Неге плевра қуысына пункция жасаған кезде қабырғаның жоғарғы жиегі бойынша жасалатынын түсіндіріңіз?

+A) қабырға аралық қан тамыр-нерв шоғырын зақымдау мүмкіндігінен

B) пневмоторакс болу мүмкіндігінен

C) қабырға аралық бұлшық еттердің зақымдануынан

D) сүйек тысы құрылымының ерекшелігінен

E) жансыздандыруды жеңілдету үшін

 

Науқас 28 жаста, төс артындағы ауырғандық шағымымен түсті. Ортағы бұғаналық сызық бойынша сол жақ қабырға асты аймағында тесілген жара анықталды. Кеуде сарайының рентгенограммасында жүректің ұлғайғанын және сол жақ синуста аз мөлшерде сұйықтық анықталады. Лапароскопия кезінде зақымдану анықталған жоқ. Хирургтың тактикасы қандай?

A) ЭКГ бақылау

B) перикард пункциясы

C) жара ревизиясы

+D) жедел түрде торакоскопия

E) жедел түрде торакотомия

 

Науқас П., 20 жаста, кеуденің сол жақ бөлігіне өзі-өзіне пышақ салғаннан кейін 30 минуттан соң жеткізілді. Түскен кезде санасы ашық. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Пульсі – 110 рет минутына, толықтыға әлсіз. Жүрек тондары тұнықталған. Екі жақта да тыныс алуы везикулярлы. Сол жақта алдыңғы беткейінде парастериальды сызық бойынша V қабырға аралық аймағында жиектері тегіс аздаған қансыраған жарақат, өлшемі 1,5-0,7 см. Дем алу кезінде жарақаттан ауа сорылмайды. Тері астылық эмфизема жоқ. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз.

A) өкпенің жарақаты, сол жақты торакотомия

B) сол жақты гемоторакс, плевра қуысын дренаждау

+C) жүрек жарақаты, сол жақты торакотомия

D) кеуде куысының беткей жарақат, алғашқы хирургиялық өңдеу

E) кеудеаралықтың жарақаты, плевра қуысын дренаждау

 

Науқас құлап жәшіктермен қысылып қалған. Оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуына, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысында цианоз анықталады, ентігу байқалады. АҚҚ - 170/100 с.б.б. Тыныс алғанда кеуде клеткасының оң жағы айтарлықтай қалыңқы. Перкуссия жасау кезінде кеуденің оң жағында «қорапша» дыбыс анықталады, аускультация жасау кезінде – өң жақ өкпеде дыбыс естілмейді. Жүрек сол жаққа ығысқан. Пальпация жасау кезінде – оң жақ қабырғалардың сынығы анықталады. Науқастың диагнозын айтыңыз?

А) гематоркс, плевропульмональды шок

В) гематоракс, тері асты эмфиземасы

С) өкпенің соғылуы посттравматикалы пневмония

+D) пневмоторакс, плевропульмональды шок

Е) жүрек тампонадасы

 

30 жасар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында орналасқан оқ-дәрілік жарақатпен келіп түсті. АҚҚ - 90/60 мм.сын.бағ, пульсі 120 мин, тыныс алу жиілігі 30 1 мин, көктамыршілік 2 л тұзды ерітінділер құйылғаннан кейін орталық веноздық қысым 30 см.су.б. дейін көтерілді, бірақ гипотензия сақталған. Плевра қуысы таза, аускультацияда тыныс алуы қалыпты, сіздің диагнозыңыз?

+A) жүрек тампонадасы

B) өкпе артериясының жыртылуы

C) қабырғалардың «терезе тәрізді» сынығы

D) миокард инфарктісі

E) клапанды пневмоторакс

 

Қалыпты жағдайда Фридланд подометриялық индексі:

A) 23 – 25

B) 32 – 35

C) 26 – 28

D) 35 – 37

+E) 29 – 31

 

Мойын – диафиз бұрышы қалыпты жағдайда қанша градусқа тең?

A) 100О

B) 107О

C) 112О

+D) 127О

E) 140О

 

Ортан жілік басы шыққанда, орнына салғаннан кейінгі кеш пайда болатын

асқыну:

A) ортан жіліктің мойнының сынуы

B) ортан жіліктің басының қайта шығуы

C) анның бұлшықеттерінің атрофиясы

+D) ортан жіліктің басының асептикалық некрозы

E) аяқтың тіреу қызметінің бұзылысы

 

Тізе буыны гемартрозында пунктатта май тамшыларының болуы нені мәлімдейді?

A) май эмболиясын

B) жалғама аппаратының зақымдалуын

C) қан ағудың тиылмағанын

+D) буынішілік сынықты

E) буынның «май көпшігі» зақымдалуын

 

Мына симптомдар қандай патологияға тән: аяқ-басының төмен және ішке қарай салбырауы, жүргенде аяқ-басының жерге сүйретілуі, өкшемен жүре алмауы, балтырдың сыртқы қапталында және аяқ басының үстінде сезімталдықтың жойылуы.

A) ахилл сіңірінің зақымдалуы

+B) кіші жіліншік нервіснің зақымдалуы

C) үлкен жіліншік нервінің зақымдалуы

D) кіші жіліншік нерві және ахиллов сіңірінің зақымдалуы

E) табан апоневрозының зақымдалуы

 

Терi асты эмфиземасы ненi көрсетедi?

A) кеуде клеткасының соғылуын

B) өкпе тiнiнiң соғылуын

+C) өкпе тiнiнiң жыртылғанын

D) жарақаттық асфикцияны (тұншығуды)

E) өкпе эмфиземасын

 

Жамбас сүйектерінің қайсысының зақымдануының салдарынан әжептәуір уақыттан кейін «үйрекше жүріс» пайда болады?

A) сегізкөз-мықын буындасуы жыртылуы

B) дұрыс бітпеген сегізкөз сынығы

C) құйымшақтың шығуы

+D) қасаға буындасуының жыртылғаннан кейін орнына қайта түспеуі

E) мальгень жарақаты

 

Ортан жілік мойынының «медиальды» сынығы дегеніміз не?

