Лпа қабынуын девитальды хирургеиялық аралас әдіспен емдеу (девитальный хирургический смешанный метод)
Бұл әдісті девитальды ампутациялық – экстирпациялық әдіс деп те атауға болады және көбінесе жақсы өтетін және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады. Емдеу әдісі екі немесе үш қабылдауда жүргізіледі. Ертеде айтылғандай, бірінші қабылдауда сырқат тіске өліеттендіруші қойыртпақтар қойылады. Екінші қабылдауда сауыт және түбір ұлпасы алынып (жақсы өтетін өзектен), өзек өңделіп, пломбыланады. Өтпейтін өзектерде импрегнациялау әдісі жүргізіліп, тіске уақытша пломбы қойылады. Екінші қабылдауда уақытша пломбы алынып, импрегнациялау әдісі қайталанады, өзек сағалары антисептикалық қойыртпақтармен жабылып, аралық төсем салынады және тұрақты пломбы қойылады.
Кейбір жағдайларда жақсы өтетін өзектерде бірінші немесе екінші қабылдауда (девитальды экстирпациялау әдісін жүргізгенде) пломбылау мүмкіндігі болмай қалады (дәрігердің уақыты жетпейді немесе тісі сырқат адам тез шаршап қалады, сонымен қатар әйелдердің «жүктілігі» кезінде және өзекті жақсылап зарарсыздандыру қажет жағдайда).
Бұл кезде түбір өзектерінде арнаулы антисептиктермен шамалы суланған мақта біліктер қалдырылып, 2-3 күнге уақытша пломбы қойылады. Ондай антисептиктер қатарына эвгенолды, қалампыр майын, фенол-формалинді, камфора-фенолды, шетелдік заттар крезофенді (дексаметозон, парахлорфенол, тимол қоспасы), пульпоперилді (прокаин, фенол, креозот, эвгенол,хлороформ), гипохлоридтің 5% ерітіндісін жатқызуға болады.
Ұлпа қабынуын ұлпаны толық алып емдеудің қай тәсілінің болса да нәтижелілігі түбір өзегін сапалы пломбылаумен тікелей байланысты. Тіс ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер-стоматологтың түбір өзегін пломбылауға арналған материалдар (жадығаттар) туралы мәлімет алғаны дұрыс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген материалдар белгілі шартты талаптарға жауап берулері керек. Олар:
· өзек қабырғаларына жақсы жабысу;
· өзекке оңай енгізіліп, қажет болса оңай шығарылу;
· негізгі өзекті және оның тармақтарын жақсы толтыру;
· қатайғаннан кейін көлемін кішірейтпеу;
· тістің түсін өзгертпеу;
· бактериялар өсетін ортаға айналмау;
· тіндер сұйықтарында ерімеу;
· рентгенанықтық қасиетінің болуы;
· тіс тіндерімен және жалпы организммен биологиялық үйлесімділікте болуы;
· қатаю уақытының түбір өзегін толтыруға оңтайлы болуы;
· мутагендік және тератогендік қасиеттерінің болмауы.
Қазіргі кезде қолданылатын материалдар біріншілік қатты (филерлер) және жұмсақ (силерлер) болып екіге бөлінеді.
Қатты материалдарға штифтер: а) металлдан жасалған (күмістен және титаннан); б) гуттаперчадан жасалған, в) пласмассадан жасалған, г) алтыннан жасалған
· Жұмсақ материалдар (силерлер).
· Цинк-фосфатты цементтер.
· Мырш тотығы және эвгенол негізді материалдар:
қолданар алдында дайындалатын (экстемпоральды) цинкоксидэвгенольды қойыртпақ, герметик (ГФР), Гроссман қойыртпағы (АҚШ), эндометазон, эстезон, пропилор, эндомет, мерпазон (Septodont), эвгедент (Ресей).
· Эпоксид шайырлары негізді қойыртпақтар (герметиктер): АН-26, АH-Plus (Англия), эндодонт, интрадонт – Д, Виэдент (ВладМиВа-Ресей).
· Резоцин-формалин негізінде: қолданар алдында дайындалатын (ex tempore) резорцин-формалинді қойыртпақ, форедент (Чехия), радикскорт (Болгария), SPAD, биопласт, форфенан (Франция).
· Кальцийсутотығы құрамды полимерлік қойыртпақтар: биокалекс (Франция), темпканал Са (АҚШ), Sealapex (Kerr фирмасы), Acroseal (Septodont фирмасы). Түбір өзегін пломбылауға немесе бітеуге одан да басқа қойыртпақтар-пасталар ұсынылған. Олар төменде келтірілген:
Диакет (Германия).
Крезопаста (Франция)
Паста №1 и №2 (пo Sargenti)
· Apatite Root Sealer – трикальцийфосфат және иодоформ қосылған қойыртпақ.
· Шыныиономерлі цементтер: Endion, Endo-Jеn, Ketac-Endo, Стиодент. Шыныиономерлі цементтер көбінесе штифтермен бірге қолданылатын силерлер (эндолюбриканттар) ретінде пайдаланылады.
· Дентин адгезивтері негізіндегі материалдар (көбінесе штифтермен бірге қолданылады).
Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісімен емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар.
· Уақытша пломбы қойғаннан кейін қатты ауыру сезімінің мазалауы. Себебі: сауыт қуысы тесілмеген немесе уақытша пломбы ұлпаға қысым көрсетіле нығыздалған. Уақытша пломбыны алып, өліеттендіруші қойыртпақты қою ережесін сақтап, қысым көрсетпей қайтадан қою.
· Тісжегі қуысын уақытша пломбымен дұрыс жаппағандықтан – мышьяк қышқылының қызыл иекке шығып, күйдіруі және альвеола өсіндісін өліеттендіруі. Мұндай жағдай көбінесе мышьяк қойыртпағын II, III, IV және V кластық тісжегі қуыстарына қойған кезде байқалады.
Бұндай асқынулар болмас үшін аталған қуыстарға уақытша пломбы қойған кезде бөлгіш таспалар (разделительная пластинка) немесе матрицалар қолданған жөн. Күйіп қалған қызылиекті сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен жуып, күйдірілген магнезий себеді немесе иодтың спиртті ерітіндісімен сүртеді. Күйгеннен кейін 2-3 күн өткен соң өліеттенген тіндерді қырып немесе кесіп алып тастайды, жарақат ошағына жазылуды тездететін жақпамайлар жағады.
· Мышьяк қышқылы әсерінен периодонтта уыттану немесе жедел қабыну белгілерінің дамуы (мышьяковистый периодонтит). Себебі: мышьяк қышқылының мөлшерін дұрыс сақтамау (көбірек қою) немесе қою уақытын ұзартып алу (дәрігердің келесі қабылдауға келу уақытын дұрыс айтпауына, тісі сырқат адамның белгіленген уақытта келмеуі байланысты). Емі: кешіктірмей сауыт қуысын ашып, ұлпаны толық алу керек (мүмкіндігінше) және түбір өзегін жуып, кептіргеннен кейін өзекте мышьякты байланыстыратын (антидот) дәрілер ертіндісін қалдырады (унитиолдың 5% ерітіндісі, иодты калийдің 10% ерітіндісі немесе Люголь ерітіндісі). Келесі қабылдауда түбір өзегін ұсақ аспаптармен, дәрілермен өңдеген соң, жақсылап пломбылайды және тұрақты пломбы қояды.
· Сауыт қуысының қабырғаларын және табанын тесіп алу, өзекте ұсақ аспаптарды сындырып алу. Себебі мен емі ертеректе айтылған (ұлпаның қабынуын витальды экстирпациялау әдісімен емдеу). Азу тістерде кездейсоқ жасалған тесікті Сафорайдпен өңдеген соң, тескті шыныиономерлі цементпн немесе композитпен жабады.
· Пломбы қойылған тісте суықтан және ыстықтан ауыру сезімінің пайда болуы. Себебі: толық алынбаған түбір ұлпасының қайта қабынуы (rest-pulpit-остаточный пульпит). Емі: түбір ұлпасын толық алуға тырысу, егер оған мүмкіндік болмаса, импрегнациялау әдісін, иод-электрофорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізу (оған дейін түбір ұлпасын қайтадан өліеттендіріп алған жөн). Басқалай асқынулар ертеректе айтылған.