Дәрігер тәжірибесі негіздері 22 страница
Бұл науқаста қандай асқыну дамыды?
*Сепсис
*Кардиогенді шок
*Инфекциялық-токсикалық шок
*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*+Жедел респираторлы дистресс-синдром
#822
*!Әйел 67 жаста, ес түссіз. Туыстарының айтуы бойынша қант диабетімен ауырады. Соңғы 4 күн бойы құсу, көп реттік сұйық үлкен дәрет, тырысулар мазалаған. Әйел сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Қарашықтары кеңейген. Көз алмасы жұмсақ. Тері құрғақ, тургор төмен. ТЖ-25 мин., АҚҚ - 50/30 мм с.б. ЖЖЖ-123 рет мин. Қандағы қант-49 ммоль/л. Қан сарысу осмолярлығы >340 ммоль/л. Зәрде кетон денелері теріс.
Бұл науқаста команың қай түрі ЕҢ ықтимал?
*Бауырлық
*+Гиперосмолярлы
*Кетоацидоздық
*Гипогликемиялық
*Лактатацидоздық
#823
*!Ер кісі 32 жаста, инфекциялық миокардит диагнозымен ревматология бөлімшесіне түсті.
Бұл науқасқа қандай лабораторлы көрсеткіштер ЕҢ ықтимал?
*+ұстамды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары
*лейкопения, АСЛ-О титрі жоғары
*сиал қышқылы сәл жоғары
*ЭТЖ ұстамды жоғары, гиперхромды анемия
*АСЛ-О жоғары, лимфоцитоз
#824
*!Стационарға 44 жастағы әйел ошақты миокардит диагнозына күдіктеніп түсті.
Бұл жағдайда қандай шағымдар болу тиіс?
*тыныштықта еңтігу, жүрек тұсында ауру сезімі
*тұншығу ұстамасы, жалпы әлсіздік
*+жүрек ритмі бұзылған, жүрек тұсында ауру сезімі
*бас ауру, тыныштықта еңтігу
*аяқта ісінуле, бас айналу
#825
*!Ер кісі 33 жаста, стационарға диффузды миокардит белгілермен түсті. Келесі күні қайтыс болды.
Қайтыс болу себебі қандай болу мүмкін?
*кардиогенді шок
*тромбоэмболикалық асқыну
*қарыншалық тахикардия
*+іркіліс жүрек жетіспеушілігі
*миоциттердің некрозы және дегенерациясы
#826
*!Ер кісі 42 жаста, стационарлы емде миокардит бойынша жатыр.
Миокардиттің ауырлығы қандай диагностикалық критерийлерге байланысты анықталады?
*субъективті шағымы
*аускультативті нәтижелер
*ЭКГ белгілер
*+ЭТЖ жоғарлығы, жүрек қуысына байланысты
*ЭхоКГ белгілер
#827
*!Ер кісі 23 жаста, үнемі қыжылға, дискомфор сезіміне шағымданады. Эндоскопиялық зерттеуден соң өңеш патологиясы анықталмады.
ГЭРА негативті эндоскопиялық қандай белгісі ЕҢ мәліметті?
*Өңештің рентгенологиялық зерттеуі
*Эзофаготономанометрия
*+Өңешішілік рН тәуліктік мониторингі
*Өңештің сцинтиграфиясы
*Эндоскопиялық ультрасонография
#828
*!Семсер тәрізді өсәндінің ауру сезімі, көбінесе ұйқы кезінде анықталатын, құсумен және бір рет қанмен құсуға шағымданған әйелді клиникаға алып келеді. Анамнезінде: соңғы жыл бойы қыжылдың пайда болуы. Іші тыныс алуға қатысады, эпигастрий аймағында ауру сезімі бар.
Ауру сезімінің ең басты себебі қандай?
*Инфаркт миокарды
*Жедел гастрит
*Жедел панкреатит
*+ГЭРА
*Жедел аппендицит
#829
*!Әйел 48 жаста, эпигастрий аймағындағы периодты ауру сезіміне, оның шалқайғанда күшеюіне, қыжылдың әр түрлі тағам қабылдағаннан кейін дамуына шағымданады. 20 мг рабепразол қабылдаған соң бірінші күні барлық симптомдар кетті.
Бұл клиникалық сурет қай ауруға тән?
*Созылмалы гастрит В тип
*12 елі ішектің ойық жарасы
*+ГЭРА
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы гастрит А тип
#830
*!Ер кісі 42 жаста, ішімдік және темекімен әуестенеді, қыжылмен тағам қабылдағанда кеуде арты ауру сезімінің болуына шағымданады.
Қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?
*+Эзофагогастродоуденоскопия
*Асқазан рентгеноскопиясы
*Ирригоскопия
*Өңешішілік рН тәуліктік мониторингі
*Сцинтиграфия
#831
*!Ер кісі 45 жаста эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне және 30-60 мин тағам қабылдаған соң кеуде тұсындағы ауру сезіміне шағымданады.
Бұл симптомдар ойық жараның қай локализациясына сәйкес?
*12 елі ішектің пиязшығында
*12 елі ішектің бульбарарты бөлімінде
*Пилорикалық каналда
*+Асқазанның кардиальды және субкардиальды бөлімінде
*Барлық гастродуоденальды аралас ойық жараларда
#832
*!Әйел 49 жаста, дәрігерге ұстамалы ауру, төзімді қыжыл, тамақтан соң эпигастрий аймағында толу және қысу сезіміне шағымданады.
Бұл симптомдар ойық жараның қай жерде орналасқанын көрсетеді?
*Кардиальды және субкардиальды
*+Асқазандағы ойық жара
*Пилорикалық каналда
*12 елі ішектің пиязшығында
*12 елі ішектің бульбарарты бөлімінде
#833
*!Бозбала 18 жаста, пилородуоденальды зонада қатты ауру сезімі, тағамнан соң 3-4 сағаттан соң арқаға берілетін ауру сезімі, ауру сезімі күшейгенде құсу, жеңілдіксіз сезімдерге шағымданады.
ЕҢ ықтимал диагноз?
*Аутоиммунды гастрит
*Асқазан кардия ойық жарасы
*Асқазан денесінің ойық жарасы
*+Постбульбарлы ойық жарасы
*Эзофагит
#834
*!Ер кісі 42 жаста, асқазаның ойық жарасымен 10 жыл бойы ауырады. Стационар емінен кейін 1-2-3 жылдық ремиссиялар болды. 3 ай бұрын науқаста бел тұсында ауру сезімі пайда болды, белдемелі сипатта, басқа да ауру ағымы тым өзгермеген. Рентгенологиялық зерттеуде асқазанның антральды бөлігінде, артқы қабырға, кіші күмбезінде терең ниша анықталды.
Неге ауру сезімінің сипаты өзгерді?
*+Нақаста ойық жара ұйқы безіне пенетрацияланды
*Нақаста ойық жара ұйқы безіне малигнизациясы
*Панкреатит дамуы
*Ойық жара перфорациясы
*Ұйқы безге ойық жара перфорациясы
#835
*!Әйел 35 жаста, ішінде ұстама тәрізді ауру сезімі, үлкен дәреті сұйық шырышты, психоэмоциональды факторлардан жалпы әлсіздік. Пальпацияда тоқ ішекте тырысқан участкелер анықталды. Колоноскопияда органикалық патология анықталмады.
Көрсетілген аурулардың ішінен қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы колит
*Созылмалы энтерит
*+Ішектің тітіркенгіш синдромы
*Арнайы емес ойық жаралы колит
*Созылмалы панкреатит
#836
*!Әйел 40 жаста, ішінде ұстама тәрізді ауру сезімі, үлкен дәреті сұйық шырышты, психоэмоциональды факторлардан жалпы әлсіздік. Пальпацияда тоқ ішекте тырысқан участкелер анықталды. Колоноскопияда органикалық патология анықталмады.
