Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін білдіретін процесс сайлауға қатысу. Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды сайлау жүйесі болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау органдарының құрамы тәуелді. Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында –бұл сайлаулардың тәртібін құраушы және биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)
-аралас жүйе.Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері:
Мажоритарлық жүйе:Абсолютті көпшілік салыстырмалы принцип
Принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп)Ал, пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: пропорционалды жүйе бойынша.Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің шеңберінде дауыс береді. Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік сайлау мажоритарлық жүцемен, парламенттік сайлау пропорционалдық принциппен. Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ережелер бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы және онан кейін қабылданған жаңғыртулық өзгерістерге сай 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан парламенті-Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Республикалық референдум — Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді.