоспасы

350.4 жастағы баланың білезік-алақан буынының рентгенограммасында ұзын түтік тәрізді сүйектердің метафиздерінің кенеюі, шекара сызығының айқын болмауы, әктелінуі байқалады, остеопороз. Қандағы Са – 2,05 ммоль/л, Р – 0,65 ммоль/л, сілтілік фосфотаза – 2437 Бірлік: Көрсетілген мәліметтерді бағалаңыз:

1.Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са және СФ қалыпты,

2.Жеделдеу мешел, гиперфосфатемия, Са және СФ қалыпты,

3.+Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са төмендеген, СФ жоғарылаған,

4.Қайталамалы мешел, гипофосфатемия, гипокальциемия, СФ төмендеген,

5.Белсенді мешел, гипофосфатемия, гиперкальциемия, СФжоғарылаған,

 

351.Анасы 4 айлық баласының нашар тәбетіне, лоқсуына шағымданады. Бала ерте босанудан, салмағы 3,400 гр. Бір айынан бастап жасанды тамақтануда. Салмағы 4,700 гр. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары боз-сұр, құрғақ, жеңіл қатпарлар жиналады, нашар қалпына келеді. Ауыздың шырышты қабаты ашық қызғылт, құрғақ. Тері асты май қабаты нашар дамыған. Бұлшықеттері дряблые. Іші аздап кепкен. Нәжісі тұрақсыз. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз?

1.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі,бастапқы кезең, постнатальды, аралас генезді.

2.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, стабилизация кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

3.+Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

4.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

5.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі, өршу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

352.Қабылдауда 4 жастағы бала. Дене қызуының 380С дейін жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, селқостыққа, мұрын арқылы дем алудың қиындауына шағымданады. Объективті: беті ісінген, пальпаторлы алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері 2-3 см дейін ұлғайған. Араны: қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге, көкбауыры 2 см-ге шығып тұр. Клиникалық диагноз:

1.инфекциялық мононуклеоз, өшірілген түрі, жеңіл дәрежелі

2.+инфекциялық мононуклеоз, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта

3.инфекциялық мононуклеоз, ауыр дәрежелі ауырлықта, гепатит, лимфаденит

4.инфекциялық мононуклеоз, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта, гепатоспленомегалия

5.инфекциялық мононуклеоз, ауыр дәрежелі ауырлықта, гепатит, лимфаденит. Асқынуы - баспа

 

353.5 жастағы бала, салмағы 20 кг. Эпилепсия ұстама кезінде 0,5%-к седуксен енгізу керек. Енгізу көлемін анықтаңыз.

1.0,5 мл к/к

2.+1,0 мл к/к

3.1,5 мл к/к

4.2,0 мл к/к

5.2,5 мл к/к

 

354.2 айлық бала. Тәбеті төмендеген, омыраудан бас тартады. Қарау кезінде кеуде клеткасының тартылуы байқалады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Ентігеді. ИВБДВ бойынша жіктемесі:

1.ЖРА

2.Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию.

3.Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс.

4.+Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

5.Өте ауыр фебрилді ауру

 

355.4 айлық қыз бала, анамнезінде үнемі тұрақсыз үлкен дәрет, вакцинациядан кейі ішектік дисфункция дамыған.Төменде келтірілген вакциналардың қайсысы бұндай дағдай шақыруы мүмкін?

1.қызылшалық

2.Көкжөтелдік

3.Туберкулездік

4.Паротиттік

5.+Полиомиелиттік

356.Қыз бала, 3,5 жаста. Таңертең 39,6 Сº температурамен оянды, аузынан сөл бөлінуде, тамағы ауырады, дисфагия, афония. Отыр, басын артқа шалқайтып алған. Тынысы стридорлы, кеуде торының шұңғыл жерлері керіліп шығып тұр. Кеше кешке бала дені сау болған. Кеуде торының бүйір рентгенограммасында: «бас бармақ симптомы оң»мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

1.Жедел обструктивті бронхит

2.Стеноздаушы ларингит

3.+Эпиглотит

4.Бронх демікпесі

5.Көмейдің аллергиялық ісінуі

 

357.Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді, дистанционды сырылдар. Объективті: терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі.МҮМКІН болатын диагнозды көрсетіңіз?