A) сынық сызығы ортан жілік басынан өтеді

+B) сынық сызығы буын капсуласы бекіген жерден ішкерірек өтеді

C) сынық сызығы буын капсуласы бекіген жерден сыртқарырақ өтеді

D) сынық сызығы үлкен бұдырдан өтеді

E) сынық сызығы кіші бұдырдан өтеді

 

Ортан жіліктің мойны сынығының баяу және ұзақ уақыт бітуінің негізгі себебін атаңыз:

A) науқастың егде жас шамасы

B) остеопороз

C) қосалқы аурулар

+D) ортан жіліктің мойнында сүйек қабығының жоқтығы және сынған

мезетте ортан жіліктің қан айналысының бұзылысы

E) гипстік таңғышпен иммобилизациялаудың күрделілігі

 

Тізебуыныныңгемартрозыныңнегізгібелгісінатаңыз:

A) буынныңкөлемініңүлкеюі

B) жұмсақтіндердіңқанталауы

C) буындағы қимылдардың шектелуі

+D) тізе тобығының қалқуы (былқылдауы)

E) «жылжымалыжәшік» симптомы

 

Кезкелгенбуындағышығудыанықтайтынклиникалықбелгінікөрсетіңіз:

A) буынайналасындағыбұлшықеттердіңбосауы

B) буын айналасындағы бұлшық еттердің қатаюы

+C) пассивті қимыл кезінде пружиналық (серіппелік) қарсыластық

D) буынның деформациясы

E) шыққан сегменттің ұзаруы немесе қысқаруы

 

Нәтижесіндежамбассақинасыныңбүтіндігібұзылуыболғанжамбассүйектерініңсынығынкөрсетіңіз:

A) оңжақшатсүйегісынығы

B) екі шат сүйектерінің сынуы

C) екі шоңданай сүйектерінің сынуы

+D) бір жағынан шат және шоңданай сүйектерінің сынуы

E) мықынсүйегініңқанатыныңсынуы

 

Пневмоторакс диагнозын негіздеу үшін плевраны қай қабырғалардың арасынан пункциялау керек?

+A) бұғана – орталық сызығымен екінші және үшінші қабырғалар арасынан

B) алдыңғы қолтық асты сызығымен төртінші және бесінші қабырғалар арасынан

C) артқы қолтық асты сызығымен сегізінші және тоғызыншы қабырғалар арасынан

D) жауырын сызығымен тоғызыншы және оныншы қабырғалар арасынан

E) артқы қолтық асты сызығымен алтыншы және жетінші қабырғалар арасынан

 

Жамбас жарақаттарында байқалатын “iштiңқатал қабынуы” белгiлерiқандай манипуляциядан кейiн бәсеңдейдi?

A) өткiзгiштiк анестизиядан

B) қуықты катетеризациялағаннан

+C) Школьников-Селиваноев бойынша жамбасiшiлiк блокададан

D) қаңқалық тарту салғаннан

E) іш қуысына катетер енгiзгеннен

 

Балтыр сүйектерінің ашық сынықтарында жарақат жарасына инфекция түсудің алдын алудың ең әсерлі әдісі қандай?

+A) Сызганов-Ткаченко бойынша өңдеу

B) тек қана біріншілік хирургиялық өңдеу

C) антисептиктермен жарақат жарасын жуу

D) антистафилакоктік плазманы пайдалану

E) антибиотиктерді өте көп мөлшерде тағайындау

 

Науқас биіктен аяғымен құлаған. І-ші бел омыртқасының компрес-сионды сынығы анықталды. Науқаста қандай сүйектердің сынғанын бірінші кезекте жоққа шығаруымыз керек?

А) қабырға сынығы

В) сан сүйегінің сынуы

+С) жамбас және өкше сүйектердің сынуы

D) тобық сүйектерінің сынуы

Е) тізе тобығының сынуы

 

4-5 жастағы баланың қисықтабандылығына пайдаланылатын ең әсерлі ем.

A) Финк – Эттинген бойынша жұмсақ таңумен коррекциялау

B) этапты гипстік таңғыштар салып редрессациялау

C) Куслик бойынша аяқ басын орақ тәрізді резекциялау

+D) Зацепин бойынша операция жасау

E) қисаюды қаңқалық тартумен коррекциялау

 

Циркулярлық гипстік таңғыш салғаннан кейін аяқ-қолда қысылу белгілері болған жағдайда дәрігердің әрекеті:

А) аяқ – қолды жоғарғы қалыпқа келтіру

В) ауырсынуды басатын дәрі тағайындау

С) тек гипстік таңғышты ұзына бойынан тілу

+D) гипстік таңғышты тез алып тастау

Е) салқын басу

 

Науқаста сол жақ білегінің төменгі үштен бірінде ісіну, қол басының белсенді қозғалысында, пальпация кезінде ауырсыну, сүйектердің крепитациясы, білектің деформациясы, шынтақ сүйегінің біз тәрізді өсіндісі аймағында ауырсыну анықталды. Осындай клиникалық белгілер қандай жарақатта кездеседі?

А) білезік буыны жалғамаларының жыртылуы

+В) білек сүйектерінің төменгі үштен бірінде сынуы

С) қайық тәрізді сүйектің сынуы

D) кәрі жіліктің типтік орнында сынуы

Е) білек бұлшық еттерінің жыртылуы

 

Статикалық ұзына бойы жалпақтабандылық дамуының себептері:

1. өкше сүйегінің сынуы

2. дене салмағының көбеюіне байланысты табанға күш түсу

3. полиомиелиттен кейінгі

4. табандағы жалғама аппаратының әлсіреуі

Жауаптардың дұрыс комбинациясын табыңыз?

А) 1, 2

В) 2, 3

+С) 2, 4

D) 3, 4

Е) 1, 4

 

Науқас 58 жаста. Емханаға оң жақ тізе буынының тұрақты ауырсынуымен, ісінуімен және ауырсынудың ұзақ жүргенде күшеюі шағымдарымен келді. Ауырсыну 15 жыл бұрын пайда болған. Рентгенде: буын саңылауының тарылуы, асық жілік айдаршықтарының және тізе тобығы сүйектерінің остеофиттері анықталдыі. Сіздің диагнозыңыз?

