Медициналық жәрдемді қажет ететін немесе қабылдап жатқан тұлға
* Емдеу мекемесіне келген тұлға
* Медициналық қызметкерге көмек көрсетуіне келген тұлға
* Медициналық ұйымға тексерілуге келген тұлға
! Науқас 56 ж, «қант диабеті, декомпенсация» диагнозымен эндокринология бөлімшесінде жатыр. Қабылдау бөлімшесіне түскенде кетоацидоздың дамуына байланысты жағдайы ауыр деп бағаланды. Госпитализацияның Госпитализацияның 3 күні пациент бөлімше меңгерушіге барып, емдеп жатқан дәрігерін ауыстыруына сұрайды, бұрын басқа дәрігерде емделіп жүргенін айтып, осы госпитализацияда сол дәрігердің емдеуін сұрайды. Осы жағдайда бөлімше меңгеруші не істеуі керек?
*+Науқастың көңіліне қарап, науқас сурап отырған дәрігерге курацияны беруі керек, өйткені бұл науқастың құқығы.
* Бұл науқасқа бөлімше меңгерушісі өзі курация жүргізу керек.
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа барлық дәрігерлер емдеу терапиясын бірдей жүргізетінін, ешқандай айырмашылық болмайтынын түсіндіруі керек.
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа өзі сұраған дәрігер бос емес екенін, бұл науқасқа курация жасай алмайтынын түсіндіруі керек
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа дәрігер таңдауына құқығы жоқ екенін, бөлім меңгерушінің жұмысына араласпауын сұрайды.
! Науқас пен емдеуші дәрігердің арасында жеке сипаттағы конфликт пайда болды. Осы жағдайда бөлімше меңгеруші не істеуі керек?
*+Емдеуші дәрігерді ауыстыру қажет
* Науқасқа бөлімше меңгерушісі өзі курация жүргізу керек
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа барлық дәрігерлер емдеу терапиясын бірдей жүргізетінін, ешқандай айырмашылық болмайтынын түсіндіруі керек
* Дәрігер– кураторды ауыстырмай, жеке сипаттағы болған конфликт емдеудің нәтижесіне әсер етпейтінін түсіндіру
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа дәрігер таңдауына құқығы жоқ екенін түсіндіру
! Науқас 44 ж, терапия бөлімшесінде емделіп жатыр. Бөлімшеде жалғыз әйелдер дәретханасы істемей тұр. Науқастар бөлімшедегі жалғыз ортақ дәретханаға баруы тиіс. Науқас бөлім меңгерушісіне және емдеу дәрігеріне барып қызметкерлер дәретханасына барып отыруын сұрап талап қояды. Бөлім меңгерушісі бұл жағдайда не істеуі керек? * Науқастың көңіліне қарап, қызметкерлер дәретханасына барып отыруына бөлім меңгерушісі рұқсат беруі керек *+Дұрыс санитарлық гигиеналық жағдайларды талап етуі бұл науқастың құқығы, сол үшін бөлім меңгерушісі аурухана әкімшілігінен және шаруашылық бөлімше қызметкерлерінен науқастарға санитарлық гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуін талап қоюуы тиіс
* Науқасқа барлығы осындай жағдайда екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа қызметкерлердің дәретханасына барып отыруына құқығы жоқ екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа бұл жағдайлар уақытша екенін түсіндіріп, әйелдер дәретханасын жақын арада жөндейтінін түсіндіріп айтуы қажет
! Терапия бөлімшесінің науқасы, өзінің дәрігері қойған диагнозына күмәнданып, профессордың кеңесін талап етеді.. Емдеуші дәрігер өзінің қойған диагнозына сенімді, дәл қазір профессордың кеңесін ұсынбайды. Осы жағдайда емдеуші дәрігер не істеуі керек.
*Науқасты диагноздың дұрыс екеніне сендіруі керек
* Бөлім меңгерушісімен бірлесіп, науқасты диагнозының дұрыс екеніне сендіруі керек
*+Емдеуші дәрігер профессормен кеңесіп, бөлім меңгерушісіне науқастың талабын жеткізуі керек, өйткені бұл науқастың құқығы, ал емдеуші дәрігер үшін тәжірибелі маманның кеңісін алу мүмкіндігі бар
* Науқасқа талабының дұрыс емес екендігін түсіндіріп, емедеуші дәрәгер тәжірибелі маманның кеңесі қажет немесе қажет емес екендігін өзі шешеді
* Профессор кеңестерді тек анық емес жағдайда ғана жүргізеді, ал бұл жағдайда науқастың жағдайы кеңесті қажет етпейтінін түсіндіру қажет
! Науқастың диагнозы ісіктің 4 сатысы, өзінің диагнозын біліп, дәрігерге бұл жайлы туысқандарына хабарламауын сұрады. Бірақ дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп қабылдап диагнозды және оның болжамын науқастың баласына хабарлауды шешті. Дәрігер дұрыс шешім қабылдады ма?
* Дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп бағаласа, онда ол дұрыс шешім қабылдады, бірақ науқастың баласына емес, әйеліне хабарлауы тиіс
* Дәрігер науқастың ойын білмегендіктен, науқастың барлық туысқандарымен сөйлесуі қажет еді
* Дәрігер аурудың болжамы жайлы туысқандарына тікелей емес, астарлап айтуы керек еді
*+Дәрігер науқастың құқын бұзды, науқас өз денсаулығы жайлы ақпаратты кімге айту керектігін өзі шешу қажет.
* Дәрігер науқастың жағдайына қарап дұрыс шешім қабылдады.
! 79 ж науқас жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жақын арада өзін өмірден өтетінін шешіп, емдеуші дәрігеріне молда шақыруын өтінді. Дәрігер не істеуі қажет?
* Дәрігер науқасқа дәл қазір молданың қажет емес екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа жансақтау бөліміне бөгде адамның кіруіне болмайтынын түсіндіру
* Молданың келуі ауруханаішілік тәртіпке сәйкес келмейтіндігін түсіндіру қажет
* Науқасты палатаға ауыстырған кезде молда оған келе алатынын түсіндіру қажет