Экономикалық жүйе түсінігі

Формациялық тұрғыдан экономикалық жүйелерді жіктеу. Өндірістің бес

Тәсілі.

Экономикалық жүйелердің түрлері.

Оғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен модельдері. Натуралды

Шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері.

Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, себептері, негізгі белгілері.

6.Ақшаның пайда болуы, мәні, атқаратын қызметтері. Ақша айналысының

Заңы.

1. Экономикалық жүйе түсінігі, даму критерийлері.

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда

белгілі бір экономикалық жүйе ретінде қызмет атқарады. Экономикалық жүйе – бұл

экономикалық процестер жиынтығы. Әрбір елдің экономикалық жүйесі

қалыптасады. Экономикалық жүйе бір біріне тәуелді әртүрлі компоненттерден

тұрады. Экономикалық жүйе –бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді

өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі.

Экономикалық жүйенің қызмет етуі келесі экономикалық мәселелерді шешуге

мақсатталады:

 экономиканың әрекет ету қабілеттілігін қалыптастыру және қамтамасыз ету

 экономикалық әрекет етудің барлық түрлерін шоғырландыру

 әлеуметтік мақсаттарды іске асыру

Экономикалық жүйенің дамуына ықпал ететін факторлар:

 елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау бойынша шаралар жүйесі

 меншік құрылымы

 ақпаратпен қамтамасыз ететін механизмдер

 мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Жалпы экономикалық жүйе түсінігі – бұл қоғам қызметінің және оның

субъектілерінің ұйымдық әдісі немесе әртүрлі проблемаларды шешу мақсатында

өндіріс пен тұтынудың өзара ара қатынас әдісі.

Экономикалық жүйе экономикалық шешімдер қабылданатын құрылымды

құрайтын институттар, заңдар, әртүрлі қызметтер, адамдардың негізгі

құндылықтары мен мүдделерін қамтиды.

Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне идеология, шектеулік

мәселелерін шешу әдістері, өндірістік қорлар мен өндірістік қатынастар, меншік

түрлері, тиісті реттеу механизмі жатады.

Экономикалық жүйелердің арасындағы басты айырмашылықтар: өндіріс

құралдары кімнің меншігінде, капиталдық, табиғи, адам қорларын қалай пайдалану

жөнінде кім шешім қабылдайды, өндірістің нәтижелерін кім бақылайды, т.б.

Әртүрлі экономикалық жүйелерді түсіну және салыстыру үшін келесі үш

сұраққа жауап беру керек: Не? Қалай? Кім үшін?

2. Формациялық және өркениетті тұрғыдан экономикалық жүйелерді жіктеу.

Қазіргі әлем әртүрлі экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады және

солардың әрбіреуі ұзақ тарихи даму процесі нәтижесінде қалыптасты.

Экономикалық жүйелер әр алуан критерийлер бойынша жіктеледі.

Экономикалық жүйелерді жіктеу әртүрлі тұжырымдарға негізделеді:

I. Формациялық тұжырым маркстік теорияға тән болып келеді. Маркс үш

деңгейлі жіктеуді қарастырады:

1. Алғашқы (архаикалық) формация алғашқы қауымдық және азиялық өндіріс

тәсілдерін қамтиды.

2. Екінші ірі формация (құлдық, феодалдық, капитализм) жеке меншікке негізделеді.

3. Үшінші (коммунистік) жеке меншіктің жойылуына негізделеді және бірнеше

өндіріс тәсілдерін қамтиды.

Формациялық тұжырымға сәйкес қоғамның тарихи дамуы 5 қоғамдық-

экономикалық формацияны қамтиды: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік,

феодалдық, капиталисттік, коммунисттік.

Қоғамдық –экономикалық формация дегеніміз бұл белгілі бір өндіріс тәсілі

негізінде дамитын қоғамның тарихи түрі.

Формациялық тұжырымның өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Бірақ формациялық теория көмегімен адамзат тарихы байланысқан жүйе ретінде

ұсынылады. Бұл тұжырым Батыс Европа елдерінде қолданылады.

ІІ. Өркениетті тұжырым дүниежүзілік тарихты өркениеттері ауысатын бірыңғай

жүйе ретінде қарастырады. «Өркениет» сөзі латын тілінен аударғанда «азаматтық,

қоғамдық» дегенді білдіреді. Өркениетті тұжырым бойынша қоғамдық дамуда 7

цивилизация бөлінеді:

 неолиттық 35 жүзжылдыққа созылды

 шығыс-құлиеленушілік 20-30 жүзжылдыққа созылды

 антикалық 12-13 жүзжылдыққа созылды

 ертефеодалды 7 жүзжылдыққа созылды

 индустриалды дейінгі - 4,5 жүзжылдық

 индустриалды – 2,3 жүзжылдық

 постиндустриалды – 2 ғасыр.

ІІІ. Қоғамның индустриалды даму дәрежесі тұжырымына сәйкес 3 экономикалық

жүйе қарастырылады: индустриалды, постиндустриалды, неоиндустриалды.

Неоиндустриалды басқаша ақпараттық қоғам деп аталады.

ІV. Шарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі негізінде экономикалық жүйенің

жіктелуі келесі белгілерді қамтиды:

 өндіріс факторларына меншік формасы

 негізгі экономикалық шешімдерді кім және қалай қабылдайды

 экономикалық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі

 экономикалық іс-әрекетті жүргізуді ынталандыратын жағдайлар.

Аталған критерийлер негізінде келесі жүйелер қарастырылады: дәстүрлі экономика,

жоспарлы экономика, нарықтық экономика, аралас экономика.

3. Экономикалық жүйелердің түрлері: дәстүрлі, әкімшілік, нарықтық, аралас,

ақпараттық.

Экономикалық жүйенің төмендегідей түрлері қарастырылады:

Дәстүрлі экономика – бұл салт-дәстүрлер негізінде ресурстарды пайдалануды

қарастыратын, тұйықталған, оқшауланған шаруашылыққа негізделген экономика.

Белгілері: қоғамдық меншік, ұсақ тауарлы өндіріс, шешім қабылдау ақсақалдар

жиналысы, ру басшысы арқылы жүргізіледі. Латын Америка, Африка елдеріне тән.

Жоспарлы экономика – материалдық ресурстар мемлекеттің меншігінде болатын,

экономикалық әрекет ету орталықтан жоспарлау, басқару және бақылау арқылы іске

асырылатын экономика. Белгілері: мемлекеттік меншік, жоспарлардың болуы және

орындалуы, мемлекеттің басым ролі. КСРО, Шығыс Еуропа елдеріне тән. Жоспарлы

экономика екіге бөлінеді:

1. Демократиялық жоспарлы экономика экономикалық ресурстарға қоғамдық

және жеке меншіктің болуын қарастырады, жоспарлау жалпы сипатта болады,

жоспар орындау тек мемлекеттік кәсіпорындар үшін міндетті болады.

2. Командалық жоспарлы экономика қатаң модель болып саналады,

экономикалық ресурстарға мемлекеттік меншік қарастырылған, жоспарлау барлық

экономикалық қызметтегі салаларды қамтиды, жаңалық енгізудің артта қалуы

байқалады, жоспар орындау барлығына міндетті болады.

Нарықтық экономика – қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың өндіріс

құралдары жеке меншікте болатын, адамдардың экономикалық еркіндігі оларға

пайда табу мақсатымен таңдаған экономикалық қызметті арттыруға мүмкіндік

беретін экономика. Белгілері: экономикалық ресурстарға жеке меншіктің

басымдығы, еркін бәсекенің болуы, тәуелсіз өндірушілердің қызмет етуі, тәуелсіз

тұтынушылардың болуы, нарыққа қатысушылардың еркіндігі, сұраныс пен

ұсыныстың ескерілуі, жоғары пайда табуға өндірушілердің бағыт алуы.

Аралас экономика – нарықтық механизм және шаруашылықты мемлекеттік реттеу

негізінде әрекет ететін экономика. Аралас экономикада нарықтың және

жоспарлаудың элементтері пайдаланады, ұжымдық меншіктің басымдығы айқын

көрінеді. Мұндай экономика жағдайында мемлекеттің ролі өндірісті, әлеуметтік

инфрақұрылымды, ҒТП дамыту қажеттілігінде байқалады.

4.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары.Натуралды шаруашылық,

оның белгілері мен ерекшеліктері.

Экономикалық терияның зерттеу объектісі ретінде қоғамдық шаруашылықтың

қызметі болып табылады. Қоғамдық шаруашылықтың формалары үнемі өзгеріп

отырады. Қоғамдық шаруашылықтың алғашқы қалыптасқан формасы –

натуралды шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық – бұл өздерінің

жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өнімдер өндіретін шаруашылық.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық

өндіріс әдістерінде басым болды. Натуралды шаруашылық белгілері: жабықтығы,

өндірістің шектеулілігі және әр алуандығы, дәстүрлілігі, дамудың баяу қарқыны,

жұмысшылардың универсалды еңбегі, өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей

байланыстың болуы. Натуралды шаруашылықта не, қалай, кім үшін өндіру

мәселелерін шаруашылық иелері шешеді, қалыптасқан салт-дәстүрлер мен ру

басшысының еркі маңызды роль атқарады. Натуралды шаруашылықтың болуы

әлемдік нарықтан тыс қалуына, экономиканың дамуының артта қалуына,

шаруашылық тәуелсіздіктің қамтамасыз етілмеуіне әкеледі. Қоғамдық

шаруашылықтың келесі формасы – бұл тауарлы шаруашылық болып табылады.

Тауарлы шаруашылық - өнімдер сатып өткізу үшін өндірілетін, ал өндірушілер мен

тұтынушылар арасындағы байланыс нарық арқылы іске асырылатын шаруашылық

формасы. Тауарлы шаруашылық белгілері: ашықтығы, қоғамдық еңбек бөлінісі,

өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс нарық арқылы жүргізіледі. Тауарлы

шаруашылықта не, қалай, кім үшін өндіру мәселелері өндірушілермен дербес

шешіледі.

5.Тауарлы шаруашылық:пайда болу шарттары, себептері, негізгі белгілері.

Тауарлы өндірістің негізгі мақсаты адамдардың нәтижелерін қанағаттандырумен

қатар, өндірілетін тауарды сатып өткізу болып табылады. Тауарлы өндірістің пайда

болу себептеріне жатады:

1) Ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы

2) Тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы

3) Жеке меншіктің пайда болуы

1. Қоғамдық еңбек бөлінісі 3 кезең арқылы жүргізіледі:

1 кезең – мал шаруашылығының жер шаруашылығынан бөлінуі

2 кезең – қолөнердің жер шаруашылығынан бөлінуі

3 кезең – сауданың өндірістен оқшаулануы және көпестіктің пайда болуы.

Еңбек бөлінісінің түрлері: ішкіфирмалық, жалпы ұлттық, халықаралық. Еңбек

бөлінісі экономикалық еркіндіктің, яғни шаруашылық қызмет ету саласын таңдау

мүмкіндігінің пайда болуына әкеледі.

2. Тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нәтижесінде айырбас пайда

болды. Айырбастың негізгі формалары: бартерлік және ақшалай. Бартерлік айырбас

- өнімдерді өнімдерге ақшасыз тікелей айырбастау. Ақшалай айырбас – ақша

арқылы өнімдерді өнімдерге айырбастау. Ақша айырбасы экономикада айырбастың

басым формасы болып табылады.

3. Жеке меншіктің пайда болуы. Тауарлы өндірістің келесі түрлерін қарастырады:

1) Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі (жай тауарлы өндіріс) қоғамдық еңбек

бөлісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің

жеке еңбегіне негізделеді.

2) Еркін нарықтың тауарлы өндірісінің (классикалық немесе каптиталистік тауар

өндірісі) белгілері: жұмыс күші – тауар болып саналады, жеке еңбектің орнына

жалдамалы еңбек пайдаланылады, өндірілетін өнімнің көп бөлігі жеке

тұтынушыларға емес, сатып өткізуге бағытталады.

3) Реттелетін нарықтың тауарлы өндірісі (әлеуметтендірілген тауарлы өндіріс)

экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуы, мемлекет нарықтық

экономикаға белсенді араласуы, мемлекеттік реттеудің басты формалары: заң

шығарушы, салықтық, қаржылық.

4) Деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің

дамыған жүйесі, дамыған машина өндірісі, ұлттық экономиканы үнемі реттеу

еркін нарықтық қатынастарды шектеу белгісімен сипатталады. Тауар өндірісінің

басты категориясы тауар болып табылады. Тауарлардың мәнін түсінуде әртүрлі

көзқарастар бар:

а) Маркстік теория бойынша тауар – сатып өткізуге мақсатталған адамдарға

пайдалы еңбек өнімі болып табылады, осыған орай

● тауар – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын өнім

● тауар – еңбек жұмсалған өнім

● тауар – сатып өткізуге мақсатталатын өнім

б) Австриялық мектеп бойынша (Карл Менгер) тауар – айырбас үшін өндірілген

ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

Тауардың __яяяяяяяқасиеттері:

● тұтыну құны - адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі

● айырбас құны – белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарға айырбасталу

қабілеттілігі

Айырбас құнының негізі - құн болып табылады. Құн дегеніміз не ? Әр түрлі

экономисттер оны әр түрлі талдаған. Еңбек құн теориясы өкілдерінің көзқарасы

бойынша айырбасталған тауарлар еңбек шығынына негізделеді және бұл шығындар

тауардың құнын анықталады. Еңбек құн теориясының өкілдері: К.Маркс, Ф.Энгельс.

Қоғамға қажетті еңбек шығындары еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінінің

орташа деңгейдегі жағдайда өндірілетін өнімге кеткен шығындармен анықталады.

6.Ақшаның пайда болуы, мәні, атқаратын қызметтері. Ақша айналысының

заңы.

Ақша – пайда болуы тауар айырбасының дамуымен байланысты. Ақша

дегеніміз – жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Ақша бірнеше қызмет атқарады. Классикалық политэкономия ақшаның 5

қызметін қарастырады:

- құн өлшеуші

- айналым құралы

- төлем құралы

- қор жинау құралы

- әлемдік ақша

Қазіргі экономикалық ғылым ақшаның 2 қызметін сипаттайды: құн өлшемі және

айналыс құралы

Құн өлшемі қызметі – ақшаның көмегімен басқа тауарлардың құнын көрсетуге

болады. Тауар құнының ақшалай көрінісі - баға деп аталады. Баға сұраныс пен

ұсыныс әсерінен ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына және сұраныс пен

ұсынысқа да тәуелді болады.

Айналым құралы – бұл қызметті ақша қолма-қол түрде атқарады, себебі олар

нақты айырбасында делдалдық жасайды. Тауар сатып өткізілмейді, егер де оның

айырбасына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды

алмастыра отырып, ақша белгісі атқарады.

Төлем құралы – бұл қызметті тауарды несиеге тауарды берген кезде, ақшаны

қарызға бергенде, салықты, жалақы, пәтер төлемін төлеген кезде ақша атқарады.

Қор жинау –бұл кезде ақша ұзақ мерзімге пайдаланған тауарда сатып алу

мақсатында пайдаланылады. Ақшаның қор түрінде жинақталуы өндірушінің белгілі

ақша резерві болу қажеттілігін туындатады, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан

сақтандырады.

Әлемдік ақша қызметін - өнеркәсібі дамыған елдердің тұрақты валютасы және

алтын атқарады. Әлемдің ақша халықаралық келісім-шарттарда, халықаралық есеп

айырысуда қолданылады.

Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы экономикалық заңмен

анықталады және нақты тауар айналымынқамтамасыз етуге қажетті ақша санына

сәйкес болады және төмендегідей формуламен анықталады:

Аа= (С-Н+Т-Е) / А

Аа – айналымға қажетті ақша саны

С – барлық тауарлар бағасының сомасы

Н – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы

Т – несие бойынша төлеу мерзімі келген тауарлар бағасы

Е - өзара есеп айырысу төлемдері

А – бір өлшемді ақша бірлігінің айналым жылдамдығы

Айналымда ақша массасының көбеюі экономикалық құбылыс – инфляцияға

әкелуі мүмкін.

Фишер теңдігі

MV=PQ

M – ақша массасы

V – айналым жылдамдығы

P – баға деңгейі

Q - өндіріс көлемі