+А) деформациялаушы артроз

В) ревматоидты артрит

С) тізе буынының синовиті

D) бурсит

Е) тізе буынының хондроматозы

 

Науқас 22 жаста. 2 – ші қабаттың болканынан құлаған. Жерге аяғымен және бөксесімен түскен. Аяқ басының, бел аймағының және іштегі ауырсынуларға шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ қалыпты. Қандай зақымданулар туралы болжауға болады?

А) өкше сүйегінің сынығы және ішкі мүшелерінің соғылуы

+В) өкше сүйегінің және бел омыртқасының сынығы

С) бел омыртқасының сынығы және іш қуысы мүшелерінің соғылуы

D) аяқ басы сүйектерінің сынығы және қуыс мүшелерінің жыртылуы

Е) өкше сүйегінің сынығы және ішке қан кету

Пилоростеноз – даму ақауы:

А) асқазан түбінің

В) өңештің

С) асқазанның антральды бөлімінің

D) 12 елі ішектің

+Е) асқазанның пилорикалық бөліміні

Кіндік жарығы деп аталады:

A) орта сызық орналасқан шандыр (апоневроз) ақауы

B) алдыңғы іш қабырғасындағы ақау

C) алдыңғы іш қабырғасының даму ақауы

+D) іш қуысы мүшелерінің ішастардан тыс орналасуымен сипатталатын кіндік сақинасының аймағындағы ақау

E) шап сақинасы аймағындағы ақау

 

«Жасыл» бұтақ тәрізді сынық жиі кездеседі:

А) метафизде

В) эпифизде

С) метафизарлы аймақта

+D) диафизде

Е) жалпақ сүйектердің сынықтары кезінде кездеседі

 

Өңеш атрезиясын анықтайтын зерттеу әдісі:

+A) өңешке түтік сүңгі(зонд) салу, эзофагоскопия

B) құсықты зерттеу

C) бронхография

D) кеудеге шолу рентгенографиясы

E) лапароскопия

 

Ру-Краснобаев бойынша жарықты тілудің Мартынов бойынша жарықты тілуден айырмашылығы:

A) шап каналын ашу

B) шап каналына пластика

+C) шап каналын ашпай пластика жасау

D) жарық қабын ашу

E) жарық қабын негізінен байлау

 

Гидроцелленің пайда болуы немен байланысты?

+A) қынаптық өсіндінің бітіспеуі

B) қабынумен

C) шап аймағындағы жарақатпен

D) басқа аурулар себебінен

E) аталық безі дистопиясы

 

Қысылған шап жарығының клиникасы:

+A) баланың мазасыздығы,құсу,шап аймағындағы ауырсыну

B) зәрін қстай алмау,кіші дәрет кезіндегі кесіп ауырсыну, шап аймағындағы ауырсыну

C) ұлы дәрет пен кіші дәреттің тоқтауы

D) лейкоцитоз, ұлы дәрет пен желдің болмауы

E) іштің жайылмалы ауырсынуы,ұлы дәреттің болмауы.

 

Ішек инвагинациясы жиі кездеседі:
A) екі айға дейін

+B) үш айдан бір жасқа дейін

C) бір жастан үш жасқа дейін

D) үш жастан жеті жасқа дейін

E) жеті жастан жоғары

 

Кеш жабысқақты ішек өткізбеушілігі деп саналады:
A) екі аптадан кейін

+B) бір айдан кейін

C) үш айдан соң

D) бір жастан кейін

E) ауруханадан шыққан соң

 

 

Рефлекторлы құсық инвагинацияның қай сатысына тән:
+A) бастапқы

B) инвагинаттың түзілу сатысы

C) асқыну сатысы

D) компенсаторлы сатысы

E) субкомпенсаторлы сатысы

 

Шап жарығының белгілері:

+A) шап аумағында эластикалы тотмпаюы анықталады, оның құрамы қүрсақ қуысына енгізіледі

B) диафаноскопия белгісінің оң болуы

C) ұманың қызаруы және ісінуі

D) ұма тамырларынынң варикозды кеңеюі

Е) ұрық баудың бойынында ауыру сезімнің болуы

 

Пилоростеноздың айқын рентгенологиялық белгісі:

+A) контрасты заттың асқазаннан эвакуациясының баяулауы, асқазанның пилорикалық бөлімінің тарылуы

B) пилорикалық арнаның ашылып тұруы

C) асқазан шырышты қабатының гипертрофиясы

D) ұлтабар диаметрінің тарылуы

E) асқазанда ауаның болмауы

 

Хирургиялық бөлімшеге жедел аппендицит диагнозымен түскен баланы қарағанда аз жылжымалы, қатты, әлсін ауыратын аппендикулярлы инфильтрат табылған. Дене қызуы 36,8 С. Сіздің іс-әрекетіңіз:

A) жедел операция

B) жоспарлы операция

+C) консервативті ем (антибиотиктер, физиологиялық емдеу)

D) динамикадағы бақылау

E) амбулаторлық емделуге жіберу

 

Бес жасар баланы тексергенде ұманың оң жағында аталық безі анықталмайды, аталық без шап арнасының бойында жатыр. Диагноз:

+A) шаптағы крипторхизм

B) еннің шаптағы эктопиясы

C) қиылысқан эктопия

D) абдоминальды крипторхизм

E) аталық без аплазиясы

 

6 айлық балада ұстама тәрізді қайталамалы мазасыздану, құсу анықталады. Тексергенде оң жақ мықын аймағында ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады, рer rectum қарағанда қан аралас нәжіс анықталды. Ауру уақыты 6 сағат. Дұрыс жауапты табыңыз:

A) жедел аппендицит

+B) ішек инвагинациясы

C) ішек инфекциясы

D) іш қуысының ісігі

E) аппендикулярлы инфильтрат

 

Хирургиялық стационарға 14 жасар бала жеткізілді. Анамнезінде аспирин қабылдағаннан кейін 1 апта көлемінде эпигастрий аймағында ауырсынуы, жүрек айнуы болған. Ауруханаға түсер алдында 2 сағат бұрын пышақ сұққандай сезімді ауырсынуы басталған. Ішкен тамағын қан аралас құсқан. Баланың жағдайы ауыр. Бет әлпеті қиналған. Мәжбүр қалыпта, оң жақ бүйірімен, аяқтары ішіне бүгілуі. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Іші тыныс алуға қатыспайды, пальпацияда қатаюы бар. Қатты ауырсынады. Іштің тітіркену симптомы бар. Пульс 120 рет минутына, температура 37,5. Дұрыс жауабын атаңыз:

А) жедел гастрит

В) улану

С) жедел холецистит

+D) асқазан жарасының тесілуі

E) жедел панкреатит

 

Қабылдау бөліміне 2 жасар бала келіп түсті. Тәулі бойы бала мазасыз, ұйқысы беткей, ұйықтамайды, оң жақ қырымен жатады, құсуы, сұйық нәжісі болған. Ішті пальпациялағанда бала мазасызданып жылайды,қарауға қарсыласады, іш бұлшық еттерін белсенді қатайтады. Динамикада ұйқы кезінде Филатов симптомы және оң жақты пеританизмнің оң симптомдары байқалады. Пульс 132 рет минутына,температура 38,1ºС.Дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

А) энтеровирусты инфекция

В) төменгі бөліктік пневмония

С) инвагинация

+D) жедел аппендицит

Е) глисті инвазия

 

 

2 айлық балада, айқын кекіру симптомы, салмақ қосуы нашар, пневмониямен жиі ауырады, құсық массасында қанмен шырыш аралас,емізу кезінде мазасызданады.Ұйқыда жөтел симптомы анықталады.Алғашқы диагнозыңыз:

А) пилороспазм

+В) диафрагма өңештік тесігінің жарығы

С) жоғары бөліктік ішек өткізбеушілігі

D) гипоксиядан кейінгі энцефалопатия

Е) муковисцидоз

 

Туылғаннан соң 6 сағаттан кейін нәрестеде ентігу, көгеру пайда болды. Перкуссия кезінде он жақта өкпе дыбысы; сол жақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы, кей жерлерде тимпанит анықталады. Рентгенограммада кеуденің орта қуысы оң жаққа қарай ығысқан, сол жақта көкет жиегі байқалмайды және жекеленген майда ауалы қуыстар көрінеді, диагноз:

+A) көкет жарығы

B) буллезді пневмония

C) пневмоторакс

D) көптеген өкпе абсцестері

E) өкпенің поликистозы

 

Екі жасар бала бір күн бұрын әлсіреп, жылай бастады, ұйқысы шала, оң жақ қырына жатып, тізесін ішіне бүгіп алады, бір рет құсқан, іші өткен. Тілі құрғақ, ақ жамылғысы бар. Пальпация кезінде бала мазасызданып, жылайды, іштің бұлшық еттерін қатайтып, қолды итереді. Диагноз:

+A) жедел аппендицит

B) ішек инфекциясы

C) тамақтан улану

D) неврастения

E) оң жақ бүйректің шаншуы

 

12 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр, 5 күн бұрын суықтап қалған. Деңе қызуы 39,9* С. Оң санынын төменгі 1/3 бөлігі көлемінде үлкейген, ісінген, санды пальпациялағанда өткір ауыру сезімі болады. Оң аяғына осьтік салмақ түсіргенде ауырсынады. Қанның анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, формуланың солға қарай ығысуы; оң тізе буынының бүгілген контрактурасы, СРБ +++.Диагноз:

+A) санның жедел гематогенді остемиелиті

B) ревматоидты артрит

C) тізе буынының іріңді жұқпалы артриті

D) санның лимфонгаиты

E) тізе асты шұңқырының жедел лимфоадениті

 

Бес айлық балаға турап езілген алма берген соң ішінде ұстамалы ауыру сезімі пайда болған, көп рет құсқан. Оң жақ қабырға астында кішкене ауыратын жылжымалы сопақша түзілім анықталады. Тік ішек арқылы тексергенде – саусақ басында қан бар. Диагноз:

A) жедел аппендицит

B) аппендикулярлы инфильтрат

C) копростаз

D) Вильмс ісігі

+E) ішек инвагинациясы

 

Миопия сипатталады

+A) сындыру күшінің артық болуы және көздің алдыңғы артқы өсінің (білігінің) ұзаруы

B) сындыру күшінің жетіспеуі және көздің алдыңғы артқы өсінің азаюы

C) сындыру күші мен көздің алдыңғы артқы өсінің мөлшерінің сәйкес болуы

D) рефракцияның әртүрлерінің бірігуі

E) сындыру күшінің әлсіз болуы және алдыңғы артқы өстің ұзару

 

Пресбиопия неге байланысты ...

+A) көз бұршағының элластикалығы (серпімділігі) мен циллиарлы бұлшықеттің жасқа байланысты азаюы

B) циллиарлы бұлшықет және көз бұршағының сындыру күшінің жасқа байланысты әлсіреуі

C) тор қабаттың ажырату және көз бұршағының сындыру көрсеткішінің жасқа байланысты азаюы

D) тор қабаттың ажырату және көз бұршағының серпімділігінің жасқа байланысты әлсіреуі

E) қасаң қабығының сындырғыш күшінің әлсіреуі

 

Науқасты тексеру кезінде көздің дөңгелек бұлшықетінің қызметінің бұзылуы, беттің ассимметриясы және ауыз бұрышының ілініп тұруы байқалды. Жарақат кезінде бұндай симптомды беретін нервті атаңыз.

A) көз қозғалтқыш нерв

B) үшкіл нерв

+C) бет нерві

D) көру нерві

E) шығырлық тәрізді нерв

 

Торлы қабықтың контузиясы кезінде не болады.

A) некроз, қан кету,ажырау, қабаттану

B) гипертензия, қан кету,ажырау,қабаттану

+C) ісіну,қан кету,ажырау,қабаттану

D) қан кету,көру өткірлігі нашарлау

E) қан кету, некроз

 

Вирусты конъюнктивитті емдеуде қандай препарат қолданылмайды:

A) флореналевая майы

B) оксалиновая майы

C) дезоксирибонуклеаза көз тамшылары

+D) атропин көз тамшылары

E) лейкоцитарлы интерферон

 

Есепші 36 жаста, жұмыс соңында күшейетін бас ауруға, көрудің нашарлауына, әсіресе оқығанда және жақын ара қашықтықта жұмыс істегенде. Visus ou = 0.6 корр. (+) 2,0 d = 1,0. Сіздің диагнозыңыз қандай?

