Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы

Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Күрделі белоктар: фосфо-, металло- және липопротеиндер.

Мақсаты:Студенттерді биохимия ғылымымен таныстыру. Фосфо-, металло- және липопротеиндерге сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1. Биохимияға кіріспе

2. Күрделі белоктар:фосфо-, металло- және липопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Биохимияға кіріспе

Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым. Энзимология, молекулалық генетика, биоэнергетика саласындағы ашылған жаңалықтар биохимияны фундаментальды пәндердің қатарына қосты және биология, медицина, жануарлар мен өсімдіктер саласындағы көптеген мәселелерді шешуде негізгі қажетті сала (пән) жасады.Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Ол осы үрдістерді басқара отырып рациональды ем қолдануға мүмкіндік береді.

Күрделі белоктар: фосфо-, металло- және липопротеиндер- құрылысы, ролі, өкілдері

Күрделі белоктар жай белок (апобелок) пен простетикалық (белок емес немесе қосылған) топтан тұрады.

Фосфопротеиндер (ФП) құрамында өте көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдықтары бар, олар гидроксиамин қышқылдарының – серин, треонин, тирозиннің ОН-топтарына қосылған. Өкілдері- ихтуллин (балық уылдырығының ФП-рі), фосвитин мен вителлин (жұмыртқа сарысының ФП-рі), казеин (сүттің ФП-рі). ФП- фосфор мен алмастырылмайтын амин қышқылдарының көзі.

Металлопротеиндер (МП)- күрделі белоктар, жай белок пен жай белокқа қосылған бос металл атомынан тұрады. Өкілдері: ферритин (ағзадағы темірдің қоры), трансферрин (темірді тасымалдаушы түрі), церулоплазмин (мысты тасымалдаушы түрі) және металлоферменттер (карбоксипептидаза, карбангидраза, цитохромдар, каталаза, пероксидаза, супероксиддисмутаза, глутатионпероксидаза).

Липопротеиндер (ЛП) – жай белок пен липидтер түзетін комплекстер. Қан сары суының және құрылымдық липопротеиндер болады. Қан сары суының ЛП-рі ішкі липидтік ядродан және сыртқы белоктық-фосфолипидтік қабығынан тұрады. Құрылымдық липопротеиндер ТӨТЛП, ТТЛП, ТЖЛП, ТОЛП және ТӨЖЛП-ге бөлінеді. ЛПх –те бар. Олар бір-бірінен мөлшерлік құрамымен, диаметрімен, қызметімен және метаболизммен ерекшеленеді.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1. Презентация (слайдтар)

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

 

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

3. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

4. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС):

1. Биохимияға ғылым ретінде анықтама беріңіз.

2. Күрделі белоктар туралы түсінік.

3. ФП құрамы және құрылысы туралы түсінік, өкілдері.

4. МП құрамы мен өкілдері.

5. ЛП құрамы және құрылысы туралы түсінік, қан сары суының ЛП түрлері.

Дәріс

Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы.

МАҚСАТЫ:Табиғаты белоктық биологиялық катализаторлар ферменттер туралы түсінік беру. Ферменттердің жіктелуімен таныстыру. Клиникалық жағынан маңызды ферменттер мен изоферменттерді көрсету.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Ферменттер, түсінік

2. Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі.

3. Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы.

 

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Ферменттер – арнайлығы бар белоктар, жасушаларда түзіліп химиялық үрдістерді тездетуге қабілетті биологиялық катализаторлар. «Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда дегеніміз мағына береді.

Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастығы:

- тек энергиялық мүмкіндігі бар реакцияларды катализдейді ;

- кері реакциялардың тепе-теңдігін өзгертпейді;

- реакция бағытын өзгертпейді;

-реакция нәтижесінде пайдаланылмайды.

Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі

Ферменттердің көбісін катализдейтін реакция атына немесе әсер ететін субстраттың атына -аза деген жалғау қосып атайды. Мысалы, гидролаза, мальтаза, аргиназа, ЛДГ, АЛТ.

Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді.

1. Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.

2. Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді.

3. Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді.

4. Лиазалар-заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді.

5. Изомеразалар-изомерлену рекцияларын катализдейді.

6. Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып синтезделу үрдісін катализдейді.

Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” деген жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.