Тақырып 2. Банк ресурстарын басқару және қалыптастыру

 

Мақсаты: банк ресурстарын басқару және қалыптастырудың маңызы

Есебі:

¨ берілген тақырып терминдері және негізгі түсінігін оқу;

¨ экономикалық мазмұны әдістері бойынша депозиттерді топтастыруды білу;

¨ шот жабу кезінде алынған салым, салымшылар кірістілігі, депозиттері бойынша есептелінген пайыз сомасын есептеп шығару;

¨ теоретикалық материалдарды пайдалана білу;

Сұрақтар:

1.Банктің жеке капиталының құрылымы

2.Жеке капитал қызметі

3.Банктің жұмылдырылған ресурстары

4.Қарыз қаражаты

5.Банктік ресурстарды басқару

Мекеме ретінде банкті анықтау, бос ақшалай қаражатты шоғырландыратын және оны қайтарылым негізінде орналастыратын, оның қызметінде актив және пассив операцияларын бөлуге мүмкіншілік береді.

Пассивтік операциялар. Олардың көмегімен банктер өз ресурстарын қалыптастырады.

Оның мәні әр түрлі салымдарды қабылдаудан, басқалай банкіден несие алудан, сонымен бірге, нәтижесінде банктік ресурстар көбейетін басқалай операциялар өткізуден тұрады.

Тарихи пассивтік операциялар активтік операцияларға қатынасы бойынша рөлін анықтайтын бастапқы рөльді атқарды.

Тәжірибеде пассивтік операцияларға жатады:

- салымдарды (депозиттерді) қабылдау;

- клиенттер шотын ашу және жүргізу, оның ішінде банктік – корреспонденттік;

- жеке бағалы қағаздарды (акция, облигация), қаржылай инструменттерді (вексель, депозиттік және жинақ сертификаттарын) шығару;

- банкаралық несиені алу, оның ішінде орталықтандырылған несиелік ресурстарды.

Банктік ресурстардың ерекше формасын банкінің жеке қаражаты (капиталы) білдіреді.

Жеке капитал банкінің дамуының қаржылай базасы болып табылады.

Ол салымшылар мен кредиторларға банкінің банкроттылығы мен зиян шеккені жағдайында, компенсациялық төлемдерді жүзеге асыруға, банк есебіне сәйкес операция түрлері мен көлемін қолдауға мүмкіншілік береді.

Банкінің жеке қаражат құрамында жарғы, резервтік және басқалай арнайы қорларды бөледі. Банкінің жеке капиталының негізгі элементі – жарғы қоры.

Ол банкінің ұйымдастыру формасына байланысты қалыптасады.

Егер банк акционерлік қоғам ретінде құрылса, оның жарғы қоры акцияны жүзеге асырудан түсетін акционерлер қаражаты есебінен құрылады. Банк жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылса, онда қатынасушылардың пайлық жарнасы есебінен жарғы қоры қалыптасады.

Банкінің ұйымдастыру – құқықтық формасынан тәуелсіз, оның жарғы қоры толығымен қатысушылар салымы есебінен қалыптасады.

Жарғы қорының мөлшері, оның қалыптасу тәртібі мен өзгеруі банк уставымен анықталады. Жарғы капиталының сомасы заңдылықтарымен шектелмейді, бірақ банк тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, орталық банкімен жарғы капиталының минимальды мөлшері орнатылады.

Жарғы қорының көбеюі банк акционерлерінің қаражаты есебі ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Резервтік қор олармен жүргізілетін операция бойынша банк зиянын жабу мүмкіншілігі үшін арналған. Оның көлемі жарғы қорына пайызы ретінде орнатылады.

Резервтік қорды қалыптастыру қайнар көзі болып пайдаға аудару табылады.

Банктер басқалай арнайы қорларды да қалыптастырады: «Негізгі қаражаттың тозуы», «Азқұндылық және тез тозатын заттар».

Банктік ресурстар құрамында жеке капитал шығын көлемін құрайды.

Банк ресурстарының негізгі бөлігін жұмылдырылған қаражат қалыптастырады, ол активтік банктік операцияны жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатының барлық мұқтажының 90%-не дейін жабады.

Коммерциялық банк кәсіпорын, ұйым, мекеме және басқалай банкінің салымдар (депозиттер) формасындағы қаражатын жұмылдыруға мүмкіншілігі бар.

Салым (депозит) – бұл нақты жағдайында сақтау үшін банкіге берілген ақшалай қаражат. Салымға ақшалай қаражатты жұмылдырумен байланысты операция депозит деп аталады.