+A) әлсіз дәрежелі гиперметропия, бұлшықеттік астенопия, пресбиопия

B) әлсіз дәрежелі гиперметропия, аккомодативті астенопия, пресбиопия

C) орташа дәрежелі гиперметропия, аккомодативті астенопия, пресбиопия

D) орташа дәрежелі гиперметропия, бұлшықеттік астенопия, пресбиопия

E) бұлшықеттік астенопия

 

52 жастағы науқас мынадай шағымдармен қаралды: оң көзінің көруі біртіндеп және ауырсынусыз төмендеуі. Объективті: Visus od = 0,5 he kopp od: көз тыныштықта, мүйізді қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте. Өтпелі жарықпен тексергенде көз қарашығының тесігінде спиц тәрізді лайлану, көз түбінде аздап тұман, ерекшеліксіз. Қандай диагноз қоюға болады:

+A) жастық (қарттық) бастапқы катаракт

B) жастық (қарттық) жетілмеген катаракт

C) асқынған катаракт

D) асқынбаған катаракт

E) морганиялық катаракт

 

Қарт гипертоник кенеттен саусақ санағанға дейін оң көзінің көруін жоғалтқан. Бұған дейін осы көзінің қысқа уақыт көруінің төмендегенің аңғарған, бірақ көруі қалпына келген. Көз түбінде көру нервісі дискісінің шеті анық емес, тор қабаты ісінген. Макулярлы аймақта "шие сүйегі" артерия жіңішкелігі көрінеді. Бұл қандай ауру?

A) глаукоманың жедел ұстамасы

+B) тор қабықтың орталық артериясының жедел өткізбеушілігі

C) тор қабықтың орталық венасының жедел өткізбеушілігі

D) жедел орталық хориоретинит

E) макулодистрофия

 

26 жасар науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысымен тыныс ала алмайды. Бұл жағдай 2 жылдан бері мазалайды. Алғашқысында оң жақ мұрынның тыныс алуы, кейін тыныс шығаруы қиындаған.

Қарағанда: мұрын қуысының кілегейі ісінген, мұрын пердесі сүйек-шеміршек бөлігі оңға қарай ығысқан және іріңді бөлініс бар.

Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысы және торлы сүйектің клеткалары қарайған.

Қарағанда: мұрын-жұтқыншақта оң жақ хоанада орналасқан бозғылт-сұр түзіліс байқалады. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды іріңді гемисинусит

В) созылмалы іріңді гайморит

С) оң жоғарғы жақ қуысының ісігі. Созылмалы іріңді фронтит

D) созылмалы іріңді фронтит

+Е) созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоанальды полип

 

35 жастағы науқастың шағымдары: кенеттен ұстамалы түшкіру, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, көп мөлшерде шырышты-сулы бөліністер. Ауырғаннына 5 жыл. Үнемі мұрын тамшысын қолданады.

Риноскопия: мұрынның төменгі қойнауының кілегей қабаты ісінген, көгерген, көгілдір-ақ дақтар көрінеді. 0,1% адреналин ертіндісін жаққаннан кейін, мұрын кеуілжерлерінің көлемі кішірейеді. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) жедел ринит

В) созылмалы іріңді гайморит.

+С) вазомотор риниті

D) созылмалы іріңді фронтит

Е) созылмалы іріңді этмоидит

 

25 жасар науқас: маңдай аймағының қатты ауырсынуына, құсу, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы және маңдай тұсының ауырсынуы 5 жыл бойы мазалайды. Соңғы өршуі 2 апта бұрын, тұмаудан кейін басталған. Соңғы 2-і күнде науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы, құсу, жалпы әлсіздік үдей түскен. Объективті: жағдайы – орташа ауырлықта. Пульс 48 рет минутына. Дене температурасы – 38,6ºС, тері жамылғысы бозарған. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Психикасы өзгерген: эйфория, көп сөйлейді, сөйлегенде әзілдеп сөйлейді. Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты инфильтрацияланған. Оң жақ мұрын жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қас үстін пальпациялағанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелерінде өзгерістер анықталмайды. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ маңдай қойнауының гомогенді қараюы және қабырғасының деструкциясы бар-ау деген күмән бар. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды-іріңді гемисинусит. Самай бөлігінің абсцессі.

В) созылмалы іріңді гайморит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

+С) сол жақты, созылмалы іріңді фронтит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

D) созылмалы іріңді фронтит. созылмалы гайморит.

Е) созылмалы іріңді этмоидит

 

14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?

А) қабақтың абсцессі Абсцесс века

В) орбитаның флегмонасы Тромбоз поперечного синуса

С) вазомотор риниті Вазомоторный ринит

+D) кавернозды синустың тромбозы

Е) менингит

 

Сіз терапия бөлімінде жұмыс жасайсыз. Сізді 62 жастағы Гипертония ауруының ІІ сатысымен ауратын науқастң палатысына шақырды, сырқат үйінен жайсыз хабар алған. Науқасты қатты мазалайды бастың ауруы, әлсіздік, бірнеше минут бұрын мұрыннан көп мөлшерде қан кеткен. Көршілері басын артқа қарай шалқайтып төсекке жатқызған. Диагнозы: Мұрыннан қан кету, гипертония ауруының ІІ дәрежесі. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. науқасты тыныштандыру;

2.палатадағы көршілеріне түсіндіру, мұрыннан қан кету кезінде науқастың қалпы қандай күйде болуға тиісті;

3. мұрынға салқын компресс;

4. алдыңғы тампонада;

5. гипотензивті препараттар;

6. артқы тампонада

7. мұрынның клегей қабығын сутегінің асқан тотығымен күйдіру;

8. артқы және алдыңғы тампонада.

А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

+Е) 1,2,3,4,5

 

Осыдан төрт сағат бұрын хоккей ойнау кезінде бетінен қатты соққы алға. Шағымы: мұрынның ауырсынуына және пішінінің өзгеруіне. Есінен танбаған, лоқсу, құсуы болмаған, мұрнынан аз мөлшерде қан кетіп, өздігінен тоқтаған.