Көрсетілген зерттеу әдістері ішінен қайсысы ЕҢ тиімді?
*Тік ішекті саусақпен зерттеу
*+Колоноскопия бұрыштық биопсиямен
*ФГДС
*Дуоденальды зонд
*Асқазанның шырышты қабатының биопсиясы
#837
*!Қабылдауда 26 жастағы ер кісі, дене қызуының 38,7оС көтерілуіне, іштегі ауру сезімі, үлкен дәреті 7-9 рет шырышты және қан аралас. Қарап тексергенде іші кепкен, сол мықын аймағында ауру сезімді, сол жерде тоқ ішек түйін сияқты пальпацияланады.
Бұл науқаста қандай ауру болу мүмкін?
*Жедел дизентерия
*Тік ішек обыры
*Уиппл ауруы
*Крон ауруы
*+Арнайы емес ойық жаралы колит
#838
*!Қабылдауда 45 жастағы ер кісі, кіңдік тұсындағы ауру сезіміне, іштің кебуіне, іш қатумен іш өтудің ауысуы, жиі сұйық дәрет 4-5 рет тәулігіне, әлсіздік, бас айналу, бас ауруға шағымданады. Соңғы 1,5 жылда 9 кг салмағы түскен. Ұарап тексергенде терісі құрғақ, тургор төмен, шырышты қабаты бозғылт. АҚҚ 100/60мм с.б, ЖЖЖ 60 соққы/мин. Пальпацияда іші ауру сезімді, көбінесе кіңдік аймағында. Үлкен дәреті көп, көпіршікті.
Бұл науқаста қандай ауру болу мүмкін?
*Арнайы емес ойық жаралы колит, созылмалы рецидивті форма
*Аш ішекті қабынумен жүретін Крон ауруы
*+Созылмалы энтероколит, көбінесе аш ішек қабынған
*Созылмалы энтероколит, көбінесе тоқ ішек қабынған
*Тоқ ішек обыры
#839
*!Әйел 46 жаста, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, белге айналып таралған, көбінесе тамақтан соң, әсіресе көп және майлы, ащы тамақтан соң күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Өт тас ауруының,ауру сезімді формасына байланысты бір жыл бұрын холецистэктомия жасаған. Сол қабырға астындағы ауру сезімі 9 ай бұрын пайда болды, толық аштықта ауру сезімі кетеді.
Болжамалы диагноз қандай?
*12-елі ішектің ойық жарасы, өршу
*гастроэзофагеальды рефлюксты ауру, өршу
*+созылмалы панкреатит, өршу
*постпрандиальды дистресс-синдром
*Ішектің тітіркенгіш синдромы
#840
!Әйел 52 жаста, бухгалтер қызметін атқарады, эпигастрийде оң жақтан ауру сезімі, ұстамды, қарқынды, оң бұғанаға, иыққа және жауырынға берілетін ауру сезіміне шағымданады. Кейде жүрек айну және құсу. Анамнезі: 3 жыл бұрын холецистэктомия. Соңғы 6 айда 10 кг арықтаған, метеоризм, тәбеті төмендеген, ұйқысы нашар. Зиянды әдеттері жоқ. Объективті: бойы 165 см, салмағы 50 кг. Склераның және шырышты қабаттардың иктериясы. Копрограмма: 10% стеаторея. ЖҚА: ЭТЖ жоғары.
Болжамалы диагноз қандай?
*созылмалы гастрит
*созылмалы гепатит
*+созылмалы панкреатит
*асқазанның ойық жарасы
*бауыр циррозы
#841
*!Әйел 28 жаста, қатты жүрек соғуына, жүрек айну, оң қабырға астында ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Рентгенде өт қапшығының тез босауы.
Болжамалы диагноз қандай?
*холецистохолангит
*өт шығару жолының дискинезиясы, гипотониялық форма
*холангит
*+өт шығару жолының дискинезиясы, гиперкинетикалық форма
*өт шығару жолының дискинезиясы, гипертоникалық форма
#842
*!Әйел 49 жаста. Оң қабырға астында ауру сезіміне, жүрек айнумен, бір реттік құсу, терінің сарғаюы, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Объективті: терісі және склерасы сарғайған, іші жұмсақ, оң қабырға астында кенет ауру сезімді, бауыр11х10х9 см., Мерфи симптомы оң. ЖҚА: лейкоциттер – 9,5х109/л, ЭТЖ – 32 мм/ сағ, жалпы билирубин – 70 мкмоль/л, байланысқан билирубин - 58 мкмоль/л., бос билирубин – 12 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 134 мкмоль/л.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+калькулезды холецистит
*псевдотуморозды панкреатит
*Созылмалы холецистит
*Жильбер ауруы
*өт шығару жолының дискинезиясы
#843
*!Науқаста зерттеу әдісі барысында өңеш веналары кеңейгенің және асцит анықталды. Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы бауыр жетіспеушілігі
*Созылмалы гепатит
*Созылмалы солқарыншалы жетіспеушілік
*Нефротикалық синдром
*+Бауыр циррозы
#844
*!Ер кісі 57 жаста, тәбеті төмен, оң қабырға астында ауру сезімі, терінің қышуы мазалайды. Объективті: терісі сарғыш, тамырлық жұлдызшалар, шеткі ісіну, асцит. Анамнезі: ішімдекке әуес, вирусты гепатит С 15 жыл бойы. Лабораторлық: билирубин 50, альбумин 2,9%, протромбин уақыты 50.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия
*аутоиммунды цирроз
*бауырдың вирусты циррозы, субкомпенсация, портальды гипертензия.
*+бауырдың алкогольды циррозы, декомпенсация, портальды гипертензия.
*бауырдың холестатикалық циррозы
#845
*!Әйел 38 жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезі: соңғы 5 жылда стоматологта бірнеше рет 2 тісіне экстракция жөнінде қаралған. Объективті: терісі және склерасы сарғыш. Іші кепкен. Бауыры қабырғадан 3 см шығып тұр, ауру сезімді. ЖҚА: лейкоциттер- 4,2 х1012/л, ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*+вирусты гепатит
*өт тас ауруы
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы холангит
*Созылмалы холецистит
#846
*!Әйел 52 жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, соңғы 3-4 аптада жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезі: ревматоидты артритпен ауырады, метотрексат қабылдайды. 1,5 ай бұрын метотрексат дозасын 20 мг/аптасына дейін көбейткен. Объективті: склерасы сарғыш. Бауыры қабырғадан 3 см шығып тұр,тығыз, ауру сезімді. ЖҚА: лейкоцит 4,0 тыс, ЭТЖ 19 мм/ сағ. Қанның биохимиясы: алт 2,1 мкмоль/л, аст 1,9 мкмоль/л, билирубин 53 мкмоль/л.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы вирусты гепатит
*аутоимунды гепатит
*+дәрілік гепатит
*біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*екіншілік билиарлы бауыр циррозы
#847
*!Бойжеткен 19 жаста. Дәрігерге тәбетінің төмендеуіне, дәмнің бұрмалануына (саз, бор жеу). Объективті: арық. Терісі бозғылт, құрғақ. Шашы көмескі, тіл бүршіктері тегіс. ЖҚА: эритроцит -2,6х1012 /л, гемоглобин -76 г/л, ТК-0,7, лейкоцит-6,6х109/л, эозинофил- 3%, сегментоядерлы-49%, лимфоцит-42%, моноцит-6%. Тромбоцит-150х109/л, ЭТЖ 8 мм/сағ.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*гемолитикалық анемия
*гипопластикалық анемия
*мегалобластты анемия
*глистты инвазия
*+теміртапшылықты анемия
#848
*!Ер кісі 28 жаста. Шағымдары – әлсіздік, тәбеті төмен. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі таза, бозғылт, шырышты қабаты бозғылт-күлгің, жүрек тоны ритмі дұрыс, тұйықталған, систоликалық шу жүрек ұшында. ЖЖЖ 138 соққы минутуна. ЖҚА: эритроцит-3,1х 1012 / л, гемоглобин 83 г/л, ТК – 0,7; лейкоцит – 4,6х109/л, ЭТЖ– 16 мм/сағ, ретикулоцит 18% . сарысулы темір 8,3 мкм/л, жалпы белок-57 мм/л.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*+теміртапшылықты анемия
*гемолитикалық анемия
*туа біткен микросфероцитарлы анемия
*лейкоз
*гипопластикалық анемия
#849
*!Ер кісі 37, жаста, 12 күн бұрын тұмаудан соң қайтадан дене қызуы көтеріліп, қалтырап, белде ауру сезімі пайда болып, зәрі қоюланған. Объективті: терісі сарғыш, бауыры 12-11-9. ЖҚА: эритроцит 2,3х1012 /л, гемоглобин 78 г/л, ТК 1,02, тромбоцит 210 х109/л, лейкоцит 6,2х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Зәрде уробилин жоғары. Билирубин 49,6 мкмоль/л, тікелей 5,1 мкмоль/л.
Зерттеу әдістерінің қайсысы ең алғашқысы болып табылады?
*Кумбс сынамасы
*сарысуда темірді анықтау
*қанда бос гемоглобин анықтау
*+қанда эритроциттің өмір сүру уақытын анықтау
*эритроциттің осмотикалық резистенттілігін анықтау
#850
*!Бойжеткен 18 жаста, әлсіздікке, бас айналуға, бас ауруға шағымданады. Анамнезі: соңғы 2 жылда өзін науқаспын дейді. Ештенемен байланыстырмайды. Созылмалы гастритпен ауырады. Етеккірі 28 күннен кейін, 5 күн бойы, көп, ауру сезімді. Саздың, бордың, красканың дәмін ұнатады. Объективті: тері және шырышты қабаты бозғылт. Табанының терісі тілініп кеткен. Тырнақ пластинкасы жұқа, сыңғыш, қабыршақтанған. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс. АҚҚ 100/70 мм с.б.
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*энцефалопатия
*артериальды гипотония
*НЦД
*онихомикоз
*+теміртапшылықты анемия
#851
*!Ер кісі 68 жаста. Әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруға, жұтынудың бұзылуы, етке бас бұрмауы, құлақтарында шуға шағымданады. Объективті: терісі және склерасы иктериялық, құрғақ. Шашы және тырнағы сыңғыш, «егелген» тіл. Жүрек тондары тұйықталған. ЖҚА: эр 1,8 х 1012/л, НВ 59 г/л, ТК 1,3, ретикулоц.-0,2%, тромбоц.-120,0 х 109/л, лейк. 2,2 х 109/л, эоз.-1%, т/я.-3%, сегмент.-53%, лимф.-38%, моноц.-5%, ЭТЖ-50 мм/час, анизо- и пойкилоцитоз, макроцитоз, кебот және жолли сақиналары, көпсегментті нейтрофиль.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ мәліметті?
*кумбс сынамасы оң
*сарысулық темір
*эритроциттің осмотикалық резистенттілігі
*+стернальды пункция
*трепанобиопсия
#852
*!Дәрігер қабылдауына 69 жастағы ер кісі келеді. Науқас шағымдары - әлсіздік, шаршағыштық, галлюцинация, бас ауру, дисфагия. Объективті: астениялық дене бітімі, эмоциональды тұрақсыз. Терісі құрғақ, бозғылт, «егелген» тіл.
В12-дефицитті анемия кезінде қанның биохимиялық анализінде қандай көрсеткіш өзгереді?
*+тікелей емес билирубин жоғары
*АЛТ, АСТ жоғары
*сарысулық темір төмен
*гиперкалиемия
*гипокалиемия
#853
*!Ер кісі 60 жаста, маскүнем. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі дұрыс, тамақтануы төмен. Терісі және шырышты қабаты бозғылт, склерасы иктериялық, «егелген» тіл. Жүйке жүйесін тексергенде – ауру және температуралық сезімталдық бұзылған, координациялық сынамалар бұзылған. Өкпеде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауру сезіміді. Көкбауыр қабырға астынан пальпацияланады. ҚБхА: билирубин 30 мкмоль/л., ферритин жоғары (200пмоль/л).
Төмендегі көрсетілген қай болжамалы диагноз ЕҢ ықтимал?
*ЖДА
*гемолитикалық анемия
*+витамин в12 – дефицитті анемия
*талассемия
*орақтәрізді-клеткалы анемия
#854
*!Қабылдауда 48 жастағы ер кісі, шағымдары – шаршағыштық, бас ауру, жұтыну қиын, құлақтарында шу және көз алдында шыбын шіркей елестеу. Объективті: терісі және шырышты қабаты құрғақ, склерасы иктериялық.
в12- дефицитті анемиясы бар науқастың сүйек миында қандай өзгерістер тән?
*лимфоциттер басым
*нормобластты қан тип
*мегакариоцит аз
*+мегалобластоз
*миелоидты метаплазия
#855
*!Ер кісі 25 жаста, тұмауға қарсы екпеден соң терісі сарғайып, шаршағыштық және сол қабырға астында ауырлық сезімі пайда болды. Спленомегалия, ЖҚА: Нв - 64 г/л, эр. - 2,0х109/л, ТК - 0,9 г, ретикул. - 40, тромб. - 215х10/л, лейк. - 15,0х10/л, т/я. - 10%, сегм. - 78%, лимф. - 10%, мон. - 2%, ЭТЖ - 17 мм/сағ. Жалпы билирубин 60 мкмоль/л, пр. - 10 мкмоль/л, тікелей емес - 50 мкмоль/л, сарысулық темір - 20 мкмоль/л. ЖЗА: белок - 0,002%. Кумбс сынамасы+, сүйек миының эритройдты өскінінің гиперплазиясы, эритрокариоциттер - 57%, лейкоцит/эритроцит қатынасы 1/1.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+гемолитикалық анемия.
*постгеморрагиялық анемия
*темір тапшылықты анемия
*көкбауыр инфаркты
*сарғыштану синдромы
#856
*!Ер кісі 34 жаста, бұлшықеті ауырады, қатты және кұрғақ тағамды жұтыну қиын, күлгенде және жөтелгенде зәрі шығып кетеді. pica chloritica, иістің бұрмалануы. Обьективті: «хлороз», тері кұрғақ және қабыршақты, (ангулярный стоматит).
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+сидеропениялық синдром
*темір тапшылықты анемия
*B12-дефицитті анемия
*өршу кезіндегі цистит
*дисфагия
#857
*!Әйел 36 жаста, шағымдары – тез шаршағыштық, еңтігу және жүрек соғуы 50 м жүргенде, қызыл иек қансырайды, мұрыннан қан кету, жеңіл «синяк» пайда болуы, бұл жағдай ЖРВИ мен ауырып болған соң пайда болды, сульфаниламид қабылдаған. Терісі және шырышты қабаты бозғылт. ЖҚА: Нв - 50г/л, Эр - 1,5 млн/мкл, ТК - 1 (лейкоцит - 200/мкл: т/я - 5 %, сегментоядерлы - 35 %, лимфоцит - 52 %, моноцит - 8 %, эозинофил - 0 %, ретикулоцит - 1 %о, тромбоцит - 30 тыс/мкл, ЭТЖ- 58 мм/сағ.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+апластикалық анемия
*вирусты гепатит
*эрозивті гастрит
*темір тапшылықты анемия
*тромцитопениялық пурпура
#858
