Азақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

ҚР-да бақылау мен қадағалау ҚР Конституциясының 4 бабына негiзделедi отырып, сонымен қатар басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

Прокурорлық бақылаудың мәні прокуратура мәртебесімен, мемлекеттегі орны және рөлімен анықталады. Оның ең толық анықтамасы "ҚР-сы прокуратурасы туралы" заң күші бар Президенттің жарлығында берілген: Прокуратура органдарының максаттары болып:

· заңның жоғарғылығын қамтамасыз ету;

· заңдылықтың бірыңғайлығы мен нығайтылуын қамтамасыз ету;

· адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарынын қорғауын қамтамасыз ету;

· заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүдделері қорғалуын қамтамасыз ету.

Аталған мақсаттарға жету үшін прокуратураның негізгі іс-әрекеті төмендегілерден кұрылады:

· төрт бағытқа бөлінген прокурорлық бақылаудан;

· қылмыстық қудалаудан;

· қылмыспен күрестегі құқық қорғау органдарының іс-әрекетін сәйкестендіруден (координациялаудан);

· сотта іс қарауға катысу;

· құкық шығару іс-әрекетке қатысу.

Прокурорлық бақылаудың мақсаттарымен салыстырғанда оның міндеттері нақты. Оларды шешу прокурорлық бакылаудың мақсаттарына жетуді камтамасыз етеді.

Прокурорлық бақылау міндеттерін 3 топқа бөлеміз: жалпы, арнайы және жеке (накты) міндеттерге. Олар, әрине, өзара байланысты болады: жеке (нақты) міндеттерді шешу бакылаудың арнайы міндеттер шешілуін ескереді. Өз кезегінде, арнайы міндеттерді шешу ең жоғары денгейдегі міндеттер -бақылаудың жалпы міндеттері - шешілуін ескереді.

Прокурорлық бақылаудың жалпы міндеттері болып төмендегілерден тұрады:

· Конституциямен бекітілген қоғамдық және мемлекеттік кұрылысты

· Конституциямен кепілденген саяси, еңбекті жай және басқа да жеке мүліктік құқықтары мен заңмен қорғалатын ҚР-сы азаматтарының мүдделерін;

· Меншік нысанынан тәуелсіз түрде мемлекеттік мекемелердің, серіктес және басқа қоғамдық ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін корғау.

Прокурорлық бақылаудың арнайы міндеттері оның нақты бағыттары алдында тұрған міндеттерді белгілейді. Мысал ретінде, құқық субъектілерінің заңға қайшы актілерін анықтауды, заң бұзушыларды анықтау міндетін айтуға болады.

Прокурорлық бақылаудың жалпы және арнайы міндеттерінің шешілуі бақылаудың құқықтық кұралдарын прокурорлармен пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы құралдарды пайдалану кезінде прокурор қайсы бір нақты жеке міндеттерді белгілеп, оларды шешеді. Мұндай міндеттер жеке (нақты) деп аталады.

Олар прокурорлық бақылаудың қай бағытына тиістілігімен ажыратылады. Мысал, заң бұзылу фактісі бойынша мәліметтемені талап ету, заңдылығын тексеру үшін құқықтық актіні талап ету, соттардың заңсыз өкімдеріне наразылық келтіру, т.б сол сияқтыларды айтамыз.

Ал ҚР ратификациялаған халықаралық шартта қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру барысында мынадай қатынастарды реттейді:

· бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі

· бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі

· тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар

· бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, прокуратура мынадай қызметтерді жүзеге асырады, яғни жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалауды, сот әділдігі мен жедел-іздестіру қызметін. Атап, айтатын болсақ бақылаудың және қадағалаудың қағидалары мен міндеттері төмендегідей:

· заңдылық;

· бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

· жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;

· жариялылық;

· бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;

· мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;

· бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

· жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы; қажеттілік пен жеткіліктілік;

· мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;

· адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;

· тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;

· мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;

· тәуелсіздік;

· объективтілік және турашылдық;

· дәйектілік қағидаттарына негізделеді

Демек, бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, ҚР ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Жалпы бақылау кызметі өз мақсатына жету үшін, мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарының істеріне араласу және оларды орындаудан сақ болу үшін тек конституциялык функциясынлардың дәлме-дәл және бірыңғай орындалуын бакылауды -жүзеге асыруы тиіс.

Бұның бірнеше талаптары бар:

· Прокурорлық бақылау пәнін және шектерін аныктау;

· Прокурорлық жүйедегі барлық прокурорлардың функцияларын анық ажырату;

· Бақылау объектілерінде заңдылық, құқық бұзушылықтар жай-күйі туралы мәліметтерге ие болу (мемлекеттік есеп (отчет), мамандарды тексерістерге тарту т.б.)

· Жалпы бақылауды аймақтық (предметно-зональный) принцип негізінде құру.

· Дұрыс жоспарлау, объектілерді дұрыс талдау.

Прокурор өзінің жасаған наразылықтарына, басқа актілеріне алған жауаптармен шектеліп қана қалмай, заң бұзу жағдайлары жойылуына өткізілген іс-шаралар қадағалауын, олардың нақтылығын және тиімділігін қамтамасыз етуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана жүргізілетіндіктен, бақылауды ішкі және сыртқы бақылау болып екіге бөледі.

Ішкі бақылау деп - мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ ҚР заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау болғандықтан, Үкіметтің жүргізетін бақылауы заңға сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау қолданылмайды.

Сыртқы бақылау деп - бақылау мен қадағалау органы тексерілетін субъектілер талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау. Соның нәтижесінде сыртқы бақылау бойынша мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасап, шараларды қабылдайды.

Ішкі бақылау кезінде:

· құқықтық актілердің орындалуын бақылайды (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;

· ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылайтындықтан, ішкі бақылаудың мынадай түрлері бар (1-кесте).

Кесте 1

Ішкі бақылау
құжаттамалық тексерудің орындалуы туралы есептерді, баяндамаларды тыңдау, талқылау ревизия және қажетті ақпаратты талап ету заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер

Ішкі бақылау мынадай өлшемдерді жүргізеді:

· құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;

· орындаудың уақтылығы және толықтығы;

· орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша.

Ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпараттарды талдау кезінде:

· құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;

· құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;

· бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;

· құқықтық актіні орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін.
Демек, ақпаратты талдаудағы қорытындылар бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады, содан кейін ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі.

Прокуратура органдарындағы қолданылатын құқықтық актілер бойынша көрсетілген іс-шаралардың орындалуын бақылау және мерзімдерін ұзартуды жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша түрінде ескерту жібереді. Ішкі бақылауды ұйымдастырып, оны жүзеге асыруды жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындайды.

Қадағалау тікелей қауіп төнген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын анықтап, мемлекеттік органдар тексеретін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қолданады.

Егер айтатын болсақ, бақылау мен қадағалаудағы өзге де нысандарды жүргізген кезде тексерілетін субъектіге алдын ала хабарлап, сондай-ақ оның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуі талап етілмейді. Сонымен қатар, олардың қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасайды.

Тексеру барысында объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша оған барғанға дейін 1 тәулік бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдар міндетті түрде хабарламай, рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алумен (өтумен) байланысты болған, құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуіне инспекция жүргізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау, ішкі істер органдарының ҚР-нда қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.

Субъектіні тексеру төмендегідей:

· мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы

· бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;

· тексерілетін субъектінің ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.

Тәуекелді бағалау жүйесінің кезеңдері көрсетілген (2-кесте).

Кесте 2

Тәуекелдерді бағалау жүйесі
Мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді жоспарлы тексерулер жүргізудің жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі   тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарына қатысты дайындайды және бекітеді
ветеринария, карантин, өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында   сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында    
Жоғары - жылына бір рет Орташа   -3 жыл бір рет Болмашы – 5 жыл бір рет Жоғары тәуекел дәрежесі кезінде
6 айда-1 рет 3 айда-1 рет 6 айда 1 рет
Орташа тәуекел дәрежесі кезінде
1 жылда-1 рет 6 айда 1 рет Жылына 1 рет
Болмашы тәуекел дәрежесі кезінде
3 жылда -1 рет жиі Жылына 1 рет 3 жылда 1 рет
               

Тексеру барысында қаралатын мәселелер міндетті ведомстволық есептіліктің нысандары мемлекеттік орган, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіліп, ал жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді, сонымен, құқық бұзушылықтар анықталған кезде оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізеді. Әрине, қазіргі таңда субъектілерді тексеру жөніндегі деректер мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Субъктілерді тексеру барысында мынадай түрлерге бөлінеді(3-кесте).

Кесте 3

Тексерілетін субъектілерді тексеру мынадай түрлерге
жоспарлы-күнтізбелік отыз күн бұрын жоспардан тыс-кемiнде бiр тәулiк бұрын
уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатерлердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру  
тексеру
Кешенді - тексерілетін субъектінің қызметін белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру Тақырыптық - тексерілетін субъектінің қызметін белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру

Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және тексеруді тағайындау туралы акті тіркелетін жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін санамаланған негіздер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады. Ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Сонымен бірге тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін. Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі мәні бар мәліметтер және құжаттар алу, 30 жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Субъектіні тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі және қайта бастау туралы акт шығарылады
Заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi тиісті бақылау мен қадағалау органының және лауазымды адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) байланысты тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға не сотқа шағымдануға құқығы бар. Тексерілетін субъектiнiң мемлекеттiк органдардың қылмыстық iстi қозғаумен және тексеру жүргiзумен байланысты iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы ҚР қылмыстық iс жүргiзуде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бақылау мен қадағалау кезінде қандай қағидалар қарастырылады?

2. Тексерулерді ұйымдастыру барысында қандай тәртіптерді негізге алады?

3. Тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуде қандай қатынастарды қарастырады?

4. Шағын кәсіпкерлерге қатысты қандай ережелерді білесіз?

5. Шағын, ірі, орта бизнесті тексеру мерзімдері қандай?