Қарағанда: мұрын қыры оңға қарай ығысқан, мұрынның сол жақ бүйір қабырғасы төменге ығысқан, осы аймақтағы тіндер ісіңген, басқанда ауырсынады, сүйек сынығықтары қозғалмалы. Мұрынның шырышты қабығы ашық қызғылт, ісіңген, мұрын жолында ұйыған қандар бар, мұрын пердесі ортаңғы сызықта. Диагнозы: Мұрын сүйектерінің ығысқан сынығы. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. жарақат аймағына тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектермен таңғыш қою;

2. среспеге қарсы алған егілудің күнін нақтылау;

3. мұрын сүйектерінің репозициясы;

4. қабынуға қарсы терапия;

5.мұрын тампонадасы;

6. шүйде аймағына мұз қою;

7. шокқа қарсы шара жүргізу.

А) 1, 3, 4

В) 2, 3, 4

С) 1, 3, 4, 5

D) 2, 4, 5

+Е) 3, 4, 5

 

Сіз ЖМККА-ның қабылдау бөлімінде түнгі кезектесіз. Машинамен ата-аналарымен бірге 10 жастағы бала жеткізілді. Аулада ойнап жүрген кезде, әйнектелген есікке соғылған, сынған әйнек мұрын ұшын кесіп түскен, мұрынның бөлініп қалған бөлігін бет орамалға салып әкелген. Қараған кезде жарақаттан көп мөлшерде қан кетуде, жабыранқы, тежелген, тамыр соғысы баяу АҚҚ 80/50. Анасы мұрны қалпына келмейді деген күдікте, кезекші дәрігер операцияда. Диагнозы: мұрын жарақаты-мұрын ұшының бөлініп қалған шабылған жарақаты. Травматикалық шок. Дәрігердің әрекеті қандай?

1. мұрын сүйектерінің репозициясы;

2. іріңдікті ашу;

3. анасына мұрын пішінінің қалпына келетініне түсіндіру;

4. физиотерапия;

5. балшықпен емдеу

6. басын жоғары көтеру, мұрынға тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектермен таңғыш қою;

7. мұрыннан бөлініп қалған тканьды салқындатылған стерилды физиологиялық ертіндіге салу;

8. шокқа қарсы шара.

+А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

Е) 2,3,4,7

 

Сіз мектептің медпунктінде жұмыс жасайсыз. Сізге футбол ойнау кезінде мұрыннан жарақат алған 8 жасар бала жеткізілді. Шағымы: мұрын тұсындағы ауырсынуға, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, лоқсу, бастың ауруына. Мұрыннан қан кету белгілері жоқ, мұрын пішіні өзгеріссіз, мұрын қыры басқанда ауысынады. Қараған кезде: мұрын пердесінің кіреберіс бөлігінің екі жағыда домбыққан. Баланың ата-анасы жұмыста. Диагнозы: мұрын жарақаты- мұрын пердесінің гематомасы, мидың шайқалуына күдік; Дәрігердің әрекеті қандай?

1.жедел жәрдем көрсету, аурухана жатқызу туралы шешімді орындау үшін, жедел жәрдем машинасын шақыру;

2.баланың қасында болатын, қызметкерді бөлу үшін, болған жағдайды мектеп директорына хабарлау;

3.баланы тыныштандырып, ата-анасына баланың күтімі жөнінен кеңес беру;

4. гематоманы пункциялау, тығыз тампонада, антибиотиктер;

5. невропатологтың консультациясы.

6. іріңдікті 2 жағынан ашу, дезинтоксикация

7. антибиотиктер, физиотерапия

8. сыртқы мұрынды уқалау (массаж).

А) 3,6,7,8

В) 2,4,5

С) 1,2,3,4

D) 6,7

+Е) 1,2,3,4,5

 

Науқас Х. 63 жаста. Әкесі, ағасы тоқ ішектің қатерлі ісігінен көз жұмған. Өмір анамнезінде: жанұялық полипоз анықталған. Іш өтуіне, оң жақ іш аймағында ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: науқас астеникалық типті, тері жамылғысы бозғылт, іші жұмсақ, оң жақ іш аймағында ісікті түзіліс анықталып, ауырсыну байқалады. Ирригоскопия: тоқ ішектің оң жақ аймағында қуысы симметриялық дефектке байланысты тарылған. Фиброколоноскопия: тік ішекте патология анықталған жоқ, тоқ ішектің оң жақ аймағында экзофитті түзіліс нәтежесінде қуысы тарылған, көлемі 6 см дейін созылған, пальпация кезінде оңай қанайды. Гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша: аденокарцинома. Іш қуысының УДЗ: бауырдың оң жақ бөлігінде 2см көлемді түзіліс анықталады, айналасы тегіс емес.

Берілген аурудың диагнозын анықтаңыз?

A) тік ішек карциномасы ST I T1NxM0

B) тік ішек карциномасы ST II T2NxM0

C) тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

D) тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

E) +тік ішек карциномасы ST IV T2NxM1

 

Қандай белгілеріне қарап невустың малигнизация жасағаны анықталды?

A) + невустың түсінің өзгергені, тегіс емес түсі, терілік суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

B) невустің жедел пигментациялануы, тері суретінің өзгеруі, невустің өсуі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

C) невус түсінің сақталуы, тері суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

D) невус түсінің және тері суретінің сақталуы, невустың көлемінің үлкеюі және тығыздалуы

E) невустің тегіс емес түске боялуы, тері суретінің өзгерісі, невустың үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

 

Қалқанша безінің және төменгі еріннің қатерлі ісігі кезінде көптеген немесе шектелген қозғалмайтын мойындырық венасының бойындағы метастаздарда немесе бұғана үстілік лимфа түйіндерінің үлкеюінде қолданылатын операция көлемі?

А) Ванаха операциясы – жақ асты және иек асты лимфа түйіндерін, жақ асты сілекей бездерімен бірге алып тастау

+В) Крайля операциясы - мойын клетчаткасын мойындырық венасымен бірге фасциальді-футлярлы, төс-бұғана-емізікгелі бұлшықетпен, қосымша нервпен алып тастау

С) криогенді ем

D) мойын клетчаткасының фасциальді-футлярлы кесіп алу – көлемі айналасын қоршап жатқан май клетчаткасын және мойын жалпы фасциясын – жоғарғы, төменгі терең мойындырық венасы бойы, бұғана үсті, аксессорлы, жақ асты және иек асты сілекей бездері, сыртқы мойындырық венасы, тері асты бұлшық еті бірге алып тасталынады

Е) екі жақты Крайль операциясы

 

Сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік және екіншілік алдын алуы дегенді қалай түсінесіз?

A) сүт безінің қатерлі ісігі кезінде біріншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісігінің туындау факторларымен таныса отырып жүргізіледі. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын ерте анықтау болып табылады

B) сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың этиологиялық факторларын зерттеу, канцерогенді әсерді азайту, қоршаған ортаға көмек арқылы түсіну болып табылады. Екіншілік алдын алука – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

C) сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың қоршаған орта арқылы туындап, ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды анықтау болып табылады

D) сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау және емізу болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

E) + сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – негізі болып этиологиялық факторларды және қауып факторларын ескере отырып, қоршаған орта әсерін және канцерогендер әсерімен бірге, ерте бала күту қызметінің және емізу қызметінің ескерілуі болып табылады. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

 

Сүт безінің қатерлі ісігінің лимфогенді метастаз беруінде эпигастральді және іш қуысы лимфа түйіндерінің қабынуы байқалады?

А) пекторальді жолымен

В) бұғана асты жолымен

C) қарама қарсы жол және тері асты жолы

D) төс арты жолы және транспекторальді жол

+E) Геротт лимфа түйіндері арқылы жүретін жол

 

Науқас С., 40 жаста, оң жақ сүт безінде және оң жақ қолтық асты аймағында түзіліске шағымданады. Анамнезінен соңғы бір жыл ішінде түзілістің пайда болғанын анықтайды. Түсілістің өсуіне байланысты онколог көмегіне жүгінген. 25 жасында іріңді маститке байланысты оң жақ сүт безінде абсцесстің ашылғанын айтады. Іріңді маститтен кейін оң жақ сүт безінің тығыздалғанын байқайды. Маститтен кейін лактация болмаған. 32 жасында жатырдан тыс жүктілікке байланысты операция жасалған. Мамологта бақылауда болмаған. Қарау кезінде жалпы жағдайы жақсы, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, Бауырымен талағы үлкеймеген. Дәреті бұзылмаған. Локальді: сүт бездері симметриялы, оң жақ сүт безінің емізікшесі ішіне енген, оң жақ сүт безінің сыртқы квадранттар шекарасында 5.5х6.0см көлемді түзіліс анықталады, ореолаға жақын орналасқан, терісі «лимон қабығы» типі бойынша өзгерген, түзіліс көлемі тегіс емес. Оң жақ қолтық астында 2.0см көлемді лимфа түйіні анықталады. Бұғана үсті лимфа түйіндері үлкеймеген. Клиникалық диагнозды анықтаңыз:

+А) сүт безінің қатерлі ісігі ST III В T3N1M 0

В) сүт безінің қатерлі ісігі ST II А T2N0M 0

С) сүт безінің фиброаденомасы

D) инфильтарция дәрежесіндегі жедел мастит

E) сүт безінің фибросаркомасы

 

Сүт безінің қатерлі ісігінің ST II B T2N1M0 тағайындалған оперативті ем көлемі?

+А) радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін сақтаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

B) радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін алып тастаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

C) сүт безінің ампутациясы

D) секторальді резекция

E) квадрантэктомия

 

Науқас 39 жаста, іш қуысының көлемінің ұлғаюына, іш қуысының төменгі бөлігінде ауырсыну және тарту сезіміне, соңғы 2 айда а 8 кг салмақ жоғалтуына, әлсіздікке шағымданып онкологқа келді. Анамнезінен – жоғарыдағы шағымдардың соңғы 8 ай ішінде азалап жүргенін айтады. Дәрігерге іш көлемінің үғаюына және ауырсыну сезімінің өршуіне байланысты келгенин айтты. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші асцитке байланысты үкейген, іш қуысының төменгі аймағында тығыз ісікті түзіліс анықталады. Үлкен дәреті қатқан. Кіші дәреті бұзылмаған. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. КТ зерттеуі бойынша – сол жақ аналық безінің түзілісі. Қанның онкомаркері СА 125 – 1200( нормада 30 дейін). Науқасқа қандай оперативті ем көрсетілген?

А) жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

+В) аналық без ісігін алып, экспресс гистологиялық зерттеу жасап, қатерлі ісік анықталған жағдайда жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

D) цистэктомия

E) қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы

 

Науқас Ж.Е., 49 жаста, эпигастрии аймағында ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, ет тағамдарына тәбетінің болмауына, салмағының соңғы айларда 10 кг төмендегеніне, үлкен дәретінің түсінің өзгеруіне, әлсіздікке шағымданады. Анмнезінен: осыған дейін көп уақыт бойы гасторэнтерологта бақылауда болған, 5 жыл шамасында атрофиялық гастритке байланысты. 19 жыл бойы шылым шегеді. Онколгқа қаралуға келген. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, астениялық типті, тері жамылғысы бозғылт. Өкпесінде везикула тынысы, жүрек тондары қалыпты. АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсыну. Перитонияльді белгілер жоқ. Бауырымен талағы ұлғаймаған. Үлкен дәреті қара түсті. Зәрі қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. ФГДС – асқазанның денесінде инфильтративті түзіліс, қуысының бітелуімен, гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша – шектелген дифференциальді аденокарцинома. Комиссионды зерттеу нәтежесі бойынша клиникалық диагнозы – Асқазанның карциномасы ST III В T3N2M 0, оперативті емге жолданды. Науқасқа жасалатын оперативті ем көлемі қандай?

А) гастроспленэктомия лимфодиссекциямен (ЛД2)

В) гастроэктомия.

+С) гастроспленэктомия D2 лимфодиссекциямен үлкен шажырқаймен бірге

D) операция Бильрот 2

E) гастроэктомия ЛД2 мен бірге.

 

Берілген маммография нәтежесіне интерпретация жасаңыз. Сүт безінің қатерлі ісігінің рентгенологиялық симптомдарын анықта?