*!Әйел 51 жаста, өзі бақылаусыз, дәретінің бұзылуына байланысты ұзақ уақыт левомицетин қабылдап жүр. Тексергенде: ЖҚА: Нв 76 г/л, эр. - 2,3х1012/л, ТК - 1,0, лейк. - 1,1х109/л, эоз.- 0%, т/я. -11%, сегм/я. - 36%, лим.- 50%, мон. - 10%, рет.- 0,2%, тр. – 5,0х109 /л, ЭТЖ-51 мм/сағ. Кумбс сынамасы теріс. Миелограмма: «бос» сүйек кемігі, бірлі жарым лимфоциттер, плазматикалық клетка.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*постгеморрагиялық анемия
*темір тапшылықты анемия
*+апластиялық анемия
*гемолитикалық анемия
*В12 - дефицитті анемия
#859
*!Әйел жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілеті жоқтығы, тәбетінің төмендігіне шағымданады. 7 жыл бойы аурумын дейді. Жалпы тексергенде науқас күрт қажыған, іші ұлғайған, жоғарғы бөлімі көбінесе ұлғайған. Пальпацияда гепатоспленомегалия. ЖҚА: эр -2,5х1012/л; гемоглобин -50г\л; лейкоцит -400х109/л; лейкоцитарлы формула: э-7%; б -6%; миелобласт -1%; промиелоцит -3%, миелоцит -6%, жас нейтрофил -10%; т/я нейтрофилы -17%, сегментоядерлы нейтрофил -35%, лимф -10%, мон -5%, ЭТЖ -36 мм\сағ. Тромбоцит –9х104 .
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*жедел миелолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
*лейкемоидты реакция
*лейкоэритробластты реакция
*шынайы полицитемия.
#860
*!Ер кісі 30 жаста, емханаға әлсіздік, тершендік, стоматит шағымдармен келді. Анамнезінен: 3 апта бойы ауырады, емі нәтижесіз. Объективті: дене қызуы 38,8оС, тері бозғылт және ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, ойық жарасы-некротикалық стоматит. Жақасты лимфа түйіні ұлғайған, ауру сезімсіз. ЖҚА: Нв – 94 г/л, эр. – 2,9 х 10 12 /л, ТК-0,95, лейк. – 13,5 х 10 9 /л, бласт – 32 %, т/я. – 1 %, сегм .– 39 %, лимф. – 20 %, мон. – 8 % , тромб. – 90,0 х 10 9 /л. ЭТЖ – 24 мм/сағ. Стернальды пункция жасалды, цитохимиялық зерттеуде: пероксидазаға реакция оң.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*+жедел миелобластты лейкоз
*жедел лимфобластты лейкоз
*жедел ажыратылмайтын лейкоз
*жедел монобластты лейкоз
*жедел промиелоцитарлы лейкоз
#861
*!Әйел 52 жаста, ештенеге байланыссыз әлсіздікке, жоғары шаршағыштыққа, сол қабырға астында ауырылық сезімі, тәбеті төмендегеніне, тез тою сезіміне шағымданады. ЖҚА: НЬ - 105 г/л, ТК - 0,94, лейкоцит - 68,3х109/л (промиелоцит - 1 %, нейтрофильды миелоцит - 2 %, нейтрофильды метамиелоцит - 6 %, нейтрофильды т/я - 14 %, нейтрофильды сегментоядерлы 58 %, лимфоцит - 9 %, эозинофил - 2 %, базофил - 7 %, моноцит - 1 %, тромбоцит - 440х109/л. Сілтілі фосфатаза нейтрофилдердің активтілігі төмен.
Төмендегі көрсетілген қай диагноз ЕҢ ықтимал?
*жедел миелолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
*лейкемоидты реакция
*лейкоэритробластты реакция
*шынайы полицитемия.
#862
*!Ер кісі 57 лет, өзін науқас сезінбейді, мойында және қолтықасты ісік тәрізді өсінді шыққан, сол жөнінде дәрігерге келген. ЖҚА: лейкоцит - 26х109/л (лимфоцит - 50 %), гемоглобин - 14,2 г/л, тромбоцит - 290х109/л. Қан мазогында жартылай бұзылған лимфоцит ядролары анықталған (Гумпрехт көлеңкесі).