Тақырып 1. Банк қызметін ұйымдастыру негізі

Мақсаты: банк қызметін ұйымдастыру қызметінің ерекшелігімен танысу

Есебі:

¨ берілген тақырып терминін және оның түсінігін ашу;

¨ коммерциялық банктің қалыптасуы және құрылуы жөнінде түсініктеме алу;

¨ ҚР банк жөніндегі құрылымын алу;

 

Сұрақтар:

1. ҚР банк жүйесі

2. Банктің құрылу негізі

3. Банк қызметінің ерекшелігі

4. Банк консервациясы

 

Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесін бекітеді.

Мемлекеттiң несиелiк жүйесiн қаржыландыру механизмiнде басты роль коммерциялық банкке жатады. Олар ссудалық капиталдың әр түрлi секторында жүзеге асырылатын көп функционалдық ұйымдастыру табылады. Банктер несиелiк ресурстардың негiзгi үлесiн шоғырландырады және депозиттердi қабылдауды несиелеудi бекiтуде, есептiк қызмет көрсету, сатып алу – сату және шетел валютасының бағалы қағаздарын сақтау т.б қоса отырып өз клиенттерiне толық қаржылық қызмет көрсетуге мүмкiншiлiк бередi.

Қазiргi коммерциялық банктер сала аралық, аймақтық ақшалай капиталды қамтамасыз ете отырып, қаржылық делдалдық ролдi атқарады.

Қазiргi коммерциялық банктер – бұл ұйым, пайда алу мақсатында ақшалай қаражатты жұмылдыру бойынша операциялар жиынтығы, қайтарымдылық, шұғыл және төлемжағдайында өз атынан оларды орналастыруды жүзеге асырады.

Өз қызметiнде коммерциялық банк белгiлi бiр принциптермен басқарылады. Банк қызметiнiң бiрiншi негiзiн қалаушы принципi пайда максимизациясымен қорытындылады. Банк қызметiнiң екнiшi принципi – оның өз қызметiнiң нәтижесiнде экономикалық жауапкершiлiгi болып табылады. Банктiң қызметiнiң үшiншi принципi – ресурстарды арзан бағамен сатып алып, жоғары бағамен сату. Банк қызметiнiң төртiншi принципi – қолда бар қаражаттар шегiнде салымдарды жүзеге асыру. Банк қызметiнiң бесiншi принципi – қауiп – қатер минимизациясы және iске асырылмаған қаражаттар минимизациясы.

Банк құрылымын ұйымдастыру банктi басқару құрылымымен және оның функционалдық бөлiну құрылымы, қызметi бойынша екi негiзгi әдiстерiмен анықталады. Басқару органының басты тағайындалуы – банктiң коммерциялық қызметiн басқаруда оның негiзгi функциясын өндiруде оперативтiк және рационалдық, сонымен қатар тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

Төменде көрсетiлген кестеде акционерлiк коммерциялық банк құрылысын ұйымдастыру келтiрiледi.

 

 


 

 
 

 

 


Қазiргi уақытта коммерциялық банктер негiзiнен акционерлiк қоғам сияқты құрылған, онда банк басқаруында акционерлер қатысады. Банк басқаруында жоғарғы орган банк акционерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Банк жұмысының жалпы басқармасы үшiн акционерлер жиналысын бақылау және қадағалау негiзiнде басқарма және банк кеңесiн таңдайды. Кеңес құрылымы iшiнен ревизиялық комиссия мүшесiн банктiң басқарма председателiн таңдайды.

Басқарма (банк кеңесi) – банк иемденушiлердiң уәкiлеттi органы олардың акционерлерiн және мүддесiн қорғайды. Кеңес (басқарма) тәжiрибелiк операцияларды жүзеге асыру және жетекшiлiк ету үшiн банктiң басқарушылық құрылымын қалыптастырады.

Өз қызметiн жүзеге асырудағы коммерциялық банк процесi нарықтық экономиканың қызметi үшiн маңызды жағдайды орындайды.

Коммерциялық банктiң келесi негiзгi қызметiн бөлiп көрсетедi:

- ақшалай капитал аккумуляциясы және мобилизациясы

- несиедегi делдалдық

- шаруашылықта төлем және есеп айырысу өткiзу

- төлем қаражатын құру

- бағалы қағаздарды орналастыру және шығару ұйымы

- клиенттерге ақыл – кеңес беруге қызмет көрсету.

Студенттерге келесі бақылау сұрақтарының жауаптарын біліп және конспектілеу қажет:

1. «Банк» түсінігін білу

2. ҚР банк жүйесінің құрылымы

3. Банк формасындағы құқықтық ұйым

4. Банкті ашуда Ұлттық банк келісімі

5. Банктің ұйымдастырушылық құжаттары

6. Банк атауы

7. Банктің жарғы және жеке капиталы

8. Құрылтайшылар және акционерлер

9. Банк қызметі

10. Банк қызметін ретке келтіру

11. Пруденциальдық нормативтер

12. Банктік құпия

13. Банк консервациясы

14. Банктің қайта құрылуы және таралуы

 

Әдебиет: 1(с.17-51), 2(с.9-33), 3(с.7-34), 4(с.39-62,69-83), 5(с.265-362), 6,7, 10, 36(с.158-220)