1.Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

2.Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

3.Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

4.+Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

5.Бронх демікпесі, status asthmaticus

 

358.8 жасар қыз бала, аз мөлшердегі қақырықпен жөтелге , түнде пайда болатын ентігуге шағымданады. ЖРВИ дан кейін 6 бойы өзін аурумын деп есептейді. Обьективті: температурасы 36,8 С, тыныс жиілігі 30минутына, тынысы ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі.Жүрек тондары тұйықталған.Рентгенограммада : екі жақта өкпе суреті күшеюі анықталады.

Берілгендердің ішінде қандай дәрілік препарат тиімді?

1.Кромогликат натрия

2.Серетид

3.эуфиллин

4.лазолван

5.+флутиказон дипропионат

 

359.Ер бала, 9 жаста. Шағымы: жиі салқын тиіп ауыру. Рецидивтеуші іріңді бронхит диагнозы қойылған. Көкесінде Картагенер синдромы бар. Объективті: дене температурасы 37,60С, терісі бозғылт, сұр тұр түсті. Кеуде торы бөшке тәрізді, Өкпеде перкуссияда қораптық дыбыс, аускультативті: түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Рентгенограммада: Бронхтардың диффузды деформациясы. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу МАҢЫЗДЫ болып табылады?

1.Бронхоскопия

2.Генетикалық зерттеу

3.Қақырықты егу

4.Жылувизуальды зерттеу

5.+Мұрынның шырышты қабатының биопсиясы.

 

360.«Муковисцидоз» диагнозына сәйкес тер хлоридінің шешуші деңгейі болып табылады?

моль/л

ммоль/л

моль/л

4.51-60 ммоль/л

5.+61-80 ммоль/л

 

361.Бала 8 жаста. Тез шаршауға, бас айналуға, төс артындағы ауру сезіміне , қасаң қабақтың иктериялығына, қан түкіруге, ентігуге шаңымданады. Алғаш рет аурудың ұстамасы 1 жаста болған . Келесі криздер әдетте 2-4күнге созылады. Қарағанда: терісі бозғылт көкшіл түстес, сауасқтары барабан таяқшасы тәріздес. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар. Бауыры мен көкбауыры қабырға доғасынан +1 см шыққан. Қақырық анализінде: гимосидеринге толған макрофагтар.

Ең ықтимал ем қайсысы?

1.Антибиотиктер

2.Муколитиктер

3.Гепатопротекторлар

4.Антикоагулянттар

5.+Кортикостероидтар

 

362.Қыз бала 4 жаста. Қиын бөлінетін қақырықпен ұстама тәрізді ұдайы, қинайтын жөтелге, ентігуге шағымданады. Үнемі ауыр ағымды суық тиіп ауырады. Ағасы рецидивирлеуші бронхит диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: бала тамақтануы төмен, физикалық дамуы артта қалған, саусақтары барабан таяқшалары тәрізді. Өкпесінде қатаң тыныс , ылғал сырылдар. Іші үлкейген , жұмсақ. Тер хлоридтерінің деңгейі 85 ммоль/л.Аталған препараттардың қайсысы ең тиімді?

1.Амброксол

2.+N-Ацетилцистеин

3.Гвайфенезин

4.Эуфиллин

5.Сальбутамол

 

363.Рахитта қан сарысуында қай ферменттің белсенділігі артады:

1.Липаза

2.Амилаза

3.Қышқылды фосфатаза

4.+Сілтілі фосфатаза

5.Сукцинатдегидрогеназа

 

364.1 жыл 3 айлық қыздың анасы, қаз тәріздес жүрісіне, тізесінің О-тәрізді қисаюына шағымданады. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, маңдай және самай төмпешіктері әлсіз анықталады, қабырғалық «четки», тізесінің О-тәрізді қисаюы байқалады. Бұлшық еттік тонус қанағаттанарлық. Өкпе мен ж.рек жағынан патология жоқ, парнехиматозды мүшелер ұлғаймаған.

Ең ықтимал ем қайсысы?

1.Витамин D3-холекальциферол 500 МЕ күнде

2.Витамин D 3-холекальциферол 750МЕ күнде

3.Витамин D 3-холекальциферол 1000МЕ күнде

4.Витамин D 3-холекальциферол 1500 МЕ күнде

5.+Витамин D 3-холекальциферол 2000 МЕ күнде

 

365.Қыз бала 11 жаста. Эпигастриидегі және сол қабырға астындағы, арқаға берілетін, кенеттен пайда болған ауру сезіміне, жүрек айнуға, қан аралас құсуға шағымданады. Грегерсон реакциясы оң. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бойынша «Д» есепте тұрады, диклофенак қабылдайды.