Банктер үшін салымдар – пассивтік оперцияның ең басты түрі, активтік несиелік операцияны өткізу үшін негізгі ресурс.

Салымды топтастырудың әр түрлі белгісі бар. Салымшыларға байланысты депозиттерді нақты және заңды тұлғаның депозиттері деп бөлуге болады.

Салымдарды алу тәртібі мен мерзіміне байланысты шұғыл депозиттер және талап ету депозиттері деп бөлуге болады.

Талап ету депозиттері банкіде клиенттерімен ашылатын әр түрлі шотында орналасады. Олар ағымдағы есеп айыруды жүзеге асыру үшін арналған. Салымды алу қолма-қол ақша формасында және қолма-қолсыз ақша формасында жүргізіледі.

Клиенттер шотындағы қалдық коммерциялық банкінің пассивтік шотындағы қаражатымен байланысты.

Банктер, клиенттерге шот аша отырып, активтік несиелік операцияларды өткізу үшін шот бойынша несиелік қалдықты қолданады.

Талап ету салымдар тұрақсыз. Осы себептен шот салымшыларына аз пайыз төленеді.

Талап ету депозиті бойынша банктер орталық банкте минимальды резервті сақтауға міндетті, оның мөлшері қазіргі уақытта 22%-ке анықталған.

Шұғыл салымдар – пайыз төлеумен келісілген мерзімге депозиттік шотына тіркелетін, ақшалай қаражат.

Бұл үшін мөлшері салым мерзіміне байланысты.

Банк шұғыл салымдар жұмылдыруға мүдделі, өйткені олар тұрақты және банкке ұзақмерзім ішінде салымшылар қаражатын орналастыруға мүмкіншілік береді.

Шұғыл салымдардың әр түрлілігі болып депозиттік сертификат табылады.

Депозиттік сертификат – салым сомасының мерзімі аяқталғаннан соң, салымшыға оны алуға құқығын беретін, банкінің жазбаша куәлігі.

Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаға беріледі. Ол атаулы және ұсынушыға арналған болуы мүмкін.

Депозиттік сертификат бойынша салым алу құқығы басқа тұлғаға тапсырылуы мүмкін. Депозиттік сертификат талап етуге дейін немесе нақты мерзімге банкімен шығарылады.

Депозиттер коммерциялық банкінің ресурстарының маңызды қайнар көзі болып табылады.

Банкіде олардың құрылымы ақшалай нарық коньюнктурасына байланысты.

Банктік ресурстарды қалыптастыруда бұл қайнар көзіне бірқатар кемшіліктер тән. Бұнда салымға қаражатты жұмылдыру кезінде банкінің материалдық және ақшалай шығындары жөнінде сөз қозғалады.

Салымға қаражатты жұмылдыру клиенттер дәрежесіне де байланысты.

Қазіргі жағдайда ақшалай қаражатты оперативті жұмылдыру үшін коммерциялық банктер ресурстардың банкаралық нарығының мүмкіншілігін қолданады. Банкаралық механизм коммерциялық банкінің несиелік қарыз ресурстарының негізгі қайнар көзі, баланс төлемқабілеттілігін қолдау үшін қаражаттың қайнар көзі болып табылады.

Ол корреспонденттік қатынастар шегінде беріледі. Банкаралық корреспонденттік қатынастар механизмі бір – біріне тапсырмасы бойынша төлем және есепті операцияларын жүзеге асыру үшін, бір банкінің басқалай банкіге корреспонденттік шотын ашуды қарастырады. Банкаралық несиені жұмылдыру тікелей келіссөздер жолымен банкінің өз бетінше, немесе қаржылай делдалдықтар арқылы жүзеге асырылады.

Егер банктер банкаралық несие туралы келіссе, онда олардың қатынасы арнайы келісім шартымен толтырылады.

Коммерциялық банкінің пассивтік операциясы олармен орталықтандырылған несиелік ресурстарды алу болып табылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Банктік ресурстарға анықтама беріңдер

2. Банктің жеке жұмылдыру және қарыз қаражат арасында қандай айырмашылық бар?

3. Банктің акционерлік капиталы деген не?

4. Бірінші және екінші деңгейдегі құрушы капиталды атаңдар.

5. Жеке капиталдың қандай қызметі сіздерге белгілі

 

Әдебиет: 1(с.115-182), 2(с.69-93, 213-221), 3(с.35-76), 4(с.156-180), 7,36(162-163)