Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі
Билікті жүзеге асыру механизмдері:
1.Үстемдік-мемлекеттік нормативті-құқықтық аңтілер негізінде бір әлеуметтік топтың екінші әлеуметтік топты бағындыруы.2.Жетекшілік-саяси жүйенің, қоғамның даму стратегиясының анықталуы, заң жүзінде бекітілуі және негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда құралдарды таңдау.
3. Басқару және ұйымдастыру-нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау, келісу, әртүрлі әлеметтік топтардың, тұлғалдардың қызметтерін, саяси және саяси емес ұйымдар мен құрылымдардың әрекеттерін тәртіпке келтіру. 4.Бақылау және кері байланыс-осы арқылы билік қабылдаған шешімдердің нәтижесін көріп отырады.
40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, Ф.Аквинский, Мартин Лютер)
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Рухани өмірде дін үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврерий Августин еді. Ол христиан фәлсафасының негізі қағидалары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәнің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни оның өз бетімен немесе (Құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер) христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Еңбектері: «Билеушілерді басқару туралы», «Теологияның жиынтығы». Ол өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімделгісі келді. Жалғыз адам өз мұрқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірге өмір сүру керек. Фоманың ойынша, билік Құдайдың құдіретімен орнайды. Патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс деп пайымдады. Осыған ұқсас саяси көзқарас Мұсылман дінінде де орнады. ХХ ғ-да феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, діни қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын қорғауға қарсы шығып, адам құқығын қорғауға шақырды. Аврелиий Августин. (354-430ж.ж.) Философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткер. Ол августинизм деп аталатын христиан философиясындағы неоплатонизм бағытын негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу, «Құдай қаласы туралы т.б. Августин ілімі бойынша адам дүниеге келу келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың еркімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке немесе азаптарға бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік берген. Адамзат тарихы осы заңдылыққа бағынады. Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августиннің құдай құлшылығы дегені оның жердегі өкілі — Рим шіркеуі. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі адамдардың бәрі де бағынуға тиіс. Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше орын алады. Басты еңбегі – “Теологияның жиынтығы”.Фома Аквинский: «заң — белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес,қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның ойынша, саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді.
Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық Мартин Лютер (1483-1546).
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері арасындағы келіспеушіліктер Римдік-католик дініне қарама-қарсы Лютер адам және оның зайырлы өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады.Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис – екі әлемнің болуы. Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани(аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
Азақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.б негіздерде болады).
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биік ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі біздің бабамыз ұлы ойшыл Жүсіп Хасхаджип Баласағұни 1021-1075аты әлемге әйгілі ақын,фәлсафашы, қоғам қайраткері болған.Жүсіп туралы мағлұматтарды із оның негізгі еңбегі «Құдатғұ Білік»дастанынан білеміз.Бұл еңбек ерекшелігі-ол сол кездегі ресми араб тілінде емес,ана тілі-түрік тілінде жазылғандығы.Ол араб-парсы тілдерін жақсы білетіндігін білдіріп,сонымен қатар Орта Азияда билік құрған қарахандықтарға түсінікті болуы үшін жазылған.Ол-тек саяси трактатқана емес,ода өмірдің мән-мағынасына адамның тағдыры оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы,әдет ғұрпы және т.с.с.туралы көзқарастар жинақталған улкен шығарма. Ол шындыққа,бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды,еркіндікті аңсайды. Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин 1841-1889 өмір сүрді. Ол халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етті. Тек білім,ағартушылық қана бұхара халықты билеп төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп,барлық күш жігерін олардың білімімн көтеруге арнады. Адамдардың көзін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Ұлы ұстаздың қажырлы қызметі арқасында хіх ғас.70-80жылд.қазақ даласына көптеп мектеп салынды. 1845-1904 қазақтың кемеңгер данасы,заңғар ақыны, асқан ағартушы,жазба әдебиетіміздің нег.салушы Абай Құнанбаев өмір сүрді. Абай қазақ даласына барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл,білім,ерік» жоғары дәрежеге көтеріп,асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті,парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып,байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина,би,болыс және т.б.атқамінерлер сияқты әлеум.топтың қоам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсінді.Ол ел басқару жүйесіне жаңа заң,ережелер енгізуді сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасады. Қазақ қауымына әлеуметтік реорманы да,экономикалық рефорнаы да бірінші ұсынған-ұлы Абай.Данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері,ақыл кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
Ахмет Игүненики XII ғ . Йасы маңындағы Иүгнек деген қыстақта дүниеге келген .Араб,парсы тілдерін меңгерген. «Ақиқат сыйы» дастаны 14 тарудан 235 өленен тұрады.Білім,әдеп,адамгершілік еңбек туралы.Оны халық «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп бағалаған.Дастан қазақ тіліне аударылып,1985ж жарық көрді.
43.Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
Азақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.