Дәрілік топтардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

1.Антацидтер

2.Прокинетиктер

3.Антибиотиктер

4.Спазмолитикт

5.+Висмуттың коллоидты субцитраты

 

366.14 жасар ұл бала, қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лоқсуға, жатқанда және еңкейгенде қышқылмен лоқсуға, түнде болатын жөтелге шағымданады. Эндоскопияда: асқазан және өңештің шырышты қабаты бозғылт күлін түсті, тегіс, жылтыр, ақаулар жоқ.

Емнің тиімділігін бақылауда қандай әдіс ең тиімді болады?

1.УДЗ

2.+Өңештік рН тәуліктік мониторингтеу

3.Рентгендік зерттеу

4.Уреазды тест

5.Эндоскопиялық зерттеу

 

367.Ер бала 4 жаста. Жүрек айнуға, 4 күннен бері үлкен дәреттің болмауына шағымданады. Анамнезден бұндай жағдайдың 6 айдан бері болатыны белгілі болды. Қарағанда: терісі құрғақ, түлейтін, тырнақтары мен шаштарының сынғыштығы байқалады. Аузынан жағымсыз иіс шығады, ауыз бұрышында ауыздықтар. Іші кепкен, ұлғайған. Ішті пальпациялағанда ауырсынусыз, төмендеген және сигма тәрізді ішектерде нәжіс анықталады. Аталған диагноздардың қайсысы бағытталған болып табылады?

1.Колоноскопия

2.Ирригоскопия

3.+Ректороманоскопия

4.Гистологиялық зерттеу

5.Тік ішекті саусақпен зерттеу

 

368. 1,5 айлық қыз бала. Перзентханада БЦЖ вакцинациясы вакцинаның болмауына байланысты жасалмаған. Бала анемия фонындағы 2-ші жүктіліктен, бірінші босану кіндік бауының мойынды қысып оралуымен болған. 4 күні үйіне шығарылған. Бұл жағдайда ең дұрыс вакцинациялау тактикасы қандай?

1.1 жасында вакцинациялау

2.Вакцинациялау қарсы көрсетілген

3.Манту сынамасынсыз 8 айында вакцинациялау

4.Манту сынамасымен 2 ай өткен соң вакцинациялау

5.+Манту сынамасынсыз 2 айында вакцинациялау

 

369.3 айлық қыз бала. Анемия фонындағы 1-ші жүктіліктен, кесір тілігімен өткен 1-ші туыттан. АКДСке ауыр энцефалиттік реакция берген. Бұл бала үшін келесі вакцинация қалай жүргізілу керек?

1.уақытша қарсы көрсеткіш

2.+Абсолютті қарсы көрсеткіш

3.жалпы күнтізбе бойынша

4.жеке күнтізбе бойынша, әдеттегі әдіс бойынша

5.жеке күнтізбе бойынша, аялау әдісі бойынша

 

370.1 жастағы қыз бала. Анасының айтуы бойынша шағымдары: дене температурасының 38,50С дейін көтерілуі, 7 ретке дейін құсу, әлсіздік пен енжарлық,мазасыздық. Анамнезінен: 10 күн бұрын паротитке қарсы екпе жасалған. Бала 2 күн ауырған. 1 жасқа дейінгі барлық екпелерін уақытында алған. Бұрын екпелерге реакция бермеген. Объективті: дене температурасы 37,70С, терісі таза, боз,құлақ маңы бездері ұлғайған, аяқ-қолдарының треморы, жарықтан қорқу. Менингиальды белгілірі – оң. Ең ықтимал болжам диагноз?

1.Энцефалит

2.Мононуклеоз

3.Жедел гастрит

4.+Серозды менингит

5.Туберкулез

 

371.Қыз бала, 1,5 жаста. Жанұялық дәрігерлік амбулаторияда біріншілік АКДС ревакцинациясын алған. 3 сағ кейін терісінде бөртпелер- есекжем түрінде, жоғарға ерні мен қабағының ісінуі пайда болды. Алдыңғы вакциналарға реакция болмаған. Бұл жағдайда қандай емдік шараларды тағайындау дұрыс?

1.Димедрол, ішке

2.Преднизолон, ішке

3.+ Супрастин, бұлшықетке

4.Преднизолон, бұлшықетке

5.жергілікті кортикостероидты майлар

 

372.Ер бала 2 жаста, диспансерлік есепте атопиялық дерматит диагнозымен тұрады.

Бұл балаға қандай иммунизация күнтізбесі ең дұрыс?

1.әдеттегі уақыт бойынша

2.Абсолютті қарсы көрсеткіш

3.уақытша қарсы көрсеткіш

4.+әдеттегі уақыт бойынша, алдын ала дайындықпен

5.жеке күнтізбе бойынша, әдеттегі әдіс бойынша

 

373.Ер бала 4 жаста. Шағымдары: дене температурасының жоғарылауы,бас ауыруына, әлсіздік, мұрын бітелуі, құрғақ ауру сезмді жөтел, кеуде қуысының төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, конъюнктивит. Объективті: температура 37,5, терісі таза, тыныс алу жиілігі 28 рет/мин, өкпесінде перкуторлы анық өкпелік дыбыс, қатаң тыныс, бірлі жарымды құрғақ сырылдар бүкіл өкпе алаңында. ЖҚА: гемоглобин-120 г/л, эритроциттер - 4,6х1012/л, лейкоциттер -9,5х109/л,ЭТЖ - 5 мм/сағ.

Осы ауру кезінде қай дәрілік зат ең арнайы болып табылады?

1.Витаминдер

2.Муколитиктер

3.Антибиотиктер

4.Антигистаминды препараттар

5.+Интерферон препараттары

 

374.Бала, 3 жаста. Шағымдары: дене қызуының 38,2Сº-қа дейін көтерілуіне, ылғалды, аз қақырық тастайтын жөтел. Анамнезінде: жиі бронхитпен ауырады. Әкесінде поллиноз бар. Объективті: аңқасы гиперемирленген, аускультативті: қатаң тынысты орта және ірікөпіршікті ылғылды сырылдар, жөтелгеннен кейін біртіндеп кетеді,көптеген құрғақ сырылдар. ТЖ 28 рет минутына, PS 100 соққы минутына. Жалпы қан анализі: гемоглобин-130 г/л, эритроциттер - 4,5х1012/л, лейкоциттер -11х109/л, ЭТЖ - 22мм/сағ. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

1.Бронх демікпесі

2.+Рецидивтеуші обструктивті бронхит

3.Созылмалы обструктивті бронхит

4.Жедел обструктивті бронхит

5.Ауруханадан тыс пневмония

 

375.Қыз бала, 6 жасар. Шағымы: дене қызуының көтерілуіне, шулы тынысқа, жалпы әлсіздік. 3 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Объективті: мәжбүрлі отыру қалпында. Бетінде периоральды цианоз, ТЖ 35 рет/мин, өкпеде перкуторлы қораптық дыбыс; тынысы қатаң, құрғақ ысқырықты және ызыңдайтын сырылдар. Рентгенологиялық: өкпе суреті күшейген, өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған.Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

1.+Жедел обструктивті бронхит

2.Стеноздаушы ларингит

3.Эпиглоттит

4.Бронх демікпесі

5.Көмейдің аллергиялық ісінуі

 

376.Ер бала, 5 жаста. Шағымы: ұстаматәрізді жөтелге, ысқырықты тыныс, ентігу. 5 айлығынан атопиялық дерматитпен ауырады. Бала бақшаға түскеннен кейін (2 жасында) ЖРВИ-мен жиі ауыратын болған (жылына 6-8 рет). 3 жасында тұншығғуұстамасы пайда болған, сальбутамол ингаляциясымен басылады. Кейіннен ұстама айына 3-4 рет қайталанған, оны цитрусты пайдаланумен байланыстырады. Шешесінде- экзема. Қандай триггер бұл аурудың асқынуында ең себепті болып табылады?

1.Физикалық жүктеме

2.Метеожағдайдың өзгеруі

3.Психоэмоциональды жүктеме

4.+Респираторлы-вирусты инфекция

5.Өткір иісті заттармен ауаның былғану

 

377.5 жастағы балалардағы жүректің жиырылу жиілігі қанша?

1.120 рет

2.+100 рет

3.80 рет

4.70 рет

5.60 рет

 

378.Қыз бала 3 айлық, жетіліп туылған, емшекпен тамақтандырады. Анасы тершеңдікке, ұйықтағанда шошынатынына, тітіркенгіштікке, желке шашының түсуіне шағымданады. Қарағанда : дене бітімі дұрыс, тургор сақталған, тамақтануы жоғары. Үлкен еңбегі 3х4 см, шеттері жұмсарған, қызыл жайылған дермографизм, Ленский симптомы оң. Ең ықтимал ем қайсысы?

