Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны

Медициналық симуляция сценарийі

 

Клиникалық жағдай: «МҚЖБ (ми қан айналымының жедел бұзылысы) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы».

Жағдайлық есеп:Сіз – көпсалалы аурухананың кезекші дәрігерісіз. сізді МҚЖБ байланысты ем алып жатқан жасар науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты неврологиялық бөлімшеге жедел шақырды.

Ø Медициналық қызметкерден бақылаудағы науқас жағдайының өзгерісі туралы барлық мәліметтерді жинаңыз;

Ø Оның психикалық, неврологиялық және соматикалық жағдайын анықтау мақсатында науқасты қарап тексеру жүргізіңіз;

Ø Синдромалдық диагноз құрастырыңыз;

Ø Емдеу жоспарын және науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

 

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Науқасты қарап тексеру, сұрау және физикалық тексеру жүргізу;

Ø Науқас психикалық жағдайын клиникалық бағалау (синдромалдық);

Ø Синдром құрылымының айқындылығына қарай көмек көрсету;

Ø МҚЖБ кейінгі депрессивті жағдаймен науқасты жүргізу тактикасы.

Бағалау парағы (check-list)

«МҚЖБ (бас миының инфарктынан) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы» клиникалық жағдайы бойынша.

 

Қадамдарды бағалау критерийі Баға балл бойынша
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындаған жоқ
Анамнез жинау 1,0 0,5
Ауру басталуын нақтылау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критерийін анықтау 1,0 0,5
Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау 1,0 0,5
Психикалық жағдайын синдромалды бағалау 1,0 0,5
Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау 1,0 0,5
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы) 1,0 0,5
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы) 1,0 0,5
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу 1,0 0,5
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы) 1,0 0,5
Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау) 1,0 0,5
Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау) 1,0 0,5
Ажырату диагностикасы 1,0 0,5
Мүмкін болатын асқынулар 1,0 0,5
МҚЖБ кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстың емдеу тактикасын анықтау. 1,0 0,5
Тағайындалған препараттарды негіздеу 2,0 1,0
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау 1,0 0,5
Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау 2,0 1,0
БАРЛЫҒЫ БАЛЛ      

Максималды балл - 20

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Шағымы: көңіл-күйінің төмендеуі, үрей, ұйқысыздық, өзінің «керек еместігі» туралы ойлар, өмір сүргісі келмеу туралы тұрақты ойлар.

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтың құрастырылуы Жауап
Аурудың басталуын нақтылау Сіз ауырғанға дейін мінез-құлық бойынша қандай болдыңыз? Психикалық жағдайының өзгеруіне дейін науқас ақ жарқын, тез тілтабысқыш болған, ешқандай шағым болмаған.
Симптомдарды анықтау Сіздің жағдайыңыз қашан өзгерді? МҚЖБ кейін үш аптадан кейін науқасың психикалық жағдайы өзгерді – көңіл-күйі төмендеді, ұйқысыздық, жылауықтық, әлсіздік, тітіркенгіш. Жазылатынына күмәнмен қарай бастады, жақындары масыл боламын деген ойлар пайда болды.
Симптомдарды және синдромдарды анықтау Қазіргі уақытта сізді не мазалайды? Сырт келбеті көңілсіз, жабырқаңқы. Көзінде жас, қайғылы. Нашар көңіл-күйге, ұйқысыздыққа, жылауықтыққа, әлсіздік және тітіркенгіштікке, бас ауруына шағымданады. Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады.

Анамнезінде: психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық асқынбаған. Науқастың анасы МҚЖБ кейін 62 жасында ұзақ уақыт төсек тартып жатқан, өз-өзіне қарай алмаған, күтімді қажет еткен. Ауырғанға дейін белсенді, тіл табысқыш, мақсатқа ұмтылғыш болған, бірақ үрейлі-күмәнді мінездері байқалған. Бас есепші болып жұмыс істеген, ажырасқан, екі ересек балалары бар.

Объективті: Есі анық. Бағдары дұрыс. Дәрігермен ықыласты әңгімелеседі. Сырт келбеті көңілсіз, қайғылы, жылағыш. Әңгімелесу басында жауаптар бір буынды, қысқа, бірақ әңгімелесу барысында тынышталады, жылауын тоқтатып, өз жағдайы туралы ықыласпен және толық айтады. Оны нашар көңіл-күй, ішкі мұңаю, жылауықтық, ұйқысыздық, тітіркенгіштік және әлсіздік, бас ауруы, емделмейтіні, еңбекке қабілетсіз, күтімді қажет ететін болу туралы ойлар мазалайды. Осыған байланысты өмір сүргісі келмеу туралы ойлар пайда болады.

Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны