Бәсеке және монополия

1.Нарықтың түсінігі, объектілері, субъектілері.

Нарықтық механизмнің даму тарихында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге

болады: айырбас, тауар айналымы, нарық.

Айырбас – бұл тауарды тауарға айырбастау, яғни бартер. Тауар айналымы ақшаға

негізделген тауар айырбасы (Т-А-Т). Нарық 6-7 ғасыр бұрын пайда болды деуге

болады.

Нарық – бұл материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну бойынша

сату, сатып алу арқылы іске асырылатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы іске асырылады.

Нарықтың субъектілері: мемлекет, фирмалар, үй шаруашылықтары және т.б.

Нарық объектілері: тауарлар және қызметтер, ақша, құнды қағаздар, субсидиялар,

әлеуметтік төлемдер, өндіріс факторлары (жер, еңбек, капитал)

2.Нарықтың атқаратын қызметтері, түрлері,артықшылықтары,кемшіліктері

Нарықтың атқаратын қызметтері:

1. Ақпараттық қызмет

2. Реттеу қызметі

3. Делдалдық қызметі

4. Ынталандыру қызметі

5. Баға белгілеу қызметі

6. Бақылау қызметі

Нарықтың белгілі бір құрылымы бар. Нарықтың құрылымы бұл жеке нарықтың

элементтерінің ішкі құрылысы. Нарық құрылымын келесі белгілер бойынша

жіктейді:

1) Экономикалық мақсаты бойынша: тауарлар және қызметтер нарығы, өндіріс

құрал-жабдықтар нарығы, еңбек нарығы, инвестиция нарығы, құнды қағаздар

нарығы, қаржы нарығы.

2) Географиялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік

3) Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық, олигополиялық, еркін,

аралас

4) Салалары бойынша: бидай нарығы, автомобиль нарығы және т.б.

5) Сатып өткізу сипаты бойынша: көтерме, бөлшек нарық

6) Өнімді өткізу орны бойынша: ішкі және сыртқы нарық

Нарықтың артықшылықтары:

1) өзгеруші жағдайға тез бейімделу

2) өндіріс шығынын азайту және пайданы жоғарлату мақсатымен жаңа

технологияларды дер кезінде қолдану

3) шешім қабылдауда, мәміле жасауда өндірушілер мен тұтынушылар тәуелсіздігі

4) қажетті көлемде және жоғары сапамен әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру

қабілеттілігі

Нарықтың кемшіліктері:

1) нарық еңбек етуге және табыс алуға кепілдік бермейді, соның нәтижесінде

әлеуметтік теңсіздік пайда болады.

2) нарық әлеуметтік қажетті тауар өндірісіне емес, ақшасы бар адамдардың

қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады.

4.Сұраныс:түсінігі, заңы,ықпал ететін факторлары,икемділігі.

Нарықтық механизм – бұл жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы

өзара іс-әрекет жасайтын және экономикалық негізгі үш мәселесін (не, қалай, кім

үшін) шешуді мақсат ететін шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Нарықтық

механизм жағдайында көзделетін басты мақсат – пайда алу болып табылады.

Нарықтық механизмнің негізгі элементтеріне : сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке

жатады. Сұраныс дегеніміз тұтынушының белгілі бір уақытта белгіленген баға

бойынша тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алу қабілеттілігі.

Сұраныс заңы – белгіленген тауарға баға жоғарласа, тауардың сатылып алыну

көлемі азаяды және керісінше.

Сұранысқа әсер етуші факторлар:

1) тұтынушылардың талғамы

2) сатып алушылар саны

3) тұтынушылар табысы

4) өзара ауыстырушы мен толықтырушы тауарлардың болуы

5) тұтынушылардың күтімі

Сұраныс бағасы – тұтынушылардың тауарды сатып алған кездегі төлей алатын

максималды бағасы.

5.Ұсыныс: түсінігі, заңы,ықпал ететін факторлары,икемділігі.

Ұсыныс дегеніміз өндірушілердің белгілі бір уақытта белгіленген баға бойынша

тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып өткізу қабілеттілігі. Ұсыныс

белгілі бір тауардың бағасы мен оның өндірілу көлемі арасында тікелей

байланыстың болуын бейнелейді.

Ұсыныс заңы – белгіленген тауарға баға жоғарыласа, бұл кезде тауардың өндірілу

көлемі көбейеді және баға төмендесе, өндірілу көлемі азаяды.

Ұсынысқа ықпал етуші бағалық емес факторлар:

1) ресурстардың бағасы

2) қолданылатын технология түрі

3) салықтар мен дотациялар

4) сатушылар саны

5) басқа тауарға бағаның бағаның өзгеруі (мыс: баскетбол доптарының орнына,

футбол доптарын шығару).

6) баға өзгеруіне күтім

7) табиғи-климаттық жағдайлар

Ұсыныс бағасы – сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін сатып өткізуге

келісетін минималды бағасы.

Экономикалық теорияда нарықтың тепе-теңдік мәселесін А.Маршалл, Эйген Бем-

Баверк, К.Маркс, Леон Вальрас еңбектерінде қарастырылған. Нарықтық тепе-теңдік

тұтынушылардың сұраныс көлемі мен өндірушілердің ұсыныс көлемінің сәйкестігі

жағдайында қалыптасады.

D=S – нарықтық тепе-теңдік

E – тепе-теңдік баға дегеніміз тепе-теңдік нүктедегі нарықтық баға.

Егер де D>S - тапшылық

S>D – артықшылық

Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикадағы диспропорцияға, әр түрлі

жағымсыз әлеуметтік экономикалық салдарға әкелуі мүмкін.

Икемділік – экономикалық теориядағы басты категория болып табылады. Икемділік

дегеніміз бір айнымалының өзгеруі процентпен көрсетілетін көрсеткіш болып

табылады. Сұраныс және ұсыныс икемділіктерін қарастырады

Сұраныс икемділігі – бағаның әсер етуі салдарынан сұраныстың сандық өзгеруі

қасиеті.

Сұраныс деп – тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін

айтады. Тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.

Картопқа сұраныс 1-кесте

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі

1100 4,5

1000 5

900 5,5

800 6

700 6,5

600 7

500 7,5

400 8

300 8,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде оны сатып алу көлемі қалай

өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда

бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауымен сатып алу қабілеті де

өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп нені

айтамыз, мысалы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ

оны сатып алатың ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды.

Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне өзінің сатып алу қабілетіне

қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым

төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі көбейіп отыр. Картоптың 1-кг-ның

бағасы 1100 теңге болса, онда тұтынушы айына 4,5 кг картоп ала алады, ал егер 600

теңге болса ол айына 7 кг картоп алуға шамасы келер еді.

Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін

көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс - бұл тұтынушының,

сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде

көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына,

жылына және т.б.

Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа да факторлар тұрақты деп

ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге де

болады. Бұл қисықты D әпімен белгілеп оны сұраныс қисығы деп атаймыз.

1 2 3 4 5 6 7 8 9

баға (теңгемен)

(кг, айына)

1.1. - сурет. Сұраныс қисығы.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен

оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600

теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді.

Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы

мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті

көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын

тұтынушылардың саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен

дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:

1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде

алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең

басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғарғы деңгейдегі баға сатып

алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал

төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

2. Әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады.

Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал

екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншісінен де аз қанағат

әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі

тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі

бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.

3. сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге

болады.

Сұраныстың өзгеруі.

1.1 суреттегі сұраныс қисығы картоптың бағасы мен тұтынушылардың бір

айда сатып алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер

басқа факторлар өзгермеген жағдайда).

Егер де берілген факторлардың кез-келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс

көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан

жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.

Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп

аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің

өзгеруін анықтайды.

1.1.-суреттен көретініміз, картоптың бағасы 700-ден 800-ге дейін өскенде,

сұраныс көлемі 6,5-тен 6-кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының

бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Осы мысалда тауардың бағасы

мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұранысқа ықпал

ететін басқа факторлар өзгермейді деп аламыз. Оны математика тәсілімен көрсетсек,

сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады:

Qd = f(P)

мұнда, Qd – сұраныс көлемі,

Р – зерттеліп отырған тауардың бағасы.

Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген

тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Ра, Рb ….. ), тұтынушылардың

табысы (І) және олардың талғамы (Т). Осы айтылған факторлар өзгерген уақытта

сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы

сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:

Qd = f` (Р,Ра, Рb ….. , I,T)

Мұнда Qd – белгілі бір уақыттағы берілген тауарларға деген сұраныс көлемі,

Р,Ра, Рb ..... , - берілген тауардың және басқа тауарлардың бағасы,

І – тұтынушының табысы,

Т – тұтынушының талғамы және бағалауы.

Бұл мысалда қарастырылып отырған тауардың бағасы мен осы тауарға деген

сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік және сұраныс көлеміне әсер

ететін басқа факторлар өзгермейді.

Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді. 1.2.-суретте екі

тауарға деген сұраныс қисығы көрсетіледі. Қой етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңге

болып, белгілі бір уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік. Соның

нәтижесінде қой етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кеміді.

Ал суреттен көріп отырғанымыздай, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс

көлемі А нүнкесінен В нүктесіне жылжиды және осы тауардың бағасы жоғарылаған

уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды. Қой етінің 1 кг-ның бағасы 150

теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі

азаяды (2а - сурет), қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В

нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар

қой етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2ә-сурет) түгелімен оңға

жылжиды.

Ал 1.2ә суретте осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне

деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Қой етінің қымбаттауына байланыста,

құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2-дейін

оңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп аламыз.

Сұраныс көлемінің

өзгеруі Сұраныс өзгеруі

Қой етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына 10 кг құс етін алатын

болған.

(D1 қисығының бойындағы А1 нүктесі), ал қой еті 200 теңгеге дейін

қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін сатып алған (D2 қисығында В1

нүктесі).

1.2 а-суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс

көлемінің өзгеруі деп, ал 2ә-суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжуын-

сұраныс өзгеруі деп атайды.

Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі

нәтижесінде болады. Сұраныс өзгеруі графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор

әсер еткенде ғана болады.

Осы мысалда тұтынушылар қой еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын

болды, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады.

Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс

көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын

немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сары май мен маргарин, пиджак

пен свитер және т.б.

Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда

басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автокөлік пен бензинді қарайық. Бензиннің 1

литрінің бағасы 30 теңге болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр алады, ал баға 40

теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. 3а-сурет. Өзгеріс

сұраныс қисығының бойында қалады.

Бензин мөлшері, л Автокөлік саны, дана

1.3-сурет. Бензин бағасы өсуінің автокөлікке деген сұранысқа әсері.

Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін жоғарылағанда, оған

деген сұраныс көлемі 40 л-ден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда сұраныс

көлемі өзгереді және өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады. Ал енді осы

уақытта автокөлік нарығында да өзгеріс болады, басқа факторлар тұрақты деп

ұйғарғанда автокөлікке деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға

жылжиды.

Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автокөліктің бағасы өзгермесе

де оған деген сұраныс азаяды. 1.3-суретте көрсетілген сұраныс қисығы түгелімен

солға D1-ден D2-ге дейін дылжиды. Ал сұраныс көлемі А/ сіндегі 100 бірліктен В/

нүктесіндегі 50 автокөлікке дейін кемиді.

Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға

деген сұраныс азаятан болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын

немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз.

Бірін-бірі толықтыратын тауарларға мынадай мысал келтіруге болады:

автокөлік пен бензин, теннис ракетасы мен добы және т.б.

Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді.

Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды мынадай екі түрге бөлеміз: 1) нормалды

және кәдімгідей 2) сапасы төмен тауарлар.

Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға

деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай тауарды (табыстан басқа факторлар

тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.

Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын қой етіне деген сұранысы

көбейеді. Себебі қой еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан

тұтынушылардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды.

1.4-сурет. Тұтынушылар табысы өсуінің қой етіне деген сұранысқа тигізетін

ықпалы.

1.4-среттен байқап отырғанымыздай табыс өзгергенде қой етіне деген сұраныс

өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2-ге дейін оңға жылжып тұр. Табысы

аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес 20 кг қой етін алған болса, ал

енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне сәйкес 40 кг ет алады. Суреттен байқап

отырғанымыздай қой етінің бағасы А және В нүктелерінде тұрақты 200 теңге

қалпында қалады. Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарға

деген сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы солға жылжиды.

1.5-сурет. Тұтынушы табысы азаюының қой етіне деген сұранысқа тигізетін

әсері.

Кейбір жағдайде тұтынушылардың табыс өскенде сұраныс азаятын тауарлар

да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сары май алады да, ал

маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын

тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сұранысы азаяды, себебі

тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай

тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай

тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай

жылжиды.

Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта анықталмайтын

фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады. Талғам - сатып

алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл

көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі

мүмкін.

Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар

талғамы тез уақыт арлығында өзгереді. Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер

адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген

сұраныс азайып, сұраныс қисығы оңға жылжыр еді , ал жеңіл тағамдарға, спорт

киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.

Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер

адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген

сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.

Сұраныстың икемділігі.

Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттық бағасы 1%-ке

өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерде өзгеретінін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне

сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа

факторлар тұрақты. Сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы теріс сан болады.

Сұраныстын бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс

мынадай бес түрге бөлінеді: 1) икемді 2) икемсіз 3) икемділігі бірге тең 4) өте икемді

5) өте икемсіз.

Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және

тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді

болады.

Сұраныстың бағалық икемділігін график арқылы көрейік.

Бұл графикте сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне сезімталдықпен жауап беріп

тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс көлемін 30 данадан 60-

қа дейін көбейтіп тұр.

Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп

болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр.

Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен мөлшерінің көбейтіндісі: TR=P*Q.

Мұнда TR-түсім, m

Р-тауардың бағасы,

Q-сатылған тауардың көлемі, дана

Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр.

Сонымен осы суретте көрсетілген сұранысты икемді деп атаймыз.

Көбінесе, ауыстырушы тауарлары коп болатын тауарларға деген сұраныс

икемді болады. Мысалы, Сұлтан макаронына сұраныс икемді болады, себебі оны

ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланатын:

тоңазатқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға сұраныс икемді

болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа,

тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.

Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсі процентінен көп болса және

баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп

айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын

тауарларға сұраныс икемсіз болады.

Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін

болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға

деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.

Сұраныстың бағалық икемділігін қарастырған уақытта оларды нүктелік және

доғалық икемділік деп бөледі. Икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс

көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.

Р

Qd ∞

Р D

2.4-сурет. Өте икемсіз сұраныс 2.5-Өте икемді сұраныс

Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда мынадай

формулаларды қолданады.

Ep(D) = ΔQ/ΔP*P/Q – нүктелік икемділік.

Ep(D) = Q2 - Q1/P2 – Р1 *P1 + Р2/Q1+ Q2 – доғалық немесе сызықтық икемділік.

Q1 Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі

Р1Р2 – 1,2, мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.

Сұраныстың бағалық икемділігінің абсолюттік мәні 1 мен ∞, (1< ׀Е׀ <∞)

аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы аталған көрсеткіштің

мәні (0< ׀Е> ׀1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер ׀Е= ׀1 болса, бұл

жағдайжа сұраныс икемділігі бірге тең болады.

Егер Ер (D) і оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады.

Сұраныстың бағалық икемділігін есептеуді заттың бағасы өзгеруіне

байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін

жорамалдау үшін қолдануға болады.

Сұраныстың бағалық Жалпы түсім (шығындар өзгеру)

икемділігі Баға төмендегенде Баға жоғарылағанда

Икемді сұраныс (Ер>1) Көбейеді Азаяды

Икемсіз сұраныс (Ер<1) Азаяды Көбейеді

Икемділігі бірге тең

сұраныс (Ер=1~ өзгермейді өзгермейді

Сұраныстың бағалық икемділігіне мынадай факторлар әсер етеді:

1. қарастырып отырған тауарды ауыстырушы тауарлар көп болса, онда бұл

тауарларға деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз

болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз

немесе өте икемсіз болады.

2. тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі.

3. баға өзгеруін күтуі.

Сұраныстың табыстық икемділігі (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке

өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке

өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстылық икемділік коэффициенті Еі – оң сан,

теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та

өсетін болса, онда Еі>0. бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер

сұраныстың табыстық икемділігінің мәні Еі<0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз

тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған

тауарға деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың табыстық икемділігі мынадай формуламен анықталады:

EJ(D)=dQ/dJ*J/Q

EJ(D) – 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті,

dQ/dJ – сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы

J – тұтынушы табысы

Q – сұраныс көлемі

Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса,

онда сұраныстың табыстық икемдігі мына формуламен анықталады:

EJ(D)=Q2-Q1/J2-J1*J1+J2/Q1+Q2

Мұнда, Q2,Q1 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін сұраныс көлемі, J1,J2 – 1 және 2

кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын

болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің

өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан

икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке

өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді

және мынадай формуламен анықталады:

Epy(Dх)=dQx/dPy/Qx

Мұнда, Ep(Dх)-қиылысқан икемділік коэффициенті.

DQx/dPy-сұраныс функциясы Ру арқылы алынған алғашқы туындысы.

Ру - у тауарының бағасы

Qx – х тауарына деген сұраныс көлемі.

Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына сұраныс көлемі белгілі бір уақыт

аралығында өзгерсе, онда Еру(Dх) – былай анықталады:

Epy(Dx)=Qx2-Qx1/Py2-Py1*Py1+Py2/Qx1+Qz2

Qx1,Qx2 – 1 және 2 кезеңдегі Х тауарына деген сұраныс көлемі,

Py1,Py2 – 1 және 2 кезеңдегі У тауарының бағасы.

Epy(Dx) >0, яғни оң сан болса, онда қарастырылып отырған х және у тауарлары

бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер Еру(Dх)<0, яғни теріс сан болса,

оны зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауарлар болады. Еру(Dх)=0,

онда х және у тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.

Ұсыныс туралы түсінік.

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт

аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.

Ұсыныс заңы мынадай тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын

сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы

байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс

кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.

2-кесте.

Шұжықты ұсыну көлемі.

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Ұсыныс көлемі (1 айға, тонна)

2 – кестедегі мәліметтер ұсыныс заңын бейнелейді, шұжықты ұсыну көлемі

оның өскен сайын көбейіп тұр. Енді осы көрсеткіштің арасындағы байланысты

кестедегі берілген деректер арқылы график түрінде көрсетуге болады.

Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы

байланысты көрсетіп тұр. Шұжықтың 1 кг-ның бағасы 300 теңге болғанда, оны

ұсыну көлемі 2 тонна болды, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарылағанда ұсыныс

көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемін

көбейтеді.

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы

тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты

функция түрінде бейнелесек, онда мынадай формуламен жазуға болады:

Qs=f(p)

Qs – ұсыныс көлемі, m, кг.

Р – тауардың бағасы, теңге.

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған

осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. әрине, бағадан басқа

ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің

бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы,

қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген

ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

Мысалы, жанармайға бағаның өсуі таксидің шығынын жоғарылатады,

нәтижесінде бұл такси иелерінің өз қызметін ұсынуын төмендетеді.

Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді.

Технологиядағы жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетті

еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді.

Бірдей ресурстардың көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы өзгеруінің

ұсынысы, талданатын тауар өндірісінің балама құнына әсер етеді.

Мысалы, жүгеріге деген бағаның жоғарылауы фермерлердің нарықта бидайды

ұсынуын азайтады. Өйткені, олар жер бөлігінің көбіне жүгері егіп, аз бөлініне бидай

егуге бейімделеді.

Осы айтылғандарды ескере отырып, ұсыныс функциясының жалпы түрін

былай жазуға болады:

Qs=f(P,Pa,Pb, …..Pn, T, K, F)

Мұнда, Qs- ұсыныс көлемі,

Р – зерттеліп отырған тауардың бағасы,

Ра, Рв – осы тауарды өндіруде қолданылатын материалдар мен шикізаттар

бағасы,

Рn – бірдей ресурстар көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы,

Т – салық мөлшері,

К – қолданылытын технология тәсілі,

F – нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.

Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығуға итермелейтін бағадан басқа

факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауардың бағасы

өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының

бойында болады.

Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа

факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.

Мысалы, малға беретін жемнің бағасының төмендеуі шұжық ұсынысының

өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда шұжықты сату бағасы өзгермесе, онда ұсыныс қисығы

оңға жылжиды.

Қисықтың S1 -ден S2 – ге орын ауыстыруы, яғни ұсыныстың өзгеруі барлық

мүмкіндік бағадағы ұсыныс көлемін өсіреді. Жаңа S2 қисығының бойындағы

ұсыныс көлемі баға 600 теңге болғанда 8 тоннаға дейін жоғарылап тұр.

6.Бәсекенің мәні, ролі және түрлері.

Нарықтық механизмнің негізгі элементі ретінде бәсеке қарастырылады. Бәсеке

дегеніміз жоғары пайда алу мақсатымен тауарды өндіру, сату, сатып алудың ең

тиімді жағдайлары үшін нарықтық экономика қатысушылары арасындағы

бақталастық. Бәсекенің мақсаты: аз шығындар жұмсау арқылы, тауарлар мен

қызметтерді өндірудің тиімді жағдайларын жасау, тауарды тиімді сатып өткізу,

нарықтың үлесі үшін күрес.

Бәсеке түрлерінің жіктелуі:

а) даму масштабына байланысты: жеке, жергілікті, салалық, сала аралық, ұлттық,

ғаламдық

б) әдістеріне байлаланысты:

Бағалық бәсеке –тауардың ассортименті мен сапасын өзгертусіз өнімге

бағаны төмендету және шығын азайту жолымен қосымша пайда алу үшін тауар

өндірушілердің арасындағы күрес. (демпинг, жеңілдік)

Бағалық емес бәсеке - өнімге бағаны өзгертусіз бәсекелесуші фирмалардың

қолданатын әдістері. Бағалық емес бәсекеге техникалық дәреже, жаңалық, тауардың

сапасы, сатып өткізуден кейін техникалық қызмет көрсету, бірін-бірі ауыстыратын

тауарлар шығару.

с) бәсекелестік сипатына байланысты:

Жетілген бәсеке

- бірдей мүмкіндіктері мен құқықтары бар көптеген сатушылар мен сатып

алушылардың болуы

- біртекті және стандартты өнімдердің өндірілуі

- нарыққа еркін кіру және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі

- фирмалардың нарықтағы жағдайға ықпал ете алмауы

Жетілген бәсеке нарығына ауыл шаруашылық өнімдер нарығы, бидай, көкөніс,

жеміс-жидек нарығы мысал бола алады.

Жетілмеген бәсеке

- фирмалар тауарды сатып өткізуге ықпал ете алады және бәсекелестік күрес

жүргізеді.

- нарыққа кіру және нарықтан шығу шектеулі

Жетілмеген бәсеке нарығының түрлері:

1. Таза монополия – бұл нарықта бір ғана өндірушінің әрекет етуі

2. Олигополия – нарықта стандартты өнім өндіретін көптеген ірі

өндірушілердің және көптеген тұтынушылардың әрекет ететін нарықтық

жағдайы. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған

немесе жіктелген. Мыс: алюминий, болат, химия өнеркәсіп өнімдері,

автомобиль, компьютер, тұрмыстық прибор т.б.

3. Монополистік бәсеке – көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті

өнімдерді сатушылардың нарықтық жағдайы. Өнімдер бір-бірінен

ассортименті, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуі бойынша ерекшеленеді.

Мыс: киім, аяқ киім, тағам өнімдері, жанар жағар май т.тб.

Бәсекенің әдістері:

- бәсекелестерді шикізат, сатып өткізу , несие нарығынан шығару

- патенттерді жаппай сатып алу

- бағаларды тым өзгерту

- жұмыс күші нарығын жаулау

- нарыққа өнімдердің жаға түрлерін , маркаларын шығару