1.+Витамин D3 500 МЕ күнде

2.Витамин D3 750МЕ күнде

3.Витамин D3 1000МЕ күнде

4.Витамин D 1500 МЕ күнде

5.Витамин D 2000 МЕ күнде

 

379.Қыз бала 3 айлық, жетіліп туылған, емшекпен тамақтандырады. Анасы тершеңдікке, ұйықтағанда шошынатынына, тітіркенгіштікке, желке шашының түсуіне шағымданады. Қарағанда: краниотабес, бұлшық еттердің бостығы, желкенің тығыздануы. Қай зерттеу әдісі мәліметті болып табылады?

1.кальций деңгейі

2.фосфор деңгейі

3.+білезік рентгенограммасы

4.лимон қышқылы деңгейі

5.сілтілі фосфотаза деңгейі

 

380.Қыз бала 9 жаста. 2 сағат бұрын ауыра бастады. Эпигастриидегі белдемелі ауру сезіміне шағымданады. Екі рет жеңілдік әкелмейтін құсу болған. Қарағанда: терісі боз, тілі ақ жабындымен жабылған, дене температурасы 380C, іші кепкен, эпигастрииде кернелген, бауыры +7+9+11см, Ортнер симптомы күдікті, Мейо-Робсон нүктесінде ауырсынулы. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 17х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Нәжіс массалары тазалау клизмасынан кейін тығыз, майлы. Қай зерттеу әдісі мәліметті болып табылады?

1.Холецистография

2.+ асқазанның бариймен рентгеноскопиясы

3.Ретроградты холангиопанкреатография

4.Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

5.Құрсақ қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

 

381. 12 жастағы қыз . Кіші заттармен ойнаған. Жедел ентігу, жөтел пайда болып, 15 минуттан соң басылды. Бала белсенді, дене қызуы 36,70С, өкпесінде аускультациялық зерттеу өткізген кезде сол өкпесінің жоғарғы жағында сылдыраулар естіледі. Қан талдауы: эритроциттер-4,2х1012/л, гемоглобин 135г\л, лейкоциттер 4,0х109/л, ЭБЖ- 3мм\с.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы дұрыс?

1.+Бронхоскопия

2.Қақырық анализы

3.кеуде шеңберінің рентгнографиясы

4.қан биохимиясы

5.Компьютерлік томография

 

382.«Муковисцидоз» диагнозын қою үшін тердің хлоридтерінің дәрежесі неше болуы керек?

1.10-19 ммоль/л

2.20-29 ммоль/л

3.30-39 ммоль/л

4.40-59 ммоль/л

5.+60-69 ммоль/л

 

383.3 жастағы қыз. Жөтелге шағымдары бар, қақырық шықпайды. Көп тумау ауруларымен ауырады. Дәрігерлік қарау кезінде: азыған, саусақтары «барабан таяқшалары » тәрізді. Өкпеде тыныс алу дыбыстары қатаң. Құрсақ қуысы үлкейген. Тер 85 ммоль/л. Төмендегі дәрілердің қайсын қолданған жөн?

1.Амброксол

2.+N-Ацетилцистеин

3.Гвайфенезин

4.Эуфиллин

5.Сальбутамол

 

384. 10 жастағы қыз. Аяқтарында бөртпе пайда болғанына шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: жамбастары мен аяқтарында кіші бөртпелер бар. Құрсақ қуысы ісіген, Қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 110г/л, лейкоциттер 12х109/л, ЭБЖ 15 мм/с. Грегерсон бойынша реакция оң. Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысы осы ауруда ең тиімді?

1.Но-Шпа

2.+Преднизолон

3.Курантил

4.Гепарин

5.Делагилм

 

385.6 жастағы бала. тері қабаттарының сары түсті болғанына шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттарының сары түсті. Бас сүйегі өзгерген, таңдайы готикалық. Бауыр +1см, талақ+4см .Қан талдауы: эритроциттер-2,0х1012 /л, гемоглобин -72 г/л, ТК-1.0,ретикулоциттер-12%, лейкоциттер-6,2-х109/л, эозинофилдер-1%, лимфоциттер-18%,моноциттер-9-%, тромбоциттерв-250х109/л, ЭБЖ 13 -мм/с. 60% эритроциттері сфера тәрізді. Төменде көрсетілген диагноздың қайсы дұрыс?