А) архитектоникасының сақталуы

B) кальцинаттардың болуы

C) емізікшенің процесске енуі

+D) жұлдызды контур, спикула тәрізді тәждер

E) контурының анықтығы

 

Науқас, 69 жаста. Маңдай аймағында жаралы тері түзілісіне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша түзіліс сонғы жылдары пайда болған. Түзілістің жай өсуін байқаған. Соңғы 4 айда түзіліс аймағында жара аныталып, біртіндеп өскен. Қарау кезінде: маңдай аймағында 1,5х2,5 см көлемді түзіліс анықталады, тері бетінде шығыңқы, ортасында жаралы. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған. Алғашқы диагноз қойыңыз?

А) меланома

+В) базалиома

С) абсцедирленген фурункул

D) ксератоксанома

Е) Педжет ауруы

 

Науқас Б. 61 жаста, 35 жыл бойы жол жұмысшысы, шылым шекпейді. Шешесі өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмған. Құрғақ жөтелге, кеуденің сол жақ аймағында ауырсынуға шағымданады. Объективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, перкуторлы дыбыстың тынықталуы жоқ. Рентгенологиялық зерттеу нәтежесі: оң жақта- патологиясыз, сол жақта дөңгелек пішінді қуысы бар түзіліс анықталады, сәулелі контуры бар, көлемі 5 см дейін. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бронхоскопия: трахея және бронхтар патологиясыз. Іш

қуысының УДЗі: бауыр және талақ патологиясыз. Диагноз және емдеу тактикаңыз?

 

 

+А) өкпенің қатерлі ісігі, оперативті ем тағайындалған

В) өкпенің эхинококкозы, оперативті ем тағайындалды

D) өкпенің гамартромасы, динамикалық бақылау тағайындалған

Е) өкпе метастазы, паллиативті химиотерапия тағайындалды.

 

Қан плазмасындағы қай электролиттің жетіспеушілігі ішек парезіне әкеледі?

A) натрий

B) хлор

C) кальций

+D) калий

E) магний

 

Селлика әдісі бұл:

A) басты артқа шалқайту

B) төменгі жақты алға -артқа шығару

+C) Сахина тәрізді шеміршікті басу

D) бір қырынға бұру

E) тыныс алдыратын түтікшені енгізу

 

Бронхоплевралды жыланкөзі бар науқаста қандай өкпелік желдетілу асқынулары болуы мүмкін :

А) қан кету

В) ағзаның зақымдалған жаққа қарай ығысуы

+С) пневмоторакстің өсуі

D) өкпенің баро жарақаты

Е) тромбоэмболиялық асқыну

 

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқаста азот шығару қызметі төмендеген. Азотемияны азайту үшін қандай препарат тиімді?

A) лазикс

B) маннитол

C) эуфиллин

+D) глюкоза

E) преднизолон

 

Бір қапталында ұзақ уақыт жатқанда, қандай асқынулар кездеседі?

А) өкпе шеменіне

В) позициялық синдромға

+С) өкпенің желдету және перфузиясының бұзылуына

Д) қан тетуіне

Е)бас ми ісінуіне

 

Жедел панкреатиті бар науқастарда өкпелердің жасанды желдетілісін (ӨЖЖ) қандай тәртіппен жүргізеді?

А) қалыпты желдетіліспен

+В) жеңіл асыра желдетіліспен

С) айқын асыра желдетіліспен

D) біркелкі асыра желдетіліспен

Е) гипожелдетіліспен

 

Асқазанның ойық жарасының тесілуіндегі перитониттің уыттылық фазасы немен сипатталады?

А) брадикардиямен

+В) жүректің минуттық көлемінің (ЖМК) азаюымен

С) жалпы шеткі кедергінің (ЖШК) төмендеуімен

D) сол қарынша жұмысының төмендеуімен

Е) ентігумен

 

Перитониттің реактивті фазасындағы науқасты операция алдында дайындаудың ұзақтығы қанша уақытқа созылады?

А) дайындауды керек етпейді

+В) 1-2 сағатқа

С) 3-5 сағатқа

D) 6-7 сағатқа

Е) 10-12 сағатқа

 

Қарау кезінде реаниматолог полижарақаты бар науқаста гипоксияны анықтады. Гипоксияны нақтылау үшін тырнақ үстіне басып қайтадан алғанда тырнақ үсті алғашында алқызыл сосын цианозды болды. Науқаста қандай гипоксия түрі?

A) гипоксиялық

+B) циркуляторлы

C) гемиялық

D) гистотоксикалық

E) біріккен

 

Жедел қан жоғалтудың ең ерте белгісі болып табылады:

А) гемоглобиннің төмендеуі

+В) гематокриттің төмендеуі

С) АҚ төмендеуі

D) диурездің азаюы

Е) диурездің көбеюі

 

Мендельсон синдромы дамуының алдын алу мақсатында асқазан қышқылдығын төмендететін препараттар қолданады. Қай препарат сәйкес келеді және асқазан құрамының көлемін кішірейтеді?

+A) циметидин

B) трисиликат магний

C) су

D) скополамин

E) гидрокарбонат натрий

 

Абдоминалды хирургиядағы эпидуралды анальгезияның операциядан кейінгі кезеңдегі ағымына әсері?

A) тұрақсыз анальгезия

B) әсер етпейді.

C) әсері әлсіз

D) ішек маторикасын төмендетеді Угнетает моторику кишечника

+E) адекватты анальгезия және ішек маторикасын күшейтеді

 

Жедел панкреатитті кешенді емдеуде ауырсыну синдромын басу үшін әртүрлі анальгетиктер қолданады. Көрсетілген патологияда қай анелгетиктің қарсы әсері бар?

A) анальгин

B) баралгин

C) промедол

+D) морфин

E) брузепам

 

Кейбір науқастарда премедикация кезінде дроперидолды жібергеннен кейін уайым, шаршау, қауіптену сезімдерімен сипатталатын белгілер пайда болады. Бұл жағдай қалай аталады?

A) нейролепсия

B) нейроциркуляторная дистония

C) нейродислепсия

D) нейропения

+E) атараксия

 

Қос тесікті түтіктің дұрыс орналасуын бақылау үшін жүргізіледі:

А) бронхографиямен

В) рентгеноскопиямен

+С) өкпе аускультациясымен

D) ультрадыбысты зерттеумен

Е) перкуссиямен