Стандарртаудың принциптері

Кіріспе

Стандарттау – потенциалды және барлық есептердің жалпыға ортақ көпрет және өз еркімен орындалуы үшін қолданылатын, процесстер және қызметтерге,өнімге қойылатын талаптардың белгілі бір оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған қызмет.

Стандарт – стандарттау, сертификаттау және метрология қызмет орындарымен орнатылған және қызығушы жақтың келісімінің негізінде жасалынған құжат.

Стандарттаудың мақстаттары мен қызметтері

Мақсаттары: 1. Өмір қауіпсіздігі, адамдар денсаулығы, қоршаған орта заттары және оларды қорғау.

2. Саудадағы техникалық бөгеттерді жою, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.

3. Техникалық және ақпараттық сәйкестікті, сонымен қатар өнімдердің өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету.

4. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету.

5. Ресурстардың барлық түрлерін қолдпнудың сақталуы және рационалдануы.

6. Мемлекеттің мобилизационды дайындығын және қоғау шараларын қамтамасыз ету.

7. Табиғаттағы және техногенды опаттарды және тағы басқа тосын жағдайларды ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздіігн қамтамасыз ету.

8. Тұтынушылардың сапа, процесс, жұмыс, қызмет жайындағы сұрақтары мен қызғушылықтарын қорғау.

Қызметтері:1. Өнімге, процесстерге және қызметтерге қойылатын сипаттама және ереже нормалары.

2. Өнімнің, процесстердің және қызметтердің адам өміріне және денсаулығына, олардың мүліктеріне, қоршаған орталарына қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

3. Ақпаратты сәйкестікті және өзара алмастырушылықты қамтамасыз ету.

4. Өндірістің, өнімнің, процесстердің және қызметтердің нормативті қамтамсыз етілуі.

5. Ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу.

6. Метрологиялық нормалар, ережелер, үкімдер және талаптардың орнатылуы.

7. Бақылаудың, сертификаттаудың және сапа дәрежесінің нормативті-технологиялық қамтамасыз етілуі.

8. Технологиялық процесстерге талаптардың қойылуы.

Стандарттаудың принциптері

1. Жақтардың қызығушылықтарын тепе-теңдікте ұстау. Стандарттау прцессінің қатысушылары, бір жағынан өнім шығарушының және қызмет орындаушының мүмкіндіктерін, екінші жағынан тұтынушының талаптарын қарастыра отырып ортақ келісімге келтіру.

2. Жүйелік және комплектілік. Жүйелік-әрбір объектіні күрделі жүйеде қарастыру. Комплектілік, күрделі жүйенің барлық элементтерінің сәйкестігін қарастырады.

3. Стандарттың динамикалығы. Стандарттар болып жатқан өзгерістергебейімделуі керек, яғни стандарттар әрқашан өзектіленіп отыруы тиіс.

4. Тиімділік. Нормативті құжаттардың қабылдануы экономикалық немесе әлеуметтік тиімділік көрсетуі қажет.

5. Басымдылық. Бұл мақсатқа заңнаманың нормаларының талаптары стандартқа сәйкес келгенде жетуге болады.

6. Үндестіру принципі мемлекеттік, сонымен қатар халықаралық масштабтағы үндестірілген стандарттарды және құжаттардың сәйкестігін қарастырады.

7. Дәлділік (нақтылық). Стандарт үкіметінің нақты формулировкасы болуы керек, құжаттардың екі мағыналы талдаулары болмауы керек.

Стандарртаудың принциптері

5.1 Стандарттаудың негізгі принциптері болып табылады:

5.1.1 Келісім- өнімнің, прцесстердің және қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі бойынша барлық жақтардың ортақ келісімге келуі.

Ескерту. Халықаралық стандарттауда консенсус термині қолданылады, ол қызығушы жақтардың көпшілігінің болмыстық сұрақтар бойынша қарсылықтары жоқ болған кездегі, барлық жақтардың ойларын және сәйкес келмейтін көзқарастарын санауға талпынғандағы ортақ келісім мағынасында түсіндіріледі. Консенсус толық ынтымақтылықты қарастырмайды.

5.1.2 Ашықтық- саудадағы техникалық бөгеттерді жою , сыртқы және ішкі нарықтағы Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін- қызмет ететін және стандарртау бойынша қайта өңделетін нормативті құжаттардың халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен және талаптармен үйлесімділігін, олардың Қазақстан Республиеасының мемлекеттік стандарттар ретінде қабылдау.

5.1.3 Еріктілік- стандарттау талаптары ұсынылмалы болатын сонымен қатар стандарттар міндетті құжат болып саналмайтын және ерікті түрде қолданылатын халықаралық стандарттау тәжірибесіне көшу, бірақ техникалық регламенттердің талаптары сақталуына жету мүмкін емес болған жағдайлар қарастырылмайды.

5.1.4 Отандық және шетелдік өнім шығарушылар мен қамтамасыз етушілер үшін стандартту аясында тең талаптардың қойылуын қамтамасыз ету.

5.1.5 Әлеуметтік, техникалық, экономикалық қажеттілікті және қызығушы кәсіпорындар мен организациялардың қолдану кезіндегі қабыл етушілікті қарастыратын жаңа стандарттардың экономикалық мақсатқа лайықтылығы.