СОӨЖ 1. Ғылым ретіндегі психология пәні

Тапсырма

1. Психиканың филогенезде дамуы.

2. Психологиядағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерге деген негізгі ынғайлар.

3. Психиканың саналы және бейсаналы механизмдері.

4. Р.Декарт, З.Фрейд, К.Юнгтің саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы туралы ілімдері.

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: жүйке жүйесінің қызметі, оның түрлері туралы білімдерді еске түсіріңіз, бас миының құрылымымен және оның психикалық белсенділік ерекшеліктерімен танысыңыз. Психика қызметінің биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу теорияларын талдаңыз. Психика, сана, бейсана, астар сана, рефлекс, инстинкт, және басқа ұғымдардың мағынасын анықтаңыз.

 

СОӨЖ 2. Психология ғылымының даму тарихы.

Тапсырма.

1. Аристотель, Платон, Р.Декарт, В.Вундт еңбектеріндегі психика туралы ілім.

2. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ақын-жырауларының психологиялық-педагогикалық ойлары.

3. Әл Фараби, Яссауи, Баласағұн, Қашғаридің психологиялық көзқарастары.

4. Қазіргі кезде Қазақстанда психологияның дамуы.

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиеттерденпсихология ғылымының даму тарихын қарастырыңыз.Әл -Фараби, Яссауи, Баласагұн, Қашғаридың психологиялық көзқарастарына салыстырмалы талдау жасаңыз. Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуын талдаңыз. Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және басқа ағартушылардың психологиялық қызметін қарастырыңыз.

 

СОӨЖ 3. Психика мен сананың дамуы.

Тапсырма.

5. Ми және психика.

6. Психика дамуын биогенетикалық жіне социогенетикалық тұрғыдан қарастыру.

7. Адам миының құрылымы.

8. И.Сеченев, И.Павловтың рефлекстер теориясы.

Өткізу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: этнопсихология туралы қарастырылған психологиялық әдебиеттен психиканың даму ыңғайларымен танысыңыздар, ғалымдардың көзқарастарын қарастырып, берілген сұрақ бойынша өз позицияңызды анықтаңыз. Адам миының құрылымы туралы мәліметтерді талдаңыз, мидың бөліктерін және әр бөліктің қандай қызмет атқаратындығын білу керек.

 

СОӨЖ 4. Жеке адам психологиялық талдау объектісі ретінде

Тапсырма.

1. Өзін өзі бағалау, жеке тұлғаның ниеттену деңгейі ұғымы.

2.Жеке адамның әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері.

3. Әлеуметтік бейімделудің психологиялық аспектілері (кәсіби, әлеуметтік-психологиялық).

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: Аталған тақырыпты меңгеру үшін басқа гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдардағы жеке адам мәселелері туралы жалпы қалай қарастырылатындығын білу керек. Жеке тұлға ұғымының теориялық аспектілерін қарастырыңыз.

СОӨЖ 5. Іс-әрекетті психологиялық талдау.

Тапсырма.

1. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

2. Оқу-тәрбие процестерінің шығармашылық түрлері.

3. Іс-әрекет теориясы

4. Іс-әрекеттегі шығармашылықты белсендіру тәсілдері, әдістері.

5. Шығармашылық міндеттерді шешу кезеңдеріне сипаттама.

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: Инженерлік шығармашылық мәселесін өнертапқыштық іс-әрекет тұрғысынан, инженердің кәсіби қызметіндегі шығармашылықты дамытудың маңыздылығын қарастыру қажет. Инженерлік іс-әрекеттің ерекшелігін, жеке тұлғаның танымдық, коммуникативті, құлықтық белсенділігін арттыруға әсер етуші оның кәсіби ерекшеліктерін анықтаңыз. Техникалық шығармашылықты белсендіруге бағытталған жаттығулардан мысал келтіріңіз. Техникалық шығармашылықтың дамуына кедергі келтіретін факторларды сипаттаңыз.

 

СОӨЖ 6. Қарым-қатынас психологиялық категория ретінде.

Тапсырма.

1. Батыс және Шығыс мәдениетінде іскерлік қарым-қатынас этикасының ерекшеліктері.

2. Іскерлік қарым-қатынастағы электрондық байланыс.

3. Қызметтік телефонды қолдану ерекшеліктері.

Өткізу түрі: Әлеуметтік-психологиялық тренинг.

Әдістемелік ұсыныс: Іскерлік этикет негіздеріне көңіл аударыңыз. Тұлғаны түсіну, қабылдау және психологиялық әсер ету мәселелерін талдаңыз.

 

СОӨЖ 7. Әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Тобыр және бұқаралық құбылыстар психологиясы.

2. Тобырды басқару әдістері.

3. Үлкен әлеуметтік топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

4. Оқыс жағдайлардағы тобырдың психологиялық құлқы.

Өткізу түрі: Дискуссия, талқылау.

Әдістемелік ұсыныс: Үлкен әлеуметтік топтарда бұқаралық құбылыс сипаттамасын құрастырыңыз. Үлкен әлеуметтік топтарды басқару әдістері туралы ұсыныс құрастырыңыз.